Кәсіпорын қызметінің ұйымдастыру-экономикалық жағдайы

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Сентября 2011 в 23:10, курсовая работа

Описание работы

Есеп мәліметтерін кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын жедел басқару үшін, қаржылық есебін құру үшін қолданады.

Содержание

Кіріспе

1 «Сарыағаш-жер» ЖШС қызметінің ұйымдастыру-экономикалық жағдайы
1.1 Серіктестіктің тарихы және оның қызметіне мінездеме
1.2 Кәсіпорында өндірістік процесті ұйымдастыру

2 «Сарыағаш-жер» ЖШС-нің 2008-2010 жж. экономикалық қызметтері және қаржы-шаруашылық жағдайын талдау
2.1 Кәсіпорынның ресурстық потенцалы
2.2 Кәсіпорын шығындары
2.3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау


3«Сарыағаш-жер» ЖШС-нің салық төлеу тәртібі

Қорытынды

Работа содержит 1 файл

Балжан.doc

— 238.00 Кб (Скачать)

     «Казимпэкс» АҚ аралық қаржы есеп беру тәсілін  қолданып тұрады. Жылдың қаржылық есеп пен аралық қаржылық есепте бір есеп саясатын қолданады.

     Барлық  есептер электронды түрде CГДС арқылы беріледі.

     Кәсіпорынның  қаржылық жағдайын талдау үшін келесі әдістер пайдаланылады:

  1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын қазіргі заманға сай және объективті түрде  бақылау. Яғни кәсіпорынның  осал тұстарын қарастыру, олардың пайда болу себептерін анықтау. Осал тұстарды жою жолдары.
  2. Қаржылық жағдайды жақсарту. Жақсарту жолдарын қарастыру. Оның  төлем қабілеттілігі мен тұрақтылығын арттыру жолдары.
  3. Қаржылық өзгерістерді мүмкіндігінше болжау.

     Кәсіпорынның  қаржылық жағдайы тұрақты, тұрақсыз және кризистік болу мүмкін. Кәсіпорынның қаржылық төлемдерді уақытында жүргізу, өзін-өзі уақытылы қаржыландырып отыру мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының тұрақты екенін көрсетеді. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның коммерциялық және қаржылық қызметтерінің жоспарға сәйкес орындалуына байланысты.

     Кәсіпорынның  қаржылық жағдайын талдау әдетте горизантальді және вертикальді талдаудан басталады.

     Кәсіпорынның  қаржылық жағдайы тұрақты, тұрақсыз және кризистік болу мүмкін. Кәсіпорынның қаржылық төлемдерді уақытында жүргізу, өзін-өзі уақытылы қаржыландырып отыру мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының тұрақты екенін көрсетеді. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның коммерциялық және қаржылық қызметтерінің жоспарға сәйкес орындалуына байланысты.

     Кәсіпорынның  қаржылық жағдайын талдау әдетте горизантальді  және вертикальді талдаудан басталады.  
 
 

Кесте 5- Есепті кезеңдегі баланс мәліметтерінің өзгерісі. 

Көрсеткіштер Есеп  беру  кезеңіне Өткен  кезең өзгеріс(+,-)
сомасы  мың.тг баланстағы  үлесі (%) сомасы мың.тг баланстағы  үлесі (%) сомасы мың.тг өзгеру қарқыны(%)
Қысқа мерзімді активтер 68861 5,7 109274 10,3 40413 8,4
Ұзақ  мерзімді активтер 1132503 94,3 955461 89,7 -177042 -8,4
Активтердің балансы: 1201364 100,0 1064735 100,0 -136629 -
Қысқа мерзімді міндеттемелер 25547 1,6 30570 1,8 5023 11,8
Ұзақ  мерзімді міндеттемелер -
Жарғылық, резервтік капитал 1565095 98,4 1652163 98,2 87068 -11,8
Пассивтердің  балансы: 1590642 100,0 1682733 100,0 92091
 
 

     Жинақталған бухгалтерлік балансты  сараптау кезінде 2010 жылы 2009 жылға қарағанда жалпы активтер 136629 мың теңгеге қысқарған. Есепті кезең соңында, есепті кезеңнің басына қарағанда ұзақ мерзімді активтер 177042 мың теңгеге қысқарған. Ал қысқа мерзімді активтер 40413 мың теңгеге немесе 8,4 %-ға артқан.

     Жыл соңында  жыл басымен салыстырғанда  пассивтегі жарғылық және резервті капиталдың мөлшері 98,2 %-ды құрайды. Ол жыл басымен салыстырғанды 87068 мың теңгеге азайған. Бұл өзгеріс бөліндеген пайданың бір бөлігін өндіріске жұмсағаннан болғанын баланстан байқай аламыз.

     Қорыта  келгенде кәсіпорынның есепті жылғы  балансының  динамикасында өткен жылмен салыстырғанда артулар бар.

     Жарғалық, резервтік капитал  міндеттемелердің 98,2% құрауы, кәсіпорынның төлем қабілеттілігі  мен қаржылық жағдайының тұрақтылығын көрсетеді.

     Кезең ішінде меншікті капитал сомасы 141652 теңгеге өскен, ол резервтік капиталдың өсуінен болып отыр. Жарғылық капитал сомасы өзгермеген. Меншікті капиталдың өзгеру факторларын «Меншікті капиталдың қозғалысының есебі» формасы бойынша анықтауға болады 

     Кесте 6- Меншікті капитал динамикасы, 2010 жыл 

Капитал көздері Сомасы, мың теңге Құрылымы, %
Жыл басы Жыл соңы Өзгеріс (+,-) Жыл басы Жыл соңы Өзгеріс (+,-)
Жарғылық  капитал 1555031 1555031 0 150,4 132,3 -18,1
Резервтік капитал 97132 100064 2932 9,4 8,5 -0,9
Шығарылмаған  табыстар -617998 -479278 138720 -59,8 -40,8 19,0
Барлығы 1034165 1175817 141652 100,0 100,0  
 

     Төлем қабілеттілік – бұл кәсіпорынның өзіне алған міндеттемелерін  уақытылы жауып отыру болып табылады. Сонымен қатар, төлем қабілеттілік – қарыз алушының барлық міндеттемелерін  өтеу мүмкіндігін сипаттаса, несие қабілеттілік – көп жағдайда тек банк несиесін қайтару мүмкіндігін көрсетеді. Яғни несие қабілеттілік төлем қабілеттілік ұғымының құрамдас бөлігі. Кәсіпорынның ағымдық және күтілетін төлем қабілеттілігі ажыратылады. Ағымдық төлем қабілеттілік балансты құру уақытында анықталады, ал күтілетін төлем қабілеттілік нақты алдағы кезеңге келіп түсуі тиіс төлемдерді есепке ала отырып анықталады.

     Төлем қабілеттілікті талдауға кіреді:

  • баланстың өтімділігін талдау;
  • өтімділік коэфиценттерін талдау.

     Баланстың өтімділігі оның міндеттемелерін активтерімен жабу мүмкіншілгімен анықталады.

     Активтердің өтімділігі – активтердің  ақша қаражатына айналу  уақытымен, мөлшері  анықталады.

     А1 – өтімді активтер (ақша қаражаты, қысқа  мерзімді қаржылық салымдар);

     А2 – жылдам өтімді активтер (қысқа мерзімді дебиторлық қарыздар);

     А3 - өтімділігі төмен активтер (запастар, ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар, басқа  да айналымдағы активтер);

     А4 – қиын өтімді активтер (ұзақ мерзімді активтердің барлық түрлері);

     П1 – қысқа мерзімді міндеттемелер (кредиторлық қарыздар);

     П2 – қысқа мерзімді пассивтер (қысқа  мерзімді кредиттер мен қарыздар, қызметкерлермен есеп айырысу, басқа  да қысқа мер.активтер)

     П3 – ұзақ мерзімді міндеттемелер (ұзақ мерзімді пассивтер, болашақтағы табыс)

     П4 – тұрақты пассивтер (капитал, резервтер).

     Мына  теңсіздіктер орындалғанда баланс өтімді болып табылады:

     А 1 ³ П 1; А 2 ³ П 2; А 3 ³ П 3; А 4 £ П 4.

     

  • Осы теңсіздіктерді орындалу орындалмауын анықтау үшін баланстағы көрсеткіштерді актив пен  пассив өтімділі бойынша жіктелінген кесте құрылған.
  •      Кестенің сол жағында активтер А, А2, А3, А4, оң жағында П1, П2, П3, П4 сомалары мың теңгемен көрсетілген. 

         Кесте 7- Кәсіпорын балансындағы активтердің  өтімділігі, 2010 жыл 

    Активтер Сомасы, мың теңге Пассивтер Сомасы, мың теңге +,- өзгеріс,

    мың теңге

    Есепті  кезең Өткен кезең Есепті кезең Өткен кезең Есепті кезең Өткен кезең
    А1 18656 17679 П1 17583 16764 -1073 -915
    А2 41388 20238 П2 9565 6701 -31823 -13537
    А3 48291 36884 П3 0 0 -48291 -36884
    А4 1456439 1245752 П4 1034165 -224183 -422274 -1469935
    Σ 1564774 1320553 Σ 1061313 -200718    
     

         Теңсіздіктерге  оралатын болсақ (2010 жылдың балансы  бойынша):

    1. А 1 ³ П 1  теңсіздігі бойынша ликвидті активтер қысқа мерзімді міндеттемелерден үлкен немесе тең болуы керек. Бұл теңсіздік орындалып тұр. А1, яғни ликвидті активтер П1 қысқа мерзімді міндеттемелерден асып тұр. Бұл кәсіпорынның төлем қабілеттілігін көрсетеді.
    2. А 2 ³ П 2 теңсіздігі орындалып тұр, яғни жылдам өтімді активтер А2, қысқа мерзімді пассивтерден П2 үлкен. А2=41388>П2=9565, А2 улкен П2 31823 теңгеге артық болып тұр.
    3. А 3 ³ П 3 Ұзақ мерзімді міндеттемелерден  П3, өтімділігі төмен активтер А3 48291 теңгеге артық болғандықтан үшінші теңсіздік орындалып тұр.
    4. А 4 £ П 4. Төртінші теңсіздік бойынша қиын өтімді активтер тұрақты пассивтерден 422274 теңгеге кем .

         Кәсіпорынның  қаржылық жағдайы мен оның қаржылық тұрақтылығы негізінен капитал  көздерінің құрылымының оңтайлылығынан және активтердің құрылымына тәуелді. Кәсіпорынның тұрақтылығына баға беру үшін бірнеше арнайы көрсеткіштер есептелінеді.  

         Кесте 8 - Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының көрсеткіштері, 2010 жыл.

    Көрсеткіш Деңгей Шекті мәні
    Жыл басы Жыл соңы
    1. Қаржылық тәуелсіздік коэффициенті 1,59758162 1,37767987 >0,5
    2. Қаржылық тәуелділік коэффициенті 0,02 0,01 <0,5
    3. Төлем қабілеттілік коэффициенті 98,55 94,13 >1
    4. Қаржылық тәуекел (леверидж) коэффициент 0,01 0,01 <1
    5. Қаржылық тұрақтылық коэффициенті 1,59758162 1,37767987 >0,9

         Осы көрсеткіштер негізінде мынадай  нәтижелерге қорытынды жазуға болады: кестедегі бірінші, үшінші, бесінші коэффициенттердің мәні неғұрлым жоғары және екінші төртінші коэффициенттердің мәні төмен болған сайын КҚЖ соғұрлым тұрақты. Біздің кәсіпорын осы талаптардың барлығына сәйкес келіп тұр, яғни кәсіпорын қаржылық жағдайы тұрақты, төлем қабілетті. Кәсіпорын сыртқы қарыз көздеріне тәуелді емес.

         Кәсіпорынның  қаржылық жағдайы мен оның тұрақтылығын сипаттаушы маңызды көрсеткіштердің  бірі – запастардың қаржыландырудың  қалыпты көздермен қамтамасыз етілуі. Тауарлы-материалдық қорларды қалыптастырудың  қалыпты көздерінің артықшылығы не жетіспеушілігі – кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына баға берудің критерийлерінің бірі болып саналады, осыған орай қаржылық тұрақтылықтың 4 типін ажыратады:

    1. Қаржылық жағдайдың абсолютті тұрақтылығы: Меншікті капитал > Тауарлы - материалды қорлар;
    2. Қаржылық жағдайдың тұрақтылығы, яғни: (Меншікті капитал+ұзақ мерзімді міндеттемелер)>ТМҚ;
    3. Қаржылық жағдайдың тұрақсыздығы, яғни: Меншікті капитал+ұзақ мерзімді міндеттемелер)+қымқа мерзімді міндеттемелер < ТМҚ

    Информация о работе Кәсіпорын қызметінің ұйымдастыру-экономикалық жағдайы