Кәсіпорын қызметінің ұйымдастыру-экономикалық жағдайы

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Сентября 2011 в 23:10, курсовая работа

Описание работы

Есеп мәліметтерін кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын жедел басқару үшін, қаржылық есебін құру үшін қолданады.

Содержание

Кіріспе

1 «Сарыағаш-жер» ЖШС қызметінің ұйымдастыру-экономикалық жағдайы
1.1 Серіктестіктің тарихы және оның қызметіне мінездеме
1.2 Кәсіпорында өндірістік процесті ұйымдастыру

2 «Сарыағаш-жер» ЖШС-нің 2008-2010 жж. экономикалық қызметтері және қаржы-шаруашылық жағдайын талдау
2.1 Кәсіпорынның ресурстық потенцалы
2.2 Кәсіпорын шығындары
2.3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау


3«Сарыағаш-жер» ЖШС-нің салық төлеу тәртібі

Қорытынды

Работа содержит 1 файл

Балжан.doc

— 238.00 Кб (Скачать)

     Қорыта  келгенде жүргізілген зерттеулердің нәтижелеріне сүйене отырып  кәсіпорынның қаржылық жағдайына  берілді. Есеп жазылу кезінде кәсіпорынның қаржылық жағдайы, төлем қабілеттілігі, несие қабілеттілігі, активтерінің, мүлкінің құрылымы, қаржылық жағдайының ликвидтілігі тағы да басқа қаржылық жағдайына зерттеулер жүргізілді. Жүргізілген қаржылық талдаулардың нәтижесінде кәсіпорынның қаржылық жағдайына оң деген баға берілді. Кәсіпорын несие және төлем қабілетті. Өзіне алынған міндеттемелерді уақытында жауып отыруға мүмкіншілігі бар. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

            3. Кәсіпорынның салық төлеудегі ерекшеліктері 

     Салықтар  – белгілі бір көлемде және мерзімде алынатын, заң бойынша қарастырылған  міндетті төлемдер.

     Салықтардың экономикалық мәні – шаруашылық субьектілерінен, азаматтардан ұлттық табыстың бір бөлігін алу жөніндегі өндірістік қатынастар түрі  ретінде анықталады. Салықты мемлекет өзінің функциялары мен міндеттерін орындау жинайды. Яғни салықтар – мемлекет бір жақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін ақшалай төлемдер.

     Салықтарды  ұтымды ұйымдастырудың классикалық  принциптері:

     - салық әрбір төлеушінің табысына  қарай салынуға тиіс;

     - салықтың мөлшері мен төленетін  мерзімі алдын-ала әрі нақты  белгіленуге тиіс;

     - әрбір салық төлеуші үшін неғұрлым  қолайлы уақытта және тиімді  әдіспен салынуға тиіс;

     - өндіріп алынатын салықтың шығындары  мейлінше аз болуға тиіс.

     Іс-тәжірибе өтіп отырған кәсіпорында бұл  принциптердің барлығының да дұрыс  ұстанылуына тиісті көңіл бөлініп отырылады.

     Қазақстан Республикасының салық жүйесі Қазақстан  Республикасының бүкіл аумағында  барлық салық төлеушілерге қатысты  біртұтас болып табылады.

     ЖШС мынадай салықтар түрлері төлейді:

     - Корпорациялық табыс салығы;

     - Жеке табыс салығы;

     - Қосылған құн салығы;

     - Әлеуметтік салық;

     - Жер салығы;

     - Көлік құралдары салығы;

     - Мүлік салығы.

     Кәсіпорын салық міндеттемесін орындау  үшін мынадай іс-әрекеттер жасайды:

     1) салық органында тіркелу есебіне  тұрады;

     2) салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды жүргізеді;

     3) салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты  объектілерді, салық базасы мен  салық ставкаларын негізге ала  отырып, салықтың және бюджетке  төленуге жататын басқа да  міндетті төлемдердің сомасын есептейді;

     4) салық тіркелімдерін қоспағанда, салықтық нысандарды жасайды  және белгіленген тәртіппен салық  қызметі органдарына табыс етеді;

     5) салықтың және бюджетке төленетін  басқа да міндетті төлемдердің  есептелген және есепке жазылған сомасын, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша аванстық және ағымдағы төлемдерді төлейді.

     АҚ салық міндеттемесін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орындайды. Және салық міндеттемесін мерзімінен бұрын орындауға құқылы.

     Қолма-қол  емес нысанда орындалатын салық  төлеушінің салықты және бюджетке төленетін  басқа да міндетті төлемдерді төлеу  жөніндегі салық міндеттемесі, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдарды төлеу  бойынша міндеттеме банктен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасына төлем тапсырмасының акцептін алған күннен бастап немесе банкоматтар немесе өзге де электрондық құрылғылар арқылы төлемді жүзеге асырған күннен бастап, ал қолма-қол нысанда – салық төлеуші көрсетілген соманы банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, уәкілетті мемлекеттік органға, жергілікті атқарушы органға енгізген күннен бастап орындалған болып саналады.

     Салықты, төлемақыны төлеу жөніндегі салық  міндеттемесі, сондай-ақ өсімпұлдар төлеу  бойынша міндеттеме белгіленген  тәртіппен есепке жатқызулар жүргізу  арқылы орындалуы мүмкін.

     Салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі салық міндеттемесі, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдар төлеу бойынша міндеттеме ұлттық валютамен орындалады.

     Салықтық  нысандар және оларды жасау тәртібі

     1. Салықтық нысандар салық есептілігін,  салықтық өтінішті және салық  тіркелімдерін қамтиды. 

     2. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық  нысандарды қағаз және (немесе) электрондық  жеткізгіштерде мемлекеттік тілде  және (немесе) орыс тілінде жасайды.

     3. Қағаз жеткізгіште жасалған салықтық нысандарға салық төлеуші (салық агенті) не оның өкілі қол қоюға, сондай-ақ олар салық төлеушінің (салық агентінің) не оның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда өзінің атауы жазылған мөрі бар өкілінің мөрімен куәландырылуға тиіс.

     Салық тіркелімдерін қоспағанда, электрондық  жеткізгіште жасалған салықтық нысандар салық төлеушінің (салық агентінің) электрондық цифрлық қолтаңбасымен  куәландырылуға тиіс.

       «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:

     1) СТН – салық төлеушінің тіркеу  нөмірі. Салық міндеттемесін сенімгерлікпен  басқарушы орындаған кезде жолда  сенімгерлік басқарушының - салық  төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі;

     2) БСН – салық төлеушінің бизнес  сәйкестендіру нөмірі. Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде жолда сенімгерлікпен басқарушының - салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі.

     Жол «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес салық төлеушіде немесе сенімгерлікпен басқарушыда бизнес сәйкестендіру нөмірі болған кезде толтырылуы тиіс.

     Кесте 9– АҚ төлейтін салықтары мен  төлемақылары нысандары, 2010 жыл 

Салық түрлері Формалары
Корпоративті  табыс   салығы 100.00
ҚҚС төлеуге тиісті сомасы 300.00
Жер салығы 700.00
Мүлік салығы 70.00
Көлік салығы 700.00
Әлеуметтік  салық 200.00
Жеке  табыс салығы 200.00
 

     Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация кәсіпорынның жылдық жиынтық табысқа  енгізілген табыстардың корпоративтік  табыс салығын, шегерімге жатқызылған шығыстарды, олардың түзетілімдерін, салық салынатын табысты (залалды), салық салынатын табысты азайтатын табыстар мен шығыстарды, шеккен залалдарды, салық кезеңі үшін есептелген салық сомасын және салық кезеңі үшін есептелген салық сомасын азайтатын салықтар сомасын декларациялауына арналған.

     Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияға қосымшалар салықтық бақылау мақсатына  орай салық қызметі органдары  пайдаланатын салық міндеттемесін  есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған. Декларация мен есептеу тәртібі 41 қосымшада көрсетілген.

     Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияға қосымшалардың нысандары мынадай:

     1) құн өсімінен түсетін табыстар (залалдар) жөніндегі; 

     2) күмәнді міндеттемелер, күмәнді  талаптар бойынша табыстар мен шығыстар, міндеттемелерді және талаптарды есептен шығару, оның ішінде кредиторлар мен дебиторлар бойынша есептен шығару жөніндегі;

     3) сыйақылар бойынша табыстар мен  шығыстар жөніндегі ақпаратты  қамтуы мүмкін. Сыйақылар бойынша  шығыстар жөніндегі осы қосымшаның нысаны сыйақы алушылар бойынша белгіленуі мүмкін;

     4) өткізілген тауарлар, орындалған  жұмыстар, көрсетілген қызметтер  бойынша шығыстар жөніндегі ақпаратты  қамтуы мүмкін. Осы қосымшаның  нысаны қосылған құн салығын  төлеушілер болып табылмайтын тұлғалар үшін өнім берушілер бойынша белгіленуі мүмкін;

     6) салық салынатын табысты азайтатын  табыстар мен шығыстар жөніндегі  ақпаратты қамтуы мүмкін. Осы  қосымшаның нысаны өтеусіз берілген  мүлікті, демеушілік көмекті алушылар  бойынша белгіленуі мүмкін;

     7) амортизациялық аударымдар, жөндеуге  жұмсалатын шығыстар және тіркелген  активтер бойынша басқа да  шегерімдер жөніндегі; 

     8) корпоративтік табыс салығы бойынша  декларациямен табыстар мен шығыстар  туралы есепті салыстыруды;

     Жеке  табыс салығы бойынша салық төлеушінің табыстарына 10 проценттік ставка бойынша салық салынады. Декларация мен есептеу тәртібі 42 қосымшада көрсетілген.

     Зейнетақы төлемдері түріндегі, төлем көзінен  салық салынатын табыс салық  салуға жататын, салық шегерімдері  сомасына азайтылған зейнетақы төлемдері түріндегі табыс ретінде айқындалады. Жинақтаушы зейнетақы қорлары кәсіпорын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) ерікті кәсіби жарналар, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың талаптарына сәйкес ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан. Төлем көзінен салық салынатын зейнетақы төлемдері түріндегі табысты айқындау кезінде төлемдерді жүзеге асырудың кезеңділігіне қарамастан, табысты есебіне жазудың әрбір айы үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір ең төмен жалақы мөлшері сомасында салық шегерімі қолданылады;

     Жеке  табыс салығы бойынша декларация орналасқан (тұрғылықты) жердегі салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей табыс етіледі.

     Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты  салық агенттері үшін жеке табыс  салығы және әлеуметтік салық жөніндегі  декларация мынадай:

     1) жеке тұлғалардың өздерінен жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналары есептелетін және ұсталатын, сондай-ақ әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар есептелетін табыстары;

     2) есепке жазылған әлеуметтік жәрдемақылардың  Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру  қорына аударымдардың есепке жазылған сомасынан асып кету сомасы;

     3) мемлекеттік мекемелер еңбекке  уақытша жарамсыздығы бойынша  төлеген әлеуметтік жәрдемақылардың  сомасы;

     4) есептелген салық міндеттемелерінің,  міндетті зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың сомасы туралы ақпаратты көрсетуге арналған.

     Жеке  табыс салығы және әлеуметтік салық  жөніндегі декларацияға қосымшалар салық қызметінің органдары салықтық бақылау мақсатына орай пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу  туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.

     Жеке  табыс салығы және әлеуметтік салық  жөніндегі декларацияға қосымшалардың  нысандары құрылымдық бөлімшелер бойынша  жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтың есептелген сомалары туралы, қызметкерлердің әлеуметтік салық  салынатын және салынбайтын табыстарының тізбесі жөніндегі, салық төлеушілердің жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша әлеуметтік салықты есептеуі туралы ақпаратты қамтуы мүмкін.  
 

Информация о работе Кәсіпорын қызметінің ұйымдастыру-экономикалық жағдайы