Кәсіпорын құнын бағалау

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2013 в 07:36, курсовая работа

Описание работы

Бағалау – материалдық игіліктердің құнын анықтау мақсатында жүзіге асырылатын іс-әрекеттердің жиынтығы. Бағалау курделі экономикалық процесс. Дамыған нарықтық экономика жағдайында бағалау жер үлестерін сатуда, үй және пәтер саудасында, өндіріс қуаттарды сатып алу немесе инвестициялық жобаларды іске асыруда жиі қолданады. Бағалау қызметiнiң негiзгi принциптерi объективтiлiк және дұрыстық болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
I.КӘСІПОРЫН ҚҰНЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА ЖӘН БАҒАЛАУҒА ҚАТЫСТЫ ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР.......................................................................6
1.1 Кәсіпорын құнын бағалауға қатысты түсініктемелер..................................6
1.2 Кәсіпорын құнын бағалау мақсаты мен құн түрлері....................................10
1.3 Кәсіпорын құнын бағалау қағидалары..........................................................13
ІІ. КӘСІПОРЫН ҚҰНЫН БАҒАЛАУДАҒЫ ТАБЫСТЫҚ ТӘСІЛ.........17
2.1 Тікелей капитализация әдісі..........................................................................17
2.2 Ақша ағымын дисконттау әдісі.....................................................................25
23 Кәсіпорын капиталының құны мен капитал салымның
пайдалылық нормасы............................................................................................31
III. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫН ҚҰНЫН БАҒАЛАУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ........................................................33
3.1 Қазақстан Республикасындағы – кәсіпорын құнын бағалаудағы
әдістемелік тәсілдерін жетілдіру жолдары.........................................................33
3.2 Кәсіпорының құнын бағалау жүйелерiнiң қолдануының шетел және
отандық тәжірибесі................................................................................................36
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................43
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.............................................................45

Работа содержит 1 файл

курсавой Амирова.doc

— 413.50 Кб (Скачать)

        Кәсіпорын бизнесін жүйе ретінде қарастырсақ, құрамына тауар нарығының секторын бақылауға рұқсат ететін, оның мүліктік кешені мен құқық жүйесі немесе қоржыны кірсе, мүліктік кешеннің жиынтығында қосымша құнның пайда болуы мүмкін.

       Құқық жүйесі немесе қоржыны, кәсіпорынға бизнес жүйе ретінде тауар нарықтарында тиімді бәсекелесуге рұқсат етеді.

Құқықтар  жүйесі немесе қоржыны өзіне мыналарды  қосуы қажет:

  • кәсіпкерлік қызметті іске асыратын, кәсіпорынға республикалық  және атқарушы жергілікті билік органдары беретін лицензиялардан,  сертификаттардан және тағы басқалардан пайда болатын нарықта 
    жұмыс істеу құқығы;
  • кәсіпорынға табыс әкелетін жал құқығы, субжал, кепіл және т.б;
  • бизнес бойынша әріптестердің келісім-шарт жүйелерінен пайда болатын
  • құқықтар (материалдар мен шикізатты жеткізу келісім-шарттары, тауарлық өнімдерді сатып өткізу келісім-шарттары және т.б.);
  • кәсіпорын акцияларының бақылау пакеттерінен пайда болатын құқықтар;
  • материалдық емес активтерді қалыптастыратын артықшылығы бар құқықтар;

Жоғарыда  аталғандарды ескере отырып, кәсіпорынның бизнесін бағалаудың объектілері мыналар болуы керек:

- кәсіпорынның мүліктік кешені;

  • кәсіпорынға (фирмаға) нарықтың секторын бақылауға рұқсат ететін құқықтар жүйесі немесе қоржыны;
  • кәсіпорынның (фирманың) тауар нарықтарында бәсекелесуге қабілетілігі.

Сөйтіп, кәсіпорын (фирма) бизнесін бағалау екі концепцияны қолдану арқылы жүзеге асырылады [2, 24б].

 

1.2 Кәсіпорын құнын бағалау мақсаты мен құн түрлері                        

        Бағалау мақсаты – кәсіпорынның нарықтық құнын есеп айырысуымен негіздеу. Кәсіпорындарды бағалау белгілі бір нақты міндеттің орындалуы бағынады. Бағалаушы, жасалып жатқан бағалаудың міндетін білгіленен кейін ғана керекті әдістемені дұрыс таңдай алады.

         Кәсіпорынның құнын бағалау көбінесе  келесі жағдайлардан туындайды:

  1. кәсіпорынды сату;
  2. кәсіпорын мүлігінің бөлігін сату (жер телімі, ғимараттар, құрылыстар);
  3. ұйымды қайта құру немесе кәсіпорыңды тарату (қосылу, бөліну, сіңісу
  4. жәнет.б.), және кәсіпорынның банкротқа ұшырағандағы төрелік сот және меншік иелерінің шешімі бойынша жүргізіледі;
  5. бағалы қағаздар нарықтарында кәсіпорын акцияларын сатып алу және сату (акционерлік меншіктегі кәсіпорындарды немесе оның бөлігін сатып алу);
  6. жауапкершілігі шектеулі қоғамда немесе серістестіктің жарғылық қорының үлесін сатып алу және сату (үлес ақша бірлігімен бағаланады);
  7. кәсіпорынды жалға беру. Құнды бағалау жал төлемін белгілеу үшін маңызды;
  8. кәсіпорынды жетілдіру мақсатында инвестициялық жобаның орындалуы мен оның негізделуі кезінде кәсіпорын құнын білу қажет;

9) несие алу үшін кәсіпорын мүлігін кепілге беру;

10) кәсіпорын мүлігін сақтандыру;

11) мүлікке салық салу үшін, оның салық базасын анықтау; 

12) негізгі қорларды қайта бағалау.

       Құн түрлері: кез келген мүліктің құнын, бір-бірімен тығыз байланысты екі тәсілмен анықтауға болады: біріншіден, осы мүлікті басқа бір мүліктің кейбір санына (ақша эквиваленті мағынасында) алмастыруы. Екіншіден, мүлік иесі болашақта алатын табыстардың ағымды құнын анықтауы [3, 56б].

       Құн, шығындар және баға түсініктемелері  бойынша айырмашылықтарды білу қажет. Құн - алушының (инвестор) бағаланатын меншікті алуға жұмсайтын төлемнің мөлшері. Шығындар - бағаланатын ұқсас меншік объектісін құру үшін қажет болатын шығын мөлшері. Бұл шығындар сатып алушы төлеуге дайын сомадан айырмашылығы болмауы мүмкін. Баға бірдей объектілер мен басқа сатып алушылардың активтілігін және сатып алушылардың қажеттіліктерін қоса алғанда, бұл шығындар бағалау күнімен салыстырғанда өз құнынан жоғары немесе төмен болуы мүмкін. Тек қана жетілген нарық жағдайында, құн және баға бір-бірімен тең болады. Мүлікке қатысты құн, өзімен нақты шарттардың нәтижесі болатын бағаны ұсынады. Баға - өткен мәмілелердегі ұқсас объектілерді сатып алуға қанша жұмсалғанын көрсететін факт. Бағалаушы талдау жасағаннан кейін ғана, мүлік құнының ағымдағы төленген немесе алынған бағасы бола алатындығы туралы айта алады.

         Құн негізінен төрт шарттан туындайды: сұраныс, пайдалылық, тапшылық және меншік құқықтарын беру мүмкіндігі.

  1. Сұраныс. Сұраныс — белгілі бір уақыт үшінде нарықта сатып алатын тауар (қызмет) саны немесе меншік объектілері. Сұраныстың өсуі бағалардың өсуіне алып келеді.
  2. Пайдалылық. Адамдардың белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандыратын, тауарлар мен меншік объектілерінің қабілетін - пайдалылық деп атайды. Берілген зат неғұрлым көбірек қажеттіліктерді 
    қанағаттандыруға қабілетті болса, соғұрлым оған сұраныс жоғары болады. Пайдалылықтың өсуі көбіне бағаның өсімімен сәйкес жүреді.
  3. Тапшылық. Үлкен сұраныс пен жоғары пайдалылыққа қарамастан, ешбір мүлік тапшы болмағанша құны болмайды.
  4. Меншік құқығын біреуге беру мүмкіндігі. Кез келген зат меншік құқықтарын біреуге беру мүмкіндігі бар болған жағдайда тауар болып саналады. Мысалы, берілген заңнамамен жердің белгілі 
    бір түрлеріне сату рұқсат етілмесе, онда олардың құндылығы болмайды. Дегенмен, бұл жерлердің жал құқықтарының нарық құнын бағалауға болады. 

       Тәжірибеде бағалаушы келесідей негізгі құндардың түрлерін қолданады:

       Негізделген нарықтық құн - ашық және бәсеке нарығындағы мүлік түріне берілетін баға. Экономикалық рационалды, мәмілеге ерікті баратын және қажет ақпаратпен қамтамасыз етілген сатушы мен сатып алушы арасында еркін бәсекені көрсетеді. Қаржыландырудың ерекше шарттарына сәйкес, сатып алу мен сатудың жағдайлары, екі жақтың жеткіліксіз ақпараттануы, нарық деформациясы және т.б. факторлардың әсерінен, тәжірибеде нақты мәмілелердің бағалары нарықтық құннан айырмашылығы болады. Нарықтық емес құн ретінде, мысалы, нормативті есептелетін құн бола алады [14, 41б].

       Нормативті есептелетін құн - нормативтер мен әдістер басқару органдарын бекіту негізінде есептелетін мүліктік кешеннің құны. Қарастырылып отырған мүліктік кешеннің түрлері үшін нормативтердің (ставкалардың, коэффициенттердің) бірлік шкалалары қолданылады.

       Бухгалтерлік есеп жүйесі баланстық құнды бастапқы, қалпына келтіру және қалдық құны деп бөледі.

       Баланстық құн - кәсіпорынның балансында белгіленген, құрылысқа кеткен шығындар немесе оның өзіндік негізгі қаражаттарына элемент алу.

Бастапқы құн - белгілі кәсіпорын объектілерінің эксплуатацияға : енгізілген кезіндегі есептік құжаттарда тіркелген баға. Эксплуатацияға берілген мүлік объектісі бастапқы құн бойынша, не оларды модернизациялау мен реконструкциялаудан кейін немесе қорды ресми қайта бағалау белгіленген уақыттан есептейді.

      Қалпына келтіру құны - бұрын анықталған негізгі қаржыларды қазіргі талаптарға сай қайта өндіру құны. Бағалаушы қор элементі құнының толық калпына келуін салыстыру арқылы қазіргі заманға сәйкес нарықтық құнын есептейді.

       Қалдық құн - егер баланстық құннан, эксплуатация кезеңінде жинақталған тозу сомасын алып тастасақ, онда қалдық құнды аламыз, ал қалдық құнның бағалануын қайталама нарығының бағасы бойынша жүргізсе, онда ол нарықтық сипаттама алады. Яғни, бағалауға тәуелді қайта өндіру мен орнын басу құнын белгілейді.

       Қайта өндіру құны - қазіргі нарыққа сай сатып алу немесе қайта өндіру құнын бағалау мүліктің тура сол сияқты обьектінің құны барабар шама.Қайта өндіру құнын анықтау көбінесе технологиялар, материалдар, шикізаттар, стандарттар және тағы басқа өзгерулерінен мүмкін болмайды. Сондықтан тәжірибеде орнын басу құны қолданылады.

      Орнын басу құны - бағаланатын объектінің пайдалылығы бойынша эквивалентті, меншіктің барабар обьектіні өндірудің ағымды құны. Жойылу кұны мүлігін сатушы келісуге мәжбүр болатын бағаны айтады. Кәсіпорынның жойылу құны бағалау кезінде анықталады. Мысалы, оның банкротқа ұшырауы кезінде немесе аукционда ашық көтере сату кезінде. Бағалаудың әр түрлі жағдайларына тәуелді құндардың бірнеше түрін ажыратады: инвестициялық, тұтынушылық, сақтандырулық, утилизациялық.

       Инвестициялық құн - егер оны белгілі бір инвестициялық жобаны іске асыру үшін инвестициялық салым ретінде қарастырсақ, онда оны мүліктік кешеннің құны деп айтуға болады. Нарықтық құнға қарағанда, инвестициялық құн нақты және белгілі бір жобамен және оның инвесторымен байланысы. Инвестациялық құн, берілген инвестициялық кешені мен нәтижелері бойынша мүліктік кешеннің нарықтық құнының өсуі ретінде қарастырылады.

      Тұтыну құны. Объектінің құнын немесе маңыздылығын сипаттайды. Пайдалылық кезіндегі құн тұтынушылардың экономикалық тауарлық құны ретінде анықталады және оны пайдалану тиімділігіне негізделген (табыс, пайда, ыңғай түрінде).

Пайдалану кезіндегі  құн міндетті түрде нарықтық құнын  көрсетпейді. Тұтыну кұны туралы мәліметтер, бағаланатын мүліктік кешеннің, әртүрлі сапасы мен пайдасы бар ұқсас объектілермен салыстыру үшін керек.

      Сақтандыру құны - сақтандыру шартында (полисінде) көрсетілген және сақтандыру мақсаттары үшін анықталатын объектілердің нарықтық құны. Сақтандыру құны сақтандыруды қайта қалпына келтіруді бағалау үшін қажет элементі бойынша есептеледі.

Көбінесе сақтандыру құны орнын басу құны сияқты анықталады. Өйткені сақтану жағдайларынан кейін сақтанушыға өзінің мүлігін қайтадан қалпына келтіруге мәжбүр болады.

     Утилизациялық құн - өзінің бастапқы пайдалылығынан айырылған және төтенше жағдайда немесе толық тозудың жағдайына жеткен утилизациялық материалдың активтердің құны. Утилизациялық кұн-бұл салмақты материалдардан тұратын бағаланатын обьектілердің қайталама құны

 

1.3 Кәсіпорын құнын бағалау қағидалары

 

Бағалау қызметі ғылымының  негізінде, бағалау бойынша кез келген тапсырманы орындау үрдісін қадағалайтын, бірқатар қағидалары бар.

Кәсіпорынның мүліктік кешен құнын бағалау кезіндегі  қажет негізгі экономикалық ортақ  қағидаларын қарастырайық. Олар мыналармен байланысты және 3 топ қағидалар  жүйелеріне келтіруге болады:

  • иесінің мүлік туралы көзқарасымен;
  • нарықтық ортамен;
  • мүлікті эксплуатациялаумен.

Иесінің мүлкі  туралы көзқарасымен байланысты қағидалар. Бұл топ мынандай қағидаларға ие: пайдалылық, орын басу, күту.

Пайдалылық  қағидасы. Меншік объектілерінің иемденуге қабілеті жоқ болса, онда олардың құны болмауы мүмкін. Сондықтан потенциалды меншіктенушіге пайдалы болған кезде ғана мүліктің кешеннің құны болады. Қағиданың анықталуы: пайдалылық – берілген уақыт периодтарында және берілген жерде меншік объектісі иесінің қателіктерін қанағаттандыру қабілеті.

Орын басу қағидасы. Иесінің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын және табыс әкеле алатын барлық меншік объектілері, өзінің әр түрлілігіне қарамастан, бір- бірімен байланысты. Меншік объектісі үшін оны қалпына келтіруге кететін шығындардың сомасынан көп ешкім төлемейді. Егер екі меншік объектілерінің қабілеті бірдей болса, онда біз баға төменін аламыз. Қағидалардың анықталуы: меншіктің максималды құны ең төмен бағамен немесе құнмен анықталады. Сөйтіп орнын басу құны бағаланатын мүлік құнының жоғарғы шегін анықтауға мүмкіндік береді.

Күту қағидасы. Инвестор объектіге қаражатты салып, ол меншік объектілерінен болашақта табыс күтеді. Бағаланатын құн – болашақтағы барлық табыстардың ағымдағы құны. Қағиданың анықталуы: күту – болашақта меншікті иелік етуден түсетін табыстардың ағымдағы құнының орнатылуы.

Нарықтық  ортамен байланысты қағидалар – бұл сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкестік, бәсеке, құнның өзгеруі.

Сұраныс пен  ұсыныс арасындағы сәйкестік қағидасы. Мүлікке деген бағаның өзгеруі сұраныс пен ұсыныс шамаларының өзгеруіне тәуелді.

Негізгі заңдылықтар:

Егер сұраныс тұрақты  болып, ал ұсыныс ұлғайса, онда                       бағалар төмендейді;

Егер сұраныс тұрақты  болып, ал ұсыныс төмендесе, онда бағалар  көтеріледі;

Егер ұсыныс тұрақты  болып, ал сұраныс өссе, онда бағалар  өседі;

Егер ұсыныс тұрақты  болып, ал сұраныс төмендесе, онда бағалар  төмендейді.

Егер нарықта сұраныс  пен ұсыныс арасында сәйкестік орнатылса, бағалар тұрақты болады. Қағиданың  анықталуы: ұсыныс – құрамындағы белгілі баға бойынша тауарлар саны, сұраныс – белгілі баға бойынша қажетті тауарлар саны. Сұраныс пен ұсыныс арасындағы өзара іс – қимыл бағасын анықтайды.

Бәсеке қағидасы. Жал шарты немесе мүлікті сатып алу не сату мәмілелерін жасайтын жалгер мен жал берушілер, сатушылар мен сатып алушылар арасында, жылжымайтын мүлік нарықтарында бәсеке пайда болады. әрбір объекті бәсекеде болады. Пайда бәсекені туғызады, ал артық пайда күйреген бәсекені ынталандыру тенденциясы бар. Бәсекенің болмауы монополиялық жағдайды туғызады. Қағданың анықталуы: нарықтағы пайда, өндіріс факторларын өтеу үшін қажетті деңгейден асып кетсе, онда ерілген нарықта таза табыстардың орташа деңгейінің төмендеуіне алып келетін бәеке өрлей бастайды.

Құнның өзгеру қағидасы. Мүлік объектілері әр уақытта өзгерістерге ұшырайды. Жерді пайдалану мақсаты мемлекет пен жекеше сектордың әсерінен өзгереді және олар тозады, техника, технология және шикізат базасы өзгереді. Экономикалық шарттар жаңа мүмкіндіктерді туғызады, ақша массасының көлемі мен пайыздық ставкалары толқиды. Адамдардың талғамы мен ынталары өзгереді. Объектінің орналасу ортасы өсу, түсу, тоқырау мен жаңару фазаларынан өтеді. Барлық бұл өзгерістер берілген жердегі мүлік объектілерінің пайдалылық дәрежесіне әсер етуі мүмкін. Қағиданың анықталуы: мүлік объектілерінің құны көбінесе тұрақты болып қалмайды, ол уақыт ағымымен өзгеріп тұрады.

Информация о работе Кәсіпорын құнын бағалау