Коммерциялық банктер

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2012 в 19:46, реферат

Описание работы

Қазақстанда жұмыс істеп жүрген банктердің, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінен басқасының бәрі, екінші дәрежелі банктер болыпесептеледі. Олардың қызметтерінің заңды негізі, Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылы 31 тамызда шыққан №2443 заңдық күші бар «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы» Жарлығы.

Содержание

КІРІСПЕ............................................................................................1

1.Коммерциялықбанктердің ұйымдастырылуы…...............................................................1-8
1 Қазақстан Республикасында коммерциялық банктердің пайда болуы және оның атқаратын қызметтері...........................................1-6
1.2 Коммерциялық банктердің жіктелімі..........................................7-9

2.Коммерциялық банктердің операциялары..................................10-24
2.1 Коммерциялық банктердің пассивті операциялары...............10-18
2.2 Коммерциялық банктердің активті операциялары.................19-24


ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................25-26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.......................................................27
ҚОСЫМША МӘЛІМЕТТЕР

Работа содержит 1 файл

Коммерциялык банктер.doc

— 604.50 Кб (Скачать)

:

3 сурет. ҚР коммерциялық банктердің несиелік портфель сапасының динамакасы

Мәлімет көзі:www.afn.kz

Берілу шартына қарай:

1. Тұтыну несиесі – бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларына сатып алу үшін және тұрмыстық  қызметтерді өтеуге берілетін несие.

2. Ипотекалық несие- бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т.с.с.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін  несие.

3. Овердравт несиесі – клиенттінің шотынан қаражатты шегеру, дебеттік қалдық бойынша берілетін  қысқа мерзімді несиенің  формасы.

4. Овернайт несиесі - өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге берілетін банкаралық  несиенің түрі.

5. Онкольдық несие – кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін  6. Банкаралық несие  - банктердің бір-біріне беретін несиесі.

7. Ломбардтық несие – тез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы қағаздарды кепілге алып, берілетін несие.

8. Лизингтік несие – құрал-жабдықтарды жалға алумен  байланысты берілетін  несие.

9. Рамбрустық  несие -  шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикат  пен дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде пайдаланатын несие.

10. Сенім несиесі – банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары клиенттерге берілетін несие.

11. Маусымдық несие – жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен  түсімді алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшықтықты жабуға арналған несие.

Лизинг – бұл лизинг берушінің өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларын, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шартын білдіреді. Барлық лизингтік операциялар екіге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер.

  Коммерциялық банктердің ең көп тараған делдалдық қызметінің бірі – факторинг.Факторинг–клиенттің айналым капиталын несиелеумен ұштасатын, сауда-комиссиондық операциясының бір түрі. Факторингтің мақсаты – кез келген несиелік операциялардың ажырамас бөлігі болып табылатын тәуекелді қалпына келтіруін шешуге бағытталады. Фактор – сөзі ағылшын тілінен «factor», аударғанда «маклер,делдал» деген мағынаны білдіреді. Экономикалық жағынан алғанда – бұл  делдалдық операция.       Факторинг операциясы – жабдықтаушының жабдықтаған тауары мен көрсеткен қызметтері үшін төленбеген төлем құжаттарын банкке сатумен байланысты комиссиондық-делдалдық операция. Факторинг операциясына үш тарап қатысады: факторингтік компания, клиент, кәсіпорын.Факторинг операциясы бүгінгі таңда отандық ақша нарығында дами алмай отыр. 90-шы жылдардың  басындағы төлем дағдарысы факторинг қызметінің банктер үшін тиімсіздігін анықтап, нәтижесінде отандық банктеріміз  күні бүгінге дейін бұл операция салғырттық танытуда.

    «Форфейтинг» сөзі француз тілінде «а forfait», аударғанда, «құқықтан бас тарту» дегенді білдіреді. Форфейтинг – тауарларды жабдықтау немесе қызметтерді көрсету барысында пайда болатын және алдағы уақыттарда өтелуге тиісті міндеттемелерді сатып алуды білдіру үшін пайдаланатын термин.Форфейтинг  операциясы  - форфейтордың, яғни коммерциялық банктің немесе арнайы компанияның экспортерға төлеуге тиісті импортердің берген төлем құжатын сатып алуы. Форфейтинг мәмілесінде үш қатысушы болады:

1.Экспортер, тауарды орта мерзімді несиеге беруші;

2.Импортер, тауарды несиеге алушы;

3.Форфейтор, мәмілені қаржыландырушы банк немесе арнайы ұйым.     

  Форфейтинг операциясының  мерзімі 180 күннен 5 жылға дейінгі аралықты құрайды, кей жағдайларда 7 жыл.Ломбардтар – бұл жылжитын мүліктерді кепілге ала отырып, қысқа мерзімге ссудалар беретін  несиелік мекеме.

Тарихта ломбардтар  өсімқорлық несие беретін жеке меншік кәсіпорын ретінде пайда болған. Ломбардтардың мамандану саласы жылжитын мүлік, оның ішінде бағалы металдар мен  асыл тастарды (бағалы қағаздардан басқа) кепілге алып, тұтыну несиесін беру болы табылады.

Несиелік серіктестік - өз мүшелеріне несие-есеп айырысу қызметін көрсету мақсатында құрылған несиелік мекеме.

Несиелік одақтар – бұл белгілі бір жеке тұлғалардан  немесе ұсақ несиелік мекемелерін  ұйымдастырылатын несиелік кооперативтер.

Өзара несие қоғамдары – шағын және орта бизнеске  қызмет көрсететін коммерциялық  банктерге қызметінің  сипаты жағынан ұқсас келетін  несиелік мекемелер.ҚР Ұлттық Банктің  1997 жылғы  29 тамыздағы №314 «Ломбард туралы» ережесіне сәйкес, ломбард – банк болып табылмайтын, Ұлттық банктің берген лицензиясы негізінде операциялар мен қызметтерді жүзеге асыратын  заңды тұлға. Ондай операцияларға мыналар жатады: ломбардтық  операциялар: тез іске асырылатын бағалы қағаздар мен  жылжымалы мүліктерді  кепілге  алып, қысқа мерзімді несие беруді сипаттайды. Бағалы металдардан (алтыннан, күмістен, платинадан, платина  тобындағы металлдардан) жасалған монеталарды, сондай-ақ бағалы металдар және асыл тастардан тұратын зергерлік бұйымдарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;Сейфтік қызметтер: клиенттердің бағалы қағаздарын, құжаттарын,  құндылықтарын сақтауға байланысты, сол сияқты сейфтік жәшіктерді, шкафтарды, бөлемелерді жалға беру қызметтерін көрсетеді;Келісімшарт мерзімі ішінде жалға берілген мүлікке  жалға берушінің меншік құқығын  сақтай отырып ол мүлікті жалға беру.Заң талаптарына сәйкес кепілге алынған  мүлікті сату.Микрокредиттік ұйымдар – бұл микрокредит берумен  айналысатындай ұйымдар  болып табылады.

 

                                                Қорытынды

Сонымен қорыта келгенде коммерциялық банктердің активінің бұрыннан қалыптасып  және қазіргі кезде өрістеп келе жатқан негізгі бағыты – несие беру операциясы және бағалы қағаздармен операция. Бұл операциялар банк балансының 80 %-ін құрайды. Бұдан басқа банктер кассалық, акцепттік, шетел валютасымен,  қозғалмайтын мүліктермен, сондай-ақ делдалдық операциялар жүргізеді. Олар бір-бірімен тығыз байланысты. Әсіресе  актив және пассив операциялары бір-біріне тәуелді. Себебі коммерциялық  банктер негізінен өзгенің капиталымен  қызмет жасайды, сондықтан банк қаражаты несиеге беру және инвестициялау масштабы көбіне банктің уақытша бос капитал  мен  жинақтарды тарту қабілетіне байланысты.      

Екінші дәрежелі банктерге, заңды түрде, басқа заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаржыларын жұмылдырып, оларды өз атынан өз қаражатына, қайырымдылық, мерзімділік және төлемділік жағдайларда орналастыру және де клиенттердің тапсыруы мен есеп айрысу, тағы басқа да операцияларды жүргізуге құқық берілген. 
Сөйтіп, басқа елдердегідей, Қазақстанда да екінші дәрежелі банктер, бір жағынан шаруашылық жүргізуші субьектілердің, жеке тұлғалардың, уақытша бос қаржыларын жұмылдырып, оларға пайда табуға мүмкіншңлңк жасайды, екінші жағынан жұмылдырылған қаржыны басқа шаруашылық жүргізуші субьектілер мен жеке тұлғаларға қосымша қаржыға қажеттігін жабуға берді. Сонымен қатар, банктер өз мүдделерін де ұмытпайды. Уақытша пайдалануға берілен қаржы үшін тиісті өсім (процент) алады. Обьективтік процесс ретінде, банктердің мұндай операцияларының эконмикалық негізі болып, қарызға беретін құнды қалыптастыруға және пайда табуға әсер ететін ақшалай қаржылардың қозғалысы болып табылады.  
Екінші дәрежелі банктер, Қазақстан Республикасының аумағында және оның сыртында, өздерінің бөлімшелерінің еншілес банктерін ашуға құқықты. Бұл банктердің қызметтері Қазақстан Республикасының конституциясымен, басқа да заңдармен және олардың негізінде, оларды орындау мақсатында, өзінің құзіретіне берілген мәселелер жөнінде шығаратын нормативтік, құқықтық актілермен реттелінеді. 
Әдетте, банк операциясын жүргізгенде, ақшалай қаражаттың қозғалысы туады. Мысалы, несие операциясының нәтижесінде, несиегердің несиеге алған сомасы оның есеп шотына түседі. Бұл жағдайда несие алумен қатар есеп айрысу операциясы да жүргізіледі-сатып алушы, несиенің жәрдемімен өзінің тауар жөнелтушісі мен жөнелтілген тауар үшін (болмаса орындалған жұмыс пен көрсетілген қызмет үшін) есеп айырысады. Ақшалай қаражат бір субьектілерден екінші субьектіге ауысады. Кассада қолма-қол ақшамен операция жүргізгенде нақты ақша, банкінің кассасынан шаруашылық жүргізуші субьектінің кассасына ауысады және керісінше, шаруашылықтың кассасынан банктің кассасына түседі. Ақша аудару операциясында да ақшалай қаражаттың қозғалысы туып, ол аударушыдан аларманға ауысады т.б. 
Мұндай ақшалай қаражаттың қозғалысы, мысалы сейфтік операцияларды жүргізгенде, болмаса, банктің аппаратының күшімен банкноттарды, монеттерді кассаға жинағанда, оларды тасымалдағанда, немесе айырбастағанда тумайды. Бұндай жағдайларда ақшалай қаражаттың көлемі азаймайды да, көбеймейді де, түпкілікті де немесе уақытша да оларға меншіктік өзгермейді. Осының негізінде банктің операциялары, олардың қызметтерінен өзгеше деп түсіну керек және оларды бөлек қарау (зерттеу) керек. Бірақ қазіргі жағдайда банктердің өз жұмыстарын коммерциялық жолға көшіргенде, барлық операциялары да қызметтері де төлемді болғандықтан бұл екі ұғымды бір бірінен ажырату оңай емес.

 

 

 

 

 

                                 Қолданылған әдебиеттер:

1. Ақша, несие, банктер Ғ.С.Сейітқасымовтың жалпы ред – Алматы: Экономика, 2001-465 бет.

2. Банки и  банковские операции: Учебник/Под ред. проф. Е.Ф.Жукова – М: Банки и биржи, ЮНИТИ, 2003.- 600с.

3.Деньги, кредит, банки /Под ред. Лаврушина О.И. – М: Финансы и статистика, 2001 – 464 с.

4. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы 1995 жылғы 31 тамыздағы № 2444

5.. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк мекемелер» негізгі заң актілері 2003 жылғы 1 мамыр.

6. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие. Оқу құралы. /- Алматы: Издат. Маркет, 2004. – 246 бет.

7. Банки и банковское дело / Под ред. И.Т.Балабанова. –СПб. ‘’Питер’’, 2001

8.Банковское дело Лаврушина О.И. 1998 г

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Информация о работе Коммерциялық банктер