Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2012 в 19:46, реферат
Қазақстанда жұмыс істеп жүрген банктердің, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінен басқасының бәрі, екінші дәрежелі банктер болыпесептеледі. Олардың қызметтерінің заңды негізі, Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылы 31 тамызда шыққан №2443 заңдық күші бар «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы» Жарлығы.
КІРІСПЕ............................................................................................1
1.Коммерциялықбанктердің ұйымдастырылуы…...............................................................1-8
1 Қазақстан Республикасында коммерциялық банктердің пайда болуы және оның атқаратын қызметтері...........................................1-6
1.2 Коммерциялық банктердің жіктелімі..........................................7-9
2.Коммерциялық банктердің операциялары..................................10-24
2.1 Коммерциялық банктердің пассивті операциялары...............10-18
2.2 Коммерциялық банктердің активті операциялары.................19-24
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................25-26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.......................................................27
ҚОСЫМША МӘЛІМЕТТЕР
Депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді.Активті депозиттік операциялар-банктің уақытша бос ақша қаражаттарын басқа корреспондент-банктердегі шоттарда орналастыруымен байланысты операциялар.
Пассивті депозиттік операциялар-бұл клиенттердің уақытша бос ақша қарааттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты операциялар.
Талап етуге дейінгі депозиттер-бұл салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты әр түрлі төлем құжаттары арқылы қолма-қол ақшаларын алатын әр түрлі шоттардағы қаражаттар.
Отандық банктік тәжірибеде талап етуіне дейінгі депозиттерге мыналар жатады:
Талап етілген депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады.Талап етуге дейінгі депозиттік шоттарға қаражаттар,шаруашылық және басқа да операциялардың жүзеге асырылуына барысында түседі және пайдаланылады.Ал кемшілігі-бұл шот бойынша пайыз мүлдем төленбейді немесе біршама төменгі мөлшерде төленеді.Міне,осыдан келіп талап етуге дейінгі шоттардың мынадай өзіндік ерекшеліктерә қалыптасады:
Мерзімді депозит-бұл банктерде белгілі бір мерзімге және пайыз төлеу шартында орналастырылған клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттары.Бұл депозит түрі алдын ала хабарлаудан кейін немесе мерзім бойынша аонуы мүмкін.Мерзімді депозиттер чектің көмегімен пайдаланылмайды,біраө қолма-қал ақша түрінде еркін аударылады.Егер мерзімге дейін бұл салымды алатын болса,онда шот иесі айыппұл төлеге міндетті.Бұл салымның ерекшелігі-талап еткенге дейінгі депозитке қарағанда,оларға міндетті резервтердің төменгі мөлшері белгіленеді.Депозиттің бұл түрін алдын-ала хабарлау негізінде немесе уақыты жеткен кезде салым иесі ала алады.Мерзімді депозиттерді чектер арқылы алуға болмайды.Мерзімді депозиттерді басқа шоттарға аударуға болмайды.Мерзімді депозиттер мынадай түрлерге бөлінеді:
Меншіктк –мерзімді депозиттер сақталу мерзіміне қарай жіктеледі:
Мерзімді депозиттер бойынша,салым иесінің алдын ала хабарлау мерзімі жеті күннен жоғары болып келеді.Мерзімді депозиттердің мынандай ерекшелітер болады:
Тағы бір кеңінен таралған депозиттердің түрі-жинақ салымдары.Олардың белгіленген мерзімі жоқ,қаражатты алуда ескертуін талап етпейді,салымның жоғары шегі шектелген,ақшаны салу кезінде жинақ кітапшасын көрсетуі қажет.Банктер үшін мұндай шоттар қосымша жұмыстарды талап етеді:операцияны рәсімдеу қиынырақ,кітапшаны жоғалту және ұрлатып алу жағдайына сай екі жақты тіркеу енгізу қажет.Жинақ салымдарының тұрақты мерзімі болмайды.Бұл салымдардың түрі бойынша мерзімді депозиттерге қарағанда төменгі мөлшерде пайыз төленеді.Жинақ салымдары жинақ кітаптары негізінде толтырылады.Жинақ салымдарының мынадай ерекшеліктері бар:
қаражаттар қозғалысы көрсетілетін жинақ кітапшасының юолуы талап етіледі.
Мерзімді депозиттер және жинақ салымдарының бір түріне депозиттік және жинақ сертификаттарын жатқызуға болады.Депозиттік және жиақ сертификаттыр-бұл салым иесіне белгілі мерзім өткен соң,тиісті қаражатты және оған есептелетін пайызды алуға құқық беретін және оның шотындағы ақшалай қаражатының барлығын куәландырытын банк-эмитенттің жабаша куәлігі.
Депозиттік және жинақ сертификаттары иемденуіне қарай екі түрлі болып келеді:
Атаулы депозиттік және жинақ сертификаттары бұл салым иелерінің атына толтырылып беріледі.Ал мәлімдеуші сертификаттарда салм иесінің аты-жөні көрсетілмейді,яғни оны кім иеленсе,сол қаражаттың иесі болып табылады.
Депозиттік және жинақ сертификаттары сатлған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін төлеуге болатын төлем құралы немесе есеп айырысу қызметін атқара алады.
Әлемдік банк тәжірибеде депзиттік сертификаттың мынандай екі түрі бар:
Аударылмайтын депозиттік сертификаттар салым иелерінің қолдарында болып,уақыты жеткен соң банкке ұсынылады;
Аударылатын депозиттік сертификаттар басқа бір тұлғаларға екінші нарықта сатып алу-сату арқылы өтеді.
Жинақ сертификаты жеке тұлғаларға арналып шығарылады.Жинақ сертификатының мерзімі бір жылға үш жылға дейінгі мерзім аралығын құрайды.
Банк депозиттік емес ресурстары банктің қысқа мерзімді өтімділігін қолдау
мақсатында тартылады.Оларға:банкаралық несие,меншікті бағалы қағаздарын эмиссиялау нәтижесінде тартқан ресурстары,сондай-ақ отандық жіне шетелдік басқа да қаржы нарығының сатып алынған ресурстары жатады. Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шорттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Банкаралық несие-бұл коммерциялық банктердің бір-біріне беретің несиелері.Банкаралық несие бұл басқа ресурстармен салыстырғанда өте қымбат ресурс болып табылады.Банкаралық несиенің негізін банкаралық депозиттер құрайды.Банкаралық депозиттер-бұл банктердің бір-бірінде ашқан корршотындағы қаражат қалдықтары.Депозиттік емес қаражаттардың бір түріне Ұлттық банктің коммерциялық банктерге қысқа мерзімді өтімділігін қолдап отыру мақсатында беріліп отырған мынадай несиелерін жатқызуға болады:овернайт (бір түндік) және күндізгі заемдар.
Овернайт – банктердің Ұлттық банктегі корреспонденттік шотында дебеттік қадықтың пайда болуына байланысты бір түнге берілетін несие.
Күндізгі заем – банктің жұмыс күні ішінде банктердің Ұлттық банкте ашқан корреспонденттік шотында уақытша қаражат жоқтығына немесе жетіспеуіне байланысты ақшалай аударымдар мен төлемдер жасау мақсатында берілетін несие. Бұл аталған несиелер қысқа мерзімді несиелер.Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктерге бүгінгі күні орта және ұзақ мерзімде несиелер бермейді.
Бағалы қағаздарды қайта сатып алу негізінде сату келісім(РЕПО операциясы)-қазыналық міндеттемелермен қамтамасыз етілетін қысқа мерзімді займның бір түрі.
4 кесте.ҚР Екінші деңгейдегі банктер клиенттерінің салымдары,оның ішінде шетел валютасында(кесте):
Мәлімет көзі:www.afn.kz
2-сурет. ҚР Екінші деңгейлі банктердің тартқан салымдарының динамикасы
Мәлімет көзі:www.afn.kz
2.1 Коммерциялық банктердің активті операциялары
Активтік операциялар – бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иілігінде бар ресурстарды орналастыру жүзеге асыратын операцияларды білдіреді.Бұл екі мақсатың бірегейлігі банкті коммерциялық кәсіпорын ретінде тартылған қаражаттарды пайдаланудағы ерекшелігін сипаттайды.
Активтік банктік операциялар өзінің формасына және тағайындалуына қарай әр түрлі болып келеді. Банктердің активтік операцияларының ең көп тараған түрлеріне мыналар жатады:
Банк активтік операцияларының маңызды бөлігін банктік несиелік (ссудалық) операциялары негізінде алады. Банктік ссудалық операциялары негізінде ссудалық портфель құралады. Банктік ссудалар біршама табысты және жоғары тәуекелді болып табылады. Бұл активтер топтары банктің басты пайда көзі ретінде қызмет етеді.
5 кесте.ҚР коммерциялық банктердің несие портфелі сапасының динамикасы:
Мәләмет Мәлімет көзі:www.afn.kz
Банктік инвестициялық операциялары – несиелік операциялардан кейін банкке табыс әкелетін операциялар. Банктің инвестициялық операциялары негізінде бағалы қағаздар портфелі қалыптасады. Банктің бағалы қағаздар портфелін қалыптастыруының екі мақсаты болады: біріншісі – банкке табыс әкелу, екіншісі -өтімді активтер қатарын толықтыру.
6 кесте.ҚР коммерциялық банктердің активтерінің құрылымы:
Мәлімет көзі:www.afn kz
Банктің инвестициялық операция жүргізетін бағалы қағаздары екі топқа бөлінеді:
Мемлекеттің бағалы қағаздарының ішінде ең көп тарағаны мыналар:
Мемлекеттік емес бағалы қағаздарға жататындар :кәсіпорындардың, ұйымдардың және банктердің борыштық міндеттемелері (облигациялар, қысқа мерзімді міндеттемелер, депозиттік сертификаттар және т.б). Осылардың ішінде ең көп кездесетіні акциялар мен облигациялар болып табылады.
Несие-есептеу
операциялары – ол банктің несие
ресурстарын орналастыру
Коммерциялық банктердің клиенттеріне беретін қарызын біраз белгілеріне байланысты топтастыруға болады:
Несиені банктер несиелеудің мына негізгі принциптері сақталғанда ғана береді: қамтамасыздық, қайтарымдылық, мерзімділік, төлемділік және мақсаттылық. Контокоррентік шот деген несиелік шотпен ағымдағы шоттың біріктілуі. Ал кейбір мемлекеттердің банктері несиені шектеуді овердрафт бойынша жүргізіледі. Овердрафт – клиентке чек бойынша банктің қысқа мерзімді несие беруі немесе оның банкке берген шоттарын ағымдағы шотынан артық болса да, бекітілген лимит шегінде банктің төлеуі. Берілетін несиенің көлемі көптеген мемлекеттерде несие желісі-мөлшерін бекіту арқылы реттеледі.