Коммерциялық банктер

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2012 в 19:46, реферат

Описание работы

Қазақстанда жұмыс істеп жүрген банктердің, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінен басқасының бәрі, екінші дәрежелі банктер болыпесептеледі. Олардың қызметтерінің заңды негізі, Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылы 31 тамызда шыққан №2443 заңдық күші бар «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы» Жарлығы.

Содержание

КІРІСПЕ............................................................................................1

1.Коммерциялықбанктердің ұйымдастырылуы…...............................................................1-8
1 Қазақстан Республикасында коммерциялық банктердің пайда болуы және оның атқаратын қызметтері...........................................1-6
1.2 Коммерциялық банктердің жіктелімі..........................................7-9

2.Коммерциялық банктердің операциялары..................................10-24
2.1 Коммерциялық банктердің пассивті операциялары...............10-18
2.2 Коммерциялық банктердің активті операциялары.................19-24


ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................25-26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.......................................................27
ҚОСЫМША МӘЛІМЕТТЕР

Работа содержит 1 файл

Коммерциялык банктер.doc

— 604.50 Кб (Скачать)

4. Салалық белгісіне қарай:

    • өнеркәсіптік банктер;
    • сауда банктері;
    • ауыл шаруашылық банктері;
    • құрылыс банктері;
    • басқа.

5. Филиалдар санына қарай:

  • филиалсыз;
  • көп филиалды.

Акционерлік банктердің жарғылық капиталы шығаратын акцияларын сатудан түсетін  түсімдерден құралады. Акциялар екі түрге бөлінеді: жай және артықшылығы бар.Жай акция – оның иелерінің сол қоғамдық  басқару ісіне араласуына, оның пайдасына қарай дивиденд алып отыруға құқық береді.

Ал артықшылығы  бар акция  - оның иесіне қоғамды  басқаруға қатысуына құқық бермегенмен, уақытылы, яғни қоғамның пайдасына байланыссыз тұрақты пайызын алуға, қоғам банкроттыққа ұшыраған жағдайларда жай акция иесінен бұрын  қоғамға қосқан өз үлесін  алуға құқық береді.

 Коммерциялық банктердің ұйымдастырылуы құрылымы банкті басқару құрылымына және оның функционалдық бөлімшелері мен әр түрлі қызметтерінің құрылымына бөлінеді.  Басқару органы пайда алу мақсатында коммерциялық банктің қызметіне тиімді жетекшілік етуді қамтамасыз етеді. Банктің құрылтайшылары басқару органына тікелей қатысады.Акционерлік коммерциялық банктің ең жоғарғы органы акционерлердің жалпы жиналысы болып табылады.  Акционерлердің жалпы жиналысы жылына бір рет шақырылып отырады. Бұл жиналыста мынадай міндеттер шешіледі:

    • банктің жарғысына өзгерістер енгізу;
    • банктің жарғылық капиталын өзгерту;
    •  банктің Кеңесін сайлау;
    • банктің жылдық есебін бекіту;
    • банктің табысын бөлу;
    • банктің құрылымдық немесе еншілес бөлімшелерінқұру және тарату.

Екінші басқару  органы банктің қадағалау кеңесі болып табылады. Банктің бақылау кеңесі банк қызметіне бақылау жасау органы ретінде мынадай міндеттерді атқарады:

  • нормативтік актілерді бекітеді;
  • Басқарма немесе Басқарма төрағасының  шешімі бойынша жасалған мәмілелерді бекітеді.

Келесі басқару  органы  - бұл басқарма (банк кеңесі). Басқарма (банк кеңесі) – атқарушы немесе өкілетті орган, яғни ол банктің иелерінен, оның акционерлерінен құралады және олардың мүдделерін қорғайды.

Басқарманың міндеттеріне мыналар жатады:

  • банктің стратегиялық мақсатын анықтау;
  • банктің саясаттарын жасау;
  • жетекшілік қызметке кадрлар таңдау;
  • ссудалық және инвестициялық операцияларға бақылау жасау.

Басқарма төрағасы банктің бірінші жетекшісі болып  табылады және ол банк қызметіне жетекшілікті жүзеге асырады.  Банк төрағасына мынадай  міндеттер жүктеледі:

  • банктің қызметіне қатысты барлық мәселелер бойынша бұйрықтар шығару және нұсқаулар беру;
  •  барлық мемлекеттік және басқа да органдарда, басқа банктерде, оның ішінде, шетелдік банктерде банк қызметіне қатысты барлық мәселелері бойынша өкілеттілікті жүзеге асыру;
  • банктің мүлкіне және қаражаттарына ие болу;
  • банктің штаттық жұмысшыларының саны мен құрылымын бекіту;
  • еңбек келісімшарты бойынша банктің лауазымды тұлғаларымен келісімдер (контрактілер) жасасу.

Ревизиялық  комиссия банк қызметіне қаржылық есептің дұрыстығы жағынан бақылау жасаушы орган болып табылады.

    Несиелік комитет – бұл несиенің берілуіне байланысты қорытынды жасаушы орган.

Несиелік  комитет  мынадай міндеттерді орындайды:

  • несие алуға берген  клиенттің өтінішін және несиелік қызметкердің несие беру туралы қорытындысын қарайды;
  • несие беру немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады;
  • несиелік тәуекелдерге байланысты несиелеу формаларын анықтайды;
  • несие сомасы мен мерзімін анықтап, пайыз мөлшерлемесін бекітеді;
  • несиені қайтаруды қамтамасыз ету тәсілдеріне талаптар белгілейді;
  • несиелеу шартынбекітеді (несиелік лимит, несиелік желі);
  • берілген несиелерге мониторинг жүргізу тәртібін бекітеді;

Қызмет бөліміне: кадр бөлімі, заң бөлімі, күзет бөлімі, әкімшілік- шаруашылық бөлімі және т.с.с. кіреді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II Тарау.Коммерциялық банктердің  пассив және актив операциялары

2.1 Коммерциялық банктердің пассив операциясы

  Банктердің экономикадағы маңызын олардың атқаратын    операцияларыанықтайды. Коммерциялық  банктердің  операциялары негізінен мына топтарға  бөлінеді: пассив (қаражат тарту); актив (қаражаттыорналастыру);комиссиялық-делдалдық және сенімді операциялар.

  Пассив операциялары – олар өз қарауына әр түрлі салымдарды тартып,басқа банктерден несие алып, өзінің бағалы қағаздарын шығарып және басқа да қаражат тарту операцияларын жүргізіп, банк қорын құру және оны ұлғайту операциялары. Олар банк балансының пассивінде көрсетіледі. Пассив операциялары тарихи дәстүр бойынша  актив операцияларына қарағанда алдымен жүргізіледі, себебі актив операцияларын жүргізу үшін белгілі бір қор мөлшері қажет. Пассивтік операциялар негізінде банктің ресурстары жинақталады. Сондықтан да пассивтік операциялардың коммерциялық банктер қызметіндегі ролі жоғары. Банк ресурстары пассивтік операциялар нәтижесінде құрылатындықтан, оған анықтама берген дұрыс. Қаржы және несие сөздігінде: «пассивтік операциялар – бұл несиелік және активтік операцияларды жүзеге асыруға арналған банктің өз ресурсын құру операциялары».

   Пассивтік операциялар көмегімен банктер  нарықтан несиелік  ресурстарды сатып алады. Пассивтік операциялардың басты мақсаты,банктің ресурстарын қалыптастыру және оны ұлғайту. Сондықтан, бұл операцыялардың банктің өзінің, несиелік мекеме ретінде жұмыс жасауы үшін төтенше маңызы бар. Пассивтің операцияларына   мыналар жатады:

    • салым қабылдау (депозиттер);
    • клиенттерге шоттар (оның ішінде корреспондент банктерге) ашу және оларды жүргізу;
    • өзінің бағалы қағаздарын шығару (облигация, вексель, депозиттік және жинақ сертификаттары);
    • банкаралық  несие алу, оның ішінде орталықтанған несие ресурстарынан;

  Пассивтік операциялар  айналыстағы ақшалай қаражаттарды банктерге тартуға мүмкіндік береді. Алғашқы пассивтік операциялардың екі формасы негізінде банктік ресурстардың бірінші тобы, яғни меншікті ресурстары құралады. Келесі екі формасы негізінде екінші ірі топ – заемдық немесе тартылған ресурстар құрылады. Сонымен банктің ресурстары екі топқа бөлінеді:

      • банктің меншікті қаражаттары;
      • банктің тартылған қаражаттары.

  Банктің  меншікті қаражаттары – банктің экономикалық   дербестігін және қызмет ету тұрақтылығын қамтамасыз ететін әр түрлі қорлар мен бөлінбеген пайда жиынтығы.  Қазақстанда коммерциялық банктер мынадай екі ұйымдық формаларда құрыла алады:

  • пай қосу арқылы, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасында;
  • акционерлік банк шетел капиталының қатысуымен.

 Пассивтік операциялардың басты мақсаты,банктің ресурстарынқалыптастыру және оны ұлғайту. Сондықтан, бұл операцыялардың банктің өзінің, несиелік мекеме ретінде жұмыс жасауы үшін төтенше маңызы бар. Банктің ресурстары дегенде ойымызда болатыны, басқаларға уақытша пайдалануға беріле алатын болмаса басқа да активтік операцияларды жүргізуге пайдалануға болатын банктің бос қаржысы. 
Мұндай бос қаржы ресурстар меншікті капиталы мен қарызға алған жұмылдырылған қаржыдан құралады. 
Банктің меншікті капиталы бастапқыда сатылған акциялардан түскен ақшадан немесе акционерлердің кіріс жарнасынан құралады. Олар банктік қызметтерді атқаруды қамтамасыз етуге арналған. Сондықтан оны, кейде акционерлік капиталл деп те атайды. Жаңадан ашылатын банктер үшін Ұлттық банктің басқармасының 1997 жыл 5 желтоқсандағы №412 қаулысы бойынша, меншікті капиталдың төменгі шегі миллион теңге. Оның, банкті есепке алыну тұсында кем дегенде 50% төленуі керек. Қалғаны банк есепке тұрғаннан кейінгі, бір календарлық жылдың ішінде төленуі керек. Бұл талапты орындамаған күнде, Ұлттық банк есепке отыруға өзінің тұжырымын бермейді. 
Қазақстан Республикасының заңдарының бір ерекшелігі-банктің құрылтайшылары мен акционерлері алған акцияның құнын түгелімен ақшалай төлеулері керек деген талап (аталмыш заңның 16 бабының 2тармағы). Басқа елдерде банктің меншікті капиталы тек ақшалай емес, басқа да материалдық және материалдық емес активтер мен үшінші тұлғаның құнды қағаздарымен де төленуі мүмкін. Мысалы, кезінде, кейбір Ресейлік банктердің меншікті капиталының 70%-ке дейінгісі материалдық активтер болды. Бірақ, мұны қолайлы жағдай деп айтуға болмайды. Өйткені банктің меншікті капиталын несие берудің көзі ретінде пайдалану мүмкіншілігі азаяды. Сондықтан Ресейдің Орталық банкісінің 1994 жылы 11-желтоқсанда орнатқан тәртібі бойынша, банктің меншікті капиталының 10,0%-ке дейінгі бөлігі материалдық емес активпен құралуы мүмкін.  
Банктің меншікті капиталының әрі қарай көбеюі банктің таза пайдасынан аударым жасаумен немесе жаңадан акция шығарып, оны орналастырумен іске асырылады. Банктің меншікті капиталын көбейтудің тағы бір көзі, оның өткен жылы бөлінбей қалған пайдасы. Егемендік алғаннан кейінгі бастапқы жылдарда мұндай тәртіп Қазақстанда да болған, кейін жойылды. 
Банктің ресурстарының құрамына меншікті капиталдың үлесі онша көп емес-10-12%-тің шегінде, 88-90%-ті жұмылдырылған қаржылар. Мұның өзі, банктің пассивтік операциясының қандай маңызы бар екенін тағы да дәлелдейді. Банктің меншікті қаражатының түріне резервтік қор жатады.

  Резервтік қор – банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын

жабу мақсатында құрылған ақшалай қаражаты.Резервтік  қор банктің тұрақты қызмет етуін  қамтамасыз  етеді. Резервтік қордың шамасы заңды түрде жарғылық капиталға  белгілі бір пайыз мөлшерінде, айталық, 25 % мөлшерінде құрылатын болса, оның мөлшері жарғылық қормен теңескен жағдайда жарғылық капиталға толығымен аударылады.Банктің өз қаражатына акционерлік және резерв капиталы, сонымен бірге бөлінбеген пайда жатады. Акционерлік капитал немесе жарғылық қор бағалы қағаздар нарығында акцияларды орналастыру арқылы жинақталады.

  Бөлінбеген пайда шоты - деген ол арадағы транзит шоты. Онда акционерлер арасында дивиденд түрінде бөлінбеген  және резервке түспеген пайда жинақталады. Пайданы резервке бөлу төлейтін салықты төмендету әдісіне жатады.

 Банктің жарғылық капиталы – банктің заңды тұлға ретінде міндетті түрде құрылуын және өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды. Жарғылық капиталдың төменгі мөлшері Қазақстан Ұлттық банктердің пруденциялық нормативтерімен реттеліп отырады. Банктің жарғылық капиталы, оның құрылтайшыларының қосқан жарналары немесе пайлары сомасынан тұрады.

Бағалы қағаз  шығару есебінен құрылған банктің жарғылық капиталын банктің акционерлік  капиталы деп атайды. Акционерлік  капитал көлемі акцияны ұстаушылар – акционерлер қосқан жарналарды құрайды.

 Қосымша капиталдар-негізгі құралдардың тозуына байланысты аударылған аударымдар есебінен  және белгілі мақсатқа бағытталатын пайданы бөлу нәтижесінде құрылатын қаражаттар.

 Банктің жарғылық капиталы – банктің заңды тұлға ретінде міндетті түрде құрылуын және өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды. Жарғылық капиталдың төменгі мөлшері Қазақстан Ұлттық банктердің пруденциялық нормативтерімен реттеліп отырады. Банктің жарғылық капиталы, оның құрылтайшыларының қосқан жарналары немесе пайлары сомасынан тұрады.

Бағалы қағаз  шығару есебінен құрылған банктің жарғылық капиталын банктің акционерлік  капиталы деп атайды. Акционерлік  капитал көлемі акцияны ұстаушылар – акционерлер қосқан жарналарды.

Арнайы қорлар-негізгі қорларды қайта бағалау негізінде,валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры,яғни ұлттық валюта мен шетел валюталары арасындағы айырма нәтижесінде құрылады.

Банктің меншікті капиталын  ұлғайту жолдарына мыналар жатады:

  • банк пайдасы;
  • акциялар шығару;
  • құрылтайшылардың санын арттыру;
  • облигациялар шығару жатады.

Банктің меншікті капиталының жеткіліктігі –банктің жалпы тұрақтылығын және оның тәуекелге  бару дәрежесін көрсетеді,яғни банк капиталының мөлшерінің тәуекел дәрежелері ескерілген банк активтеріне сәйкес болуға тиіс.Банк меншікті капиталының ұлғайтуға негіз болатын мынадай факторларды ескеру қажет:

  • банктердің дивиденттері өнеркәсіптік кәсіпорын активтеріне қарағанда,пайыз мөлшерлемесінің өзгеруіне,өарыз алушының несиелік қабілетінің нашарлануына байланысты,олардың нарықтық құндары өзгеріп отырады;
  • банк көбіне тұрақсыз қысқа мерзімді қарыз көздеріне көңіл бөледі,бірақ олардың көбі талап етуге байланысты қайтарылып алынуы мүмкін;

1988ж Базель комитеті келісімінің шешімімен «Халықаралық біртұтас капитал есебі және капитал стандарты туралы келісімшарт» негізіндеКук коэффициенті деп аталатын еапитал жеткіліктігі нормативі іс жүзінде енгізілді.1993ж бастап күшіне енген бұл коэффициент көптеген елдердің Орталық банктерінде,біздің Қазақстан Ұлттық банкінде пруденциялық норматив қатарында пайдаланылуда.Кук коэффициенті банк капиталы мен оның баланстан тыс активтері арасындағы ең төменгі шекті қатынасын бейнелейді.Базель келісіміне сәйкес банктің капиталы екі деңгейге бөлінеді:

I деңгейлі капиталға:қарапайым акциялар,бөлінбеген пайда сол сияқты еншілес компаниялардың бақылаусыз пакеті шегерілген материалдық емес негізгі капитал шамасы жатады.

II деңгейлі капиталға:несиелер бойынша зияндарды жабуға арналған резервтер,мерзімсіз артықшылығы бар акциялар қосылған дәрежелі қарыздар жатады.

 

 

 1 сурет.Екінші деңгейлі банктердің бойынша меншікті капиталдың құрылымы

Мәлімет көзі:www.afn.kz

3кесте.ҚР екінші денгейлі банктерінің меншікті капитал жеткілігінің коэффициенттері и құрылымы.

 

Мәлімет көзі:www.afn.kz

Банк ресурстарының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті қаражаттармен салыстырылған өте жоғары,олардың есебінен банктің активтік операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.Банктік тәжірибиде барлық тартылған қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне  байланысты үлкен екі топқа бөледі:

  • депозиттік қаражаттар;
  • депозиттік емес қаражаттар;

Депозит-бұл  клиенттердің жеке және заңды тұлғалардың  банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.

Депозиттік  емес тартылған қаражаттар-бұл банктің  алған қарыздары түрінде немесе өздерінің меншікті бағалы қағаздарын сату жолымен тарататын қаражаттары.

Информация о работе Коммерциялық банктер