Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2012 в 19:46, реферат
Қазақстанда жұмыс істеп жүрген банктердің, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінен басқасының бәрі, екінші дәрежелі банктер болыпесептеледі. Олардың қызметтерінің заңды негізі, Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылы 31 тамызда шыққан №2443 заңдық күші бар «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы» Жарлығы.
КІРІСПЕ............................................................................................1
1.Коммерциялықбанктердің ұйымдастырылуы…...............................................................1-8
1 Қазақстан Республикасында коммерциялық банктердің пайда болуы және оның атқаратын қызметтері...........................................1-6
1.2 Коммерциялық банктердің жіктелімі..........................................7-9
2.Коммерциялық банктердің операциялары..................................10-24
2.1 Коммерциялық банктердің пассивті операциялары...............10-18
2.2 Коммерциялық банктердің активті операциялары.................19-24
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................25-26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.......................................................27
ҚОСЫМША МӘЛІМЕТТЕР
КІРІСПЕ.......................
1.Коммерциялықбанктердің ұйымдастырылуы…...............
1 Қазақстан Республикасында коммерциялық
банктердің пайда болуы және оның атқаратын
қызметтері....................
1.2 Коммерциялық банктердің жіктелімі.....................
2.Коммерциялық банктердің операциялары..................
2.1 Коммерциялық банктердің пассивті
операциялары...............10-
2.2 Коммерциялық банктердің активті
операциялары.................1
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................
ҚОСЫМША МӘЛІМЕТТЕР
Қазақстанда жұмыс істеп жүрген
банктердің, Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкісінен басқасының бәрі, екінші
дәрежелі банктер болыпесептеледі. Олардың
қызметтерінің заңды негізі, Қазақстан
Республикасының Президентінің 1995 жылы
31 тамызда шыққан №2443 заңдық күші бар «Қазақстан Республикасындағы
банктер және банк қызметтері туралы» Жарлығы. Қазақстан Республикасында
бұл банктер ашық және жабық акционерлік
қоғам болып қалыптасты.
Аталмыш заңға сәйкес, Қазақстандағы екінші
дәрежелі банктер заңды тұлға болып табылады.
Олардың бәрі, меншіктігіне қарамастан
коммерциялық жұмыспен шұғылданады. Сөйтіп,
олардың басты мақсаты пайда-табу.
Екінші дәрежелі банктерге,
заңды түрде, басқа заңды және жеке тұлғалардың
уақытша бос қаржыларын жұмылдырып, оларды
өз атынан өз қаражатына, қайырымдылық,
мерзімділік және төлемділік жағдайларда
орналастыру және де клиенттердің тапсыруы
мен есеп айрысу, тағы басқа да операцияларды
жүргізуге құқық берілген.
Сөйтіп, басқа елдердегідей,
Қазақстанда да екінші дәрежелі банктер,
бір жағынан шаруашылық жүргізуші субьектілердің,
жеке тұлғалардың, уақытша бос қаржыларын
жұмылдырып, оларға пайда табуға мүмкіншңлңк
жасайды, екінші жағынан жұмылдырылған
қаржыны басқа шаруашылық жүргізуші субьектілер
мен жеке тұлғаларға қосымша қаржыға қажеттігін
жабуға берді. Сонымен қатар, банктер өз
мүдделерін де ұмытпайды. Уақытша пайдалануға
берілен қаржы үшін тиісті өсім (процент)
алады. Обьективтік процесс ретінде, банктердің
мұндай операцияларының экономикалық
негізі қаржылардың қозғалысы болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында
екінші дәрежелі банктердің барлық операцияларын
үш негізгі топқа бөлуге болады:
1.пассивтік операциялар (қаржы
жұмылдыру);
2.активтік операциялар (қаржыны
орналастыру);
3.активтік-пассивтік операциялар
(делдалдық және басқа да қызметтері)
Осы опрециялар жалпы Қазақстан Республикада коммерциялық банктердің атқаратын қызметі орындайтын операцияларына қарай жіктедім.
I ТАРАУ. Коммерциялық банктердің ұйымдастырылуы
1.1 Қазақстан Республикасында коммерциялық банктердің пайда болуы және оның атқаратын қызметі.
Коммерциялық банктер – нарықтық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді.Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200-ге жуық әр алуан өнімдермен қызмет көрсетуге әзір.Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзінде пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді. Олардың міндеті ақша айналымы мен капитал айналымының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету,
өнеркәсіп мекемелерін, мемлекет пен халықты несиелеу, халық шаруашылығына қор жинау үшін жағдай жасау болып табылады.
«Қазақстан республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы Заңға сәйкес банктер мынадай операцияларды орындай алады:
Осы операцияларға
байланысты коммерциялық банктердің негізгі
атқаратын қызметтері: Уақытша бос
ақша қаражатын шоғырландырып, оны
капиталға айландыру –
Коммерциялық банктердің атқаратын келесі қызметі – несие беруде делдал болу. Бос ақша қаражат иесі мен қарыз алушының арасында тікелей несие қатынастарының туындауына кедергі болатын жәйттер: ұсынатын капитал көлемінің қарызға қажетті көлемге сай келмеуі, капиталдың айналыстан босау мерзімінің қарыздарға қажет мерзімге сай келмеуі. Сондай-ақ қарыздардың төлем қабілетсіздік қауіпі капитал иесі мен оны қарызға алушының арасында тікелей несиелік байланыс болуын қиындатады. Капитал иесі қарыздардың қаржылық жағдайы туралы хабардар болмауы да мүмкін. Коммерциялық банктер қарыз беруші мен қарыз алушының арасындағы қаржылық делдал ретінде осы кедергілерді жояды. Банктік несие экономиканың әр түрлі секторларына беріліп, өңдірістің кеңеюін қамтамасыз етеді.
Ұйымдасқан және жұмысы қалыптасқан есеп айырысу жүйесінсіз тұрақты экономика болуы мүмкін емес. Сондықтан есеп және төлем жұмыстарын жүргізуде банктердің ролі зор. Кәсіпорындар арасындағы есеп айырысудың негізгі бөлігі қолма-қол ақшасыз жүреді.Банктер делдал ретінде клиенттердің тапсырысы бойынша шотқа ақша қабылдап, ақшаның түсуін және берілуін есептейді.
Инфрақұрылым жеткілікті дәрежеде дамыған мемлекеттердің төлем жүйесінің тиімді қызмет істеуі есеп айырысу технологиясының үнемі жетілдірілуін талап етеді. Сондықтан бұл елдерде есеп айырысудың әр түрлі жүйесі құрылуда. Мысалы, есеп айырысуға қатысушы банктердің арасындағы клиринг жүйесі немесе жиро жүйесі. Сондай-ақ банктер арасында өзара келісім бойынша корреспонденттік шоттар ашылғанда есеп айырысу корреспондент-банктер арқылы да жүргізіледі. Банктерде төлемді орталықтандыру айналыс шығындарын азайтады, ал есеп айырысуды жеделдету үшін және төлемдердің сенімділігін арттыру үшін қазіргі кезде есептесудің электрондық жүйесі енгізілуде.
Коммерциялық банктердің ерекше қызметі төлем құралдарын шығару арқылы айналымдағы ақшаны көбейту немесе артығын жою, яғни ақша массасын көбейту немесе азайту. Төлем құралдарын шығару олардың депозиттік және несиелік қызметтеріне тікелей байланысты. Депозит екі түрлі жолмен: клиентің банкке ақша салуы арқылы немесе қарыздарға банктің несие беруі арқылы жүргізіледі. Бұл операциялар айналымдағы ақша массасының көлеміне әр түрлі әсер етеді.
Коммерциялық банктер акция және облигация түрінде бағалы қағаздарды шығарып және орналастырып эмиссиялық-құрылтайшылық қызмет атқарады. Банктердің жинақтарды өндірістік мақсатқа жұмсайтын мүмкіндігі бар. Сөйтіп бағалы қағаздар нарығы несие жүйесінін толықтырып, әрі онымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Ұзақ мерзімді инвестиция тарту мақсатында кәсіпорындар акция және облигацияларды шығарады. Бұл жағдайда кәсіпорындардың тапсырысы бойынша банктер бағалы қағаздардың көлемін, шығару жағдайы мен эмиссия мерзімін анықтауды, олардың типін тандауды, сондай-ақ оларды орналастыру және екінші рет айналысқа түсіру мендетін өзіне алады. Шығарылған бағалы қағаздарды сатып алуға кепілдік береді. Ол үшін бағалы қағаздарды өз есебінен сатып алуды-сатуды ұйымдастырады немесе сатып алушыларға қарыз береді.
Сол сияқты банктер мемлекеттік облигацияларды белсенді түрде сатып алады және оларға жазылу операцияларын жүргізеді. Мемлекеттік облигацияларды қайта сатуда делдал ретінде екінші нарық ұйымдастырады.
Банктер сенімхат бойынша клиенттердің мүлкін басқару қызметін де атқарады. Жеке тұлғаларға: осы қызметті атқаруға құқығынан айрылғандардың (бойдақ-жесірлердің, жасы толмағанлардың) мүлкін уақытша басқару; ізбасарлардың мүддесі үшін өлген адамның мүлкін басқару; пайда табу мақсатымен капиталды басқару (ақшаны акцияға, қозғалмайтын мүлікке салу); құндылықтарды сейфте сақтау және т.б. қызметтер көрсетеді. Ал компанияларға көрсететін қызметтері бұл аталғандардан өзгеше: банктің облигациялар бойынша кепілші болуы; нарыққа шығарылған акцияларды және трансфертті тіркеу үшін (яғни атаулы акция бойынша иелік құқын басқаға беру) өкіл болуы; корпорацияның зейнетақы қорының қаржысын басқарушы болуы және т.б. қызметтер атқарылуы мүмкін.
Банк бұл қызметтерді формалды клиенттердің өкілі ретінде атқарғанмен, шын мәнінде сенімхатпен қызмет көрсетудің нәтижесінде ол көптеген капиталды қадағалауға және экономикалық хабарларды өзіне жинақтауға мүмкіндік алады. Мысалы, бағалы қағаздарды және трансфертті тіркеу үшін өкіл ретінде жүріп, банктер акционерлер мен бақылау қызметін бөлу туралы құпия мағлұматтарға ие болады.
Экономикалық мағлұматтарды өзіне жинақтауы банктердің клиенттерге кеңес беруіне мүмкін туғызады. Банктер кәсіпорынның қаржылық қызметіне, бухгатерлік есебіне талдау жүргізіп, дамуының стратегиясын бағалаумен және табысты ұлғайту мүмкіндігін анықтаумен шұғылданады. Банктер клиенттің жаңа акциялар шығару болашағын және оларды нақты орналастыруды қарастырады.
Банктер төмендегідей кеңес береді: шот ашу, есеп-несиелік және кассалық қызмет көрсетуден бастап, ақша және тауар нарықтарында операциялар жүргізуге дейін нұсқау береді.
Коммерциялық банктердің кеңес беру қызметін төмендегідей топтастыруға болады:несиелеу және есеп айырысу ісі бойынша – ақша нарығындағы конъюнктура, проценттік мөлшердің қозғалысы, несиелеудің жағдайы және формасы туралы хабар, несие-есептік қызмет көрсету үшін әр түрлі мәмілелер бойынша нұсқау беру, қолма-қол ақшасыз есептесуді талдау, оны жетілдіру жолдарын зерттеу;бағалы қағаздарды шығару және олармен операция жүргізу бойынша – бағалы қағаздар нарығы конъюнктурасы, олардың бағасының өзгеруі, бағалы қағаздардың эмитенттері, бағалы қағаздарды шығару тәртібі және олардың айналыс ережесі туралы хабар;
Соңғы кездері коммерциялық банктермен басқа несие мекемелерінің арасындағы бәсеке күшейе түсуде. Бәсеке банктердің жаңа қызмет түрлерін іздестіруге, клиенттерге ұсынатын қызмет түрлерін өсіруге және қызмет көрсету сапасын жақсартуға ынталандырады. Сондықтан қызмет нарығындағы өз орнын нығайту үшін олар банктерге тән емес операцияларды батыл менгеріп, қаржылық кәсіпкерлікте кең қолдануда.
Коммерциялық банктердің операциялары негізінен мына топтарға бөлінеді: пассив (қаражат тарту); актив (қаражатты орналастыру); комиссиялық-делдалдық (клиенттің тапсырысы бойынша комиссиялық ақылы) және сенімді операциялар.
Қазіргі коммерциялық банктер – бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға, сондай-ақ халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді. Коммерциялық банктер деп бұл жерде ҚР-дағы екінші деңгейдегі банктер туралы айтылып отыр.
1 кесте.ҚР коммерциялық банктердің құрылымы:
Мәлімет көзі:www.afn.kz
2 кесте. ҚР екінші деңгейлі банктері қызметінің тиімділігі.Банк секторының кірістілігі:
Мәлімет көзі:www.afn.kz
1.2 Коммерциялық банктердің жіктелімі
Коммерциялық банктер мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
1. Жарғылық капиталдың қалыптасуына қарай:
2. Операцияларының түрлеріне қарай:
3. Аумақтық белгісіне қарай: