Казақстан өнеркәсібіндегі бірлескен кәсіпорындар қызметін талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 16:44, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты – бірлескен кәсіпорындардың қызмет ету және оны жүзеге асыру механизмдерінің негізін теориялық зерттеу, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК қызметіне талдау жүргізу негізінде кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметтерін жетілдіруге ұсыныстар жасау.
Сондықтан курстық жұмыс барысында келесі міндеттер қойылды:
• Бірлескен кәсіпорындардың теориялық негізін зерттеу;
• Қазақстанның мұнай өнеркәсібіндегі бірлескен кәсіпорындардың әрекет ету механизмінің құқықтық базасын қарастыру;
• «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК қызметіне талдау жүргізу;
• Мұнай саласындағы шағын және орта кәсіпорындардың тиімді қызмет етуінің шетелдік тәжірибесіне тоқталу;
• Қазақстандағы сыртқы экономикалық қызметтің негізгі қатысушыларының бірі ретінде бірлескен кәсіпорындардың қызметін жетілдірудің негізгі бағыттары мен механизмдерін айқындау.

Содержание

Кіріспе ...........................................................................................................3
1. Бірлескен кәсіпорындар нарықтық экономикадағы кәсіпорынның ұйымдастырушылық формасы ретінде.................................................................6
1.1 Бірлескен кәсіпорындардың экономикалық мәні, мақсаты, формалары................................................................................................................6
1.2 Қазақстандағы бірлескен кәсіпорындардың маңызы және олардың салалық ерекшеліктері...........................................................................10
1.3 Қазақстандағы мұнай-газ саласындағы бірлескен кәсіпорындардың қызмет етуінің құқықтық негіздері.......................................12
2. Қазақстанның мұнай өнеркәсібіндегі бірлескен кәсіпорындар қызметіне «Қазақтүрікмұнай» ЖШС бірлескен кәсіпорны мысалында талдау......................................................................................................................16
2.1 «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК құрылу тарихы, негізгі қызметі және басқару жүйесі ......................................................................................................16
2.2 Бірлескен кәсіпорын қызметінің ерекшеліктері (есеп беру жүйесі, салық жүйесі, баға қалыптастыру мәселелері) ..................................................19
2.3 «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК 2003 – 2005 жылдардағы қаржылық көрсеткіштеріне талдау.........................................................................................24

3. Бірлескен кәсіпорындар қызметін жетілдірудің негізгі бағыттары...36
3.1 «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК-ның даму перспективасы және өзекті мәселелері………………………………………………………………………...36
3.2 Қазақстан Республикасындағы бірлескен кәсіпорындардың шаруашылық қызметін жетілдіру жолдары……………………………………39

Қорытынды .................................................................................................41
Қолданылған әдебиеттер ...........................................................................44
Қосымшалар ................................................................................................45

Работа содержит 1 файл

econ_kurs_100.doc

— 208.00 Кб (Скачать)

Келесі бір жағдай, яғни шағын компаниялардың және қазақстандық интеграцияланған компаниялардың  пайда болуына себеп – ескі мұнай өндіру аймақтарындағы және мұнай өндіру қызметінің нәтижесінде қалыптасқан көппрофильді елдімекендердегі жұмысбастылық проблемасы.

Ірі компаниялар көп  жылдар бойы кен орындарын әзірлеу, игеру және олардың тозуына байланысты өз қызметтерін жаңа аймақтарға ауыстырып отырады. Яғни бұл бұрынғы ескі аймақтарда белгілі кәсіби топ жұмыс күшінің артықшылығын туғызады. Жұмыс күшінің төмен мобильділігі, олардың жеке өз тарапынан аймақаралық ағымдарының шектеулі көлеміне байланысты массалық қайта орналастыру проблемасы мемлекеттің мойнына артылады. Бюджет құралдарының жетіспеушілігі салдарынан мемлекет бұл проблеманы шешуде осы территориялардағы шағын кен орындарын әзірлеуге шетелдік инвесторлар арасында тендерлер ұйымдастырады.

Әр түрлі мұнай өндіруші елдер тәжірибесінде мұнай өндіру саласындағы шағын және орта бизнес – бұл біріншіден, саланың шектен тыс монополизациялануына қарсы  әрекет етуші фактор, екіншіден, шағын, рентабельділігі өте төмен, қиын игерілетін қорларға ие кен орындарын игеруге және қалдық мұнай қорларын игеруге әсер етуші негізгі өндірістік күш. Шикізаттық базаның табиғи тозу процесі, максималды көлемде көмірсутектерді алуға кепілдік беретін пайдалы қазбаларды рационалды пайдалануға ұмтылу, жеке мүддені қолдаудағы мемлекет саясаты мұнай өнеркәсібіндегі шағын компаниялардың пайда болуына, даму және өркендеуіне себеп болған факторлар болып табылады.

Мысалы, АҚШ-та тік интеграцияланған компаниялармен қатар он мыңға жуық құрамында көбінесе тәулігіне бірнеше тонна мұнай өндіретін ұсақ, тәуелсіз фирмалар бар. Олардың негізгі қызмет ету сфералары – мұнайды барлау, игеру, қызмет көрсету және инновацияларды енгізу. Олардың көбі рентабельділігі төмен скважиналардағы қиын өндірілетін және қалдық қорларды игерумен айналысады. Мұндай тәуелсіз компаниялар елдегі мұнай өндірісінің 40%-ін, табиғи газдың  65%-ін қамтамасыз етіп, сала құрылымындағы маңызды звено болып табылады. Американдық мұнай өндіруші компаниялардың жемісті қызмет етуі бір жағынан Энергетикалық реттеу бойынша федералдық комиссияның елдегі антимонополиялық заңнаманың орындалуын қадағалауы, мұнай өндіруші нарықтағы бәсекелестік күреске ықпал етуі, екінші жағынан икемді салық және жеңілдіктер жүйесі арқылы шағын кәсіпорындарды қолдап, олардың іскерлік белсенділігін ынталандырудан көрінетін мемлекеттің мақсатты бағытталған саясатына байланысты жүзеге асырылып отыр.

Тәуелсіз кәсіпорындар үшін жеңілдіктер енгізу немесе қысқарту сияқты салық жүйесіндегі өзгерістер алдын ала мұнай өнеркәсібінің өкілдерімен талқыға салынады[19].

Бұл ойластырылған саясат американдық мұнай өнеркәсібінің  жалпыға мәлім феноменін қалыптастырды: кезеңдік баға толқулары мен энергетикалық әлемдік дағдарыстарға қарамастан, 8-10 мәрте қорлармен қамтамасыз етілген АҚШ-тың мұнай өндірісі соңғы 20 жылда 10%-тен артық төмендеген жоқ.

Канадада мұнай көлемінің 1/3-і шағын, жеке компаниялармен өндіріледі. Ұлыбританияда мұнай-газ саласында маңызды рөлді жаңа технологияларды, өндірістік құрал-жабдықтарды және қызметтерді әзірлеуге маманданған кіші фирмалар атқарады.

Шетел тәжірибесі көрсеткендей, әділетті бәсекені орнату үшін және шикізаттық базаның табиғи тозу процесінде максималды өндіріске қол жеткізу үшін шағын мұнай өндіруші кәсіпорындарды мемлекеттік деңгейде қолдау және ынталандыру қажет.

Қазақстанда объективті себептерге байланысты пайдалы қазбаларды пайдалану заңнамалары, жалпы құқықтық база қалыптасудың бастапқы сатысында  табылады. Олар пайдалы қазбаларды пайдалану объектілерін игеруді жетілдіру тұрғысынан да, пайдалы қазбаларды игеру субъектілері-өндіруші сала кәсіпорындары, соның ішінде шағын кәсіпорындар тұрғысынан да әрі қарай дамуды талап етеді.

Шағын өндіруші кәсіпорындарға басқа шаруашылық субъектілерге қарағанда бірнеше ерекшеліктер тән. Пайдалы қазбаларды игеруге қол жеткізу ресурстық база есебі, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, әділетті бәсеке принциптерін сақтау сияқты нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу және енгізу мемлекеттік заң және атқарушы билік органдарының негізгі міндеттері болып табылады.

«Шағын кәсіпкерлікті  мемлекеттік қолдау туралы», «Пайдалы қазбалар туралы», «Кәсіпорындар мен  ұйымдар табысына салық туралы», Салық кодексі, «Өнімді бөлу келісімі туралы» заңдарды, мұнай өндіруші шағын кәсіпорындарды қолдау туралы заңдарды жетілдіріп, қабылдауды талап етеді.

Көптеген мамандар пікірі бойынша «Пайдалы қазбалар учаскелерін  қолдануға арнайы салық режимі»  туралы Қазақстан Республикасының  заңын қабылдау қажет делінеді.

Қазіргі кезде заңнамамен шешілмеген проблемалардың бірі- лицензия иесімен әлі игерілмеген объектілердегі пайдалы қазбаларға қол жеткізу  мүмкіндігін ықшамдау. Яғни негізгі  лицензия иесі мен уақытша тартылған  кәсіпорын арасындағы өзара тиімді әріптестікті заңнамалық актілермен бекіту, тартылған кәсіпорынға меншік құқығын және қызмет нәтижесінде өндірілген мұнайды иелену құқығын бекіту сияқты мәселелерді шешу талап етіледі.

Бүгінгі қазақстандық заңнамаларда әр түрлі көлемдегі өндіруші кәсіпорындар үшін де, әр түрлі өнеркәсіп саласының кәсіпорындары үшін де салық салу жүйесі және салық мөлшерлемелері де бірдей бекітілген. «Пайдалы қазбалар туралы» заңда қарастырылған ресурстық төлемдер жеңілдігі өте шектеулі көлемде. Сондықтан әлсіз антимонополиялық саясат жағдайында жоғарыдағы заңнама және салық саясаты мұнай өндіруші саладағы шағын және орта бизнестің тиімді даму мүмкіндігін жояды.

Шағын және орта бизнесті қолдау барсындағы мемлекеттің мақсатты бағытталған саясаты ең алдымен  инновациялық қызметті интенсификациялауға және отандық инвестицияларды екі елдің де мұнай өнеркәсібіне тартуға мүмкіндік туғызады.

Көптеген мұнай өндіруші саладағы бизнестің шағын формаларын белсенді дамытып отырған елдердің тәжірибесін талдау және біздің елдің  нақты жағдайларына үйлестіре қолдану, олардың қателіктерін, шектеулерін ескеру, отандық заңнаманы оперативті жетілдіру Қазақстанның мұнай-газ секторының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге және ескі мұнай- кен орындарының әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешуге мүмкіндік береді. Сондықтан мұнай-газ секторындағы институционалдық қайта құрулар мынадай сипатта болуы тиіс:

    • Ірі интегрцияланған құрылымдардың әлсіреуі барысында жеке аймақтар шеңберінде мұнай-газ секторының ұйымдастырушылық құрылымының дамуы;
    • Ірі компаниялардың мұнай-газ өндіру қызметінің олардың тиімді қызмет етуі жағдайларының төмендеуіне байланысты басқа перспективті аймақтарға ауысуы.

Осы бағыттағы институционалдық қайта құруларды жүзеге асыруға  бағытталған құқықтық және экономикалық алғышарттар ұлттық шаруашылық айналымына ұсақ мұнай кен орындарын тартуға, көмірсутектерді өндіруді тұрақтандыруға, жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын ашуға, қорларды қолдану тиімділігін арттыруға, жалпы жаңа кәсіпорындардың сыртқы нарыққа шығу мүмкіндіктерін ұлғайтуға себеп болады.

 

 

3.2 Қазақстан Республикасындағы бірлескен кәсіпорындардың шаруашылық қызметін жетілдіру жолдары

 

Бірлескен кәсіпорынның жемісті қызмет етуі біздің еліміздің  және шетелдік инвесторлардың мүдделерінің сәйкес келуіне тәуелді. Бұған бірлескен  кәсіпорын қызметін экономикалық және құқықтық ынталандыру тетіктерін күшейту арқылы қол жеткізуге болады. Бұл бағыттағы бағдарлама алдымен қаржылық ынталандырушы тетіктер көмегімен жүзеге асырылады. Яғни тиімді салықтық жағдай бірлескен кәсіпорынның жоғарғы қайтарымдылығын қамтамасыз ете алады.

«Шағын кәсіпкерлікті  мемлекеттік қолдау туралы», «Пайдалы қазбалар туралы», «Кәсіпорындар мен  ұйымдар табысына салық туралы», Салық кодексі, «Өнімді бөлу келісімі туралы» заңдарды, мұнай өндіруші шағын кәсіпорындарды қолдау туралы заңдарды жетілдіріп, қабылдауды талап етеді.

Көптеген мамандар пікірі бойынша «Пайдалы қазбалар учаскелерін  қолдануға арнайы салық режимі»  туралы Қазақстан Республикасының  заңын қабылдау қажет делінеді.

Бүгінгі қазақстандық заңнамаларда әр түрлі көлемдегі өндіруші кәсіпорындар үшін де, әр түрлі өнеркәсіп саласының кәсіпорындары үшін де салық салу жүйесі және салық мөлшерлемелері де бірдей бекітілген.

Екінші бір мәселе – амортизация. Нарықтық экономикадағы елдердің көбінде салық мөлшерлемелерімен қатар амортизация анықталып, бекітіледі. Негізгі қорлардың жаңарып отыруы өндіруші өнеркәсіптің іскерлік белсенділігін арттырады

Қазақстан үшін бірлескен  кәсіпорындар сыртқы нарыққа бәсекеге қабілетті өніммен шығуға мүмкіндік  беретін құрал болып табылады. Бірлескен кәсіпорындардың сыртқы нарықтағы экономикалық қызметін күшейту факторы - Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру.

ДСҰ ережелерінде Қазақстандағы  шетел инвесторларын және авторлық құқықты қорғауды қамтитын мәселелер  бар. Сонымен қатар еліміз сауда  жанжалдарын реттеу және халықаралық сауданың жаңа ережелерін әзірлеу мүмкіндіктеріне қол жеткізе алады. Ескеретін жайті экономика жалпы алғанда дамығанымен, жеке салалардың артта қалу қаупі де бар. ДСҰ-на кіру алдында ұлттық мүдде мен салалық мүддені ажыратып алу қажет. Салалық мүдде сыртқы нарыққа қол жеткізуді, өндірісті толықтыратын импорттық комплектілер мен шикізатты талап етеді, бірақ сонымен қатар ішкі нарықты бәсекелес өнімді импорттаушылардан да қорғау міндеттеледі. Жеке салалардың қызығушылықтары бір біріне қайшы келіп жататындығы белгілі, әрбір сала өзін бәсекеге қабілетті санайды және қолдауды талап етеді. Ал егер олардың барлығын қорғау өмір сүру деңгейінің төмендеуіне алып келеді.

ДСҰ-на кіру тарифтердің  төмендетілуіне байланысты импорттың  ұлғайуына және шетелдік инвестиция ағымының төмендеуіне алып келеді деген пікірлер тарап жүр. Керісінше, ДСҰ-на мүше елдерде тікелей инвестиция ағымы өте жоғары және оған кірудің өзі де шетел инвестицияларының өсуімен сипатталады. Мысалы Болгарияда ДСҰ-на  кіргеннен кейінгі жылдары инвестиция ағымы 5 есеге өскен. Қазақстанда инвестициялардың вертикалды типі кең тараған. Бұл тип өндірілген өнімнің реэкспортын  тудырады және импорттық комплектілерді қолдануды сипаттайды. Сондықтан импорттық тарифтерді төмендету оң әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар шетелдік инвестициялардың ағымына тек импорттық тарифтер ғана емес, жергілікті нарыққа  тауарды жеткізудің жиынтық шығындары да әсер етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                       Қолданылған әдебиеттер

  1. ҚР Президентінің 1995 жылдың 2 мамырындағы «Шаруашылық серіктестіктер туралы» заңдық күші бар №2255 Жарлығы (29.12.03 өзгертулер және толықтырулармен);
  2. ҚР-ның 1998 жылдың 22 сәуіріндегі №220-I «Шектелген және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер туралы» заңы (29.12.03 №512-II; 18.03.04 №537-II өзгертулер енгізілген);

3.     «ҚР-дағы пайдалы қазбаларды игеруге байланысты операцияларды жүргізуге контрактілерді бекіту реті туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылы 6 қыркүйектегі №1092 үкімі;

4.     «ҚР-да  пайдалы қазбаларды игеру операцияларын жүргізудің модельді контрактісін бекіту туралы» ҚР Президентінің 1997 жылдың 4 наурыздағы Жарлығы;

5. Галумов Э.А «Внешнеэкономическая деятельность предприятия»,М.: Бизнес-школа, 1999 г, 298 с;

6. Әубакіров К. «Экономикалық теория» - Алматы: «Экономика»,  1998 ж, 317б;

7. Бусыгин А.В. Предпринимательство. Основной курс. М.: «Экономика», 1994 ж, 403c;

8. Гайнутдинов Э.М. «Основы предпринимательства», Минск: «Высшая школа», 2000 ж, 489 с;

9. Горфинкель В.Я. «Предпринимательство», М.: «Банки и биржи», 1999 ж, 377с;

10. Панкратов Р.Г. Коммерческая деятельность. М.: ИВЦ «Маркетинг», 1996 ж, 287с;

11. Кантарбаева А.С. «Предпринимательство, институциональный  и эволюционный подход», Алматы: «Раритет», 2000 ж, 348с;

12. Сборник «Предпринимательство и право», Алматы: «БИКО»,    2003 ж;

  1. ҚР Үкіметі және «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК арасындағы МГ№42 /23.02.1995/ рұқсатқағазы (лицензия) бойынша мұнайды барлау, әзірлеу, өндіру, қайта өңдеу және өткізу Келісімі /31.05.1995/;

 14. МГ№307 рұқсатқағазы бойынша /26.12.1995/ Оңтүстік Қаратөбе кен орнындағы көмірсутекті шикізатты барлау және өңдеу Келісімшарты /18.05.1999/;

15. ЖШС БК Жарғысы;

16. 2002-2005 жылдардағы бірлескен кәсіпорынның Бірлескен шотының есебі;

17. «KPMG Janat LLC» тәуелсіз аудиторлық компаниясының есебі;

18. Н.Н.Селезнева, А.Ф.Ионова: Финансовый анализ. Управление финансами. –М: ЮНИТИ – ДАНА, 2006.

19. Джонсон Д. Международный  нефтяной бизнес, налоговые системы  и СРП-М.: ЗАО «Олимп-бизнес», 2000г, 357 c.


Информация о работе Казақстан өнеркәсібіндегі бірлескен кәсіпорындар қызметін талдау