Казақстан өнеркәсібіндегі бірлескен кәсіпорындар қызметін талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 16:44, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты – бірлескен кәсіпорындардың қызмет ету және оны жүзеге асыру механизмдерінің негізін теориялық зерттеу, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК қызметіне талдау жүргізу негізінде кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметтерін жетілдіруге ұсыныстар жасау.
Сондықтан курстық жұмыс барысында келесі міндеттер қойылды:
• Бірлескен кәсіпорындардың теориялық негізін зерттеу;
• Қазақстанның мұнай өнеркәсібіндегі бірлескен кәсіпорындардың әрекет ету механизмінің құқықтық базасын қарастыру;
• «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК қызметіне талдау жүргізу;
• Мұнай саласындағы шағын және орта кәсіпорындардың тиімді қызмет етуінің шетелдік тәжірибесіне тоқталу;
• Қазақстандағы сыртқы экономикалық қызметтің негізгі қатысушыларының бірі ретінде бірлескен кәсіпорындардың қызметін жетілдірудің негізгі бағыттары мен механизмдерін айқындау.

Содержание

Кіріспе ...........................................................................................................3
1. Бірлескен кәсіпорындар нарықтық экономикадағы кәсіпорынның ұйымдастырушылық формасы ретінде.................................................................6
1.1 Бірлескен кәсіпорындардың экономикалық мәні, мақсаты, формалары................................................................................................................6
1.2 Қазақстандағы бірлескен кәсіпорындардың маңызы және олардың салалық ерекшеліктері...........................................................................10
1.3 Қазақстандағы мұнай-газ саласындағы бірлескен кәсіпорындардың қызмет етуінің құқықтық негіздері.......................................12
2. Қазақстанның мұнай өнеркәсібіндегі бірлескен кәсіпорындар қызметіне «Қазақтүрікмұнай» ЖШС бірлескен кәсіпорны мысалында талдау......................................................................................................................16
2.1 «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК құрылу тарихы, негізгі қызметі және басқару жүйесі ......................................................................................................16
2.2 Бірлескен кәсіпорын қызметінің ерекшеліктері (есеп беру жүйесі, салық жүйесі, баға қалыптастыру мәселелері) ..................................................19
2.3 «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК 2003 – 2005 жылдардағы қаржылық көрсеткіштеріне талдау.........................................................................................24

3. Бірлескен кәсіпорындар қызметін жетілдірудің негізгі бағыттары...36
3.1 «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК-ның даму перспективасы және өзекті мәселелері………………………………………………………………………...36
3.2 Қазақстан Республикасындағы бірлескен кәсіпорындардың шаруашылық қызметін жетілдіру жолдары……………………………………39

Қорытынды .................................................................................................41
Қолданылған әдебиеттер ...........................................................................44
Қосымшалар ................................................................................................45

Работа содержит 1 файл

econ_kurs_100.doc

— 208.00 Кб (Скачать)

Болашақтағы қалпына келтіру жұмыстары бойынша міндеттемелер

№2 Келісімге сәйкес БК Қатысушылардың Жалпы Жиналысымен және ҚР Инвестиция жөніндегі агенттігімен бекітілген жалпы даму бағдарламасында көрсетілген мерзімде және көлемде жойылу қорына кезеңдік аударымдар (төлемдер) жасап отыруы міндетті.

Шартты және мүмкін болатын міндеттемелер

      1. Операциялық ортаға байланысты
      2. Үкіметтің әсер етуі, баға қалыптастыру және тасымалдау мәселелері
      3. Қоршаған ортаны қорғау мәселелері
      4. Салық жүйесі
      5. Инвестиция бойынша міндеттемелер
      6. Болашақтағы қалпына келтіру жұмыстары бойынша міндеттемелер
      7. Зейнетақы бойынша жұмыскерлерге міндеттемелер

Салық жүйесі

БК және оның Қазақстандық, Түркиялық жақтары №1 Келісімге сәйкес қарастырылған салықтар мен төлемдерді өтеуге міндетті. Бұл Келісім күшіне енген күннен кейінгі жаңа салықтар түрі кірістірілмейді деп көрсетілген.

БК мемлекетке мұнай  өндіру көлеміне байланысты төмендегідей шарттармен бір реттік Бонустар төлейді:

    1. Әрбір рұқсатты алаң блоктарынан 3 млн. тонна көлеміндегі мұнайдың куммулятивті көлемі өндірілетін болса, 1 500 000 АҚШ доллары төленеді;
    2. Әрбір рұқсатты алаң блоктарынан 3 млн. тонна жылдық мұнай көлемі өндірілетін болса, 10 000 000 млн. АҚШ доллары көлемінде төленеді;
    3. Әрбір рұқсатты алаң блоктарынан 10 млн. тонна куммулятивті мұнай көлемі өндірілетін болса, 20 000 000 АҚШ доллары көлемінде төленеді.

БК кез келген күнтізбелік  жылы мемлекетке кез келген рұқсатты алаң блогында өндірілген мұнай көлеміне байланысты төмендегі прогрессивті ауытқымалы шкала бойынша роялти төлейді (№1 Келісім бойынша):

Күнтізбелік жылы өндірілген мұнай көлемі:

    1. - 1,0 тонна аралығында -3%

1,0 - 3,0 тонна аралығында - 4,5%

3,0 - 5,0 тонна аралығында - 5,5%

5,0 - 10,0 тонна аралығында - 6%

10,0 - 20,0 тонна аралығында - 8%

20,0 - 30,0 тонна аралығында- 10%

30,0 - 50,0 тонна аралығында - 11%

50,0 тоннадан жоғары - 12,5%

№2 Келісімге байланысты оның деңгейі мұнай өндіру көлемі бойынша 2%-4% аралығында ауытқиды.

Роялтиді төлеу Үкіметтің  қалауы бойынша ақша немесе табиғи формада жүзеге асады.

БК салықтық міндеттемелерді  Келісімдерге сәйкес жүзеге асырады.

№1 Келісімге сәйкес БК мұнай кірістеріне салынатын табыс салығын 25%  мөлшерінде төлейді. Егер ішкі табыс нормасы (ІТН)  30%-тен асатын болса, төмендегі шкала бойынша қосымша табыс салығы төленеді (ҚТС):

Ішкі табыстың қалыпты  нормасы – 22%

  • ІТН 30%-ке дейін болғанда, ҚТС алынбайды
  • ІТН 30-32% көлемінде болғанда, ҚТС 30% құрайды
  • ІТН 32-35% көлемінде болғанда ҚТС 34% құрайды
  • ІТН максималды деңгейі 35%-тен асқанда, ҚТС 38% құрайды

№2 Келісімге сәйкес БК осы келісім күшіне енген уақытқа дейінгі салық заңнамасымен бекітілген табыс салығын төлеуге міндетті болып саналады. Егер БК ішкі табыс нормасы 20%  асатын болса, қосымша табыс салығын төлеуге тиіс болады. №2 Келісімге сәйкес ҚТС максималды ставкасы 30% құрайды, яғни ішкі табыс нормасы 30% және одан жоғары көлемді құрайтын болса.

БК жыл сайын жерге, яғни территорияға жал (аренда) төлемін  жасап отырады. Ол келесі ретпен рұқсатты алаңның әрбір шаршы шақырымына төленеді:

Барлау кезеңі:

Бірінші фаза (4 жыл) – 20 АҚШ доллары

Екінші фаза (4 жыл) – 40 АҚШ доллары

Үшінші фаза (3 жыл) – 60 АҚШ доллары

Игеру кезеңі – 60 АҚШ доллары

Баға қалыптастыру мәселелері

Бірлескен кәсіпорынның қызметі экономикалық, саяси, әлеуметтік, яғни Қазақстандағы бизнесті жүргізуге  тән тәуекел түрлерімен тығыз  байланысты. Бұл тәуекел түрлеріне  үкімет саясатының, экономикалық жағдайдың, салықтық және құқықтық сферадағы өзгерістердің нәтижелері, валюта бағамының ауытқулары және келісімшарт құқықтарының жүзеге асу мүмкіндіктері әсер етеді.

Бірлескен кәсіпорын  экспорттық квотаға, яғни ҚР Үкіметінің мұнай өндіруші компанияларға белгілейтін жыл сайынғы шетелге өткізілетін мұнай көлемі шектеуіне тәуелді. Қазіргі кездегі Қазақстандағы саяси және экономикалық жағдай Үкіметтің ішкі мұнай өңдеуші зауыттарды экспорттық бағадан елеулі түрде төмен бағалы мұнаймен қамтамасыз ету мақсатындағы отандық мұнай өндірушілер қызметіне мейлінше әсер етуге бағытталуымен сипатталады.

Мұнай өндіруші саладағы кәсіпорындардың баға қалыптастыру мәселелері біршама ерекшеліктерге ие.

Мұнайдың халықаралық  нарықтық бағасы БК-ның екі жақтық таңдауы бойынша өндірілетін мұнайдың тығыздығы мен сапасына сәйкес келетін кем дегенде бір мұнай эталонына өндіру операциясы басталғанға дейін, сапа айырмашылықтарын және транспорт шығындарын есепке ала отырып анықталуы тиіс.

БК мұнай эталонының  бағасын Платтц басылымындағы «Мұнай бағасының жаңалықтарының» «Шикі мұнай» секциясындағы көрсеткіштер бойынша алады, яғни онда көрсетілген мұнай эталоны және БК өндірген мұнайдың сапа бойынша және жеткізу құны бойынша айырмашылықтары есепке алынады. Мұнай бағасы Платтцтың өткен аптадағы немесе сатылған мұнайдың транспорттық накладнаясы көрсетілген күннен кейінгі аптадағы көрсеткіштері бойынша белгіленеді. Егер талап етілетін баға осы апталардың ешбірінде көрсетілмесе, онда осы аптадан кейінгі жақын арадағы апталардың біріндегі нарықтық баға алынады. Егер Платтцта «Мұнай бағасының жаңалықтары» басылмайтын жағдайда, екі жақтың келісімі бойынша мұнайдың нарықтық бағасы көрсетілетін балама басылымды қолдануы тиіс.

Отандық тұтынушыларға  мұнай бағасы Платтцта көрсетілген әрбір мұнай эталонының орташа арифметикалық көлемі ретінде алынып, сәйкесінше транспорт шығындары және сапасы бойынша айырмашылықтары есептелінген бағамен сатылуы тиіс.

 

 

    1. «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК 2003 -2005 жылдардағы қаржылық көрсеткіштеріне талдау

 

Кесте 1. «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК 2003-2005 жылдардағы қаржылық-экономикалық көрсеткіштері

 

Жылдар

Өндіріс шығындары

(АҚШ доллары)

Өткізілген өнімнің

көлемі(тонна)

Өнім бірлігінің өзіндік құны(АҚШ  доллары)

2004

2005

38 160 961

48 364 675

408 931

340 968

93

142

 

Өнімді өткізуден түскен табыс(АҚШ доллары)

Өндірістік 

персоналдың

орташа  тізімдік

саны(адам)

Еңбек өнімділігі(АҚШ доллары/адам)

2004

2005

84 361 000

109 724 000

180

201

468 672

545 891

 

Салық төлегенге дейінгі табыс(АҚШ доллары)

Өндіріс

шығындары

(АҚШ доллары)

Рентабельділік коэффициенті

2003

2004

2005

6 751 000

24 765 000

41 142 000

14 573 000

38 160 961

48 364 675

46%

65%

85%

 

Меншікті капитал

(АҚШ доллары)

Қарыз капиталы

(АҚШ доллары)

Қаржылық тұрақтылық коэффициенті

2003

2004

2005

7 934 000

18 516 000

28 157 000

215 799 000

194 124 000

168 683 000

0,04

0,1

0,17

 

Ағымдық активтер

(АҚШ доллары)

Қысқа мерзімді

міндеттемелер

Өтімділік коэффициенті

2003

2004

2005

19 523 000

31 910 000

39 312 000

3 819 000

6 808 000

10 238 000

5,1

4,6

3,8

 

Өнімді өткізуден түскен табыс

НҚ орташа

жылдық құны

Қорқайтарымдылық 

коэффициенті

2003

2004

2005

45 235 000

31 910 000

109 724 000

182 747 500

130 066 500

57 239 500

25%

65%

191%

 

Дебиторлық берешектің орташа

көлемі

Өнімді

өткізуден түскен

табыс

Дебиторлық берешек айналымдылығы

коэффициенті

2003

2004

2005

3 762 000

2 563 500

36 500

45 235 000

84 361 000

109 724 000

8,3%

3,03%

0,03%

 

Кредиторлық берешектің орташа

көлемі

Өнімді

өткізуден

түскен  табыс

Кредиторлық берешек 

айналымдылығы

коэффициенті

2003

2004

2005

163 000

540 000

1 441 500

45 235 000

84361 000

109 724 000

0,36%

0,6%

1,3%


 

 

 

 

Экономикалық  тиімділікті бағалау

 

 

Өнім  бірлігінің өзіндік құн көрсеткіші.  Бір тонна мұнайдың өзіндік құны 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 49 АҚШ долларына артық болған. Себебі 2004 жылғы өндіріс шығындары 38 160 675 АҚШ долларын құраса, 2005 жылы өндіріс шығындары 48 364 675 АҚШ долларын құраған болатын, яғни 10 203 714 АҚШ долларына артық. Жоба бойынша 2005 жылы өндіріс шығындары 28 428 246 АҚШ доллары көлемінде жоспарланған.

Өткізілген өнім көлемі 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 67 963 тоннаға кем. Жоба бойынша өткізілетін өнім көлемі 363 728 тонна көлемінде жоспарланған және сәйкесінше жоспар бойынша өнімнің өзіндік құн көрсеткіші 78,16 АҚШ долларын құрауы тиіс болатын. Жоспарлық және нақты көрсеткіштер арасындағы ауытқу 63,68 АҚШ долларын құрайды. Осыған сәйкес бір тонна мұнай бағасы да жоспардағы мәнінен 61 АҚШ долларына артық, яғни жоспар бойынша 253 АҚШ долларына сәйкес келсе, нақты бағасы 314 АҚШ долларына тең болған (сурет 1).

Еңбек өнімділігі көрсеткіші. Бір адамға шаққандағы еңбек өнімділігі 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 77 216 АҚШ долларына артық болған. Себебі өнімді өткізуден түскен табыс 2005 жылы өткен жылғы көрсеткішінен 25 363 000 АҚШ долларына артық болған. Сонымен қатар 2005 жылы өндірістік персоналдың орташа тізімдік саны 21 адамға артқан (сурет 2).

 

 

Өнім  рентабельділігін бағалау

 

2003, 2004, 2005 жылдардағы рентабельділік көрсеткіші оң нәтижемен сипатталады, орташа есеппен оның мәні үш жыл ішінде 19,5% өскен. Бұл маңызды өсуді салық төлегенге дейінгі табыстың өсуімен түсіндіруге болады. 2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы ол 18 014 000 АҚШ долларына, 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 16 377 000 АҚШ долларына өскен (сурет 3).

 

 

Қаржылық  тұрақтылықты бағалау

 

Бұл көрсеткіш 2003, 2004, 2005 жылдар бойынша өзінің қабылданған  мәнінен (0,5) төмен деңгейімен сипатталады, сәйкесінше 0,04; 0,1; 0,17. Оның төмен деңгейі  қарыз капиталы құрамындағы ұзақ мерзімді міндеттемелер көлемінің  жоғары деңгейімен түсіндіріледі.

Бірлескен кәсіпорынның ұзақ мерзімді міндеттемелері Бірлескен  кәсіпорын Қатысушыларына міндеттемелерден және Болашақтағы қалпына келтіру  жұмыстары бойынша міндеттемелерден құралады.

Бірлескен кәсіпорын  Қатысушыларына міндеттемелер мұнай кен орындарын барлау және игеруге жұмсалған қаржылық шығындар бойынша кәсіпорынның міндеттемелері болып табылады. Ол көрсеткіш 2003 жылы 211 980 000 АҚШ долларын, 2004 жылы 187 133 000 АҚШ долларын, 2005 жылы 158 118 000 АҚШ долларын құраған.

2005 жыл ағымында Бірлескен  кәсіпорын қаржыландыру бойынша  міндеттемелерін жабу үшін 39 499  мың АҚШ доллары және Қатысушыларға  таза табысты бөлу түрінде  14 127 мың АҚШ доллары көлемінде төлем жасады (сурет 4).

 

 

Өтімділікті бағалау

 

Ағымдық өтімділік көрсеткіші 2003, 2004, 2005 жылдары өзінің қабылданған мәнінен (2) кері ауытқушылықты көрсетпейді. Бірақ көрсеткіштің төмендеу үрдісі байқалады, 2004 жылы ол 2003 жылмен салыстырғында 0,5, ал 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 0,8-ге төмендеген. Бұл қысқа мерзімді міндеттемелер көлемінің 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда 2 989 000 АҚШ долларына, 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 3 430 000 АҚШ долларына өскендігімен түсіндіріледі     (сурет 5).

 

 

Іскерлік  белсенділікті бағалау

 

Қорқайтарымдылық  коэффициентінің 2003, 2004, 2005 жылдар ішінде өсу үрдісі байқалады. Үш жыл ағымында бұл көрсеткіш өзінің төмен деңгейін 2003 жылы қабылдаған. Ол негізгі құралдардың орташа жылдық құнының жоғары деңгейімен түсіндіріледі, 2004 жылы негізгі құралдардың орташа жылдық құны 2003 жылмен салыстырғанда 52 681 000 АҚШ долларына кеміген, сәйкесінше өнім өткізуден түскен табыс 39 126 000 АҚШ долларына артқан, 2005 жылы негізгі құралдардың орташа жылдық құны 2004 жылмен салыстырғанда 72 827 000 АҚШ долларына кеміген, өнім өткізуден түскен табыс 25 363 000 АҚШ долларына өскен (сурет 6).

Дебиторлық  берешек айналымдылығы коэффициценті. Бұл көрсеткіш деңгейі 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда 5,27% , ал 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 3%-ке кеміген. Соңғы екі жылда дебиторлық берешек көлемі едәуір төмендеген (2003 жылы – 5 097 000 АҚШ доллары, 2004 жылы – 30 000 АҚШ доллары, 2005 жылы – 43 000 АҚШ доллары). Сәйкесінше әр жылдағы дебиторлық берешектің орташа көлемі де кеміген (сурет 7).

Кредиторлық берешек айналымдылығы коэффициценті. Бұл көрсеткіш 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда 0,24% , ал 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 0,7% өскен. Бұл өсім әр кезеңге сәйкес кредиторлық берешектің орташа көлемінің өсу үрдісімен түсіндіріледі. 2005 жылы ол өзінің жоғары мәнін қабылдаған. Жағдайды бірлескен кәсіпорынның мұнайды тасымалдау жұмыстары бойынша «Уральскнефтегазгеология» АҚ алдындағы (972 000 АҚШ доллары) және «Транс Азия Констракшн» АҚ алдындағы (187 000 АҚШ доллары) міндеттемелерімен түсіндіруге болады (сурет 8).

 

3. Бірлескен кәсіпорындар қызметін жетілдірудің негізгі бағыттары

 

    1. «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК-ның даму перспективасы және өзекті мәселелері

 

                          

«Қазақтүрікмұнай» ЖШС  БК шетелдік қатысушысы бар кәсіпорын  бола отырып, салыстырмалы түрде шағын  компанияға жатады және өз дамуында белгілі кедергілерге, проблемаларға ие.

Қазақстандағы мұнай  өнеркәсібінде шағын бизнес формаларының пайда болуына бірнеше жағдайлар  әсер етті. Біріншіден, шикізаттық базаның  мұнай өндірісі динамикасындағы  ірі ашылулар маңызының төмендеуі, жаңа, әлі игерілмеген, ескі кен орындарындағы қиын өндірілетін қорлар көлемінің өсуін сипаттайтын дамудың өрлеу сатысына өтуі болып табылады. Мұндай қорларды игеру әрбір объектіге жеке назар аударуды талап етеді. Яғни жаңа ұсақ кен орындарының пайда болуы ірі тік интеграцияланған компаниялардың жоғары шығындары мен кен орындарының көлеміне байланысты үнемдеуге бағытталуы олардың стратегиялық экономикалық қызығушылықтарына қайшы келеді. Өнімділігі аз объектілерді игеру шағын, аса жоғары шығындарға ие емес, инновацияға икемді және бейім, тәуекелге дайын кәсіпорындарға қолайлырақ. Мұндай объектілер көлемінің өсуі жеке мұнай өндіруші кәсіпорындардың пайда болуы мен олардың тез қарқынмен өсуін талап етеді[19].

Информация о работе Казақстан өнеркәсібіндегі бірлескен кәсіпорындар қызметін талдау