Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 16:44, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты – бірлескен кәсіпорындардың қызмет ету және оны жүзеге асыру механизмдерінің негізін теориялық зерттеу, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК қызметіне талдау жүргізу негізінде кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметтерін жетілдіруге ұсыныстар жасау.
Сондықтан курстық жұмыс барысында келесі міндеттер қойылды:
• Бірлескен кәсіпорындардың теориялық негізін зерттеу;
• Қазақстанның мұнай өнеркәсібіндегі бірлескен кәсіпорындардың әрекет ету механизмінің құқықтық базасын қарастыру;
• «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК қызметіне талдау жүргізу;
• Мұнай саласындағы шағын және орта кәсіпорындардың тиімді қызмет етуінің шетелдік тәжірибесіне тоқталу;
• Қазақстандағы сыртқы экономикалық қызметтің негізгі қатысушыларының бірі ретінде бірлескен кәсіпорындардың қызметін жетілдірудің негізгі бағыттары мен механизмдерін айқындау.
Кіріспе ...........................................................................................................3
1. Бірлескен кәсіпорындар нарықтық экономикадағы кәсіпорынның ұйымдастырушылық формасы ретінде.................................................................6
1.1 Бірлескен кәсіпорындардың экономикалық мәні, мақсаты, формалары................................................................................................................6
1.2 Қазақстандағы бірлескен кәсіпорындардың маңызы және олардың салалық ерекшеліктері...........................................................................10
1.3 Қазақстандағы мұнай-газ саласындағы бірлескен кәсіпорындардың қызмет етуінің құқықтық негіздері.......................................12
2. Қазақстанның мұнай өнеркәсібіндегі бірлескен кәсіпорындар қызметіне «Қазақтүрікмұнай» ЖШС бірлескен кәсіпорны мысалында талдау......................................................................................................................16
2.1 «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК құрылу тарихы, негізгі қызметі және басқару жүйесі ......................................................................................................16
2.2 Бірлескен кәсіпорын қызметінің ерекшеліктері (есеп беру жүйесі, салық жүйесі, баға қалыптастыру мәселелері) ..................................................19
2.3 «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК 2003 – 2005 жылдардағы қаржылық көрсеткіштеріне талдау.........................................................................................24
3. Бірлескен кәсіпорындар қызметін жетілдірудің негізгі бағыттары...36
3.1 «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК-ның даму перспективасы және өзекті мәселелері………………………………………………………………………...36
3.2 Қазақстан Республикасындағы бірлескен кәсіпорындардың шаруашылық қызметін жетілдіру жолдары……………………………………39
Қорытынды .................................................................................................41
Қолданылған әдебиеттер ...........................................................................44
Қосымшалар ................................................................................................45
Кешендік әріптестік бойынша БК тең құқықты, яғни оның қатысушылары басқару шешімдеріне тең құқыққа ие және тәуекелді тең дәрежеде бөліседі, және келісімді, яғни оның қатысушылары әріптестік, шығындарды, тәуекелді, пайданы бөлу туралы келісім жасайды.
Экономикалық
кезеңдердің байланысу
Тік БК-да өндірістік және саудалық кезеңдердің кезекпен тізбектелуі орындалады.
Диагоналды БК-да әр түрлі сала, өндіріс және сауда кезеңдерінің бірігуі жүзеге асады.
Басқарудың әсер етуіне байланысты олар тең дәрежелі және ассиметриялы болып келеді. Тең басқаруда қатысушылар шешім қабылдауда тең құқыққа ие де, ал ассиметриялы басқаруда әр түрлі мәселелер бойынша бір жақ басымдыққа ие болады.
1.2 Қазақстандағы бірлескен кәсіпорындардың маңызы
және олардың салалық ерекшеліктері
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің халыққа жолдауында приоритетті мақсаттар мен стратегиялар және олардың жүзеге асуының құрамына: «Ашық нарықтық, жоғарғы деңгейдегі шетел инвестициялары мен ішкі жинақтарға ие экономикаға негізделген экономикалық өсу» кіреді.
Қазақстанда құрылып жатқан бірлескен кәсіпорындар жаңа техника мен технологияны, халықаралық маркетингтің қазіргі әдістерін және алдыңғы қатарлы басқару тәжірибесін тартуда маңызды рөл атқаруы мүмкін. Еліміздегі бірлескен кәсіпорындарға инвестиция ағымы ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуді қамтамасыз ету бағытындағы материалдық және қаржылық ресурстарды үйлестіруге мүмкіндік береді. Алдыңғы қатарлы техника мен технологияға ие өндірістік бірліктерді құру олардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады, нәтижесінде олар ішкі нарықта жетістікті бәсекеге түсіп, өндіріс шығындарын төмендетіп, өнім сапасын көтере алады. Бір жағынан бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды құру қазақстандық серіктеске шетелдік қатысушылардың саудалық, әкімшілік, т.б байланыстарын, коммерциялық тәжірибесін, жергілікті жағдайларын пайдалауға және өз өнімімен сыртқы нарыққа шығуға мүмкіндіктер туғызады [11].
БК елдер арасындағы сыртқы экономикалық байланыстарды дамытуды қиындататын кедергілердің алдын алуға жол ашады.
БК құруға деген қажеттілік кәсіпорынның оптималды көлемін құруға және құралдардың жетіспеушілігіне байланысты туындауы мүмкін. Шетелдік серіктестерді тарту қазақстандық кәсіпкердің жаңа кәсіпорын құруға немесе кеңейтуге кететін өндірістік шығындарын еңбек пен өткізуді рационалды ұйымдастыру, алдыңғы қатарлы технологияны қолдану, транспорттық шығындарды қысқартуға мүмкіндігін арттырады.
Бастапқыда елімізде заңнамаларда қазақстандық қатысушылардың жарғылық қордағы үлесі 51%- тен аз болмауы тиіс деп қарастырылды. Алғашқы кезеңде отандық қатысушылардың жоғары деңгейі негіз болды. Себебі, әр түрлі меншік формасындағы кәсіпорындар әріптестікке түсу нәтижесінде, бізде қалыптасқан идеология бойынша «біріншінің» приоритетін қамтамасыз ету мақсат етілді. Қазіргі уақытта қазақстандық жақ бірлескен кәсіпорын жарғылық капиталының аз бөлігін иеленуге келісім бере алады.
Сыртқа нарыққа жаңа өніммен шығу үрдісінде экономикасы жаңа көтеріліп келе жатқан елге жауапкершіліктің үлкен бөлігін алу тиімсіз болып табылады.
БК Қазақстанда 1992 жылдардан бастап құрылып келеді. Қазіргі уақытта олардың саны 2000-ға жуық,оның ішіндегі 70%-і шағын, 1000-ы шетелдік инвестициялармен кәсіпорындар (ПИИ), ЖІӨ-нің 15%-ін өндіреді. Қазақстанның бірлескен әріптестігі Ресей, Түркия, Германия және АҚШ елдерімен көп көлемде жүзеге асырылған. Көптеген шетелдік инвестициялармен кәсіпорындар Қазақстанда капиталмен тәуекелге бармау үшін шаруашылық субъектілер ретінде қызмет етуді жөн санайды. Қазақстандағы бірлескен кәсіпорындардың 80%-і сыртқы саудалық делдалдық қызмет атқарады. Көптеген өндірістік профильдегі бірлескен кәсіпорындар өздерінің қызметтерін әртараптандыруға, 20-30 бағытқа дейін кеңейтуге ұмтылады. Өндірістік сферадағы БК төмен көрсеткіші отандық өндірістік базаның артта қалуы, олардың алғашқы ірі капитал салымдарының жетіспеушілігі себеп болады. Сондада қазіргі уақытта өнеркәсіптік салада, мұнай өнеркәсібіндегі әріптестік үлесі ұлғайған 1993 жылдың 1 қаңтарындағы тіркелген кәсіпорындардың салалық құрылымына келсек, құрылыс және құрылыс материалдарын өндіру саласындағы бірлескен кәсіпорындар – жалпы кәсіпорындар санының 80%-ін, екінші отын өнеркәсібіндегі (мұнай және газ) бірлескен кәсіпорындар- 56,7%. Үшінші орында-агроөнеркәсіп саласындағы бірлескен кәсіпорындар-26,3%.
Шетел инвестицияларының
салалық құрылымын талдағанда, негізгі
капитал салымдары шикізат
Мұнай жіне газ өнеркәсібі Қазақстанның экономикалық дамуының локомативі болып табылады. БК ретінде шетел капиталымен өзара әсерлесу мұнай және газдың әлемдік нарығына енуге, ұлттық құрал-жабдық өндірісінің дамуына, алдыңғы қатарлы батыс және азиялық елдермен байланыстарды нығайтуға, мұнай құбырлары жүйесін дамытуға және саяси беделді қалыптастыруға әсер етеді.
Көптеген шетелдік серітестер Теңіз, Қарашығанақ мұнай кен орындарын игеруге ниет танытады, себебі ТМД мемлекеттері ішінде Қазақстан неғұрлым шетелдік инвестициялардың орналасуына қолайлы жағдайлар тудырып отыр.[12].
Бірлескен кәсіпорындардың салалық ерекшеліктерін талдай келіп, мынадай қорытындыларға келуге болады:
1.3 Қазақстандағы мұнай-газ саласындағы бірлескен кәсіпорындардың қызмет етуінің құқықтық негіздері
Бірлескен кәсіпорындар екі негізгі ұйымдастырушылық формаға ие: корпоративтік және контрактілік. Корпоративтік формада БК қатысушылары заңды тұлға болып табылатын корпорацяны ұйымдастырады және өз қызметтерін жүзеге асыру үшін белгілі бір капитал бөлігінің иесі бола алады. Ал контрактілік формада қатысушылар өздерінің заңдық сипатын сақтайды, қосымша заңды тұлға құрылмайды. Ал басқа белгілері бойынша корпоративтік формаға ұқсас [12].
Корпоративтік форманың жиі тараған түрі серіктестіктер болып табылады. Ортақ пайданы алу үшін қатысушылар әріптестік істі ұйымдастырады.
Мұнай өндіруші елдерге серіктестік туралы келісім жасау концессияларға қарағанда салыстырмалы түрде артықшылықтар береді. Егер концессиялар белгілі территорияға құқықтан бас тартуды талап етсе, серіктестік туралы келісім пайдалы қазбаның меншік иесі-мемлекеттің құқықтарын кеңейтеді. Әзірлеу алаңдарының көлемі қысқарады, сонымен қатар көптеген жағдайда ұлттық компанияға бірлескен кәсіпорынның акцияларының бақылау пакеттері беріледі.
Тағы бір маңызды мәселе, шетелдік серіктеске тек мұнайды өндіру міндеттемелері ғана жүктелмейді, сонымен қатар мұнайды тасымалдау, өңдеу, өткізу шараларын да орындауы тиіс. Өндірілген мұнайды бөлу қатысу үлесіне байланысты жүзеге асырылады. Кейде ұлттық компанияға тиесілі мұнай бөлігін шетелді ксеріктеске өткізу мүмкіндіктері де қарастырылады. Мұндай жағдайда ұлттық компаия оған сәйкесінше комиссиондық сыйақы төлейді.
Сонымен қатар әлемдік тәжірибеде қолданылатын келісім түрлеріне фъючерстік контрактілер, опцион, своп тәрізді IPE (Лондондағы халықаралық мұнай биржасы) және NYMEX (Нью-Йорктегі тауар биржасы) әлемдік биржаларында жүзеге асырылатын келісімдерді жатқызуға болады.
Фъючерстік контракт белгілі бір болашақтағы күнге сәйкес баға бойынша шикізат немесе тауарларды сату-сатып алу туралы жасалатын келісім болып табылады.
Мұндай контрактілерде жеткізілім бағасы, оның көлемі,айы жәнеорны көрсетіледі. Фъючерстік контрактілердің артықшылықтары кез келген компания шағын көлемде келісімдерді жүзеге асыра алады, нарықтың жоғары өтімділігі, ол заңмен қатал түрде реттеліп отырады.
Опцион мұнай және мұнай өнімдеріне фъючерстік контрактіні сату және сатып алуға құқық беретін келісім түрі болып табылады. Опцион бағасы бір баррельге 0.2-1.5 АҚШ доллары арасында ауытқып отырады. Оның артықшылығы, егер фъючерстік контрактіге баға төмендейтін болса, шығындар тек оның алғашқы төлеміне ғана тең болады, ал қолайлы жағдайларда шектелмеген пайда алуға мүмкіндік береді.
Своп келісімінің қатысушылары
бір біріне белгілі болады, ал мысалы
фъючерстік контрактілерде сатушы мен
сатып алушы бір бірін
Своп бір жаққа болашақтағы белгіленген бағаны иемденуге мүмкіндік береді, ал келесі жақ егер нақты және белгіленген баға арасындағы айырмашылыққа байланысты баға төмендейтін болса,сол шығындарды жабуға өзіне жауапкершілік алады.
Қазақстанда мұнай операцияларын жүзеге асыру «Мұнай туралы», «Пайдалы қазбалар туралы» заңнамаларда бекітілген. Пайдалы қазбаларды пайдалануға байланысты контрактілерді бекіту және жасау нормалары «Пайдалы қазбаларды игеру операциялары бойынша контрактілерге отыру және бекіту реті» туралы құжаттарда қарастырылады.
Контракт пайдалы қазбаларды игерудің құқықтық негізінің және рұқсатқағаздардың бөлінбес бөлігі болып табылады. Бұл принцип мынадан көрінеді:
Егер пайдалы қазбаны игеруші кен орнын әзірлеуге рұқсатқағаз алған болса, ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің Өкілетті органымен контрактіге отыруға мүмкіндігі бар. Бұл «ҚР-дағы пайдалы қазбаларды игеруге байланысты контрактілерді бекітетін және жүзеге асыратын ҚР Үкіметінің Өкілетті органдары туралы» (1996 жыл 26 мамыр), «ҚР-дағы пайдалы қазбаларды игеруге байланысты операцияларды жүргізуге контрактілерді бекіту реті туралы» (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылы 6 қыркүйектегі №1092 үкімімен бекітілген) құжаттарда қарастырылған [3].
Бастапқыда бұл өкілеттіліктер Мұнай және газ министрлігі, кейіннен Энергетика және минералды ресурстар министрлігіне тиесілі болды. 1997 жылдың қыркүйегінен бастап Өкілетті орган ретінде пайдалы қазбаларды игеру сферасындағы нақты бақылау жүргізетін орган болып Инвестициялар жөніндегі Мемлекеттік комитет қызмет атқарады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда «ҚР-да пайдалы қазбаларды игеру операцияларын жүргізудің модельді контрактісін бекіту туралы» ҚР Президентінің 1997 жылдың 4 наурыздағы Жарлығы арқылы мұнай және газ секторындағы әріптестік қатынастар реттеліп отырады. Мұнда пайдалы қазбаларды игеру шарттары, серіктестердің құқықтары мен міндеттері, контрактілік территорияның қызмет ету шарттары неғұрлым айқын көрсетіліп, инвесторларға тиімді кепілдікті айқындады [4].
Мұнай және газ секторындағы мемлекеттік реттеу өкілеттіліктері ҚР-ның үкіметіне жүктелген. Көмірсутектерге табиғи түріндегі мемлекеттік меншік сақталады, ал инвестордың меншігі контрактімен анықталады. Үкіметтің отандық және шетелдік инвесторлар өндірген мұнай үлесінен әлемдік бағамен өз меншігіне алуға артықшылық құқығы берілген. Әлемдік тәжірибеде бұл рұқсат етіледі.
Контрактілерге отыру
кезеңінде өте жоғарғы талқылау
Контрактіге отыру кезеңінің соңғы сатысы -оған қол қою және тиісті өкілетті органда тіркеуден өткізу. Контрактіні тіркеуден өткізу «ҚР-дағы пайдалы қазбаларды игеруге байланысты операцияларды жүргізуге контрактілерді тіркеу реті туралы» құжатпен жүзеге асады.
Пайдалы қазбаларды игеру
операцияларды жүргізу
Әрбір бекітілген контракт
Қазақстан республикасының
Қазақстандық заңнамаларда контрактілердің жүзеге асуында өнімді бөлу келісімі айқын түрде көрсетілмейді. Әдетте 50%-50% принципіне негізделінеді. Әлемдік тәжірибеде өнімді бөлу келісімі жобаның жүзеге асуына тікелей тәуелді түрде жүргізіледі,яғни динамикалық шкала бойынша бөлінеді. Егер инвестор өзінің салған капиталының қайтарым процентін көп алатын болса, яғни табыстың ішкі нормасы ұлғайған сайын, соғұрлым оның мемлекетке беретін өндірілген көмірсутектерінің көлемі артып отыруы тиіс.
Информация о работе Казақстан өнеркәсібіндегі бірлескен кәсіпорындар қызметін талдау