Каржы нарығының дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 14:54, курсовая работа

Описание работы

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы “Қаржы нарығын талдау”. Курстық жұмыстың өзектілігі – қаржы нарығының құрамдас бөліктерін, яғни, ақша нарығын, капитал нарығын, бір жүйеге келтіріп, осы жалпы қаржы нарығын қалыптастырудағы барлық шараларды қолдану, қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Қазіргі қаржы нарықтарының қызмет етуі және әр түрлі қаржы институттарының қызметі. Осы берілгендер қазіргі кезенде Қазақстан экономикасының дамуында өте маңызды болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ
1.1 Макроэкономикалық қаржы саясаты және оның әдістері.........................................................................................................................4
Бағалы қағаздар және Қазақстан Республикасының жағдайы..................11
Қаржы нарығының инфрақұрылымын қалыптастыру ерекшеліктері..........13

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Қаржы нарығын дамытудағы кездесетін қиыншылықтар және оны шешу жолдары......................................................................................................................23
2.2 Қаржы нарығының даму перспективасы...........................................................27
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................32

Работа содержит 1 файл

Курс Қаржы нарығы.DOC

— 284.50 Кб (Скачать)

Таяудағы 10 жыл ішінде еліміз үшін нақты сектор басым сала болатындығы сөзсіз. Сондықтан қазір  Үкімет оны дамыту мақсатында қаржыландырудың  көлемі мен тетіктерін анықтауда. Бірақ дағдарыс кезінде біз үшін басты мақсат – қолдағы барымыздан айырылып қалмау. Ендеше, қазіргі жағдайда, мәселен, отандық тұрмыстық техника өндіретін идеяны қаржыландырғаннан гөрі, тұрақты 30 жұмыс орны бар дүкенді қолдау әлдеқайда тиімді болмақ.

2009 жылдан бергі қолданыстағы Тұрақтандыру бағдарламасының негізгі мақсаттары орындалды, атап айтқанда, бөлінген  қаржы негізгі несие алушы – шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жетті, осыған дейін тапшы болып келген бизнес ресурстары біршама толықтырылды. Осы жылдар ішінде, жаңадан ашылған жұмыс орындарын қоса есептегенде, 15 000-нан астам жұмыс орындары сақталып қалды. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2009 жылғы 1 шілдедегі мәліметі бойынша, республика көлемінде белсенді әрекет жасап жатқан 683 252 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген екен. Тіпті, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда олардың саны 3,2 пайызға көбейген.

     Мемлекеттің  мақсаты - жалпы жүйе тұрақтылығын  қолдау және сақтау. Бұл мақсаттар  үшін Қазақстанда тиісті реттеу мен қадағалау, сондай-ақ депозиттерге кепілдік беру жүйесі бар. Жүйе тұрақтылығына қауіп төнген жағдайларда мемлекет банк секторына жағдайды тұрақтандыруға қажетті тәртіпте және көлемде қаржылық қолдау көрсетеді.Мемлекет банктің борыштары бойынша ешқандай міндеттемелер алмайтыны сияқты банктердің операциялық қызметіне араласпайды. Ағымды жағдайда банктер банк депозиторларының мүдделерін барынша қорғалатындай етіп активтер мен пассивтерді тиімді басқаруды қамтамасыз етулері тиіс. Бұған қарамастан мемлекет қызметі ел экономикасының одан әрі дамуына ықпал ететін жүйе құраушы банктерге қатысты тұрақтандырушылық бастамаларымен шығады.

     Қаржы секторын  тұрақтандыру үшін мынадай шаралар  қабылданатын болады:

     Біріншіден, ол қарапайым және ерекше артықшылығы бар акцияларды сатып алу, сондай-ақ реттелген қарыздар беру арқылы төрт жүйе құраушы банктердің қосымша капиталдандыру. Бұл ретте банктерге мұндай мемлекеттік қолдау көрсетудің басты шарттарының бірі капиталды банк акционерлерінің өздерінің ұлғайтуы болып табылады. Қазіргі таңда банктер берген қарыздардың 35.6 %-ы құны айтарлықтай төмендеген жылжымайтын  мүліктермен және жермен қамтамасыз етілген. Бұл банктер активтерінің сапасын төмендетеді. Осыған байланысты банк секторына шығындардың едәуір көлемі әлеуетті түрде жинақталуда. Банк секторын сауықтыру үшін Қаржы қадағалау агеттігі банктер құрған провизияларға қойылатын талаптарды арттырады.  Банктерді қосымша капиталдандырудың жалпы сомасы кемінде 4 млрд. АҚШ долларын (480 млрд. теңге) құрайды, олардың ішінде:

1 млрд. АҚШ доллары  (120млрд. теңге) төрт жүйе банктердің (Қазақстанның Халық банкінің, Қазкоммерцбанктің,  Альянс банк пен ТӘБ - нің)  қарапайым акцияларын сатып алу  түрінде берілетін болады.

      3 млрд. АҚШ доллары (385 млрд. теңге) реттелген борыш түрінде және дауыс беру құқығын бермейтін ерекше артықшылығы бар акцияларды сатып алу арқылы берілетін болады.

     Берілген  қаражатты банктер резервтердің  барабар деңгейін қалыптастыруға  және ел ішінде қарыз алушыларға  кредиттер беруге жіберуі тиіс.

     Мемлекет банктер капиталындағы бақылау пакетін сатып алмайды. Құны 2008 жылғы 24 қарашада, яғни банк ұсыныс жасаған күнге дейін Лондон және Қазақстан қор биржаларында акцияларға баға белгілеуге байланысты белгілі болатын банктердің дауыс беруші акцияларының 25%-ына дейін “Самұрық – Қазына ” қорының меншігіне түседі.

Жинақтаушы зейнетақы  қорларының инвестициялық портфельдерін  әртараптандыру үшін Үкімет пен “Самұрық - Қазына” қоры зейнетақы активтерін басым инвестициялық жобаларды  қаржыландыру үшін тарту жөнінде шара қабылдайды, құрылған Стресті активтер қоры инвестициялық рейтінгі бар борыштық бағалы қағаздарды шығаруды қамтамасыз етеді.

     Қаржылық  қадағалау агенттігі жинақтаушы  зейнетақы қорларының инвестициялық  саясатын жетілдіруді, сондай-ақ  зейнетақы активтерінің сақталуын және қорлар мен зейнетақы активтерін басқарушылардың жауапкершілігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында олардың қызметін қадағалауды жалғастырады.

     Инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық  жобаларды іске асыру. Экономикалық дамудың жүйелік проблемаларын шешу және халықты жұмыспен қамту деңгейін қолдау үшін ауқымды құрылыс жүргізу және инфрақұрылымды жаңарту қамтамасыз етілетін болады. Экономикалық өсуді қолдау мақсатында «Қазақстандық 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасын іске асыру бойынша белсенді жұмыс жалғасатын болады.

     Инфрақұрылымға, әсіресе электр энергетикасы  секторына инвестициялар ұзақ  мерзімді кезеңде тұрақты дамуды  қамтамасыз ету үшін зор маңызға  ие.Инвестицияларды, ең алдымен,  экономиканың шикізаттық емес секторына одан әрі тарту, инфрақұрылымдық проблемаларды шешуге байланысты болады.

     Үздік әлемдік  тәжірибе инфрақұрылымды дамыту  экономикалық белсенділікті қолдау  және дағдарыс кезінде халықты  жұмыспен қамтуды қамтамасыз  ету жөніндегі барынша тиімді құралдардың бірі болып табылатындығын көрсетіп отыр.

     Инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық  жобаларды іске асыруға « Самұрық  - Қазына » қоры қосымша 1 млрд. АҚШ долларын бөледі және  2010 жылы 3 млрд. АҚШ доллар мөлшерінде тікелей шетелдік инвестициялар тартылатын болды. Бұдан басқа,”Самұрық – Қазына” қорының жобаларын қаржыландыруға зейнетақы қорларының қаражаты тартылатын болады.

    Электр энергетикасы  саласының инвестициялық тартымдылығын  арттыру үшін Үкімет келесі  жылдан бастап әр жылдарға бөле отырып кемінде жеті жыл мерзімге арналған энергия өндіруші ұйымдардың тобы бойынша шектеулі тарифтерді бекітеді және оны бұған дейінгі жылдың итарифтерді бекітеді және оны бұған дейінгі жылдың инфляциясын ескере отырып жыл сайын түзететін болады. Электр энергиясына арналған шекті тарифтер жаңа активтерді құруға, электр энергиясындағы қазіргі энергия жинақтайтын қуаттарды кеңейтуге, жанартуға, қайта жаңалауға және техникалық қайта жарақтандыруға инвестициялар тартуды қамтамасыз ететін болады.Электрожелілік активтерді дамыту үшін тарифтерге инвестициялық үлесті енгізу көзделуде [11, интернет].

Әлем сарапшылары Қазақстан  билігі дағдарыстан кейінгі даму жоспарын нақты жүзеге асырып жатқан бірден-бір ел деген пікір айтуда. Бұған не дейсіз?

Бүгін іс жүзінде дүние  жүзінің барлық мемлекеттері үшін экономикалық дамуды қоса алғандағы дағдарыстан  кейінгі даму мәселелерін шешу басты міндетке айналып отыр. Сарапшылар дағдарыстың белгілі бір елде қаншалықты әсерінің болғанына байланысты дағдарыстан кейінгі даму деңгейі әрбір елде әртүрлі қалыптасады деген пікір білдіруде.

     2010 жылдан  бастап, сондай – ақ 4 – ші және одан көп бала тууына байланысты біржолғы жәрдемақының мөлшері 50 айлық есептік көрсеткішке дейін және бала бір жасқа толғанға дейін күтімі бойынша ай сайын жәрдемақы 2007 жылғы деңгеймен салыстырғанда 2,5 есе ұлғаятын болды. Кәсіпорындарда өндіріс көлемі төмендегі жағдайда Үкімет ірі компаниялармен қызметкерлердің жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізетін болды.Қажет болған кезде Үкімет облыстардың, Астана және Алматы қалаларыныңы әкімдерімен бірлесіп, қоғамдық жұмыстардың белсенді түрлерін қолданып және өңірлерді жаңа жұмыс орындарын ашып, оның ішінде инфрақұрылымдық және әлеуметтік объектілердің ауқымы құрылысы арқылы, оның ішінде “ 100 мектеп, 100 аурухана” жобасы шеңберінде халықтық жұмыспен өнімді қамтылуын арттыру жөнінде қосымша іс – шаралар қабылдайды. Ішкі рынокта тауарлардың тапшлығына және бағалардың өсуіне жол бермеу мақсатында үкімет бірінші кезекте қызметте қажетті тауарлардың – ет, құрғақ сүт, өсімдік майы, қант және күріштін тұрақтандыру қорларын қалыптастыру жөніндегі жұмысты жалғастырады.

Осы орайда әлемде тек  Қазақстан ғана дағдарыстан кейінгі  даму мәселесімен нақты айналысып, ал басқалар қол қусырып отыр деген  пікір айту ұшқарылық болады.

Біздің еліміз әлемдік  дағдарыстың салқынын бірінші сезінгендіктен басқа мемлекеттерге, оның ішінде кеңестік кеңістік мемлекеттерінің ішінде дағдарысқа қарсы шараларды бірінші болып қабылдап, іс жүзіне асыра бастағандығы жөнінде айту шындыққа сай болады.

Дағдарысқа қарсы қабылданған  шаралар ел экономикасын әрі қарай  дамытудың алғышарттарын жасайтын мәжбүрлі, бірақ қажетті шара болып табылмақ. Мемлекет басшысы “Нұр Отан” партиясының XІІ съезінде дағдарыстан кейін Қазақстанның қандай жолмен дамитындығы туралы атап көрсеткен болатын. Осы ретте біздің таяу болашақта басшылыққа алатын негізгі стратегиялық құжатымыз – Президент тапсырмасына сәйкес әзірленіп жатқан Қазақстанның 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік индустриялық-инновациялық серпінді даму бағдарламасы болмақ [12, интернет].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы рыногы зор рөл атқарады.

Қаржы – нарықтық қатынастардың  құрамды бөлігі және мемлекеттік  саясатты жүзеге асырудың құралы.

Қаржы нарығы дегеніміз, мемлекет пен шаруашылық жүргізуші  субъектілер және халықтың бос ақша қаражаттарын сату және сатып алу объектісі болып табылатын ақша операцияларының ерекше нысаны. Қаржы нарығының қызмет етуі мен қалыптасуы экономикалық, ұйымдардың, құқықтық формаларға байланысты болып келеді. Қаржы нарығының құрамы: ақша нарығы, капиталдар нарығы, ретінде кейде ақша нарығынан несие нарығы бөлінеді, яғни айналым капиталдарын толтыру үшін берілетін қысқа мерзімді ссудалар, ал капитал нарығы – негізгі капиталды инвитициялау үшін басқа сипаттамаларда ақша нарығы бұл ссудалық капитал нарығының бір бөлігі мұнда қысқа мерзімді депозит – несие операциясы жүзеге асады. Нарықтың интеграциялық түрі бағалы қағаздар нарығы болады.

Қаржы нарығы – бұл  ең алдымен дербес экономикалық категория  ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының сақтық институтарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді, және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, кредит, сақтық, валюта және басқа рыноктармен етене байланысты. Қаржы рыногы ұғымы ақша, валюта, кредит, капитал рыноктарын құрайды.

Ақша нарығы – қолма-қол ақша ғана емес, қолма-қолсыз төлем қаражаттарын да қосатын төлем қаражаттарының рыногы.

Кредит нарығы – несие бойынша банктердің кредит операцияларымен байланысты.

Капитал нарығы – қоғамдық өндіріс қатысушыларының орташа және ұзақ мерзімді қорланымдарының қозғалысы жүзеге асырылады.

Бағалы қағаздар нарығы – қаржы рыноктарында бағалы қағаздардың қозғалысы мен ортақтастырылатын экономикалық қатынастар болып табылады.

Қаржы нарығының жұмыс істеуінің алғы шарттары:

  1. бәсекені дамытумен монополизмді шектеу;
  2. шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың бағалы қағаздарға және басқа активтерге инвестицияланатын ақшалай табыстарының өсуі;
  3. бюджет тапшылықтарын қаржыландырау үшін несие қорларын пайдаланудың тоқтату.

Қаржы нарығының маңызы – бос ақша қаражаттарын алу және оларды қайта бөлу есебінен ұдайы өндіріс процесіне ықпал ету.  

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы. Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық. Алматы. – 2005. – 228-234 бб., 405-408 бб.,
  2. Мельников В.Д., Ли В.Д. Қаржының жалпы курсы. Алматы: “Қазақ универститеті” – 2005. – 27б.
  3. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А., Колягин Б.И. Жалпы экономикалық теория. Алматы– 2002. – 296-302 бб.
  4. Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика. Алматы: Экономика. – 2003. – 318 - 321 бб.
  5. Жүнісов Б., Мәметов Ұ., Байжомартов Ү. Нарықтық экономика негіздері. Алматы: Республикалық баспа кабинеті. – 1996. – 105-110 бб.
  6. Құлпыбаев С.К., Баязитова Ш. “Қаржы теориясы” Оқу құралы - Алматы: Мерей, 2001 ж. (48-55 б.б.)
  7. Бектеміров Қ. ҚР дамуы жайлы дерек.//Егемен Қазақстан. №7.- 19.01.2007. - 3-5 бб.
  8. Найманбаева С. Қазақстан Республикасындағы қаржы рыногын мемлекеттік реттеу (нормативтік құқықтық базасы және қаржы жүйесінің мәселелері). // Заң және заман. №11. – 2008.-38-45 бб.
  9. Керимова А. Қазақстан және оның аймақтарының қаржылық дамуы. //Егемен Қазақстан №8.- 7.12. 2008.- 4-7 бб.
  10. Сейітқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банк теориясы. Алматы: Экономика. – 2001. – 372-375 б.
  11. Интернет. Топ реферат сайты
  12. Интернет. Студ. KZ сайты

13. Қазақстан Республикасының Президентінің және Қазақстан Республика Үкіметінің актілер жинағы.

14. Абугазин Д. «Регулирование инвестиционной деятельности в экономике           Казахстана».

Информация о работе Каржы нарығының дамуы