Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 14:54, курсовая работа
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы “Қаржы нарығын талдау”. Курстық жұмыстың өзектілігі – қаржы нарығының құрамдас бөліктерін, яғни, ақша нарығын, капитал нарығын, бір жүйеге келтіріп, осы жалпы қаржы нарығын қалыптастырудағы барлық шараларды қолдану, қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Қазіргі қаржы нарықтарының қызмет етуі және әр түрлі қаржы институттарының қызметі. Осы берілгендер қазіргі кезенде Қазақстан экономикасының дамуында өте маңызды болып табылады.
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ
1.1 Макроэкономикалық қаржы саясаты және оның әдістері.........................................................................................................................4
Бағалы қағаздар және Қазақстан Республикасының жағдайы..................11
Қаржы нарығының инфрақұрылымын қалыптастыру ерекшеліктері..........13
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Қаржы нарығын дамытудағы кездесетін қиыншылықтар және оны шешу жолдары......................................................................................................................23
2.2 Қаржы нарығының даму перспективасы...........................................................27
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................32
-бақылаудың
заңдық және экономикалық
Жалпы рынокта көтерме саудаға арналған тауар биржалары ол арқылы мемлекет не алдыңғы орынды алады немесе өз қажеттілігінің негізгі бөлігін жабады. «Тауарлық биржалар туралы» заң (Қазақстан Республикасы 13 маусымда, 1991 жылы) қабылданып, кейіннен Қазақстан Республикасы Президентінің бұған қатысты жаңа Жарлығы жарияланды. Ол жарлықта былай жазылған: Тауарлық биржа - сауда жүргізу ережелері мен орынның тұрақтылық жағдайында, еркін баға тауарларымен көтерме саудаға жағдай жасайтын коммерциялық кәсіпорын.
Бұған қоса оған мынадай жаңа анықтама берілген: Тауарлық биржа дегеніміз - кез келген жекеменшік түріне негізделген және биржалық тауарлармен көтерме сауда бойынша ұйымдастыру және реттеу қызметін атқаратын заңды тұлғалық құқығы бар өзіндік ұйым. Оның негізгі міндеттері: шаруашылық субъектілер арасында биржалық саудаға жағдай жасау; биржалық саудаларды өткізу; делдалдықты қажет ететін тауарлардың сұранысы мен ұсынысын анықтау; баға белгілеу (тауарлардың котировкасы - биржалық келісімнің нақтылы бағасы немесе сатушының және сатып алушының ұсыныс бағасы); тауарға баға ашық (электрлік таблода) тіркелінеді (белгіленеді); биржалық келісімдердің тіркелуі; биржалық операциялар бойынша тартыстардың шешілуі.
Тауарлық биржа рыноктық инфрақұрылымда ең маңызды буындардың бірі ол бір тұтыну рыногының тауарларымен қанықтыру процесінің өзгеше бейнесі болып табылады. Оның табысты жұмыс істеуі тауарлар көлеміне байланысты, оның қайнар көзі жеке өндіріс және импорт болып табылады. Тауарлық биржалардың динамизмі оның негізгі функцияларының және қызметінің мазмұнын анықтау қажеттілігін қамтамасыз етеді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің «Тауарлық биржалар туралы» заң күші бар (7 сәуір, 1995 ж.) жаңа Жарлығы қабылданған.
Осы Жарлықта рыноктық инфрақұрылымды басқаруда принципті маңызы бар белгілі өзгерістер енгізілген. Ол төрт бөлімнен тұрады: жалпы жағдайлары; тауарлық биржа қызметінің пайда болуы және аяқталуы; биржалық сауданың ұйымдастырылуы; тауарлық биржалар қызметінің мемлекеттік реттелуінен.
Заңда негізгі жағдайлары жазылған. Тауарлық биржа болып кез келген жекеменшік түрлеріне негізделген, белгілі бір уақытта биржалық сауданың орнатылған ережелері бойынша және белгілі бір жерде жиі қоғамдық сауда жүргізу жолымен, биржалық тауарлармен көтерме сауда бойынша ұйымдастыру және реттеу қызметін атқаратын заңды тұлға болып табылады.
Биржа - бұл субъект, оның қызметінен түскен табысы ақпараттық-техникалық, биржаның әлеуметтік дамуына және биржалық инфрақұрылымы шығындарын өтеуге пайдаланылады.
Биржалық келісім - биржамен тіркелген биржалық сауда қатынасындағы келісім шарт, биржалық тауар қатынасындағы биржалық сауда қатысушыларымен бекітілген.
Биржалар еркін бастауларда және басқа да бірлестіктер заңды тұлға құқығы бар өз қызметін бағыттау үшін, жалпы мүдделерін қорғау және біріккен бағдарламалардың орындалуына біріккен сауда ұйымдары бойынша сол салада және өз ұйымдастырушыларының келісімімен Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес биржалық ассоциациялар құра алады.
Тауарлық биржалардың мемлекеттік реттеу қызметін республикалық комиссия орындайды. Осы комиссия туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінде бекітілген.
Республикалық
комиссиясының функциялары
Инфрақұрылым жергілікті органдармен, мемлекеттік келісім жүйелерінің қатысуымен рыноктың әр түрлі субъектілерінен құрылады.
Республикадағы рыноктық инфрақұрылымның қалыптасуы мен дамуында төменгі бағыттар қарастырылады:
Қазақстан Республикасының қаржы рыногы ел экономикасының аса табысты салаларына, мемлекеттiк бағдарламаларға кажетгi каржы ресурстарын шоғырландыру арқылы орасан зор септiгiн тигiзедi. Қазақстанның каржы рыногы валюталық рыноктан; ұлттық ақша қаражаттары рыногынан алтын және қымбат бағалы металдар рыногынан; сақтандыру рыногынан; кор рыногынан тұрады.
Қазақстан Республикасының қаржы рыногындағы ұзак мерзiмдi және сенiмдi инвестициялар бүгiнде қаржы рыногының жоғарыда аталған құрамдас бөлiктерiнiң,соның iшінде қор рыногының айтарлықтай дамуына негiз болатын экономикалық-қаржыллық жағдайларды кұрып отыр деп санаймыз. Қандай болмасын елдiң дамыған қаржы рыногының негiзгi белгiлерiне көрсетiлетiн каржылық қызмет аясындағы жетiлдiрiлген және өркениеттi мемлекеттiк реттеу және қадағалау механизмдерi, ұтымды қалыптасқан нормативтiк құқытық базасының тұрақтылығы, жоғары технологиялық инфрақұрылымы, рынок қатысушылары мен олар жүргiзетiн операциялардың ақпараттық айқындылығы және т.б. жатады.
Қазақстан Республикасының эконономикасында қаржы нарығы инфроқұрылымының негізі қысқа мерзімде қалыптастырылды. өндірістік өнімдірді тұтынуда шаруашылық жүргізуші субъектілерге арналған, және де жоғарлата қажетті функционалдық және каммерциялық тәуекелдерді төмендетуге арналған қаржы нарығы инфроқұрылымының құрамына: банктер жүйесі, инвестициялық, биржалық, аудиторлық кәсіпорындар және тағы да басқа объектілер кіреді.
Қаржы рыногы ауқымындағы
айрықша уәкiлеттi мемлекеттiк орган
- Қазақстан Республикасының
2008 жылдың 1 наурызында республика бюджеті 22,4 млрд теңге. Барлық түсім – 76,8 млрд теңге, бұл 2007 жылғы тиісті кезеңдегі деңгейден 30,9 % төмен ( 2007 жылғы 1 наурызда – 111,1 млрд теңге еді). Кредиттерді есепке алғандағы шығындар өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 9% өсті (2008 жылғы 1 наурызда – 49,9 млрд теңге еді) және 2009 жылдың 1- наурызына 54,4 млрд теңге болды.
Қаржы – несие және жүйесінің тұрақтануы мен алдағы дамуы қаржы нарығы инфроқұрылымының дамуына тікелей байланысты болып келеді.
Қазіргі уақытта Қазақстан банктері тұрақтанудағы оңай емес жолдарға қарамастан, тұрақты құрылымды қалыптастырып, әлемдік стандартқа сай етіп және де алдағы уақытта дамуына тура тенденция орындауда.
Екінші деңгейлі банктердің басты әрекетінің негізінде кредит мөлшерлемесін көбейту мақсатымен қаржы ресурстарын пайдалану. Осыдан мемлекеттегі сыртқы экономикалық жағдайдың жақсаруына және инвесторларға кепілдік беру жүйесі қалыптастырылады.
Бүнгі күнде Қазақстанның банктік секторлары толық төлемге капиталданылған.
Ал қазіргі уақытта өзіндік капиталдың сомасы 115,9 млрд теңгені құрап отыр.
Кесте -1 Экономикалық көрсеткіштер
2008 |
2009 |
2010 |
2011 | |
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ), млн. теңге |
2016456,3 |
2599901,6 |
3250593,3 |
3776277,3 |
ЖІӨ, млн. АҚШ доллары: |
16854,4 |
18292,4 |
22153,6 |
24637,1 |
Ресми бағам бойыншасатып алу қабілетініңтепе-теңдігі б-ша СҚТ |
78036,2 |
87597,8 |
101867,5 |
24637,1 |
Нақты көлем индексі, алдындағы жылға пайызбен |
102,7 |
109,8 |
113,5 |
109,8 |
Дефлятор алдыңғы жылғы пайызбен |
113,3 |
117,4 |
110,1 |
|
Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ, теңге |
135080,6 |
174707,7 |
218830,3 |
254221,2 |
Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ, АҚШ доллары |
1129,1 |
1229,2 |
1491,4 |
1658,6 |
Ресми бағам бойынша, СҚТ бойынша |
5227,6 |
5886,4 |
6857,7 |
7591,0 |
Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ, нақты көлем индексі пайызбен |
103,7 |
110,2 |
113,6 |
109,8 |
Доллар бағамы, теңге, 1 АҚШ долларына |
119,64 |
142,13 |
146,73 |
153,28 |
ЖІӨ үшін СҚТ, 1 АҚШ долларына |
25,84 |
29,68 |
31,91 |
33,49 |
Кесте - 2 Экономикалық көрсеткіштері
1. Ақша және қаржы нарығының көрсеткіш динамикасы (соңғы кезеңнің белгілері) |
Кезең |
Өзгеріс % | |
2010 |
2010 |
||
1. Биржалық курс теңге АҚШ долларына |
143,33 |
130,00 |
9,3 |
2. Ақша базасы, млрд. теңге |
316,90 |
577,90 |
82,3 |
3. Айналымы қолма-қол ақша, млрд. теңге |
238,50 |
379,30 |
59,0 |
4. Ақша массасы, млрд. теңге |
971,70 |
1634,70 |
68,2 |
5. Айналымдағы қаржы министрлігінің МОБ, млрд. теңге |
162,70 |
230,50 |
41,7 |
6. Айналымдағы ХБ ноталары |
198,60 |
396,10 |
99,4 |
7. Банк жүйесіндегі депозиттер, млрд. теңге |
731,20 |
1255,40 |
71,2 |
8. Экономикадағы банк кредиттері, млрд. теңге |
978,10 |
1484,30 |
51,7 |
9. Банк жүйесінің активтері, млрд. теңге |
1677,90 |
2689,70 |
60,5 |
Қайнар көзі: ҚР дамуы жайлы дерек. //Егемен Қазақстан. №7.- 19.01.2007. - 3-5 бб.
Қоғамдық өнім құнын бөлуге кредит те қатысады. Әрі қайта бөлгіштік процестер кредит қатынастарының сферасында ағылып жатады. Қаржыдағы сияқты кредит қатынастаында да шаруашылық жүргізуші субъектілерді, халықты, мемлекетті ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелендіру мақсаттары үшін несиелік деп аталатын ақша қорлары қалыптасып, пайдаланылады.
Банктердің ресурстары қайта бөлу стадиясында қалыптасатыны белгілі, яғни кредит бұрын бөлінген құнды бөледі. Кредит қаржы ресурстарын толықтырады және ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесіне мүмкіндік туғызады. Кредиттің көмегімен қаржы ресурстары шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың арасында қайта бөлінеді. Қаржы және кредит күрделі жұмсалымдар мен айналым қаражаттарын қалыптастырудың көздері болып табылады.