Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 14:54, курсовая работа
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы “Қаржы нарығын талдау”. Курстық жұмыстың өзектілігі – қаржы нарығының құрамдас бөліктерін, яғни, ақша нарығын, капитал нарығын, бір жүйеге келтіріп, осы жалпы қаржы нарығын қалыптастырудағы барлық шараларды қолдану, қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Қазіргі қаржы нарықтарының қызмет етуі және әр түрлі қаржы институттарының қызметі. Осы берілгендер қазіргі кезенде Қазақстан экономикасының дамуында өте маңызды болып табылады.
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ
1.1 Макроэкономикалық қаржы саясаты және оның әдістері.........................................................................................................................4
Бағалы қағаздар және Қазақстан Республикасының жағдайы..................11
Қаржы нарығының инфрақұрылымын қалыптастыру ерекшеліктері..........13
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Қаржы нарығын дамытудағы кездесетін қиыншылықтар және оны шешу жолдары......................................................................................................................23
2.2 Қаржы нарығының даму перспективасы...........................................................27
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................32
1. Ақша және қаржы нарығының көрсеткіш динамикасы (соңғы кезеңнің белгілері) |
Кезең |
Өзгеріс % | |
2010 |
2011 |
||
1. Биржалық курс теңге АҚШ долларына |
143,33 |
130,00 |
9,3 |
2. Ақша базасы, млрд. теңге |
316,90 |
577,90 |
82,3 |
3. Айналымы қолма-қол ақша, млрд. теңге |
238,50 |
379,30 |
59,0 |
4. Ақша массасы, млрд. теңге |
971,70 |
1634,70 |
68,2 |
5. Айналымдағы қаржы министрлігінің МОБ, млрд. теңге |
162,70 |
230,50 |
41,7 |
6. Айналымдағы ХБ ноталары |
198,60 |
396,10 |
99,4 |
7. Банк жүйесіндегі депозиттер, млрд. теңге |
731,20 |
1255,40 |
71,2 |
8. Экономикадағы банк кредиттері, млрд. теңге |
978,10 |
1484,30 |
51,7 |
9. Банк жүйесінің активтері, млрд. теңге |
1677,90 |
2689,70 |
60,5 |
10. Зейнетақы қорының активтері |
368,30 |
484,00 |
31,4 |
1.3 Қаржы нарығының инфрақұрылымын қалыптастыру ерекшеліктері
Қазақстан Республикасы экономикасын тұрақтандыру бағдарламасы бойынша толық құқықты рыноктың құрылуы соған сәйкес инфрақұрылым қалыптасуын жүзеге асырады. Оның негізгі элементтері мыналар:
Нарықтағы бағалы қағаздар - бұл тұтынушының (инвестор) бағалы қағаздарды шығарған субъектінің (эмитенттің) капиталын құруына қатысқанының куәсі.
Оларды экономикалық тұрғыда екі жақты көзқараспен сипаттауға болады:
- бағалы қағаз - заңды және жеке тұлғаның, не акционерлік қоғамның капиталына қатынасуына куәлік, заем нысанында ссуда беру;
- бағалы қағаз - бағалы
қағаздар салымшыларына
Занды түрде бағалы қағаздар - салымшылар үшін мүліктік құқықтарды жүзеге асыратын ақшалай құжаттар.
Бағалы қағаздарға қойылатын талаптар:
а) номиналды бағасы болуы керек;
ә) оның айналу мерзімі қойылуы керек;
б) шығындар шартының фискалдық тәртібі қойылуы керек.
Бұл жағдайлар бағалы қағаздар туралы заңда көрсетілген, сондай-ақ мұнда мемлекет тарапынан шығарылатын бағалы қағаздарды бақылау туралы айтылған.
Бағалы қағаздардың нарықтық бағамы пайыз нормасына, төлем мөлшеріне, жұмыс істеу мерзіміне тәуелді.
Бағалы қағаздардың түрлері:
а) қарыздық (мысалы, облигация) - бұл бағалы қағаздардың иесі кәсіпорын емес, кредитор болып келеді. Бұл бағалы қағаздарда номиналды қарызды төлеу міндеттемесі нақты көрсетілген.
Акциялық үлестік - бұл бағалы қағаздардың иесі кәсіпорын -эмитенттін иесі немесе ортақ иесі болып келеді. Бұл бағалы қағаздарда иеленушінің тікелей үлесі көрсетіледі.
Жылдың аяғында
облигация бойынша табыс
Акция иемденушінің құқықтары:
Бірақ банкротқа ұшыраған жағдайда, ең алдымен, сол ұйым кредиторларының, жұмысшылардың, содан сон, барлық акционерлердің қажеттіліктері қанағаттандырылады.
Қаржы нарығына тек қана ұйымдар емес, мемлекет те кіреді.
Мемлекеттік бағалы қағаздарға мыналар жатады:
- қазынашылық вексельдер,
бондар, ноталар.
Бағалы қағаздар нарығы былайша белінеді:
- бастапқы бағалы қағаздар нарығы (бағалы қағаздарды бастапқы орналастыру жүзеге асады).
Бастапқы бағалы қағаздар нарығына қаржы делдалы болып банктер мен инвестициялық компаниялар қатысады. Бастапқы нарықта акциялар мен облигациялар эмиссиялық бағамен орналасады (номиналдан төмен).
Екінші нарық бастапқы иесі қор биржасын облигациялар мен акцияларын өткізген жағдайда пайда болады.
Каржы нарығының институттары - қор биржасы, валюталық биржа, банк жүйесі, сауда биржасы. Қор биржасы - бұл бағалы қағаздардың сатып алу-сату ісі жүретін жер. Бірақ мұнда бағалы қағаздарды бастапқы бөлуі жүргізілуі де мүмкін.
Қор биржасы мәлімдеме сипаты бойынша мынадай түрлерге бөлінеді: а) қор биржасының жабық түрі (оның саудасына биржаның мүшесі ғана қатыса алады).
ә) еркін биржа, бірақ онда мәмілелер маклерлер арасында ғана жасалады.
Мемлекеттік органдардың бақылауында болатын биржалар бар.
Қор биржасының функцияларына мыналар жатады:
а) бағалы қағаздар операцияларын жүзеге асыру;
ә) бағалы қағаздар эмитентіне қосымша қаржы ресурстарын ұсынуы;
б) ақша капиталы иесінің жинақталған ақша қаражаттарын максималды тиімділікпен қолдануға мүмкіндік беру;
в) қоғамдық өндірістің құрылымы мен үйлесімін өзгертуге мүмкіндік беретін қаржылық ресурстарды қайта бөлуді жүзеге асыру.
Бағалы қағаздар екінші нарықта құндық бағамы бойынша сатылады. Номиналдық құн - бағалы қағаздарда көрсетілген құн.
Акциялардың мынадай түрлері болады:
-жай (кәсіпорынның қызмет жетістігіне байланысты табыс береді).
- артықшылықты (облигация сияқты тіркелтен табыс, жиналысқа қатысуға құқық береді).
Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтанған жоспарлы экономикадан жаңа, мемлекет тарапынан реттеліп отыратын нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық құралдармен бірге қаржы және валюта нарығының құрылуын талап етті.
Жалпы, валюта нарығы дегеніміз шетелдік валютаны және шетелдік валютадағы төлем құжаттарын сату-сатып алу жөніндегі әлеуметтік-экономикалық және ұйымдық қатынастар жүйесі.
Қаржы нарығы — құнды қағаздар айналысына байланысты экономикалық қатынастар және мемлекеттің бүкіл ақша қорының жиынтығы. Ол нарық қатынастарының құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, несие, валюта, сақтық және т.б. капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, алтын нарықтарымен байланысты болады. Қазіргі кезде дүние жүзінде АҚШ, Еуропа бірлестігі мен Жапония қаржы нарығының ең үлкен қорларын иемденуде. Ал Қазақстанның нарықтық экономикаға өтпелі кезеңінде оның қаржы нарығының қоры мол, өзінің өркендеуіне жетеді деуге әзірше ерте. Қаржы нарығы б-ріне-бірі байланысты және бірін-бірі толықтырып тұратын, бірақ әрқайсысы өз алдына қызмет жасайтын үш нарықтан тұрады: қолма-қол ақша нарығы, несие капиталының нарығы және бағалы қағаздар нарығы Қаржы нарығының ұғымы көбінесе кең түрде, оған ақша, несие, валюта нарықтары қоса түсіндіріледі. Мұның өзі қаржыны ақшаға тең санат ретінде қарастыратын дүниежүзілік практикаға байланысты.
Қаржы нарығынан айырмашылығы ақша нарығы төлем қаражаттарының нарығы болып табылады, ол қолма-қол ақшаны ғана емес, сондай-ақ қолма-қол емес төлем қаражатгарының, оның ішінде қысқа мерзімді банк несиесін қамтиды.
Несие нарығы банктердің орташа және ұзақ мерзімді несие жөніндегі банктік несие операцияларына байланысты, бұған коммерциялық несие де жатады.
Қызмет жағынан алғанда қаржы нарығы — кәсіпорындардың, банктердің, мемлекеттің құнды қағаздар сату арқылы халықтың уақытша бос қаржысын жинап, қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастар жүйесі.
Нарықтардың барлық түрлерінің өзара байланысы қаржы нарығы болуының шарттарын айқындайды. Оларға мыналар жатады:
Ұлттық банк тағайындайтын пайыздық есептік мөлшерлемесін, коммерциялық банктердің міндетіндегі резерв нормасын белгілеу ақша нарығында операциялар жүргізуі арқылы реттеледі.
Қаржы нарығы қызметінің алғышарттары мыналар болып табылады:
Қаржы нарығының маңызы бос ақша қаражатгарын алып, оларды қайта бөлу есебінен ұдайы өндіріс үрдісіне ықпал етуінен ғана айқындалып қоймайды. Оның қызметі ресурстарды тікелей бөлуге мүмкіңдік береді, тікелей қозғалыс барысында қаржы ресурстарын қайта бөлу түріңде кәсіпорындар арасында тіке байланыс орнайды. Мұның өзі кәсіпорындардың, салалардың, тұтас халық шаруашылығының қаржы жағдайын қаржыны неғұрлым маңызды объектілер мен салаларға аудару арқылы жақсартады.
Қаржы нарығы инфляцияны тежейді, өйткені бюджет тапшылығын жабу үшін үкімет ақша эмиссиясын пайдаланбайды, керісінше, құнды қағаздар шығарады, олар нарықта еркін жүреді және қамтамасыз етумен айқындалады.
Экономикалық реформа үрдісі барысында қор нарығының қалыптасып, жұмыс істеуі экономика дағдарысынан және онымен қабаттасқан инфляциядан болған қиындықтарға кезігуде және әр тұрлі субъектілігіне қарамастан біртұтас байланыстарын ұйымдық-құқықтық формалардың жиынтығын көрсетеді.
Кәсіпкерлер, жалдамалы жұмысшылар, тұтынушылар арасындағы өзара қатанастар осы қатынастарды орнатып және сол арқылы аталған субъектілердің өз іскерлік қызығушылықтарын іске асыруға көмектесетін көптеген аралық формаларға байланысты. Қазіргі рыноктық экономикада осындай формалар (бизнес инфрақұрылымның элементтері) мыналар:
Осы аталған инфрақұрылым элементтері арқасында, бизнес адам арасындағы қатынастық мәдениет түрі болып табылады. Ерекше маңызы бар нәрсе, ол инфрақұрылым әрекеттерінің бизнесмендерге сырттан байланысты болмауының, олар іскерлік қатынастардан шыққан нәтиже.
Инфрақұрылым бірқатар маңызды функцияларды атқарады:
-әр түрлі экономикалық
субъектілердің мамандануы, олардың
жұмысының жылдамдығын және