Каржы нарығының дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 14:54, курсовая работа

Описание работы

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы “Қаржы нарығын талдау”. Курстық жұмыстың өзектілігі – қаржы нарығының құрамдас бөліктерін, яғни, ақша нарығын, капитал нарығын, бір жүйеге келтіріп, осы жалпы қаржы нарығын қалыптастырудағы барлық шараларды қолдану, қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Қазіргі қаржы нарықтарының қызмет етуі және әр түрлі қаржы институттарының қызметі. Осы берілгендер қазіргі кезенде Қазақстан экономикасының дамуында өте маңызды болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ
1.1 Макроэкономикалық қаржы саясаты және оның әдістері.........................................................................................................................4
Бағалы қағаздар және Қазақстан Республикасының жағдайы..................11
Қаржы нарығының инфрақұрылымын қалыптастыру ерекшеліктері..........13

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Қаржы нарығын дамытудағы кездесетін қиыншылықтар және оны шешу жолдары......................................................................................................................23
2.2 Қаржы нарығының даму перспективасы...........................................................27
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................32

Работа содержит 1 файл

Курс Қаржы нарығы.DOC

— 284.50 Кб (Скачать)

Бұдан басқа  қаржы рыноктарын басқа критерийлер  бойынша ажыратады: бағалы қағаздардың түрлері бойынша: акциялар, облигациялар, және т.б. рыногы; эмитенттер бойынша: кәсіпорындардың бағалы қағаздар рыногы, мемлекеттік бағалы қағаздар рыногы; аумақтық, критерийі бойынша: ұлттық, халықаралық, аймақтық; мезгілдері бойынша: қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағалы қағаздардың рыногы; мәмілелердің түрлері бойынша: кассалық, форвардтық және т.с.с; салалық критерийі бойынша.

Бағалы қағаздар рыногының жұмыс істеуі елдің  экономикасында жалған емес нағыз дербестігі бар меншік иелерінің болуымен объективті түрде алдын ала анықталады. Тек осындай тәуелсіз меншік иелері ғана бағалы қағаздар рыногында қаржы ресурстарына деген сұранымды көрсете отырып әрі оларды әр түрлі шығындарға тиімді етіп жұмсауға бағыштай отырып, сауда мәмілелерін жасай алады [1, 405 - 408 бб.].

Қазақстанда қор рыногының қалыптасуы бұрыңғы  КСРО-ның заңнамасы негізінде акционерлік қоғамдар, брокерлік және қор биржалары құрыла бастаған 1991 жылға жатады. Бұл орайда мемлекеттік кәсіпорындардың жекешелендірілуі және акционерлендірілуі шешуші рөл атқарды. Қысқа мерзім ішінде күллі ұлттық шаруашылық кешені заңды түрде экономикалық жағынан өзгеше кәсіпорындарға айналды, олардың көпшілігі нақты иесі бар акционерлік капитал ретінде көрінді. Осының нәтижесінде 2009-2010 жылдары 200 акционерлік қоғамның, соның ішінде 30-ға жуық акционерлік коммерциялық банктің акциялары тіркелінді. Бұл жылдары эмиссияның жалпы сомасы 110 миллиард сом болды. Соның ішінде банктердің үлесі 80 %-ды құрады.

Алайда акционерлік  қоғамдардың, брокерлік және қор  биржаларының ары қарай дамуын нарықтық қатынастардың және құқықтық базаның, сонымен бірге бағалы қағаздардың жұмыс істеу ережесінің қанағаттанғысыз дәрежесі тежеді.

Нарықтық  қатынастардың серпінді даму кезеңі Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комисиясы құрылған 1995 жылдан басталады. 1995 жыдың 19 сәуірінен бастап жаңартылған Қазақстан "таза" қор биржасы - Орталық Азия қор биржасы (ОАҚБ) жұмыс істей бастады. 1995 жылдың 21 сәуірінде "Бағалы қағаздар және қор биржасы" туралы Қазақстан Республикасының заңы бекітілді. Қазақстанда бағалы қағаздар рыногын құқықтық реттеуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасында Мемлекеттік бағалы қағаздарды қалыптастырудың жөне дамытудың бағдарламасы әзірленді. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қарызының ұлттық жинақ облигацияларын шығару, айналысы және өтеу шарттары туралы қағидалар" әзірленіп, бекітілді. 1997 жылдың басынан Қазақстан Республикасының Парламенті бағалы қағаздарды реттейтін үш заң қабылдады, олар: "Бағалы қағаздар рыногы туралы", "Бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеу туралы", "Қазақстан Республикасындағы инвестицияық қорлар туралы" заңдар. 1997 жылдың ортасынан бастап "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" Жабық акционерлік қоғамы құрылды, оның функциясы барлық мемлекеттік және басқа бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін жүргізу болды. Қазақстанның қаржы рыногын мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімділігін арттыру және онда қалыптасқан қатынастарды бағалау мақсатында 2010 жылдың маусымында Президенттің жарлығымен Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы таратылып, оның функциялары мен өкілеттіктері Қазақстанның Ұлттық банкісіне берілді.

Әлемдік қаржы  дағдарысының және экономиканың нақты  секторларындағы өндірістің құлдырауынан туындаған сыртқы және ішкі факторлардың еліміздің бағалы қағаздар рыногына тигізген жайсыз әсеріне қарамастан, ол даму үстінде. Республиканың бағалы қағаздар рыногында жасалып жатқан қадамдар соңғы кездері айтарлықтай белсенді бола түсті.

2009 жылы шілдеде "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы заңының қабылдануы қор рыногында қалыптасқан қатынастарды одан әрі дамыту қажеттігінен туды. Бұл заңның қызмет аясы "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының заңы (2009 жылғы мамырдың 13-і) қабылданғаннан кейін қаржы рыногының қызмет ететін сферасы болып отырған бағалы қағаздар рыногының толыққанды жұмыс істеуіне кең жол ашылып отыр.

Бағалы қағаздар рыногының қалыптасуы алты жылдай уақытты алды және қазіргі уақытта оның мынадай құрылымы қалыптасып отыр:

Бастапқы  рынок

Мемлекеттік емес бағалы кағаздар (МЕБҚ) рыногы:

бастапқы  орналастыру секторы

сатып алу-сату секторы

Корпорациялық облигациялар рыногы

Акциялар  рыногы:

МЕБҚ-мен жасалатын  репо-операциялар секторы

Мемлекеттік бағалы қағаздар (МБҚ) секторы:

МБҚ-ны сатып  алу-сату секторы

Қайталама рынок

Қор биржасы

Биржадан  тыс бағалы қағаздар рыногының баға белгілеу ұйымы

Басқадай  сауда-саттықты ұйымдастырушы.

Бағалы қағаздар — иеленушілеріне мүліктік құқықтар және белгілі бір ақша сомаларын алуға құқық беретін ақшалай немесе тауарлай құжаттар.

Бағалы қағаздардың  бір ерекшелігі ретінде олардың мүліктік сипатын айтуға болады. Яғни бағалы қағаздар міндетті түрде оның үстаушының қалайда бір мүлікке құқылы екендігін куәландырады.

Қаржы нарығы - мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілер және халықтың бос ақша қаражаттары сату және сатып алу объектісі болып табылатын ақша операцияларының ерекше нысаны. Бұл қаражаттар әр түрлі бағалы қағаздардың шығарылуы және айналыста болуы негізінде қалыптасады.

Қаржы нарығының  қатынасушылары:

Жинақтардың, ақша капиталдарының иелері - шығындары банк шоттарында (мемлекеттің, шаруашылық органдарының және халықтың) немесе қолма-қол түрде жинақталған қаражаттарынан кем болған жағдайда ақша қаражаттарын жинақтайтын заңды және жеке тұлғалар. Егер кәсіпорынның бос қаражаттары болса, онда оларды қаржы нарығына орналастыру арқылы табыс алуы мүмкін. Бұл бос қаражаттар мынадай түрде жұмсалуы мүмкін:

  1. банктегі депозиттерге орналастырылады;
  2. басқа кәсіпорынның акцияларын сатып алады;
  3. мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алады (ең сенімді тәсіл);
  4. валютаны сатып алып, валюталық бағамдарда жұмыс жасайды [3, 296 – 302 бб.].

Инвесторлар - шаруашылық жүргізуші субъектілердің, мемлекеттік басқару органдарының қысқа және ұзақ мерзімді қажеттіліктерді жабу үшін бағыттайтын ақша қаражаттары.

Эмитенттер - бағалы қағаздарды шығаратын заңды тұлғалар.

Қаржы нарығының  көмегімен ақша жинақтары арқылы өндірісті дамыту және мемлекеттік, аймақтық мақсатты бағдарламаларды жүзеге асыру үшін инвестициялар тартылады.

Қаржы нарығының  қызмет етуінің объективті алғышарты шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы ресурстарының қолда бар көздері мен қаржы ресурстарын тұтынудың сәйкессіздігі болып табылады.

Қаржы нарығының  функционалдық мақсаты - мемлекеттік органдары мен шаруашылық жүргізуші субъектілерді қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету үшін ақша қаражаттарын шоғырландыру мен қайта бөлуді жүргізу. Қаржы нарығының қызмет етуі мен қалыптасуы келесі экономикалык, құқықтық, ұйымдық факторларға байланысты болып келеді.

Қаржы нарығы  экономиканың дамуына,  материалдық-қаржылық балансты жалпы көлемі мен қоғамдық өндірістік құрылымы бойынша жүзеге асыруға әсер етеді. Оның көмегімен инвестордың салған  капиталынан  максималды  пайда алуын қамтамасыз ететін шаруашылық жүзгізуші субъектілер мен салалар дамиды. Ол ғылыми-техникалық   прогрестің нақты жүзеге асуына әсер етеді. Қаржы нарығы мемлекеттік бюджет тапшылығын өркениетті жолмен жабуға мүмкіндік етеді.   Сондықтан мемлекет  бағалы  қағаздарды  шығарып, оларды сатады. Кез келген экономикалық игілікке тек нарықтық экономика арқылы жетуге болатындығын дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отыр.

Қазақстан экономикасының шаруашылық жүргізудің нарықтық қатынастарына көшуі сатып алу-сатудың нақты объектісі - ақшаның рөлін арттыруды шұғыл қажет етеді.

Ақшаны сатып  алу-сату төлем қаражаттарының, несие ресурстарының және сан алуан бағалы қағаздарының ауқымы зор айналымдарына қызмет ететін нарық шаруашылығының айрықша секторының пайда болуына себепші болады.

Экономикалык  факторлар - экономикада ақша қаражат-сұранысты   туғызып   және   оларды   инвестициялап, тарын жасай алатын нақты жеке меншік иелерінің болуы қаражаттарына нақты сұраныс.

Құқықтық факторлар - нарықтық құрылымның қызметін белгілейтін заңнамалық құжаттар.

Ұйымдастыру негіздері - нарық операцияларын ұйымдастыру нысандары арқылы құрылады (қор биржалары мен банкаралық бірлестіктер). Қор биржаларында жөне банкаралық бірлестіктерде жинактардың иелері, эмитенттер мен инвесторлар, сонымен қатар делдалдар, брокерлер жөне дилерлер қызмет етеді. Брокерлер тек делдалдық операцияларды жүзеге асырады.

Диллерлер делдалдық  операцияларды жүзеге асырады және бағалы қағаздарды сатуға дербес қатысады.

Қаржы нарығы негізінен ұзақ мерзімді сипаттағы  міндеттемелер немесе куәліктер  нарығы болып табылады. Қаржы нарығын кейде қор нарығы деп те атайды. Ақша мен несие нарықтары әдеттегідей айналым активтерінің қозғалысына қызмет етеді.

Қаржы нарығының  құрамы экономикалық тәжірибеде әр түрлі сипатталады: ақша нарығы және капиталдар нарығы ретінде; кейбір кезде ақша нарығынан несие нарығы бөлінеді, яғни айналым капиталдарын толтыру үшін берілетін қысқа мерзімді ссудалар, ал капитал нарығы - негізгі капиталды инвестициялау үшін. Басқа сипаттамаларда ақша нарығы бұл ссудалық капитал нарығының бір бөлігі және мұнда қысқа мерзімді депозит-несие операциялары жүзеге асырылады. Нарықтың интеграциялық түрі бағалы қағаздар нарығы болып келеді, себебі қаржы нарығының құрамдас бөліктерінің жұмыс істеуі бағалы қағаздардың шығарылуы және орналасуымен түсіндіріледі [4, 318-321 бб.].

1.2 Қаржы нарығының экономикалық көрсеткіштеріне  талдау

 

Қазақстан Республикасынның министірлігінің деректері бойынша  2010 жылдың 1 желтоқсанда республикалық бюджет 32,2 млрд. Теңге процентпен орындалды. Барлық түсімдер – 457,6 млрд теңге, соның ішінде салықтан 288,8млрд теңге ( 63 %), салықтан басқалар – 53,8 млрд теңге ( 11,7%), алынған ресми трансферттер – 84,2 млрд теңге (18,4 %). Түсімдер көлемі 2010 жылы тиісті кезкңдегі деңгейден 29,6 %  асып түсті. ( 2010 жылғы 1 желтоқсанда – 353,2 млрд теңге еді), олардың 15,3 % салық түсімдері бойынша ( 2010 жылы 1 желтоқсанда – 250,4 млрд теңге). Салық емес түсімдер көлемі 97,8 % өсті ) 2010 жылғы 1 желтоқсанда – 127,2 млрд теңге). Соның ішінде кәсіпкерлік қызмет пен меншіктен түскен табыс 33,5 млрд теңге 401 есе артық (2009 жылғы 1 желтоқсанда – 8,2 млрд теңге еді). Келіп түскен рәсми тромсоферрер деңгейі 49,3 % жоғары (2009 жылғы 425,7 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 28,5 % артты ( 2009 1 желтоқсанда – 331,4 млрд теңге), соның ішінде экономиканың өндірістік  саласына шығыстар 85,4 % ( 2009 дылғы 1 желтоқсанда – 23,6 млрд теңге), адам көлікпен байланыс салалары бойынша 83 % ( 2009 жылғы 1 желтоқсанда – 10,6 млрд теңге), мемлекеттік қызметтерге – 48,1 % ( 2009 жылғы 4 желтоқсанда – 57,7 млрд теңге) артты.

2011 жылдың 1 наурызында республикасың бюджет 22,4 млрд теңге процентпен орындалды. Барлық түсім – 76,8 млрд теңге, бұл 2001 жылғы тиісті кезеңдегі деңгейден 30,9 % төмен ( 2011 жылғы 1 наурызда – 111,1 млрд  теңге еді). Кредиттерді есепке алғандағы шығындар өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда  9%  өсті ( 2011 жылғы 1 наурызда – 49,9 млрд теңге еді) және 2011 жылдың 1- наурызына 54,4 млрд теңге болды.

    Қаржы –  несие және жүйесінің тұрақтануы  мен алдағы дамуы қаржы нарығы  инфроқұрылымының дамуына тікелей  байланысты болып келеді.

     Қазіргі уақытта қазақстан банктері тұрақтанудағы оңай емес жолдарға қарамастан, тұрақты құрылымды қалыптастырып, әлемдік стандартқа сай етіп және де алдағы уақытта дамуына тура тенденция орындауда.

      Екінші  деңгейлі банктердің басты әрекетінің  негізінде кредит мөлшерлемесін көбейту мақсатымен қаржы ресурстарын пайдалану. Осыдан мемлекеттегі сыртқы экономикалық жағдайдың жақсаруына және инверторларға кепілдік беру жүйесі қалыптастырылды.

Бүнгі күнде Қазақстанның банктік секторлары толық төлемге  капиталданылған: 89,9 млрд теңгеде орындалған банк жүйесінің өзіндік капиталы 2010 жылы

Ал қазіргі уақытта  өзіндік капиталдың самасы 115,9 млрд теңге құрап отыр.

                                     Кесте-1 Экономикалық көрсеткіштер

 

 

2008

2009

2010

2011

Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ),

   млн. теңге

2016456,3  

2599901,6   

3250593,3    

3776277,3

ЖІӨ, млн. АҚШ доллары:

16854,4     

18292,4        

22153,6         

24637,1

Ресми бағам бойынша
сатып алу қабілетінің

тепе-теңдігі 

бойынша СҚТ

78036,2      

87597,8      

101867,5        

24637,1

       Нақты   көлем индексі, алдындағы

жылға пайызбен                                           

102,7         

109,8           

113,5        

109,8

Дефлятор алдыңғы жылғы  пайызбен

113,3        

117,4           

110,1        

 

Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ, теңге

135080,6            

174707,7      

218830,3     

254221,2

Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ, АҚШ доллары

1129,1         

1229,2        

1491,4      

1658,6

Ресми бағам бойынша, СҚТ бойынша

5227,6         

5886,4        

6857,7       

7591,0

Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ, нақты көлем индексі, алдындағы жылға пайызбен

103,7        

110,2                  

113,6      

109,8

Доллар бағамы, теңге,

1 АҚШ долларына

119,64      

142,13              

146,73    

153,28

ЖІӨ үшін СҚТ,

1 АҚШ долларына 

25,84         

29,68                

31,91       

33,49

Информация о работе Каржы нарығының дамуы