Капитал туралы түсінік

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2013 в 19:43, курсовая работа

Описание работы

Резервтік (сақтық, сақтаулы) капитал – келешекте (алдағы уақыттарда) болуы мүмкін зияндармен шығындардың орнын толтыруға арналып кәсіпорынның өзінің таза пайдасынан (табысынан) бөлінген меншіктік капиталының бір бөлігі. Резервтік капиталдың мөлшері мен құрылу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдары мен ұйымның (қоғамның) жарғысында қаралады (көрсетіледі).

Содержание

Капитал туралы түсінік ...........................................................................................1
Жарғылық капитал есебі .........................................................................................3
Жарғылық капиталдағы салым ақша есебі.....................................................9
Резервтік капитал есебі..........................................................................................12
4.1.Заңдармен белгіленген резервтікң капитал есебі.........................13
4.2.Басқада резервтік капитал есебі...........................................................14
Бөлінбеген пайда есебі...........................................................................................16
Капитал қозғалысы бойынша болатын оперециялар есебі....................19
6.1.Толенбеген капитал есебі.......................................................................20
6.2.Қайтарылып алынған капитал есебі...................................................21
6.3.Қосымша төленген капитал есебі.......................................................23
6.4.Қосымша төленбеген капитал есебі...................................................24
6.5.Негізгі құралдарды қайта бағалау оперециясы ...........................25
Қайтарылып алынған капитал есебі.................................................................26
Қосымша........................................................................................................................28
Қорытынды...................................................................................................................29

Работа содержит 1 файл

Menwikti kapital Aizhan.doc

— 233.00 Кб (Скачать)

           Капитал  қозғалысы  бойынша   болатын  опирациялар  есебі.

Капиталдың  қозғалысы  бойынша  операциялардың  дұрыс  көрсетілуінің  маңыздылығы  әрбір  кәсіпорын  үшін  зор  болып  саналады.  Төменде капиталдың  қозғалысы  бойынша  тиісті  опирациялар  көрсетілген.

        Төленбеген  капиталдың  есебі. Төленбеген  капиталдың   есебін  жүргізу  үшін  5110-ші  «Төленбеген капитал » шотын пайдаланады.  Бұл шотта заңды және  жеке  тұлғалардың шаруашылық  серіктестіктің  жарғылық   қорына  қосқан  үлестері  бойынша қарыздарының  сомасы  туралы  ақпарат жинақталады.

          5110 «Төленбеген капитал »   шоты  шоттардың Бас жоспарында,  «Меншік капитал»   ретінде саналса да,  яғни  баланстың   пассивтік шоттарының  қатарында болса да,  ол  өзінің  табиғаты  бойынша   активтік  шот болып табылады.

          Сондай – ақ,  5110  шоты  тек қана  жалған  капиталды көрсетеді,  яғни  ол  бар  болғаны  табыс  табуға  арналған  жалған   капиталдарды  тіркейді  ( акцияларды,  облигацияларды,  кепілдік  парақтарды  т.б.),  демек  сол  капиталдарға  иелік  құқығы  бар  екенін  ғана  білдіреді.

            Жарияланған  (белгіленген  тәртіппен  тіркелген)  жарғылық  қор  сомасына  5110-ші  «Төленбеген капитал » шоты  дебеттеледі де,  50-ші  «Жарғылық капитал»  бөлімшесінің  шоттары  -  5020-ші  «Жай  акциялар»,  5010 – ші  «Артықшылықты акциялар» (Акциянерлік қоғамдарда)  және  5030 – ші  «Қосқан үлестер мен жарналар» ( серіктестіктердің акционерлік қоғамдардан басқа түрлерінде)  шоттары кредиттеледі.

            Жарғылық  қорға  салымдардың   салынуының   жүзеге  асырылуына   қарай   5110 – ші  «Төленбеген капитал » шоты   кредиттеліп отырады,  ал  салым шоттары дебеттеледі: 

        - материалдық  емес  активтерді  жарғылық  қорға  жарна  ретінде   төлеу  кезінде – 2730 шоты

        -   жерді,  негізгі  құралды,  малды,  аяқталмаған  құрылыс   обьектілерін  жарғылық  қорға   жарна  ретінде  төлеу  кезінде – 2410  шоты;

        -   материалдар   мен   тауарларды  жарғылық  қорға   жарна  ретінде   толеу  кезінде  1310, 1320 – 1330  шоттары;

        -  ақшалай  қаражаттарды    жарғылық  қорға  жарна  ретінде  аударған  кезінде – 1010, 1030  шоттары дебеттеледі.

        Егер  де  5110  шотының дебеттік  қалдығы болмаса,  онда  кәсіпорын өзінің   жарғылық  қорын   толығымен қалыптастырғанын  білдіреді.

        5110-ші  шоты  бойынша аналитикалық   есеп  акционерлер  ( қатысушылар,  құрылтайшылар)  бойынша  жүргізіледі.      

         Қайтарылып  алынған  капиталдың  есебі.   Акционерлік қоғам акционерлердің  жалпы жиналысында акциялардың наминалдық   құнын ( бірақ ең  төменгі деңгейден кем болуы керек),  не  жалпы  акцияның  шығарылуы  көлемін  қысқарту  жөнінде  шешім  қабылдауына  құқылы.   АҚ  заң  актілерінде  белгіленген  тәртіп  бойынша,  алдын – ала   өзінің   барлық  кредиторларын  хабардар  етіп  отыруға  міндетті.

         Сонымен  қатар, АҚ – ның кредиторлары   қоғамның  тиесілі міндеттерін орындаудан   бас тартуына  және  олардың шеккен  зияндарының орнын толтыруды талап етуге құқылы.  Егер  мұндай  процедура   оның  жарғысында  алдын – ала қарастырылмаған болса,  онда  олар өз  меншік  капиталын азайту  үшін,  мүдделі адамдардың  берген  отінішінің  негізінде жасалған  сот шешімдері керек.

          Бұл  жағдайда  АҚ  өзінің  акциясын  өз  қызметкерлері   мен  жұмысшыларына  олардың   мүдделігі  мен  ынталылығын   арттыру  үшін  қайта сатады.  Сондықтан өз  акцияларын  нарықтық  айналымға шығарады.

          Қайтарып  алынған  капиталдың  есебін  жүргізу  үшін  5110 – ші  шоты  арналған,  ол  5020  және  5010  шоттарға  қарағанда контрпассивтік  шот болып табылады.

          5110   шоттың  дебеті  акционерлердің  меншігіндегі  акцияларды  қайтып  сатып алынған құнын көрсетеді.  Акцияларды  қайтып  сатып  алған  кезде:  5110  шоты  дебеттеледі  де  және  1030, 1010,  1060  шоттары кредиттеледі.

          Акционерлердің  меншігіндегі  акцияларды  айналыстан  шығару  үшін,  не  болмаса  оларды  қайта  тарату  үшін  акционерлерден  қайтып  сатып  алынады.  Қайтып  сатып  алынған  акциялар  наминалдық  құны  бойынша  да,  наминалдық  құннан  жоғары  немесе  төмен  құны бойынша да  сатып алынуы  мүмкін:

  1. Сатып  алынған  акциялардың  нақты  құны  наминалдық  (атауы)  құнға  тең  болған  жағдайда:  5110  шоты  дебеттеледі де,  және  1030,  1010 шоттары кредиттеледі.
  2. Сатып  алынған  акцияның  құны  наминалдық  құннан  төмен  болған  жағдайда:

        -  сатып алу құнына:

       5110  шоты  дебеттеледі де  және  1030,  1010   шоттары  кредиттеледі;

        -  сома  айырмасына,  яғни  акциялардың   құны  наминалдық  құннан  аз  болған  жағдайда:

              5110 шоты дебиттеледі де  және  5510  «Есептік  жылдағы таратылмаған  табыс»  шоты  кредиттеледі ( яғни  ақша  қаражаттары жеткіліксіз болған  жағдайда  оларға  қосымша қаражаттарды  қосымша қаражаттарды  қосады).

      3.  Сатып   алынған  акйциялардың  нақты  құны  наминалдық  құннан  жоғары  болған  жағдайда:

         -  сатып  алу  құнына:

         5110  шоты  дебеттеледі де,  1030,  1010 шоттары  кредиттеледі;

         - сома  айырмасына,  яғни  акцияның  құны  номиналдық  құнынан   артық  бағаға  сатып  алынған  жағдайда: 

          5510  «Есептік  жылдағы таратылмаған  табыс»  шоты  дебеттеледі  де,  5110  шоты  кредиттеледі.

          Егер  де  акциялар  айналыстан  шығарып  алу  үшін  акционерлерден  қайтып  сатып  алынса,  онда  мынадай  шоттар  кореспонденциясымен  беріледі: 5020,  5010  шоттары дебеттеліп  5110  шоты   кредиттеледі.

          Егер  де   акциялар  одан  әрі  сату   мақсатында  қайтып  алынса,  онда  олардың   наминалдық  құны  5110  шоттың  кредитінен  7470 «Бағалы қағаздарды  сатудан  алған  шығыстары  бойынша»  шоттың  дебетіне  жатқызылады.

           Акциялардың  сатылатын  құнына,  олардың  номиналдық  құнының  мөлшеріне  6280  «Бағалы қағаздарды  сатудан алған табыстары бойынша»  шоты  кредиттеледі  де,  1284  «Басқа  да дебиторлар »  шоты  дебеттеледі.  Егер  де  акцияның  құны  номиналды  құнынан  жоғары  болса  алынған айырма  сомасына  1284  шоты  дебеттеледі де,  5030  «Қосымша  төленген  капитал»  шоты  кредиттеледі.

           Акционерлерден  сатып  алған   акцияларды  сатқан  кезде  қоғамның  жарлық  капиталы  өзгермейді.

           Қоғам  келесі  жағдайларда   акцияны  қайтып  сатып  алуға   құқығы  жоқ:

  • қоғамның  эмитенттелген  акциялары  толық  төленгенге  дейін;
  • қоғамның  шығарылған  (төленген) жарлық  капиталы қайтып  сатып алынған нәтижесінде,  тиесілі   қоғам типтері үшін  шығарылғаны (төленген)  жарлық     капиталының минималды деңгеиінен  кем болса;
  • қоғам  ақцияны  қайтып  сатып  алған  шақта  төлем  қабілеттілігі  жоқ  болса  немесе  акцияны  сатып  алынған соң сондай  жағдайға  тап болатын болса; 
  • ақцияны  сатып  алатын  кезінде  қоғамның  меншік  капиталының  көлемі  қоғамның  жарлық  капиталына   шығарылған  (төленген)  капиталдан  кем  болса.

Қайтып  сатып  алынған  акцияның  сны  бүкіл  қоғамның  шығарған  акцияның  25%         - нен немесе  қоғамның  меншік  капиталының 10% - нен аспауы  керек.

                       Қоғамның  акциясын  сатып   алу  мәселесі   сол  қоғамның  жалпы  жиналысында  шешіледі,  осындай  шешім  шыққан  соң   отыз  күннің  ішінде   аталған  шешімді  жүзеге  асыруына  болады.  Сатып  алынған  акцияны  қоғамның  ұстаушы  реестріне  енгізеді.

                       Қосымша  төленген  капитал  есебі.  Қосымша  төленген  капитал  дегенісіз – акционерлік  қоғам  өз  акцияларын  олардың  атауы  (наминалды) бағасынан  жоғары  бағаға  сату  нәтижесінде  түскен  сомасы  (эмиссиялық  табысы).  Мұндай  капиталдың  (табыстың)  есебі  5030-ші   «Қосымша  төленген  капитал»  шотында жүргізіледі.

                       Өз  меншігіндегі  акцияларды  сатқанда  5030  шоты  кредиттеліп,  мына  шоттар  дебиттеледі:  1030, 1010. 

                       Сатылған  акциялар  бойынша   шоттарды  төлеуге  ұсынған   кезде  сатылған  акциялардың тұрақты құны  1284 – шоттың  дебеті  мен 6280 – шоттың  кредиті  бойынша   көрсетіледі.

                        Қосымша  төленбеген  капиталдың  есебі.  Капиталдың  бұл түрінің есебі үшін  5420-ші  «Қосымша  төленбеген  капитал»   бөлімшесінің  шоттары арналған.  Бұл бөлімшенің   қатарына  мынадай  синтетикалық  шоттар  кіреді:    5420 – ші  шот «Негізгі  құралдарды  қайта бағалаудан  алынған қосымша  төленбеген  капитал» ;  5440 – ші  шот «Инвестицияларды  қайта бағалаудан  алынған қосымша төленбеген  капитал»;  5430 – ші шот «Басқа  да  қосымша  төленбеген  капитал».  5420 – ші  «Қосымша  төленбеген  капитал»    бөлімшесінің   шоттарында  құнсыздануға  байланысты  негізгі құралдарды,  инвестицияларды және  басқа активтерді  қайта бағалаудан  алынған капиталдың  қалдықтары  мен қозғалысы  туралы  ақпарат  жинақталады. 

                      Негізгі  құралдарды  қайта  бағалау  операциялары.  Негізгі  құралдарды,  ұзақ  мерзімге  жалға  алатын  негізгі  құралдарды,  бітпеген  (аяқталмаған)   күрделі  қаржы  жұмсалымдары   мен  жабдықтарды  қоса  алғанда  қайда  бағалау  заңға  сәйкес  негізгі  қорларға  индексация  жасау  тәртібі  мен  ережесін  шаруашылық  субьектісі  өзі  шешуге  құқылы.  Қайта  бағаланған  негізгі  құралға   төмендей   корреспанденция  жасалады.

                     Негізгі  құрклдкарды  (жерден  басқа)  қайта  бағалау  кезінде  2410 – 2931   шоттары  дебеттеліп,  5420  шоты  кредиттеледі,  негізгі құралдардың қайта бағалануына байланысты  олардың  тозу  сомасы  ұлғайғанда  5420  шоты  дебиттеліп,  2420 шоты  кредиттеледі. 

                      Негізгі  құралдардың  құнының   өзгеруіне  байланысты  тозу  сомасына  да  түзетулер  жүргізеді.

                       Қайта  бағаланған  (дооценка)  сомасы  бөлінбеген  табыстар  шотына   ай  сайын  кошірілуі   қажет  және  осы  есептің  дұрыстығын  тексеру  үшін  мынадай  есептеулер  жасалыпады:     

 

Жазбалар  мазмұны

Сомасы, тг

1

Кәсіпорын  2005  жылы  жол тегістегіш машинасын сатып алады делік.Пайдалану мерзімі  8  жыл.

Амартизация  нормасы  12,5%

-машинаның  бірінші  қайта  бағалануына  дейінгі  құны

-1 – ші  қайта  бағалануына   дейінгіесептелінген  тозу  сомасы

 

 

 

12.000

  2.000

2

 

 

 

Қайта бағалау нәтижесінде (01.10.05ж., 01.07.08ж.) машинаның  құны  мен тозу сомасы  төмендегідей  болды:

-жол тегістегіш  машинаның  құны

-машинаның  тозуына  байланысты  есептелген  сомасы

-машинаның  қайта  бағаланған  сомасы(236.390 – 12.000)

- машинаның  қайта  бағаланғаннан   кейін, қалыптасқан  тозу  сомасы (103.539 – 2.000 =101.539), енді  осыдан  машинаны  пайдалану  кезінде  есептелген  тозу  сомасын  шегереміз (64.339 теңге) 

-машинаның  индексацияланған  сомасы  (224.390 – 37.200)

 

 

236.390

103.539

224.390

 

 

  37.200

187.190

3

Машинаның  одан  әрі  қарай  пайдалану  барысында,  яғни  2008 жылдың  1  қаңтарынан  2011 жылдың  маусымына дейінгі кезенд  жыл сайын бөлінбеген  табыстарға  көшірілетін соманың деңгейі мынаған тең (187.190 теңге/4,5 жыл)

 

 

 

41.597,78


 

                      Сонымен,  кестеде  көрсетілген  есептеулердің  қайта  бағаланған  негізгі  құралдың  сомасы  мына  төмендегі  шоттарда   көрініс  табады,  яғни  3 466,48  мың теңгесі 5420  шотының дебетінде және  5510  шотының кредитінде  көрсетіледі. 

                      Қайта  бағалаудың  сомасы  тек  негізгі  құралдардың   обьектісі  есептен  шыққан  кезде  ғана  себебіне  байланыссыз  бөлінбеген  табыстың  сомасына  көшіріледі.

                       Инвестицияны  қайта  бағалаудың  операциялары  бойынша.  Инвестицияларды  қайта  бағалау  белгіленген  тәртіппен  жүргізіледі.  Инвестицияларды қосымша есептеу сомалары  5440 – ші  «Инвестицияларды  қайта есептеуден  алынған қосымша төленбеген  капитал»  шотының кредиті бойынша   көрініс табады:

Еншілес,  тәуелді,  бірлесіп  бақыланатын,  және  басқа  да  шаруашылық  серіктестіктердің  жарғылық  капиталын  қайта  бағалаудан  түскен  инвестицияның  сомасына 

 

2120 – 2310

 

5440

Қаржылық  инвестицияның  қайта  бағалаудан  түскен  сомаларына

 

1150

 

5440

Есептен  шығарылған  ұзақ  мерзімді қаржылық  инвестиция  бойынша  бағаланған  сомасы:

 

5440

 

5510,6280

Информация о работе Капитал туралы түсінік