Капитал туралы түсінік

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2013 в 19:43, курсовая работа

Описание работы

Резервтік (сақтық, сақтаулы) капитал – келешекте (алдағы уақыттарда) болуы мүмкін зияндармен шығындардың орнын толтыруға арналып кәсіпорынның өзінің таза пайдасынан (табысынан) бөлінген меншіктік капиталының бір бөлігі. Резервтік капиталдың мөлшері мен құрылу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдары мен ұйымның (қоғамның) жарғысында қаралады (көрсетіледі).

Содержание

Капитал туралы түсінік ...........................................................................................1
Жарғылық капитал есебі .........................................................................................3
Жарғылық капиталдағы салым ақша есебі.....................................................9
Резервтік капитал есебі..........................................................................................12
4.1.Заңдармен белгіленген резервтікң капитал есебі.........................13
4.2.Басқада резервтік капитал есебі...........................................................14
Бөлінбеген пайда есебі...........................................................................................16
Капитал қозғалысы бойынша болатын оперециялар есебі....................19
6.1.Толенбеген капитал есебі.......................................................................20
6.2.Қайтарылып алынған капитал есебі...................................................21
6.3.Қосымша төленген капитал есебі.......................................................23
6.4.Қосымша төленбеген капитал есебі...................................................24
6.5.Негізгі құралдарды қайта бағалау оперециясы ...........................25
Қайтарылып алынған капитал есебі.................................................................26
Қосымша........................................................................................................................28
Қорытынды...................................................................................................................29

Работа содержит 1 файл

Menwikti kapital Aizhan.doc

— 233.00 Кб (Скачать)

Д – т: «Негізгі  құралдарды  қайта  бағалағаннан  алынған  қосымша  төленбеген  капитал»  шоты,

К – т:  «Есепті  жылдың  бөліндеген  табысы  (жабылмаған  зияны)»  шоты  түрінде;

  –  негізгі құралдардың бұрынғы қайта бағалау кезіндегі анықталған  қосымша құны   шегінде келесі  қайта бағалау кезіндегі оның  құнының азаю  сомасына:

 Д – т:  «Негізгі  құралдарды  қайта  бағалағаннан  алынған  қосымша  төленбеген  капитал»  шоты,

 К – т:  «Негізгі  құралдар»  шоты  түрінде бухгалтерлік   жазулар жазылады.

          «Инвестицияларды   қайта  бағалағаннан  алынған  қосымша  төленбеген  капитал»  шоты  бойынша   шаруашылық   субъектінің   бухгалтерлік  есебінде:

  –  қарнжылық   инвестицияларды   бұрынғы қосымша бағалағанда   алынған сомасы   шегінде   инвестициялардың  кейінгі кездегі құнының төмендеу  сомасына:

Д – т:  «Инвестициялардан  қайта  бағалағаннан  алынған   қосымша  төмендеген  капитал »  шоты,

К – т:  «Қаржылық инвестициялар»  шоты  түрінде;

  –  қабылданған есеп  саясатына қарай есептен шығарылған  ұзақ  мерзімді  қаржылық   инвестициялардың  бұрынғы қосымша бағаланған  сомасына:

Д – т:  «Инвестициялардан  қайта  бағалағаннан  алынған   қосымша  төмендеген  капитал »  шоты,

К – т:  «Бөлінбеген  табыс  (жабылмаған  зиян)»  немес «Құнды  қағаздарды  сатудан  алынатын  табыс»  шоттарының  тиістілері  түрінде жазулар жазылады.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                  

 

Операциялардың  мазмұны

дебиттелетін  шоттар

кредиттелетін  шоттар

1

Үлес  қосушылар  мен  салымшылардың  акционерлік  қоғамның  жарғылық  қорына  қосқан  үлесінің  сомасы

5110

5020,5010,

2

Серіктестіктердің (акционерлік  қоғамдардан  басқа)  жарғылық қорының қосқан  пайлар  және  басқадай  үлестер есебінен  құрылуы (қалыптасуы)

2730,2710,2410,2931,1310,  1320,1330,1060,1030,1010

5030

3

Серіктестіктердің  (акционерлік  қоғамдардан  басқа)жарғылық  қорының  акционерлердің   шығып  кетуі  себебінен  азаюы

5030

2730,2710,2410,2931,1310,1320,1330,1060,1030,1010

4

Кәсіпорынның  өзінің  акцияларының  айналымнан  шығарылғандарының  құнына

5020,501

5110

5

Серіктестіктердің (акционерлерден  басқа) қоғамның  жарғылық  қорына  қосқан  пайлары  және  басқадай  үлестері  қайтарылды

5030

1030,1010,

6

Үлес  қосушылар   мен   құрылтайшылардың  және  басқа  да   салымшылардың   акционерлік   қоғам   жарғылық   қорына   қосуға   тиісті  қарыздары

5110

5020,5010,

7

Жарғылық   қорға  шетелдік  валюта   түрінде   қосуға  тиісті   қарыздардың   оң  курстық   (бағымдық)  айырмашылыққа  байланысты  өсуі

5110

6250

8

Жарғылық  қорға  шетелдік   валюта  түрінде   қосуға  тиісті   қарыздардың  теріс  курстық   (бағымдық)  айырмашылыққа   байланысты  кемуі

7430

5110

9

Үлес  қосушылар   мен   құрылтайшылардың  және  салымшылардың   ақшалай   түрде қосқан  үлес   сомаларының келіп түсуі

5020,501

5110

10

Үлес  қосушылар   мен   құрылтайшылардың  және  салымшылардың акционерлік  қоғамға   материалдық  емес  активтер, негізгі  құралдар,  материалдар,  тауарлар  түрінде   қосқан  үлестерінің кіріске алынуы

2730,2410,2931,1310,

5110

11

Акционерлік  қоғамның  акционерлерден    сатып  алған   өзінің   акцияларының   құнына

5110

1030,1010,

12

Сатылып  алынған   акциялардың   сатып   алу  және  атаулы   құнының   арасындағы   айырмашылығының  сатып  алынған  уақытында   көрсетілуі:                      - егер  акциялар   өзінің   атаулы   құнынан   төмен   бағаға   сатылып   алынса;                                                      - егер   акциялар   өзінің   атаулы   құнынан   жоғары   бағаға   сатылып   алынса

5110                                                                                              5510

5510                                                            5110

13

Өзінің  атаулы   құнынан   жоғары  бағаға  сатылған   акциялардың   айырма  сомасы

1284,1030,1010,

1284,1030,1010,

14

Негізгі  құралдарды   қайта   бағалауға   байланысты  бастапқы   құнының  өсуі

2410,2931,

5420

15

Негізгі  құралдарды   қайта  бағалауға   байланысты  оларға   бұрын есептеліп    жинақталған   тозу   құнының   өсуі

5420

2420

16

Негізгі  құралдардың   пайдалануына   қарай   қайта   бағалау   сомасының   анықталған   көлемде   бөлінбеген   пайдаға  апарылмағаны.

5420

5510

17

Инвесторлардың,  серіктестіктердің  активтерін   қайта   бағалаудың   салдарынан   еншілес   немесе   тәуелді   серіктестіктердің   таза  активтеріндегі  үлесінің   өзгеруіне  байланысты  бастапқы  инвестиция   құнының   азаюына

5440

2120,2130,2310,

18

Қайта  бағалаудың   нәтижесінде алынған   ұзақ   мерзімді   қаржы инвестицияларының   бастапқы   құны   сомасының   өсуі

1150

5440

19

Бұрын  жүргізілген   қайта   бағалаудың   нәтижесінде  ұзақ  мерзімді   қаржылық   инвестициялардың  бастапқы   құнының  өскен  сомасына  бағасының  кемуі

5440

2120,2130,2310,

20

Ұзақ  мерзімді   қаржылық   инвестицияларды   есептен  шығарған   уақытттағы ,  олардың   бұрын  қайта  бағалнаған  сомасы

5440

5510,6280,(8 - ші  және  12 - ші  БЕС сәйкес)


 

                   Жарғылық  капиталдағы  салым  ақша  есебі

              Қазақстан Республикасы  Азаматтық кодексте  шаруашылық серіктестікті қалыптастыру, құқық және  міндеттерінің тәртібі анықталған. АК 58-бабында шаруашылық  серіктестігі  жарғылық  капитал құрылтайшыларының   (қатысушылары) үлесіне  (салым сомасы) бөлінген  комерциялық  ұйым  ретінде  сипатталады,  ал  өзінің  қызмет  процесінде  жасаған, жинаған  немесе  құрған  мүлікжеке  меншігіне  жатады. Шаруашылық   серіктестіктің  жарғылық  капиталдағы  салым  ақшаға  ақшалай  қаражат,  құнды  қағаздар,  мүліктік  құқық,  оның  ішінде  ақыл – ой  меншігі (интелектуальная  собстенность) және  басқа  нәрселер  жатуы  мүмкін.

           Әрбір  шаруашылық  жүргізуші   субьектіні  құру  үшін  құрылтайшылық   құжаттары  болуы  керек.  Құрылтайшылық  құжаттар  нотариалдық  тұрғыда  расталып,  заң  органдарында  мемлекеттік   тіркеуден  өтеді.  Тұрғда  субьект  серіктестік  құрылтайшыларының  салым  ақшаларынан  тұратын  жарғылық  капиталды  жариялайды.  Салым  ақшаны  бағалау  тараптардың  келісімі  бойынша  жүргізіледі  және  тәуелсіз  аудиторлық  тексеруге  жатады. 

   Шаруашылық  серіктестік   мына  формалар  бойынша  құрылуы   мүмкін:   

  • Толық  серіктестік – жарғылық  капиталы  оның  құрылтайшысын  анықтайды,  алайда  заң  актісімен  (АК  64 – бап)  белгіленген  ең  аз  деңгейдегі  мөлшерден  кем  болмауы  керек;
  • Коммандиттік  (сенімге  негізделген)  серіктестік – жарғылық  капиталдың  мөлшері  заң  актілерімен  белгіленген  ең  аз  деңгейдегі  мөлшерден  кем  болмауы   керек.  Салымшылардың  жиынтық  мөлшері  командиттік  серіктестіктің  (АК 74 – бабы)  жарғылық  капиталдың  50% құрылуы  мүмкін;
  • Жауапкершілігі  шектеулі  серіктестік – жарғылық  капиталдың  мөлшерін  серіктестік  құрылтайшылары  анықтайды  және  заңды  белгіленген (АК 78 – бабы) ең  аз  деңгейдегі   мөлшерден  кем  болмауы  керек;
  • Қосымша  жауапкершілікті  серіктестік – жарғылық  капиталдың  мөлшерінің  жауапкершілігі   шектеулі  серіктестігіндей  анықталады,  алайда  бұл  серіктестіктің  жақтаушылары  жарғылық  капиталдағы  өз  салым  ақшаларымен  оның  міндеттері  бойынша  жауап  береді,  ал  бұл  соманың  жетіспеушілігіне  өз  мүліктерінің  еселенген  мөлшерінде  өздерінің  салым  ақшаларына  қосады  (АК  84 – бабы);
  • Акционерлік  қоғам – жарғылық  капитал  барлық  жарияланған  акциялар  шығармаларының    жиынтық  атауы  (наминалдық)  құнына  тең,  алайда  заңда  қарастырылған  ең  аз  деңгейдегі  мөлшерден  кем  болмауы  керек.  Акцияларға  ашық  жазылыс  жарғылық  капиталдың  толық  төлеміне дейін  жеткізілмейді  (АК 88 – бап).

          Акционерлік  қоғамның  жарияланған   жарғылық  капиталдың  ең  аз  деңгейдегі   көлемі – бір   айлық  есеп  көрсеткішінің   50 000  есе мөлшерін  құрайды (13.05.03 ж. № 415 «Акционерлік  қоғамдар  туралы» заңның  10 – бабы)  және  мемлекеттік  тіркеуден  өткен  күннен  кейін  30 күннең  ішінде  төленуі  керек( 11 – бап, 2 – тармақ). Артықшылықты  акцияны  шығару  барлық  жарияланған  акциялардың  жалпы  санның  25 % көп  болмауы  керек  (13 – бап, 2 – тармақ).

  • Еншілес  және  тәуелді  шаруашылық  серіктестігі – жарғылық  капитал  акцонерлік  қоғамдардың  бір – бірімен  өзара  қатысуымен  қалыптасады;
  • Өндірістік  капитал – жарғылық  капитал  кооператив  мүшелерінің  пай  салу  есебінен  қалыптасады (АК 97 – бап);
  • Мемлекеттік  кәсіпорын – шаруашылық  меншік  құқығына  немесе  оперативтік басқаруға  негізделеді ( АК 102 – бап );
  • Коммерциялық  емес  ұйымдар – басқаршылық,  әлеуметтік – мәдени  немесе   коммерциялық  емес  сипаттағы  меншіктенушілермен   құрылатын   және  қаржыландырылатын  ұйым (АК 105 – бап).

          Шаруашылық  жүргізуші  субьекті  жарғылық  капиталға  мүліктік  және  ақыл – ой  (интелектуально)  қызметі  түрінде  қаржылық  салымды  жүзеге  асырса,  басқа   субьектілер  кәсіпкерлік   табыс,  капитал  проценті   мен  өсімін  алу  мақсатында   акция  пакетін  алу  жолымен  бұл  қызметке  ықпал  етіп, бақылау  жүргізеді. Мұндай  салуды  (яғни  салымды)  инвестиция  деп  атайды. Бухгалтерлік  есептің  13  «Шоғырландырылған (консолидированная)  қаржылық  есеп  берушілік  және  еншілес  серіктестіктегі  инвестиция  есебі»  стандартына  және  оның  әдістемелік  ұсынысына  сәйкес – егер дауыс  беру  құқымен  инвестрленген  обьектінің  50 %  акциясынан  көбіне  ие  болса,  онда  бұл  иелену  бақылау  жүргізуге  мүмкіндік  береді.

         Бақылауды   қолына  алған   инвестор  негізгі   серіктестік   деп  танылады,  ал  инвестицияланатын   обьект – еншілес  шаруашылық   серіктестік  болады.

        Егер  басқа заңды  тұлға   оның  дауыс  беру  акциясының  20%  көбіне  ие  болса  (АК  95 – бап),  онда  акционерлік  қоғам  тәуелді  шаруашылық  серіктестігі  деп  танылады.  Басқа  субьектінің  дауыс  беру  акциясының   20%  - тен  азына   ие  болуына  сәйкес  бақылау  бірігіп  жүргізіледі. 

         Салым  ақшаға  кез  келген  актив ( акшалай қаражаттар,  негізгі құралдар,  материалдық емес  активтер,  тауарлы – материалдық қорлар) жатады.

         Мұнда мына  бухгалтерлік  жазбалар  жүргізіледі:

А) жарияланған  жарғылық  капитал  сомасына:

5110 «Төленбеген капитал»  шот  дебеті

            5020 «Қарапайым  акциялар», 5010  «Артықшылығы  бар  акциялар», 5030  «Салымдар   мен  пайлар»  шоттар  кредиті

           Ә) салым  ақша  сомасына:

2730  «Материалдық  емес  активтер», 2410  «Негізгі  құралдар»,  1310                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                             – 1320, 1330 «Тауарлы – материалдық қор»,  1030  «Инвестициялық  валютадағы  ағымдық шоттағы ақша»,  1030 «Ұлттық валютадағы  ағымдық  шоттағы  ақша», 1010  «Кассадағы  ұлттық  волюта  түріндегі  қолма – қол  ақшалар» шоттар  дебеті.

           5110 «Төленбеген  капитал»  шот   кредиті.

           Бухгалтерлік   жазулардың  құжаттық  ресімделуі  салынған  қаражат   түріне  байланысты.  Материалдық  емес  активтер  мен  негізгі  құралдар  түгендеу  карточкасын  ашудағы  негізгі  құралдар  (материалдық  емес  активтер)  қабылдау – табыстау (ауыстыру) Актінің  негізгі  кірістеледі.  Тауарлы – материалдық  қорлар -  материалдың  қоймалық  есеп  карточкаларына  кіріс  ордерімен  енгізілетін  фактура – шотының  негізіне  кірістеледі.  Ақшалай  қаражат  есеп  айырысу  (ағымдық),  валюталық  шоттар  көшірмесінің  негізіне,  қолда  бар  ақша  қаражаты – кіріс  кассасы  ордерінің  негізіне  кірістеледі.

          Шаруашылық  жүргізуші  субьектінің   жарғылық  капиталы  есептік   кезеңнің  соңына  дейін  қалыптасып  болуы  керек. 

         Басқа  субьектілердің  жарғылық  капиталына  өз  қаражаттарын  салушы  жақ  бұл  субьектіге  инвестициялар  жүргізеді.  Олар  былай болуы  мүмкін:

  • Қаржылық – инвестициялық  капиталдан  табыс,  өсім  алу  немесе  басқа  пайдалар  алу  мақсатында  субьект  иемденетін  активтер,  сондай – ақ  пайдаланудағы  жылжымайтын  мүліктегі  инвестициялар ( БЕС ( СБУ) 8 «Қаржылық  инвестиция  есебі»);
  • Еншілес, тәуелді, бірлесіп  бақыланатын  заңды  тұлғаларға  инвестициялар – оған  бақылау  жүргізуді  жүзеге  асырады,  яғни  оның  қызметінен  пайда  алу  мақсатында  инвестицияланған  субьектінің  қаржылық  және  басқа   саясатын  белгілеу  құқы (БЕС 13  «Шоғырландырылған  қаржылық  есеп  беру  және  еншілес  серіктестіктегі  инвестиция  есебі»,  БЕС 14  «Тәуелді  шаруашылық  серіктестігіндегі  инвестиция есебі», БЕС  15  «Қаржылық  есеп  берудегі  біріккен  қызмет   бойынша қатысу  үлесінің  көрінісі »).

          Жарғылық  капитал  мемлекеттік   органдарға  субьектінің  қайта   тіркелуіне  әкеп  соқтыратын  жоғары  немесе  төменгі  жаққа   мына  баптар  бойынша  өзгертілуі   мүмкін:  Азаматтық  Коддекстің  (27.12.94 ж.) 42 – бап,  6 – тармақ ;  74 – бап,  3 – тармақ;  78 – бап,  2 – тармақ;  90 – баптар  жене  «Акционерлік  қоғамдар  туралы» (№415 11  ҚРЗ  30.05.2003 ж.) Заңның  11 – бабы,  3 – тармағы.

Резервтік  капитал   есебі

          Резервтік  капитал – акционерлік қоғамның  және  басқа да  тараптардың табысының есебінен  қалыптасатын  меншік  капиталының бір бөлігі.  Резервтік капитал субьектінің негізгі (оперетивтік)  Қызметінен  алынған зияндарын жабуға  және  ағымдағы  табыс жеткіліксіз болған  жағдайда,  дивиденттерді  төлеуге  пайдаланылады.  Ризервтік  капиталды  құрау  және  оны  пайдалану  құрылтайлық  құжаттармен  және  қолданыстағы  заңдармен  анықталады.  Ризервтік  капитал  жарғылық  капиталмен  және  басқа  да  қаражаттармен   бірге  бухгалтерлік   баланстың  пассивінде  көрініс  табады  және   ол  кәсіпорынның  меншік  капиталы  болып  табылады.

           Ризервтік  капиталдың  есебі  5410 – ші  «Ризервтік  капитал»  бөлімшесінің  мынадай  пассивті  шоттарында  жүргізіледі:  5410 –  ші  «Заңдармен  белгіленген  ризервтік  капитал» .       

         Акционерлік   қоғамдар   мен   басқа  да   ұйымдар   өздерінің   таза   пайдасы   есебінен   жоғарыда   айдылғандай  резервтік   капитал   құрады.   Бұл   резервтік   капиталдың   мөлшері   қоғамның   жарғысында   белгіленеді.   Резервтік   капиталдағы   жинақталған   сома  алдын  ала   болжанбаған   (есептелмеген),  төтенше   жағдайлардан   болатын   шығындарды   жабу   үшін   жұмсалады.  Жалпы   резервтік   капиталдағы   жинақталатын   сомаларды    жұмсау   тәртібі   акционерлік   қоғамының  жарғысында  бекітіледі.  Резервтік   капиталдың   жұмсалуына   байланысты   азаюы   келесі   есепті   кезең   ішінде   қоғамның   жарғысында   көрсетілген   мөлшерге  мөлшерге  тең   етіп   қайта   қалыптастыруды  қажет   етеді.  Кәсіпорындарда  резервтік  капиталдың   есебі   «Резервтік  капитал»  бөлімінің: 

Информация о работе Капитал туралы түсінік