Капитал туралы түсінік

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2013 в 19:43, курсовая работа

Описание работы

Резервтік (сақтық, сақтаулы) капитал – келешекте (алдағы уақыттарда) болуы мүмкін зияндармен шығындардың орнын толтыруға арналып кәсіпорынның өзінің таза пайдасынан (табысынан) бөлінген меншіктік капиталының бір бөлігі. Резервтік капиталдың мөлшері мен құрылу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдары мен ұйымның (қоғамның) жарғысында қаралады (көрсетіледі).

Содержание

Капитал туралы түсінік ...........................................................................................1
Жарғылық капитал есебі .........................................................................................3
Жарғылық капиталдағы салым ақша есебі.....................................................9
Резервтік капитал есебі..........................................................................................12
4.1.Заңдармен белгіленген резервтікң капитал есебі.........................13
4.2.Басқада резервтік капитал есебі...........................................................14
Бөлінбеген пайда есебі...........................................................................................16
Капитал қозғалысы бойынша болатын оперециялар есебі....................19
6.1.Толенбеген капитал есебі.......................................................................20
6.2.Қайтарылып алынған капитал есебі...................................................21
6.3.Қосымша төленген капитал есебі.......................................................23
6.4.Қосымша төленбеген капитал есебі...................................................24
6.5.Негізгі құралдарды қайта бағалау оперециясы ...........................25
Қайтарылып алынған капитал есебі.................................................................26
Қосымша........................................................................................................................28
Қорытынды...................................................................................................................29

Работа содержит 1 файл

Menwikti kapital Aizhan.doc

— 233.00 Кб (Скачать)

       «Заңмен  белгіленген  резервтік  капитал»

       «Басқадай  резервтік  капитал»

- деп  аталатын  шотттарда   есептеледі.

           Резервтік  капитал   ұйымының   таза   пайдасы  есебінен  қалыптасқан  уақытта  бухгалтерлік  есепте:

 Д – т:  «Ағымдағы   жылдың  бөлінбеген  табысы» шоты, 

К – т:  «Заңмен   белгіленген  резервтік  капитал»  немесе  «Басқадай   резервтік  капитал»  деп   аталатын   шотттар   түрінде   жазу   жазылуы  тиіс.

            Ал  кәсіпорынның   резервтік   капиталындағы   жинақталған   сомасы   жұмсалынғанда   бухгалтерлік   есепте:

Д – т: «Заңмен   белгіленген   резервтік   капитал»  немесе  «Басқадай   резервтік  капитал»  шоттарының  тиісті,

К – т:  «Есепті   жылдың   бөлінбеген  табыс (жабылмаған  зияны)»;

«Өткен  жылдардағы   бөліндеген  табыс (жабылмаған   зиян)»;

«Артықшылығы  бар   акциялар   бойынша   есеп   айырысу»  немесе   тағы   да   басқа   шоттардың   тиістілері   түрінде  екі   жақты   жазу   жазылады.

           Акционерлік  қоғамдар  немесе   басқа   да   ұйымдар   өздерінің   тапқан   таза   пайдасының   есебінен   әр   түрлі   бағытттарға   байланысты   қорлар  құруына   болады.   Бұндай  бағытта  құрылған   қор   сомаларын   керекті   уақытында  жұмсағаннан   кейін   қайта   қалыптастыру   кәсіпорын   үшін   міндетті   болып   саналмайды.  Ол  аталған   қорлардың   есебі   «Басқадай   резервтік  капитал»  деп   аталатын   шотта  жүргізіледі.

Заңдармен  белгіленген  резервтік  капитал  есебі. Шаруашылық  жүргізуші  серіктестіктің  (ЖШС, АҚ  және  басқалар)  резервтік  капиталы  құрылтайшылардың  құжаттарында  (жарғысында,  құрылтайшылардың  шарттарында)  белгіленеді,  сондай – ақ    белгіленген  тәртіп  бойынша  мемлекеттік  тіркеуден  өтеді.  Жыл  сайын  түскен  таза  табыстан  аударып  отыру  акционерлердің  жалпы  жиналысында  белгіленеді.  Оның  мөлшері  жарияланған  жарғылық  капиталдың  15% - нан  кем  болмауы  керек. 

          Резервтік  капиталдардың  қалыптастырған  (құрған) кезде 5510  шоты  дебиттеледі де,  5410  шоты  кередиттеледі.

                     Резервтік  капитла  қаражаттарыи  пайдалану  5410 – ші  шоттың  дебиттінен  мына  шоттардың   кредитінде  көрініс  табады:

                     3030,  3397 – артықшылығы  бар   акциялар  бойынша  төлем   жасауға  қажет  қаржысы   болмаған  жағдайда   серіктестіктердің   резервтік  капиталының  ішіндегі  дивидендтердің    есебінен  төлеген  кезде;  5510  - ші  шот  «Есепті  жылдың  бөлінбеген  табысы (жабылмаған  зыяны)»,  5520 – шот «Өткен  жылдаржың бөлінбеген  табысы (жабылмаған  зияны)» - зиян  шеккен  соманы  резервтік капиталдың  есебінен  жапқан  кезде.

         Басқа да  резервтік капитал есебі,  5410 – ші  «Басқа  ба резервтік капитал»  шотында жүргізіледі.  Бұл шотта заң тәртібімен  көзделген ең  төменгі мөлшерден   тыс жасалған  резервтік капиталдар  есептелінеді.

 5410 – шоттың  дебеті  мен кредиті бойынша шоттар  кореспонденциясы  5410 – шоттың  корреспанденциясына  ұқсас.  Бұндай  резервтер  кәсіпорынның  өз  қалауы  бойынша  қалыптастырылады.

 

 

Операциялардың  мазмұны

Дебиттелетін  шот

Кредиттелетін  шот

1

Акционерлік   қоғамның  жарғысында  белгіленген  мөлшерде   резервтік  капитал  сомасының  қалыптасуы

5510

5410

2

Акционерлік   қоғамның  жарғысында  белгіленген  мөлшерден  артық  резервтік  капитал  сомасының  қалыптасуы

5510

 

3

Кәсіпорынның  ағымдағы  жылда  пайда  таппауына  немесе  тапқан  пайдасының  жетіспеуіне  байланысты  ртықшылығы  бар  акциялар  бойынша  девидент  төлеу  үшін  жұмсалған  резервтік  капитал  сомасы

5410

3030,3397,

4

Кәсіпорын  есепті   кезеңдегі   немесе  алдыңғы  (өткен)  жылдағы  жабылмаған  зияндарын  жабуға  жұмсалған  резервтік  капитал  сомасы

5410

5510,5520,

5

Ағымдағы  жылғы  зиянды  жабуға  бағытталған  резервтік  капитал  сомасы

5410

5510

6

Өткен  (алдынғы) жылдың  жабылмаған  зиянын  өтеуге  бағытталған  резервтік  капитал  сомасы

5410

5520

7

Акционерлердің  қабылдаған  қаулысына  сәйкес  резервтік  капиталдың  сомасы  есебінен  субьектінің  жарғылық  капиталын  арттыруға  бағытталған  сома

5410

5020,5010,5030,


 

          Резервтік  капитал  құрылтайшылық   құжаттарға  сәйкес  акционерлік  қоғамды өз  калауынша  құрады. Оны  басқа  ұйымдар да   құруы  мүмкін. Акционерлік  қоғамдағы   резервтік  капитал  залалдарды  жабуға,  сондай – ақ  қоғамның  облигациясын  жабуға  және  басқа  қаражат  болмаған  жағдайда  акцияны  сатып  алуға  арналған.  Серіктестікте  резервтік  капиталды  пайдалану  бағыттары  жарғы бойынша анықталады.

        Резервтік  капитал  жыл   сайынғы  таза  табыстан  аудару  жолымен  құрылады.

        Жыл  сайынғы  аудару  мөлшері   акционерлердің  жалпы  жиналысында   белгіленеді.

       Резервтік   капиталды  пайдалану  жағдайында  көрсетілген  шамаға  дейін  оны  толтыру  үшін  аударым  жаңғыртылады.

       Резервтік   капиталдың  қолда  бар  ақшасы  мен  қозғалысы  туралы  ақпаратты   алу  үшін  5410 «Резервтік  капитал»  бөлімше  шоты  пайдаланылады.

       Резервтік   капиталдың  құрылуы:

5510  «Бөлінбеген   табыс (жабылмаған залал)» шот   дебеті

       5410 «Құрылтайшылық құжаттармен белгіленген резервтік капитал»  шот кредиті

       5460 «Басқадай  резервтік  капитал»  шот кредит

Резервтік  капиталдың  құрылуы:

            а) Құрылтайшылардың  шешімі  бойынша   резервтік  капитал  (қатысушылар)  есебінен  төленген  есептелген  дивиденттер  (үлесақы)  сомасына:

5410 «Резервтік  капитал  »  шот  дебеті

       3030 «Артықшылығы  бар  акциялар  бойынша  есеп  айырылысу», 3030 «Қарапайым  акциялар  бойынша  есеп  айырылысу»;  3030 «Қатысушылар  табысы  бойынша  есеп  айырылысу»  шоттар  кредиті.

           ә) резервтік  капиталдың  қаражат   есебінен  жабылған  залал   сомасына:

5410 «Резервтік  капитал»  шот  дебиті

         5510 «Бөлінбеген  табыс  (Жабылмаған  зиян) есептік  жылдың»,  5520 «Бөлінбеген   табыс  (Жабылмаған  зиян) өткен  жылдың»  шоттар  кредиті.

Бөлінбеген  пайда (жабылмаған  зиян) есебі

Кәсіпорынның  қорытынды   табысынан   бюджетке   төленетін   салықтарын   салықтарын   және   табыстың  есебінен   өтелетін   басқадай   шығындарды   төлегеннен   қалған   сомасы   есепті   жылдың    «бөлінбекен  пайдасы  (жабылмаған  зияны)»  болып   табылады.  Ұйымдарда   «бөлінбеген  табыстың (жабылмаған  зиянның)» есебі:

  • «Есепті   жылдың   бөлінбеген   табысы (жабылмаған  зияны)»;
  • «Өткен  жылдардағы  бөлінбеген  табысы  (жабылмаған  зиян)»
  • деп  аталатын   шоттарда   жүргізіледі.  Бөлінбеген  пайда  көбейгенде   (келіп  кірістелгенде)  «Есепті   жылдың  бөлінбеген  табысы  (жабылмаған   зиян)»шотты  кредиттелінеді. Ал  керісінше   бөлінбеген  пайданың   жұмсалуы   немесе   осы   жылғы   шекккен   зиян   «Есепті   жылдың   бөлінбеген  табысы  (жабылмаған  зиян)»  шотының   дебитінде   жазылады.

Мысылы:

         -   есеп  беретін  жылғы   шаруашылық   субьектісінің   шеккен  қорытынды  зиянның   сомасына:

 Д – т: «Есепті жылдың   бөліндеген  кірісі  (жабылмаған   зиян)» шоты,

 К – т:  «Жинақтық  кіріс(зиян)»  шоты   түрінде  бухгалтерлік   жазу   жазылады.

         -  ұйым  өзінің   кіріс   есебінен   резервтік   қор   құрған   уақытта  оған  тиісті   сомаға:

 Д – т: «Есепті жылдың   бөліндеген  кірісі  (жабылмаған   зиян)» шоты,

 К – т:  «Заңмен   белгіленген   резервтік   капитал» немесе «Басқадай   резервтік  капитал»  шоттарының  тиістісі,   түрінде   бухгалтерлік   жазу   жазылады.

          -  Акционерлік  қоғамның   (кәсіпорынның)  акционерлерге   (серіктестіктерге)  дивиденд   ретінде   төлейтін   немесе  төлекен   сомасына:

Д – т: «Есепті жылдың   бөліндеген  кірісі  (жабылмаған   зиян)» шоты,

К – т:  «Артықшылығы   бар  акциялар  бойнша  есеп   айырысу»,

                      «Орындалатын   жұмыстар  мен   көрсетілетін  қызметтер  үшін  алынған  аванс»  және  тағы  да  басқа   щоттарының   тиісті   түрінде   бухгалтерлік  жазу   жазылады.

         -  Акционерлерге  (серіктестерге,  қатысушыларға)  девиденттерді   төлегеннен  қалған   есеп   беретін   жылдың   бөлінбеген  кірісі  сомасына:

Д – т: «Есепті жылдың   бөліндеген  кірісі  (жабылмаған   зиян)» шоты,

К – т:  «Өткен  жылдың  бөлінбеген   кірісі (жабылмаған  зияны)»  шоты  түрінде   бухгалтерлік  жазу   жазылады.

          Жалпы  акционерлік  қоғамның  немесе   қандайда   бір   кәсіпорынның  құрылғаннан  бастап   жұмаслмаған  (бөлінбеген) таза   пайдасы  оның   капиталы  болып   саналады.  Кез  келген  кәсіпорынның   меншікті   капиталының   жалпы   сомасы,   яғни   барлық   активтерінің   сомаларының   қосындысынан   алып    тастағандағы   қалған  сомасы   кәсіпорынның  немесе   акционерлік   қоғамның   жарғысынада   белгіленген   жарғылық   қордан  кем  болған  жағдайда   ұйымның   қызметінің   рентабельділігінің   төмен  екендігін  көрсетеді.  Бұндай  жағдайда   кәсіпорынның  жарғылық  қорының  мөлшері  қайта  қаралуға  тиісті.

       Есепті   жылдың   соңында  барлық   кәсіпорындардың   бухгалтериясында   жетінші  «кірістер»  және   сегізінші   «шығыстар»   деп   аталатын  бөлім  шоттары   «жиынтық   кіріс (зиян)»  деп   аталатын   шотпен  жабылуы  тиіс,  яғни   бұл  шоттарда  қалдық   қалмайды.  Жоғарыда  аталған   жетінші   бөлім   шоттары  жабу  барысында  бухгалтерлік  есепте  жетінші  «кірістер» деп аталатын  бөлім   шоттары   дебиттелініп,  «жиынтық  кіріс(зиян) » деп аталатын   шот   кредиттелінеді. Ал  сегізінші бөлім шоттарын  жабу   барысында бухгалтерлік  есепте  «жиынтық   кіріс (зиян)» деп аталатын  шот   дебиттелініп,  сегізінші   «шығыстар»  деп   аталатын   бөлім шоттары кредиттелінеді.  Осы операциялардың   қорытындысы бойынша «жиынтық  кіріс (зиян)»   деп   аталатын  шоттың  дебиті  мен кредитіндегі  сомалар салыстырылып,   егер  дебитіндегі сома  артық болған  жағдайда  кәсіпорынның   ағымдағы  жылы   өзінің   істеген  жұмысының   қорытындысы  бойынша  пайда  тапқандығы  болып   табылады.

         Егер   кәсіпорын  зиян   шексе   жылдың   аяғында 

«Есепті   жылдың  бөлінбеген  кірісі (жабылмаған  зияны)»  деп    аталатын   шот  дебиттелініп,

«Жиынтық  кіріс (зиян)» - деп  аталатын   шот   кредиттеледі.

 Ал  егер  кәсіпорын   пайда  тапқан  болса:

 «Жиынтық  кіріс  (зиян)» - деп  аталатын  шот   дебиттелініп,

 «Есепті   жылдың  бөлінбеген  кірісі (жабылмаған  зияны)»  деп    аталатын   шот кредитінде.

 

Операциялардың  мазмұны 

Дебиттелетін  шот

Кредиттелетін  шот

1

Кәсіпорынның  бөлінбеген  табысы  есебінен  акционерлік  қоғамның  жарғысында  белгіленген  мөлшерде  резервтік  капиталға  бөлінген  сома

5510

5410

2

Кәсіпорынның  бөлінбеген  табысы  есебінен  акционерлік  қоғамның  жарғысында  белгіленген  мөлшерде  артық  резервтік  капталға  бөлінген  сома

5510

5410

3

Кәсіпорынның  есепті  кезеңдегі  немесе  алдыңғы  жылдардағы  жабылмаған  зиандарын  жабуға  жұмсалған  резервтік капитал сомасы

5410

5510,5520,

4

Есепті  кезеңнің  соңында  кәсіпорынның   бөліндеген  табысына  жатқызылатын  таза  табысы  сомасы

5510

5510

5

Есепті  кезкңтің  соңында  анықталған  кәсіпорынның  шеккен  зиян  сомасы

5510

5510

6

Ағымдағы  жылғы шеккен  зиянды  жабуға  бағытталған резервтік капитал сомасы 

5410

5510

7

Негізгізгі  құралдардың  белгіленген  әдісіне  сәйкес  есептелген  амортизация  сомасының  қайта   бағалауға  байланысты  бөлінбеген  табысқа  жатқызылғаны 

5420

5510

8

Өткен  жылғы  акционерлерге  дивидент  төлегеннен  қалған  бөлінбеген  табыс  сомасы  ағымдағы  жылдың  бөлінбеген  табысына  аударылды 

5510

5520

9

Кәсіпорынның  өткен  (алдыңғы)  жылдағы  жабылмаған  зиянын  өтеуге  бағытталған  резервтік  капитал  сомасы

5410

5510

10

Кәсіпорын  есепті  жылы  шеккен  зиянның  сомасы  алдағы  кезеңде  өтелуге  қалдырылды

5510

5510

11

Кәсіпорынның  ағымдағы  жылда  өнімдерді (тауарларды)  сатудан,  қызметтерді  көрсетуден,  негізгі  құралдарды  материалдық  емес  активтерді,  құнды  қағаздарды  сатудан  және  девидент  түрінде  алған  табыстарының  сомасына

6010,6210 - 6280,7510,7620

5510

12

Кәсіпорынның  ағымдағы  жылда  көрсеткен  қызметтерінің,  сондай - ақ  сатқан  тауарларының,  негізгі  құралдарының,  материалдық  емес  активтерінің,  құнды  қағаздарының  өзіндік  құнына

5510

6020,6030,7010,7110,7210,7310,7410,7430,7470,7710,7620

Информация о работе Капитал туралы түсінік