Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2012 в 08:24, реферат
Дәріс 1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық астары.
Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі.
Экономиканы мемлекеттік реттеу объектілері.
Экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттары, принциптері және тиімділігі.
3. Үйлесімдік құрылымға мемлекеттік ықпал ету әдістері
Дағдарыс жағдайында үйлесім құрылымына мемлекеттік ықпал етудің барлық әдістері пайдалануы тиіс. Шартты түрде оларды жанама және тікелей деп атауға болады.
Қаржылық және ақшалық реттеудің жанама әдістері өзіне салықтық және кредиттік саясатты қосады.
Салықтық саясат басты назарды салықты жинауға, өтелім сая-сатына (өтелім мөлшерін белгілеу, өтелім аударымын индекстеу, тездетілген өтелім) бағыттайды. Кредит саясаты - мөлшер есебін, кредитті шектеу немесе өктемдік беру, мемлекет кепілдігін реттеуге бағытталады.
Одан
басқа кеден саясаты, бағаны реттеу
маңызды рөл аткарады.
Тікелей мемлекеттік қаржылық реттеу бюджеттік инвестицияны, қаражаттандыруды, субвенцияны (жәрдем қаржы) және аумақтың дотациясын (демеу қаржы), сондай-ақ тікелей ықпалды басқа шараларды бөлуде көрінеді.
Мемлекеттік құрылымдық саясатты жүргізу келесі тұжы-рымдық негізде (көзкараста) болуы тиісті.
1. ЖІӨ
құрылымы, секторлық құрылым,
Тұрақтылық, алдын ала болжау және өндіріс өсуін ынталандыруды құру.
2. Сұраныстың көбеюін шетелдік экспорттаушылар емес, отандық өндірушілер пайдалануы үшін, іріктеу қолдампаздығы жүйесі қызмет істеуі тиіс.
3. 5-10
жылға даму болжауы мен
4. Құрылымдық қайта құру түрлерін таңдау: бірінші түрі машина құрылысы мен құрылыстағы инвестициялық кешеннің басымды салалары санатында қарастырылады; екінші түрі бойынша мұнай-газ өндіру басымдылық алады, ал басымды колдануды - кен өндіру саласындағы ресурс сақтайтын технология алады.
Сөйтіп,
экономикалық құрылымды өзгертуу бойынша
мем-лекеттік саясат ғылымды қажетсінетін
салаларды қамтамасыз етуге (оның ішінде
қорғаныс кешені шеңберінде), сондай-ақ,
қазақстандық экономикадағы оның құрылымындағы
тұтыну секторындағы үлесін елеулі көбейтуге
көмектесетін, салалардың дамуына бағытталады.
4. Инвестициялық құрылымның қайта құрылуының басымдылығы. Кластерлі өндірістік жүйелердің қалыптасуы
Әзірленген инвестициялық бағдарлама туралы айтсақ, онда инвестор тек мұнай-газ және тау-металлургиялын ғана емес, сонымен бірге экономиканың басқа да саласына шын көңілмен қолайлы жағдай жасауға бағытталған салым салуды бастайды.
Мемлекеттік инвестициялық қолдау өзара байланысты және өзара тәуелді өндіріс топтарына керсетілетін болады.
Кластер ағылшын тілінен аударғанда -«ұйысқан» деген , мағынаны білдіреді. Кластерлер — бұл аз аумағының шағындығына қарамастан, халықаралық еңбек бөлінісінде алдыңғы жайғасымда орналасқанын және экономикалық маманданғанын көрсете отырып, өзінің жақын орналасуын пайдасына шешетін, бәсекелестікке қабілетті компаниялардың және жеке салалар шеңберіндеші кәсіпорындардың өзара байланысты топтары.
Қазакстанға кластерлік өндірістік жүйені қалыптастыру мақсатында экономика құрылымын талдау мәселесі тұр. Мемлекет экономиканың бәсекелестік қабілетінің өсуінің катализаторы ретінде көрінеді және өндірістің, осы міндетке сәйкестігін құруды ұсына отырып, маңызды рөл атқаруы тиісті.
Бір ел экономиканың барлық аясында мамандана алмайды, және оны бастау үшін әлем рыногынде көрсете алатын сол брендтерді анықтауы қажет. 2004 жылдың шілдесінде «Қазақстан экономикасын экономиканың мұнай-газ шығаратын саласындағы кластерді дамыту арқылы әртараптандыру» жобасының басталуына негіз жасалынды. Жобаның тапсырысшысы – республиканың үкіметі болса, осындай стратегияны жүзеге асыруда тәжірибесі бар, «JE Austin» және «Econmic Competitiveness Qroup» (ЕСQ) американдық консалтингтік компаниясы орындаушы болды. Жобаның басты мақсаты - өндірісті өсіру мен қосымша құнның үлкен үлесімен өнімдерді экспорттауға басымдылықты кен шығарушы саладан кен шығармайтын саланы ығыстыруы және соңғы саланың өнімділігін арттыру.
Сарапшылар
қазақстандық экономиканың жүзден астам
секторындағы рынокты, сұранысты, ұсынысты
және даму болжамын тартымды көзқарас
тұрғысынан талдады. Қорытындысында, жеті
басымды бағыт таңдалды: туризм, мұнай-ғаз
машина құрылысы; тамақ өнеркәсібі, жеңілөнеркәсіп,
көлік, металлургия, құрылыс материалдарын
шығару. Бұл рыноктың сараланымы «шикізаттық
салада елдің экономикасының ұзак мерзімді
мамандануын анықтайды.
Дәріс 10. Жер ресурстарын тиімді пайдаланудағы мемлекеттік шаралар жүйесі.
1. Экономиканың аграрлық секторының ерекшеліктері. Ауыл шаруашылығындағы нарықтық қатынастарды мемлекеттік реттеудің объективтілік қажеттілігі
2. Қазақстан Республикасының агроазық түліктік кешенінің дамуы.
3.
АӨК қолдау бойынша
мемлекеттік шаралар
жүйесі
1. Экономиканың аграрлық секторының ерекшеліктері. Ауыл шаруашылығындағы нарықтық қатынастарды мемлекеттік реттеудің объективтілік қажеттілігі
Ауыл шаруашылығынан халық шаруашылығының көптеген салаларының өндірістің ерекшелік жағдайында айырмашылығы бар: жер - өндірістің негізгі қоры; жұмыс маусымдық сипатта болады; еңбек үдерісі жанды организммен байланысты; жұмыс кезеңі өндіріс кезеңімен сәйкес келмейді; инвестцияны жүзеге асыру мен тиімділікті алу арасында уақыт бойынша елеулі лаг (айырмашылық) бар; оның бағасына байланысты өнімге сұраныс үйлесімді емес; жоғары капитал және энергия қажеттілігі; төмен пайдалылығы және ақыр соңында табиғи-климаттық жағдайға қатаң тәуелділігі.
Дамыған елдерде, атап өтілгендей, аграрлық секторды рынок заңы бойынша емес, салықтық қолдау түріндегі тікелей және жанама қаржы бөлетін, қолдампаздық саясат жүргізетін және арнаулы әр түрлі тұтқаларды пайдаланатын мемлекет реттейді.
Рыноктық қатынастарға өтумен байланысты, өзгерістер үдерістері жағдайындағы ең кері көріністі өзгерістер аграрлық секторда өтті.
Бір жағынан, мемлекеттің өтпелі кезеңде саланы қажетті деңгейде қаржыландыру үшін жеткілікті ресурстары болмады. Екінші жағынан, заң базасының жетілдірілмегенінен, бар заңдар мен бағдарламалардың тиімсіздігінен, мемлекеттік шаралардың жүйелі болмауынан, реформалардың негізсіз асығыс тездетілуінен проблемалар туындады. Өтпелі кезеңдегі қиын жағдай бюджеттік қаржыландырудың қысқаруы мен аграрлық секторды реформалаудың тиімді бағдарламасының болмауынан маңызды саланың нашарлауына және тұралауына әкелді.
Аграрлық секторды реттеуді аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің (АӨК) дамуымен байланысты қарастыру қажет.
АӨК үш қызметтік аяны біріктіреді:
I - ауыл шаруашылығы үшін өндіріс құралдарын шығаратын және соған сәйкес қызмет көрсететін қор құраушы салалар.
II - ауыл шаруашылығы (өсімдік және мал шаруашылығы)
Ш-дайындауды, сақтауды, ауыл шаруашылығы шикізаттарын өңдеуді және АӨК соңғы өнімдерін өткізуін қамтамасыз ететін салалар мен өндірістің жиынтығы.
Агроөнеркәсіптік кешенде негізгі мәселелерді шешу бірқатар әлеуметтік мәнді міндеттерді орындаумен байланысты.
Біріншіден,
елдің азық-түлік
Екіншіден, тұрғындарының 45 пайызы ауылды жерде тұратын ел үшін, ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту ауылдық жерде жұмыссыздық проблемасын шешеді. Жұмыспен қамтамасыз етудің жоғары деңгейі, тұрақты табыс әлеуметтік тұрақтылыққа көмектеседі. Сонымен бірге, мемлекетте ауылдың әлеуметтік проблемаларын шешуді мойнына алуға ресурстар жеткілікті емес, ол ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту үшін жағдай туғызуы қажет.
Үшіншіден, ауыл шаруашылығы саласын дамыту нәтижесіндегі барлық экономика үшін елеулі мультипликативті әсерді есепке алу керек. Ауыл шаруашылығы жоғары деңгейде астық пен ет өндіруші, ішкі сұраныстың қуат көзі болып табылады. «Жаңа өнеркәсіп саясатын» жүргізу барысын талдау, ауыл шаруашылығының құлдырауы мен төлеу қабілетінің жоқтығы өнеркәсіптік саланың тұрақтануын (машина құрылысы, химиялық, жеңіл, тамақ, мал азықтарының) және тұрақты өсуге көшуді тежейді. Ауыл шаруашылығының дамымаған жағдайында, онымен ілеспелі салалардың көтерілуі мүмкін болуы екіталай. Яғни, саланы мемлекеттік қолдау елдің үдемелі экономикалық дамуына тұтастай маңызды.
Төртіншіден, Қазақстанның ауыл шаруашылығын дамыту және отандық өнімдерді сыртқы рынокқа шығару үшін, барлық қажетті табиғи ресурсы бар. Келешекте сала нақты валютаның шынайы және елеулі көзі бола алады. Ол үшін мемлекет өнімнің бәсекеге қабілетті түрлерін көтеруге, республиканың ішкі және сыртқы рыногында көліктік байланыстар проблемасын шешуге барлық жағдайды қамтамасыз етуі тиіс.
Көріп
отырғандай, ауыл шаруашылығы саласының
дамуы елдің тұтастай экономикалық дамуы
үшін маңызды. Агроөнеркәсіптік кешен
экономикалық өсудің, елдің сауда және
төлем балансының жақсаруына қосымша
негіз бола алады.
2. Қазақстан Республикасының агроазық түліктік кешенінің дамуы.
Қазақстан
Республикасының
Егістік жерлерді сауатсыз пайдалану оның өнімділігін төмендетіп, 70-жылдары аумақтың бірқатар жерлерінің батпақтануы мен бұлінушілігіне әкелді. Арал теңізі су ресурстарын ұтымсыз пайдаланудың мысалы бола алады.
Республикадағы жер өңдеудің тәуекелді аймағы аграрлық секторға елеулі салымды қажет етеді.
Әлеуметтік инфрақұрылымның артта қалуы, жастардың, көбірек білімді және еңбекке қабілетті тұрғындардың ауылдан көшуі, еңбектің техникалық қарулануының төмендігі аграрлық секторды елеусіз экономика секторына айналдырды.
Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бастап, басқа кеңестік мемлекеттер тәрізді, экономиканы модернизациялауға және халық шаруашылығының барлық секторын реформалауға көшті. Бұл уақыт меншіктің және АӨК-тегі бизнес калыптасуының жаңа нысанын сипаттайтын ауыл шаруашылығының даму сатысының қалыптасу кезеңі болды.
Аграрлық реформаны жүзеге асыру барысында меншіктің көп жақтылығына негізделген жаңа құрылым жасалды. Ауылшаруашылығы және өңдеуші кәсіпорындардың көпшілік бөлігі жаңа ұйымдастыру нысанында ауыл шаруашылығы өнімдерін негізгі өндіруші болып табылатын акционерлік қоғамдар және серік-тестіктер, өндірістік кооперативтер, шаруа қожалықтары, мемлекеттік кәсіпорындар болып қайта құрылды.
Алайда, кез келген түбегейлі қайта құру мемлекет экономикасы үшін ауыртпалықсыз өтпейді. Көп жылғы аймақаралық және салааралық шаруашылық байланыстарды бұзу ауыл шаруашылығын дағдарысқа тіреді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің құлдырауының себептері ауыл шаруашылығының аумақтық және салалық ерекшеліктерін ескермей, жеделдетіліп, ойластырылмай жасалған жекешелендіру болды.
Ауыл
шаруашылығы салаларындағы
Ауыл
шаруашылығын реформалаудың келесі
негізгі сатыларын бөліп
Информация о работе «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша дәріс кешені