«Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша дәріс кешені

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2012 в 08:24, реферат

Описание работы

Дәріс 1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық астары.
Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі.
Экономиканы мемлекеттік реттеу объектілері.
Экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттары, принциптері және тиімділігі.

Работа содержит 1 файл

экономиканы мемлекеттік реттеу мәселелері.doc

— 565.50 Кб (Скачать)

      Нақты ЖІӨ - бұл бағаның өзгерісті есебіндегі көлемі, яғни салыстырмалы бағадағы (базистік) ЖІӨ.

      Инфляцияның жоғары қарқыны жағдайындағы базистік кезең дегі баға өткен кезендегі баға болып табылады:

      Нақты ЖІӨ = Атаулы ЖІӨ / тұтыну бағасының  индексі

      Немесе 

         Нақты ЖІӨ = Атаулы ЖІӨ / ЖІӨ дефляторы

      Тұтыну  бағасының индексі шығарылатын  ЖІӨ-нің құрылымын сақтау кезіндегі, белгілі бір уакыт кезеңіндегі, жеке тұтынушымен сатып алынатын өнімге бағаның өзгерістерін көрсетеді.

      ЖІӨ -нің дефляторы — үй шаруашылығы  өнімдеріне ғана емес, мемлекеттік кәсшорындардың өнімдеріне бағаны қосатын, бағаның екінші индексі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  Дәріс 6. Экономиканы мемлекеттік реттеу қызметінің басты сатысы әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау, бағдарламалау және болжамдау 

  6.1. Мемлекеттік экономикалық бағдарламалау. Экономиканы мемллекеттік реттеудің әдістері мен нысаны

  6.2. Болжамдау және  индикативтік жоспарлау.

  6.3. Мемлекеттік реттеудің  теориясы мен тәжірибесі  және шет елдердегі  индикативтік жоспарлау 

1. Мемлекеттік экономикалық бағдарламалау. Экономиканы мемллекеттік реттеудің әдістері мен нысаны

    Мемлекеттік экономикалық бағдарламалау – елдің әлеуметтік –экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудің ең жоғары нысаны. Мемлекеттік бағдаарламалау бір уақытта экономика дамуының ғаламдық мақсатын қамтамасыз ету үшін экономикалық ресурстарды кешенді пайдалану әдісі болып табылады.

      Бағдарламалау –жоспарлаудың ең көп тараған  нысаны. Жоспарлау, болжау, бағдарламалау  – ЭМР –дің құралдары. Мемлекеттік  бағдарламалау – стратегиялық жоспарлаудың маңызды құралы.

Бағдарлама  –директивтіктің белгілі бір  ждәрежесіне тән нақты құжат.

Бағдарламада  анықталатындар;

  • реттеу мақсаты;
  • мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін, экономикалық саясаттың нұсқалары;
  • жобаларды, олардың бюджетін, басқару жүйесін және бағдарламаны жүзеге асыруды бақылауды ресурстық жабу;
  • экономикалық саясаттың оңтайлы нұсқасын таңдау критьерийі.

Бағдарламалар бір және көп мақсатты, аймақтық, құрылымдық, ұлттық және интернационалдық сипатта болуы мүмкін.

      Экономиканы жоспарлау және болжауда жүйелі –кешенді және бағдарламалы – мақсатты тәсіл деп бөліп көрсетеді.

     Жүйелі  кешенді тәсіл ғылыми негізделу  және тиімді басқару қағидасы бойынша  құрылады.

      Бағдарламалық – мақсатты тәсілдеме мақсатты бағыттың, белгеленген шаралардың кешенділігін, тапсырманың мекен жайын, міндеттілігін және шараларды жүзеге асыру мерзімінің белгеленгенін, реурстардың негізгі көздерінің қатаң бірлігін көрсетеді.  

  2. Болжамдау және  индикативтік жоспарлау.

  Ұлттық  болжау ұлттық экономиканы дамыту бағыты туралы ғылыми негізделген жүйенің қалыптасу үдерісін көрсетеді. Оның мазмұны ұлттық экономиканың дамуының мүмкін түрлі нұсқаларының спектрін анықтауда оңтайлы шешім қабылдауға байланысты.

  • Болжау – әлеуметтік –экономикалық үдерістерінің дамуын ғылыми алдын ала көру қағидалары, әдістері туралы ғылым.
  • Болжау – объектінің жағдайының ғылыми негізделген гипотезасы.
  • Болжау – стратегиялық жоспарлаудың ғылыми сатысы; алдағы кезеңдегі экономиканы реттеу бойынша үкіметтің атқарымдық шешімдері және жоспарлы ғылыми базасы.

Ұлттық  болжаудың мақсаттары:

- экономиканың  даму үрдісіне ғылыми талдауды  қосатын, ғылыми алғышартты құру;

- қалыптасқан  үрдіс, белгіленген мақсаттар  ретінде есептелетін, алда тұрған  қоғамдық ұдайы өндірісті, алдын  ала көре білу нұсқасы

- қабылданған  шешімдердің мүмкін нәтижелерін бағалау;

- басқару  шешімдерін қабылдау үшін әлеуметтік  –экономикалық және ғылыми –техникалық  даму бағыттарын негіздеу.

Аралықтары  бойынша болжаулар жедел (ай, тоқсан), қысқа мерзімді (1-3), орта мерзімді (5-7жыл) , ұзақ мерзімді (15-20 жыл) және алыс мерзімді (20 жылдан жоғары) болуы мүмкін. 

  3. Мемлекеттік реттеудің  теориясы мен тәжірибесі  және шет елдердегі  индикативтік жоспарлау

  Индикативті жоспарлау  бұл нарық экономикасының қызметіне ықпал етудің негізгі  әдістері, мемлекеттің әлеуметтік –экономикалық саясатын жүргізу құралы. Ол мемлекет шараларының ықпалынсыз қиын тиетін, тек нарықтық әдістермен жүзеге асырылуға тиісті, экономикалық өмірдің көптеген мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді. Индикативті жоспарлау параметрлердің жүйесін қалыптастыру үдерісін көрсетеді. Бұл серпін, құрылым, экономиканың тиімділігі, қаржы жағдайы, ақша айналымы, тауарлар нарығы және бағалы қағаздар, баға қозғалысы, жұмыспен қамтамасыз ету, өмір сүру деңгейі және т.б. тәрізді көрсеткіштер болуы мүмкін.

        Индикативтік жоспарлау нарық экономикасының жағдайы мен мемлекеттік реттеу әдістерінің бүкіл әлемде кең тарауы үшін ең қолайлы болып табылады. 
 

Дәріс 7. Ғылыми-техникалық прогрестің бағыттары және оны жеделдетудегі мемлекеттің ролі.

1.  Ғылыми-техникалық  прогресс – қазіргі  дамудың факторы  ретінде.

2. Қазақстан Республикасының  индустриалды - инновациялық  стратегиясының негізгі  бағыттары. 

1.  Ғылыми-техникалық  прогресс – қазіргі  дамудың факторы  ретінде.

     Ғылыми-техникалық прогресс – ғылым мен техниканың, технологияның үздіксіз даму, еңбек заттарының, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру формалары мен әдістерінің жетілдірілу процесі. Ғылыми-техникалық прогресс әлеуметтік-экономикалық мәселелерді, еңбек жағдайын ұйымдастыруды жақсартуға, оның маңыздылығын арттыруға, қоршаған ортаны қорғауға, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға ықпал жасайды. Қазіргі жағдайда мемлекеттер арасындағы күштердің ара қатынасы тек олардың қолында бар ресурстардын, капиталдың, шикізаттың немесе жұмыс күшінің мөлшерімен ғана емес, сонымен бірге олардың ғылыми- техникалық жағдайымен және оны тиімді пайдалану дәрежесімен де айқындалады.

  • қоғамдық өндірістің дамуына жағдай жасайды

     Қоғамдық  өндірістің тиімділігін арттыру  үшін жаңа еңбек құралдарын, өндірісті  ұйымдастыру және басқарудың жаңа формаларын пайдалану қажет. Ғылым мен техниканың әсері ұлттық табыстың жоғарлауына, циклдық жүйеліктің орындалуына байланысты: «ғылым - техника - өндіріс - өткізу».

      Нарықтық  экономикаға көшу барысында ҒТП  саясатының анықтау маңызды болып саналады. ҒТП саясаты негізінде статистикалық ақпараттың ақиқаттығы, ғылыми потенциал тенденциясының динамикасы қарастырылады. ҒТП-ң барлық деңгейде дамуы осындай ақпараттарды дұрыс пайдалану, талданған мәліметтерді жинақтау қажеттілігімен анықталады.

      ҒТП-ң  негізгі бағыттары - бұл әлеуметтік-экономикалық тиімділікке аз уақыт ішінде ғылым мен техниканың дамуы арқылы жету болып табылады.ҒТП-ң бағыттары жалпы мемлекеттік және салалық  болып бөлінеді. ҒТП-ң жалпы мемлекеттік бағыты қазіргі кезеңде мемлекет үшін беделді және перспективалы болып келеді. ҒТП-ң салалық бағыты ауыл шаруашылы мен өнеркәсіптің жеке салалары үшін маңызды болып табылады.

     Экономикада ҒТП-ң негізгі бағыттары:

  • ауыл шаруашылығын электрификациялау
  • өндіріс кешенін механикаландыру мен автоматтандыру
  • өндірісті химизациялау
  • жаңа технологияларды енгізу.

2. Қазақстан Республикасының  индустриалды - инновациялық  стратегиясының негізгі  бағыттары.

      Қазақстан Республикасының индустриалды - инновациялық  стратегиясы 2010 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық жоспарда белгіленген мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз етуі, сондай-ақ одан кейінгі жылдары қазақстандық экономиканың сервистік-технологиялық бағыттылығын қалыптастыру негіздерін құруы тиіс. Индустриалды-инновациялық саясат дегеніміз мемлекеттің бәсекеге түсуге қабілетті және тиімді ұлттық өнеркәсіпті қалыптастыру үшін кәсіпкерлікке қолайлы жағдайлар жасауға және қолдау көрсетуге бағытталған шаралар кешені.

Индустриалдық-инновациялық саясаттың басты нысанасы - өңдеуші өнеркәсіпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабілетті және экспортқа негізделген тауарларды, жұмыстар және қызмет көрсетулер өндірісі болып табылады.

     Индустриалдық-инновациялық стратегияның негізгі басымдықтары: инвестицияларды үйлестіру жөніндегі бастамалар, іскерлік ынтымақтастықты дамыту жөніндегі бастамалар, нарықты алмастыру жөніндегі бастамалар. 

Тақырып 8. Халықты еңбекпен ұтымды қамту мен әлеуметтік қорғауды мемлекеттік реттеу

1. Мемлекеттің жұмыспен қамту саясатының әлеуметтік-экономикалық мәні, құрылымы мен қағидалары.

2. Еңбек нарығы: объектілері, субъектілері, реттеу механизмдері.

3. Халықты әлеуметтік  қорғау жүйесінің  негізгі бағыттары. 

1. Мемлекеттің жұмыспен қамту саясатының әлеуметтік-экономикалық мәні, құрылымы мен қағидалары.

     Бүгінгі таңда біз экономикалық өсу кезеңін бастан кешіріп отырмыз. Экономиканың хал-ахуалының кіріктірілген көрсеткіштері немесе оның макрокөрсеткіштері бізге жақсы мәлім. Бұлар, атап айтқанда жалпы ішкі өнім, елдің оңды төлем балансына қол жетуі, қаржылық тұрақтылық, инфляция мен жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі.

    Жұмыспен қамту деңгейінің көрсеткіштері, өкінішке қарай, Үкіметтің Бағдарламасында орташа мерзімді кезеңде қол жеткізу межеленіп отырған мақсатты индикаторлар құрамына енгізілмеген. Біз жұмыспен қамтудың деңгейіне назар аударып отырмыз. Өйткені:

    Біріншіден, К.Маркстің «Еңбек құнының теориясы» іліміне сүйенетін болсақ, өндірістің негізгі тұтқасы жұмысшы, ол өндірісітің экстенсивті немесе интенсивті негізде өсуінің базалық реттегіші болып табылады;

    Екіншіден, қазіргі заманғы экономикалық теорияның өкілдері экономикалық дамудың кіріктірлген көрсеткіштерінің ішінен төрт негізгі көрсеткішті бөліп алып қарастырылады. Бұлар өндірудің өзгеруінің, жұмыспен қамтудың, бағалар жиынтығы мен инфляцияның деңгейлері. Классиктер оларды «шаршының магиялық бұрыштары» деп атаған;

     Үшіншіден, кез келген экономика өзінің дламуында табиғат және адам ресурстарынав сүйенеді, ал қалғандарынның бәрі солардан туындайды.

     Іс жүзінде Үкіметтің бағдарламалары мен жоспарларының макроэкономикалық көрсеткіштеріне базалық тобында жұмыспен қамту көрсеткіштерінің болмауы- экономиканың өсу қарқыны мен оның интенсивті негізге көшуінің тежеуші факторы болады.

    1. Экономикадағы құрылымдық өзгерістер  жұмыспен қамтылғандардың құрылымындағы өзгерістерге әкеп соқты және еңбек қатынастарын қайта қарауға ынталандырды. Бұл, өз кезегінде жұмысшы күшінің артуын жылдамдатып, формалды емес жұмыспен қамтудың кеңеюіне ұласты. Мемлекет тарапынан бақылаудыңң әлсіреуі /халықты жұмыспен қамту туралы заңнаманың сақталуы/ әлеуметтік әріптестік қатынастар дамымай отырған кезде жұмыс берушілердің ең алдымен, еңбекақыны уақытында төлеу, жұмыс уақытының режимін сақтау,жұмысқаорналастыру орталықтарына бос орындарды ұсыну жөніндегі жауапкершілігінің төмендеуіне әкеп соқты.

    2.Еңбекке деген сұраныстың азаюы  нарықтық экономиканың жаңа салаларында  тиісті жұмыс орындарының ашылуына  ұласпады.Сонымен қатар,еңбек өнімділігі  төмен өндірістік емес салаларда  жұмыспен қамтудың артқанын атап  өту қажет.Ал ғылымды және ғылыми еңбекті қажет ететін салаларда жұмыспен қамтылғандардың үлесі төмендегені байқатады.

    3. Жұмыс күштерінің салалар арасында  ауысуы зиялы жұмыс кұшінің  ғылыми ауыр еңбекті қажет  ететін кәсіпорындардан, ғылыми  мекемелер мен басқару салаларынан  нарықтық қатынастардың ілгері басқан салаларына /кредит, бағалы қағаздар, сақтандыру салысы / келуіне әкеп соқты. Экономикалық өсу байқалып отырған бүгінгі таңда басқару саласы кадрларға зәру болып отыр. Ал жұмысшы күшінінің көбею факторы жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың кәсіптік, салалық және аймақытқ сегменттеріндегі жалпы теңсіздігін білдіреді.

Информация о работе «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша дәріс кешені