«Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша дәріс кешені

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2012 в 08:24, реферат

Описание работы

Дәріс 1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық астары.
Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі.
Экономиканы мемлекеттік реттеу объектілері.
Экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттары, принциптері және тиімділігі.

Работа содержит 1 файл

экономиканы мемлекеттік реттеу мәселелері.doc

— 565.50 Кб (Скачать)

    4. Сегменттер арасындағы шекара  объективтік немесе субъективтік  себептерге байланысты, рынокты  тұрақты сегменттеу еңбек нарығы  саясатының проблемасы болып  отыр.Алайда, бірде бір мемлекетте бүгінгі таңда еңбек нарығының барлық сегменттеріне қажетті талдау жасалмайды, соған орай, жұмыспен қамту саясатына өзгеріс енгізіліп отырмайды. Оның өтпелі кезеңмен экономикалық өсу кезеңі үшін біркелкі болуы мүмкін емс.

     Нарықтық экономикасы бар елдерде тәжірибиесі, егер жұмыссыздықпен және кедейшілікпен күреске бөлінген барлық қаржылардың кемінде жартысы жұмсалса, жұмыспен қамту саясаты тиімді болатынын негіздеп отыр. Бірақ шаралар пакетінің ішінен жәрдемақыларды төлеудің басым болып отырғанын атап көрсету қажет. Қаржыландыруыдң осындай моделі тиімді жұмыспен қамту саясатынан гөрі жұмыссызыдық пен кедейшілікті арттыруды білдіреді. Бұл жағдай заңдардың кемшілігіне байланысты орын алатыны белгілі.

     ХХІ ғасырдың басында экономиканың өзіндік ерекшелігі бар саласы-ақпарат бизнесінің қалыптасқаны белгілі. Оның мазмұны ақпаратты қайта өңдеуді білдіреді. Ақпарат саласындағы жұмыспен қамтуды құрылымдау көптеген бағыттар бойынша өріс алуда. Ақпартатық технологияның дамуы өндірістегі, саудадағы, коммуналдық сектордағы құрылымның өзгеруіне белгілі бір дәрежеде әсер етеді. Осымен қатар жұмыспен қамтылған жаңа бір категория пайда болды.Олар экономиканың ақпараттық емес саласына жұмысқа орналасуда.Олардың саны уақыт өткен сайын арта түсуде.Осы санаттың өкілдерінің көбі отыз жасқа дейінгі жастар.Коммуникациялық желілермен жұмыс істеу тәжірибиесін-олар көбінесе жаңа тұрапаттағы жұмысты игерудің қажеттілігін сезіне отырып, негізгі білімнен тыс жинақтаған адамдар.Олар әдетте, қымбат техникаларды пайдалану мүмкнідігі бар ауқатты отбасылардан шыққандар. Ал жұмыс рыногының осы сегментінен тұрмысы төмен жіктердің өкілдерінің орын алуы қиындау.

        Жұмыспен қамту органдарында  жұмыс сұрап келгендердің  арасында  біліктілігі жоқ адамдардың саны  басым,олардың ішінде көпшілігі ауылдық жерден келгн 23 жасқа дейінгі,негізінен орта білімді әйелдер.     

2. Еңбек нарығы: объектілері, субъектілері, реттеу механизмдері.

     Еңбек нарығы нарықтың ерекше түрі болып  табылады. Еңбек нарығы -  бұл жұмыс күшін (еңбекті) тауар ретінде сату, сатып алу туралы экономикалық қатынастар жүйесі. Еңбек нарығы экономиканың жағдайын, жұмыссыздықтың деңгейін, адамдардың кәсіби біліктілігін, елдегі демографиялық көрсеткіштердің құрылымын көрсетеді. Еңбек нарығының ерекшеліктері: бірыңғай ұлттық нарық ретінде қалыптасуы, еңбекке жалдаудың ерекше көрсеткіші ретінде қалыптасуы. Еңбектің тікелей әсер етуі арқылы жоғарғы біліктілікті еңбектің дәрежесі көтеріледі, әрбір жұмыс орнының бағасы өседі, жұмыскерге және оның еңбегіне талап күшейеді. Еңбек нарығында өте қабілетті және іскер жұмыскерлерге қатаң әрі қатал таңдау жүргізіледі, нарық еңбекке қабілетсіздерді, жалқау, әлсіздерді ешқашан аямайды. Бұл жағдай еңбектің шапшаңдығын қамтамасыз етіп, іскерлік пен бастамашылдықты ынталандырады. Еңбек нарығындағы тепе-теңдік еңбекке деген сұраныс пен ұсыныс көмегімен бекітіледі.

Еңбектен  факторлық табыс еңбек ақы  болып табылады. Еңбек ақы дегеніміз адамдарға белгілі бір мерзім ішінде еңбек еткені үшін төленетін ақы. Еңбек ақының түрлері:

Номиналды еңбек ақы – жұмысшының еңбек еткені үшін алатын ақшалай сомасы.

Нақты еңбек ақы – номиналды еңбек ақыға сатып алуға болатын тауарлар мен қызметтер көлемі, яғни нақты еңбек ақы – номиналды еңбек ақының сатып алу қабілеттілігі

Мерзімді  еңбек ақы еңбек ету уақытына байланысты төленеді.

Кесімді еңбек ақы өндірілетін өнімнің көлеміне байланысты төленеді. 

3. Халықты әлеуметтік  қорғау жүйесінің  негізгі бағыттары.

  Әлеуметтік  қорғау -  азаматтардың  өмір сүру деңгейі мен өмірлік қажетті игіліктерін анықтайтын, жеткізетін қамтамасыз етуші жүйе болып табылады.

  Тарихи , мәдени, саяси және басқа да факторлары бірдей дамыған елдерде әлеуметтік қорғау жүйесі ұйымдарының әртүрлі  қызметтік 

  бағыттарын  байқаймыз. Әлеуметтік қорғау жүйесінің  сандық көрсеткіштері экономикалық даму деңгейінің нақты дәрежесімен анықталады, ал ондағы тұлғалармен, мемлекеттік институттармен және ынталандыру дәрежесімен ынтымақтасу  таңдалған  әлеуметтік – экономикалық модельмен өзара байланыс кезінде қалыптасады.  

Дәріс 9. Мемлекеттің инвестициялық саясатын қалыптасуы мен оны жүзеге асыру механизмдері

1.  Инвестиция және инвестициялық концепция

2.  Қалыптасқан экономика құрылымын реформалау

3.  Үйлесімдік құрылымға мемлекеттік ықпал ету әдістері

4. Инвестициялық құрылымның қайта құрылуының басымдылығы. Кластерлі өндірістік жүйелердің қалыптасуы 

1.  Инвестиция және инвестициялық концепция

    Инвестицияны 2 тұрғыда қарастырамыз:

    Инвестиция-1)Капиталдың ел ішіндегі және шетелдегі экономикаға  ұзақ мерзімді жұмсалымы

    2)Кәсіпкерлік  қызметтің және нәтижесінде пайда құралатын немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің басқа да  түрлерінің обьектілеріне жұмсалған мүліктік және зияткерлік құндылықтардың барлық түрлері.

    Инвестициялық концепция мына берілген үш бағыт  арқылы жүзеге асырылады:

    1)мемлекеттік бюджеттік қорларды пайдалану арқылы;

    2)ішкі  несие қорлары мен жеке заңды  тұлғалардың өзіндік қаражаттарын  тиімді қолдануды ынталандыру  арқылы;

    3)шетелдік  инвестициялар тартумен тиімді  пайдалану механизмі арқылы.

Инвестициялық ресурстардың негізгі көздерін  ұтымды пайдалануда келесі көзқарастарды жүзеге асыру керек:

  • инвестициялық қорларды тек қана экономиканың құрылымыдық өзрегістерінің ғана емес, сонымен қатар республиканың экономикалық тәуелсіздігінің негізі болып саналатын халық шаруашылығының басыңқы бағыттарын дамытуға жұмылдыру;
  • халық шаруашылығы салаларының өндірістік қорларын тезірек жаңартуға мүмкіндік беретін жеделдетілген өтелім саясатын іс жүзінде, нақты жүзеге асыру керек;
  • басыңқы салалар мен өндірісітерді қаржыландыру республиканың экспорттық потенциалының көлемі мен тиімділігін жоғарылату мақсатында жүргізу керек.

    Жоғарыда  көрсетілген шаралар әлеуметтік- экономикалық дамудың орта және ұзақ мерзімдік кезеңдерін қамтитын стратегиялық жоспарлар жасау кезінде ескерілуі  тиіс.

    Осы жоспарлардың құрамында ұлттық және аймақтық басыңқылар бойынша жасалатын бағдарламалар мен тығыз байланысқан, арнаулы мемлекеттік инвестициялық бағдарламалар жасалынады. 
 
 
 

2.  Қалыптасқан экономика  құрылымын реформалау

      Экономика құрылымы деп енбекті жалпы бөлуді сипаттайтын, сондай-ақ, өнімдердің айналымын сипаттайтын, олардың өзара байланысы, өндірістік ресурстары және ұдайы өндіріс үдерісін көрсететін, оның түрлі салаларының қатынастары түсініледі.

      Экономика құрылымы – ЖІӨ -дегі (ВВП) (салалық  тәсіл) кейбір салаларының үлесі.

      Егер  нарық экономикасының әр түрлі кесіндісін қарасақ, онда аумақтық, атқарымдық, әлеуметтік құрылымын бөліп көрсетуге болады.

      Атқарымдық құрылым әр түрлі қажеттіліктегі ЖІӨ - ді   (жеке тұтыну, мемлекеттік тұтыну), өндіріс факторының кесіндісінде бөлуді сипаттайды.

      Әлеуметтік құрылым әлеуметтік секторға - жеке, корпоративтк, мемлекеттік, үй шаруашылығы секторына бөлшектеуді  көрсетеді.

      Салалық құрылым үш денгейден тұрады - макроэкономикалық, салааралық және өндірістік.

      Қазақстан экономикасы белгілі болғандай, бұрынғы КСРО шаруашылық байланыстарының нақтылы сипаттарымен және бай табиғи ресурстарының болуы есебінен, шикізаттық бағыт басымдық жағдайда дамыды. Кешегі күнге дейін мұндай саясат дамудың ілгерілеу сипатын қамтамасыз етті. Алайда, өсу көрсеткіші кандай да болмасын айтарлықтай болғанымен, тек шикізаттық факторды пайдалана отырып, республика экономикада тұрақты онды нәтижелерге жете алмайды.

      Қалыптасқан құрылымды жете түсіну үшін, оны  пирамида нысанында көрсету қажет (сурет). Оның негізін республикадағы барлық өндірістің 50 пайыз үлесіне келетін, базалық, кен өндіруші сала құрайды.

       

    Экономиканың қалыптасқан құрылымы

                               Ғылымды қажет ететін салалар
  Машина жасау, ХТТ өндірісі  
  Мұнай-химия өнеркәсібі  
                         Табиғи шикізатты бастапқы  өңдеу салалары          
             Кен өндіруші салалар, ауыл және орман шаруашылығы.       
 

      Әрі қарай табиғи шикізатты, құрылыс  және басқа да материал дарды (25 пайызға жуық) бастапқы қайта өндеу енеді. Ақыр соңында жаппай өнім өндіретін машина құрылысы салалары (5 пайызға төңірегінде). Ең биікке жақын болған сайын, елдің экономикасында үлесі өте аз, көбірек технологиялық тұйықталған және ғылымды қажетсінетін өндіріс көп болады.

      Мұндай  жағдай неге қалыптасқанын түсіну үшін, жоспарлы шаруашылықтан мұра болып  қалған экономика құрылымын қарастырған  жөн.

Оның  алты сипаттамасын белгілейміз:

1. Өндірістік  құрылымның «қиғаштығы» өндіріс  құралдары өндірісінің пайдасына.

2.  Көптеген салалардың техникалық және технологиялық мешеулігі.

3. Өндірістік  қорлардың тозуының жоғарылығы.

4. Ғаламдық  балансталмау.

5. ӘӨК  –ге (ВПК) жұмсалатын (кем емес  елдің экономикалық әлеуетінің  жыл сайын 2/3-нен) үлкен шығындар. Оны ұстауға жыл сайын ҰТ-тың 18-20 пайызы жұмсалды, нәтижесінде көліктік, энергетикалық, акпараттық, коммуналдық және әлеуметтік құрылымдардың жағдайы кері кетті.

6. АӨК  (АПК) құрылымының терең деформациялануы (бүгінде оның көптеген салалары дағдарысқа ұшыраған).

      Одан  басқа, объективті факторлардың ықпалы субъективті факторлардың әрекетімен күшейді (басқарудың барлық деңгейінде кәсіптік шеберліктің және құзыреттіліктің төмендігінен), нәтижесінде жаңартпашылдыққа, бәсекелестік күреске және тұты-нушылық сұранысты қанағаттандыруға қабілетсіз, шектен тыс ауыртпашылықты құрылым қалыптасты.

      Экономиканың  қалыптасқан құрылымы көп жағдайда, қаржылық ресурстардың, бағытталуына «міндетті». Мысалы, 2002 жылғы 9 айдың  ішінде республиканың экономикасына  шетел инвестициясының ағымы 3,5 млрд долларды құрады. Сонымен бірге, шетел инвесторларының үлесіне 31,4 пайыз, отандық - 60,3   пайыздан  келді.  Инвестициялар  негізінен  кен  өндірушісалаларға (1,7 млрд долл), жылжымайтын мүлік операцияларына (0,5 млрд долл), көлік және байланыс (0,4 млрд до  лл) және өңдеуші салаға (90,3 млрд долл) бағытталды.

      Мұның барлығы - елдегі салалық және аймақтық құрылымдарды өзгерту мен қалыптастыру бойынша үйлесімділікке ықпал етуде, салалық өнімнің әр түрлі өндіру арасындағы қатынастарға ықпал етудегі  мемлекет іс-әрекетінде құрылымдық-инвестициялық қайта құру қажеттілігі туындатты.

      Сонымен бірге, экономиканың құрылымын, оның бәсекелестік қабілетін дамытуға және қазіргі  заманғы технологияны қажетсінетін өндірісті жетілдіру бойынша  міндеттер тұрды.

Әртараптандыру  ғылымды қажетсінетін, жоғары технолоғиялық және бәсекелестікке қабілетті өнімдердің пайдасына, қызмет үлестерін көтеруге және соңында құны болатын, тауар өндіруге, ЖІӨ құрылымының өзгерістеріне бағытталуы тиісті.

      Индустриалдық саясатты әзірлегенде негізгі назар  шикізат ресурстарын қайта өндеуге байланысты салаларды дамытуға, яғни мұнай-химиядағы, металлургиядағы, машина құрылысындағы; тұтыну тауарларын және құрылыс материалдарын өндірудегі төртінші  және бесінші технологиялық қайта жасауды құруға аударылатын болады.

      Сонымен бірге экспорт және импорт орнын  толтыратын, шикізаттық емес бағыттарды құру басты мақсат болып табылады. 

Информация о работе «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша дәріс кешені