«Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша дәріс кешені

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2012 в 08:24, реферат

Описание работы

Дәріс 1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық астары.
Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі.
Экономиканы мемлекеттік реттеу объектілері.
Экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттары, принциптері және тиімділігі.

Работа содержит 1 файл

экономиканы мемлекеттік реттеу мәселелері.doc

— 565.50 Кб (Скачать)

   Жергілікті  бюджеттің шығыс бөлігі қазіргі  уақытта толық әлеуметтік бағыты бар - 80 пайызға дейінгі шығыс бөлігі білімге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамтамасыз етуге, әлеуметтік көмекке және т.б. тұтынуға жұмсалады.

   Капиталдық  шығындар жалпы баптар бойынша бюджетке жазылады. Қаржылық ресурстардың шектелуі капиталдық жабдықтар мен құрылысты шағын қаржыландыруды анықтайды, яғни аймақтардың ұзақ мерзімді даму негіздері қаланбайды.

   Істің жағдайын өзгерту бюджеттің барлық деңгейін орта мерзімді үш жылдық кезеңге әзірлеуге көшуге және жергілікті бюджеттің шығындарын ағымдағы және инвестициялыққа бөлуге мүмкіндік береді.

   Орталық пен өңірлер арасындағы өзара  қатынастар орта мерзімді келешекте тұрақты болуы тиіс және ол тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етеді, салық салынатын базаны кеңейтеді, оның нәтижесі облыстың табыстарының артуына алып келеді.

   Бюджетаралық  қатынастарды құру трансферттерді бірдей теңестіретін есеп айырысудың арнаулы әдістерін әзірлеуді талап етеді.

   Өңірлердің  және орталықтың, облыстың және ауданның тұрақты және әділ өзара қатынастары  елдің дамуындағы әлеуметтік-экономикалық басымдылықты қамтамасыз етуге ықпалы болуы тиіс. 

14 – 15 дәріс. Экологиялық реттеу бойынша мемлекеттік іс-шаралар жүйесі.

1. Табиғи ресурстарды қорғауды және оны ұтымды пайдалануын мемлекеттік реттеу.

2. Мемлекеттің табиғатты  қорғау шараларын  әзіәрлеу мен жүзеге  асыру әдістері.

3.Мемлекеттің сыртқы экономикалық іс-әрекетінің мәні және оның негізгі бағыттары.

4. Сыртқы экономикалық  іс-әректтерді  реттеудің  негізгі құралдары:  тарифтік және  тарифтік емес. 

1.Табиғи  ресурстарды қорғауды  және оны ұтымды  пайдалануын мемлекеттік  реттеу.

     Мемлекеттің негізгі проблемалардың бірі – экологиялық қауіпсіздікті баянды ету, өйткені қоршаған ортаны таза ұстау, ғылым парасаты пайданың қазір әлеуметтік проблемалардың деңгейіне көтеріліп отыр. Экологиялық процестерді басқаруды ұйымдастырудағы мемлекетпен кәсіпорындар арасындағы соңғы 10-15 жылда жаңа сипатқа ие болады. Оның мынадай себептері бар:

  1. Қоршаған ортаны ластауға қарсы жұмсалатын инвестор мемлекеттік саясатқа ынталандырылып отырады.
  2. Кәсіпорындар қоршаған ортаны ластау көлемін азайту арқылы өндірістің пайдалануымен тиімділігін артыратынын түсінді.
  3. Нарық коньюктурасы экологиялық таза өнімдерге қарай бағыт ұстады.
  4. Тазалайтын және бақылау өлшеуіш жабдықтарды жасайтын өндіріске өндіріс халықтың қайта өндірілетін жаңа техниканың өтуіне мүмкіндік туады.

     Мемлекеттің экологиялық саясаттағы маңызды бағыттардың бірі – экономикалық реттеу құралдарын пайдалануы одан әрі жетілдіру, яғни нарық потенциалының экологияға қажет етуін дұрыс пайдалану болып табылады.

     Қазақстан мемлекетіндегі негізгі экологиялық  проблемалар деп мыналарды айтамыз:

  • жер азғындауы мен ландшафтың шұрайының азаюы (мемлекетіміздің жер көлемінің үштен екісі ірілі-ұсақты азғындауы ұшыраған);
  • су ресурстарының жыл санап азаюы (сумен қамтамассыз етілуі жағынан Қазақстан ТМД мемлекеттері ішінде ең соңғы орында);
  • Арал теңізі мен Балқаш көлінің, семей ядролық және өзге де әскери сынақ аймақтарының проблемалары;
  • Ауаның, топырақтың және жер асты және жер үсті суларының ластануы;
  • Биотүрліктер мен резервтегі табиғи аумақтардың қысқаруы.

     Парламенттегі экологиялық және табиғат  пайдалану жөніндегі комитет еліміздегі жоғарыдағы аталған проблемаларды нақты түсінік үкіметпен, атап  айтқанда табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігімен және өзге де министрліктермен және түрлі мекемелермен тізе қосып экологиялық құқық саласын дамытуда және қоршаған ортаны қорғау мен табиғи пайдаланудың кезекті мәселелерін шешуде айтарлықтай табыстарға жетті. Қоршаған ортаны қорғауда бағытталған шаралардың көбісі біздің комитеттің белсене қатысуымен өтеді. Әрине заң шығарушылық процесі -комитетінің ең басты назары алатын мәселелері. 

     Парламенттің  мемлекеттік бақылаушысы органдардың  шаруа қожалықтарын, жеке кәсіпкерлікті  тексерудегі қызметіне белгілі  бір шектеу қоюы да дұрыс шығар. Бірақ  шектеудің экологиялық органдар біртұтас жерді, су көздерін, ауа тазалығын бақылайды. Сондықтан судың, жердің, ауаның ластануы, бүліну факторлеріне жол берген кінәларды анықтау үшін, сынақ сайын даладан аудан орталығындағы прокуратураға барып тіркеліп, одан кері шалғайдағы объектіге келіп жеткенше жерді кім бүлдіргенін, ауаны кім ластағанын, суға тасталған қалдықтарды анықтау оңай. 

2. Мемлекеттің табиғатты  қорғау шараларын  әзіәрлеу мен жүзеге  асыру әдістері.

     Қоршаған  ортаны қорғаудың бағдарламаларыдың  бірінші түріне әр саладағы қоршаған ортаны қорғау шараларының жоспарларын жатғызуға болады. Оларда, негізінен, ластауларды азайту, тазарту, және тарату шаралары қарастырылады. Мысалы, биік түтін мұржаларын салу, газдарды, ақаба суларды тазарту қондырғыларын салу, өндіріс қалдықтарын азайту, орналастыру және т.с.с. Мұндай шаралар аймақтың экологиялық мәселелерін толығымен шеше алмайды.

     Екінші  топтағы экологиялық бағдарламалар  да кешенділік жетіспейді. Олар табиғат  ресурстарының жеке түрін қорғауды және ұтымда пайдалануды көздейді. Мысалы, тпырақты, орманды, әуе бассейнін және т.с.с. қорғау бағдарламалары.

     Кешенділік  тұрғысынан аймақтық (аудандық) қоршаған ортаны қорғау бағдарламалары ұтымдырақ. Оларды аймақтық қоршаған ортаның сапасы, ресурстары және олардың пайдалануы, өндіргіш күштердің орналасуы және дамуы қарастырылады. Өкінішке орай, іс-тәжірибеде аймақтық қоршаған ортаны қорғау бағдарламалары аймақтың өндіргіш күштерін дамыту сызбаларының көлеңкесінде  қалып қояды. Сондықтан,оған жеткілікті мән берілмейді. Соның салдарынан халық тығыз орналасқан, инфрақұрылымдары дамыған қалаларда қоршаған ортаны ластаушы кәсіпорындар салу жобалары жүзеге асырылады. Өйткені, басты мақсат өндіріс шығындарын үнемдеу болады да қоршаған ортаны қорғау қажеттілігі экологиялық қауіп төнгенде ғана қарастырыла бастайды.

     Үшінші  топқа кешенді қоршаған ортаны қорғау территориялық бағдарламалары жатады. Оның құрамында ҒТП дамытудың  кешенді бағдарламасы, өндіргіш күштерді дамытудың Бас сызбасы, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық бағдарламалар  болуы тиіс. Аталған құжаттардың барлығында қоршаған ортаны қорғау жөнінде арнайы бөлімдері болады. Кешенді бағдарламаның басты міндеті – оларды бір- бірімен үйлестіру. Әйткенмен, қамтылатын мәселелердің күрделілігі және әржақтылығы бағдарламаны әзірлеуді қиындатады. Сондықтан,әсіресе, қоршаған ортаны қорғау мәселесі нормативтік тұрғыдан қарастырылуы керек. Мұндай жағдайда кешенді қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы ұзақ мерзімдік табиғат пайдалану тұжырымдамасына айналады.

    1. Мақсатты, нормативтік болжамдар алға қойған әлеуметтік- экономикалық мақсаттарға қоршаған ортаның сапасын нашарлатпай, ресурстарын сарқылтпай жетуді көздейді. Егер әлеуметтік- экономикалық көрсеткіштер мақсат болса, ол қоршаған ортаның сапасының көрсеткіштері орындалуы тиіс талаптар рөлін атқарады. Сондықтан, нормативтік болжам барлық жоспарлау жүйесін қолда бар ресуртарға ғана емес, барлық әлеуметтік- экономикалық және экологиялық мақсаттарға құруға мүмкіндік береді.

     Бағдарлама  мемлекеттік сараптамадан өткен  соң нақты жоспар сипатын алады. Оны жүзеге асыру үшін нормативтік- құқықтық негіздері жасалып, экологиялық басқару механизмі, оның ішінде қаржыландыру көздері, экономикалық ынталандыру жолдары қарастырылуы тиіс.

      Қоршаған  ортаны қорғау бағдарламасының жүзеге асырылуы бірнеше факторларға, оның ішінде: аймақтық экономикасының дамуына, ресурстарға, ғылыми- техникалық жетістіктерге,қаржыландыруға және т.с.с. байланысты болады. Басқару органдары осы факторларды дер кезінде анықтап іске қоса білуі керек. Бағдарламаны жүзеге асыруға әсер ететін факторларды: тікелей және жанама әсер ететіндер деп бөлуге болады. (3 - сызба) 

Қоршаған  ортаны қорғау бағдарламаларына

әсер  етуші факторлар

 

Тікелей әсер етеін факторлар   Жанама әсер ететін факторлар
Тұрғындар   Экономикалық  жағдайы
Бәсекелестер Әлеуметтік- мәдени факторлар
Заңдар  мен мемлекеттік органдар Саяси факторлар
Қоғамдық  қозғалыстар мен партиялар Ғылыми- техникалық прогресс
Еңбек, материалдық, капитал ресурстары Халықаралық байланыстар  ресурстары
 

        

3-сызба. Қоршаған ортаны қорғау бағдарламаларын жүзеге

                 асыруға әсер ететін факторларды сұрыптау 

     Бағдарламаларды әзірлеу мен жүзеге асыруды қабылданған  заңдар негізінде мемлекеттік органдар реттейді. Қоршаған ортаны қорғау заңдары  қоршаған ортаны қорғау шараларының  нормативтік- құқықтық негіздерін белгілейді.

  Кәсіпорындар - экологиялық бағдарламаларының орындалуына бәсекелестері едәуір ықпал етеді. Нарықтық механизмдер: салық, айып төлемдер, ластау құқығын сату, рұқсат беру, шектеулер қою, жеңілдіктер және т.с.с. қоршаған ортаны қорғау шараларын (бағдарламаларын) орындаған кәсіпорындарға экономикалық тиім береді.

      Экологиялық бағдарламалардың нәтижелігі, әрине, ғылыми- техникалық прогресске тікелей байланысты. Ғылыми- техникалық жаңалықтарды қолданып, іске асырылған қоршаған ортаны қорғау шаралары басқаларынан ұтымдырақ болатына сөзсіз.

      Экологиялық бағдарламаларды, әсіресе ірі масштабты  қоршаған ортаны қорғау шараларын жүзеге асыруға экономикалық жағдай аймақтың мәдени- әлеуметтік деңгейі. Халықаралық  байланыстар еліміздің экологиялық  саясаиына ықпал етеді.экономикалық даму қоршаған ортаны қорғау шараларына қаржы бөлуге мүмкіндік береді, халықаралық қатынастар арқылы шет елдік тәжірибелерді үйренеміз, технологияларын аламыз. Солармен қоса қоршаған ортаны қорғау шараларын жүзеге асыру үшін белгілі экологиялық саясат пен орындаушылардың экологиялық мәдениеті және біліктілігі қажет.

      Экологиялық бағдарламаларды жүзеге асырудың ең басты мәселесі оларды қаржылындыру. Қаржы көздері республикалық  және жергілікті бюджет, қоршаған ортаны қорғау қорлары, экологиялық сақтандыру қорлары, банк несиесі, қоғамдық ұйымдардың ерікті жарналары, шет елдік гранттар, несиелер, кәсіпорындардың пайдасы, амортизациялық аудаомалары болып табылады.

      Қоғамның  экологиялық мәдениетiн қалыптастырудың  негiзi ретiнде экологиялық бiлiм берудi дамыту үшiн:

  • бiлiм берудiң барлық деңгейiндегi оқу бағдарламаларына экология және тұрақты даму мәселелерiн енгiзу жолымен үздiксiз экологиялық бiлiм берудiң жүйесiн қалыптастыру;
  • мiндеттi және қосымша бiлiм беру жүйесiнiң барлық деңгейi үшiн экология саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру;
  • экологиялық бiлiм берудi мемлекеттiк қолдау қажет;

Экологиялық қауiпсiздiктi ғылыми қамтамасыз ету

      Экологиялық қауiпсiздiктi ғылыми қамтамасыз ету  тұрақты дамуға көшудiң теориялық және технологиялық негiздерiн қалыптастыруды көздейдi және iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулердiң мынадай кешенiн қамтиды:

  • табиғи жүйелердiң экологиялық сыйымдылығы мен олардың тұрақтылық шектерiн айқындау;
  • экологиялық таза және pecуpc үнемдейтiн технологияларды, өндiрiстердi, шикiзаттың түрлерiн, материалдарды, өнiм мен жабдықты, оның iшiнде ауыл шаруашылығында, әзiрлеу;
  • биологиялық әртүрлiлiктi, биоқауiпсiздiктiң ғылыми негiздерiн сақтау проблемасын зерделеу;
  • климаттың ықтимал жаhандық және өңiрлiк өзгерiстерiн және табиғи орта үшiн оның салдарларын зерттеу;
  • экологиялық қатерлердi айқындаудың ғылыми негiздерiн әзiрлеу;
  • ластанулардың алдын алу мен жоюдың, қоршаған ортаны оңалту және қауiптi қалдықтарды кәдеге жаратудың құралдары мен әдiстерiн әзiрлеу;
  • адамдардың аурулары мен қоршаған орта сапасы өзгерiстерiнiң арасындағы байланысты зерделеу;
  • қоршаған ортаны қорғау саласындағы жинақталған бiлiмдi жүйелеу және ғылыми зерттеулердi үйлестiру.

Информация о работе «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша дәріс кешені