«Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша дәріс кешені

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2012 в 08:24, реферат

Описание работы

Дәріс 1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық астары.
Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі.
Экономиканы мемлекеттік реттеу объектілері.
Экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттары, принциптері және тиімділігі.

Работа содержит 1 файл

экономиканы мемлекеттік реттеу мәселелері.doc

— 565.50 Кб (Скачать)

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ  ЖӘНЕ  ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ 

 
 
 
 
 
 

«Экономика және бизнес» факультетінің 1 курс студенттеріне арналған 

«Экономиканы  мемлекеттік реттеу» 

пәні  бойынша дәріс  кешені

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Орал 2011ж 
 
 
 

Дәріс 1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық астары.

  1. Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі.
  2. Экономиканы мемлекеттік реттеу объектілері.
  3. Экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттары, принциптері және тиімділігі.
  4. Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі.

   Қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық дамуында мемлекет, яғни оның атқарушы, заң және тағы басқа органдарының атқаратын рольдері ерекше. Қазіргі кездегі мемлекеттің экономикалық ролі, бұл көптеген ғасырлар өмірінің тәжірибе нәтижесі. Қоғам өмірінің даму жолында мемлекеттің экономикаға ықпал жасау тәсілдері, құралдары әр уақытта өзгеріп, жетілдіріліп, толықтырылып отырады.

    Қазіргі кезде қоғам өмірінің  дамуында экономикалық іс-қимылдар  аясының кеңеюі, ішкі және халықаралық  шаруашылық байланыстарының күрделене  түсуі мемлекеттің экономиканы реттеу ролін күшейте түсуде.

   Қазақ ғалымдары Мамыров Н.К., Ихданов Ж. анықтамалары бойынша,  мемлекеттік ретеу дегеніміз,  бұл макроэкономикалық тұрақтылықты  және тиімді тепе-теңдікті қамтамасыз  ету мақсаты үшін мемлекеттің  әлеуметтік-экономикалық процестерге әкімшілік, экономикалық, ұйымдастыру-құқықтық араласу түрі.

   Ресей ғалымы Ходов Л.Г. нарықтық  экономика жағдайында экономиканв  мемлекеттік реттеу деген қазіргі  әлеуметтік-экономикалық жүйені  өзгермелі жағдайға бейімдеу  және тұрақты дамыту мақсатында өкілетті мемлекеттік мекемелер, қоғамдық ұйымдар іске асыратын тексеру, атқару және заңдылық сипатындағы шаралар жүйесі.

   Ғалымдар көзқарасынан төмендегідей  қорытындылар жасауға болады:

  1. Экономиканы мемлекеттік реттеу – бұл белгілі бір процестерді, экономикалық құбылыстарды қолдау немесе олардың іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатындағы экономикалық жүйеге мемлекеттің ықпал жасауы.
  2. Мемлекет ықпалының мақсаты әлеуметтік – экономикалық жүйені өзгермелі жағдай талабына бейімдеу, макроэкономикалық тұрақтылықты және тиімді тепе-теңдікті қамтамасыз ету.
  3. мемлекеттік ықпал әкімшілік, ұйымдық, құқықтық түрдегі тексеру, іске асыру және заңдылық сипатта болатын шаралар жүйелерінен тұрады.
  4. Мемлекеттік ықпал өкілеттігі бар мемлекеттік мекемелер, қоғамдық ұйымдар арқылы іске асырылады.

  

  1. Экономиканы мемлекеттік реттеу объектілері. 

   Экономиканы мемлекеттік реттеу  объектілері дегеніміз - экономиканың  салалары, аймақтары, сфералары,  сонымен бірге автоматты түрде  өздігінен шешілмейтін немесе  болашақта шешімін табатын, бірақ оларды дер кезінде шешу, экономиканың қалыпты жұмыс жасауына, дамуына және қоғамда әлеуметтік тұрақтылықты  қамтамасыз етуге себепші болатын мемлекеттің әлеуметтік экономиканың өміріндегі құбылыстары мен жағдайлары.

   Экономиканы мемлекеттік реттеу объектілеріне жататындар:

1. Экономикалық  цикл.

2. Секторлық,  салалық және аймақтық экономиканың  құрылымы.

3. Капиталдың  қорға айналуы.

4. Жұмыспен  қамту.

5. Ақша  айналымы.

6. Төлем  баланысы.

7. Баға.

8. Ғылыми-зерттеу  және тәжірибе конструкторлық жұмыс.

9. Бәсекелестік  жағдай.

10. Әлеуметтік  қатынастар және әлеуметтік қамсыздандыру.

11. Мамндарды  даярлау және қайта даярлау.

12. Қоршаған  орта.

13. Сыртқы  экономикалық байланыстар.

Бұл айтылып  отырған объектілер әлеуметтік-экономикалық дамуда макроэкономикалық және микроэкономикалық қатынастарды қамтиды.

  1. Экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттары, принциптері және тиімділігі.

   Экономиканы мемлекеттік реттеу  мақсаттары мемлекеттік реттеудің  мазмұны мен атқаратын қызметтерінен  көрініс табады. Мемлекеттің экономиканы реттеудегі басты мақсаты қоғамды, яғни әлеуметтік-экономикалық жүйені өзгермелі жағдай талабына бейімдеу, макроэкономикалық тұрақтылық пен тиімді тепе-теңдікті қамтамасыз ете отырып, мемлекеттің ішкі, сыртқы байланыстарында құрылымды нығайту. Бұл басты мақсатты орындаудағы, іске асырудағы алғашқы аттану нүктесі болып елдің экономикалық саясатынан туындайтын мақсаттар есептелінеді. Бұл орайда мемлекеттік реттеудің басты бағыттары төмендегідей:

1. Елдің экономикалық  саясаты.

2. Әлеуметтік экономикалық мақсаттар.

3. Халық шаруашылығының  басым бағыттары.

4. Барлық ресурстарды  тиімді пайдалану саясаты.

5. Ішкі  экономикалық және әлеуметтік  саясат.

6. Сыртқы  экономикалық саясат.   

Осы негізде  мемлекеттік реттеудің мақсаттарын 3 топқа бөлуге болады:

  1. Экономиканы тұрақтандыру: экономиканың қаржылық сауықтандырылуы және ақша айналымының тұрақтандырылуы, тұтыну нарығын жақсарту, өндірістің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, шаруашылық байланыстарын нығайту және дамыту.
  2. Шаруашылық жүргізудің тиімді механизмін құру: меншік қатынастарын өзгерту, еркін кәсіпкерліктің дамуын қамтамасыз ету, бәсекелестіктің дамуын қамтамасыз ету, қаржы-несие жүйесін қайта құру және дамуын жетілдіру.
  3. Нарықтық экономика негіздерін қалыптастыру: нарық инфрақұрылымдарын құру және қалыптастыру, тұтыну тауарлары мен қызметтерінің нарығын құру, өндіріс заттарының нарығын құру, ауыл шаруашылық өнімдерінің нарығын құру, еңбек нарығын құру,тұрғын үй нарығын қалыптастыру, қаржы нарығын қалыптастыру.

   Экономикаға, әлеуметтік жүйеге мақсатты ықпал жасауда мемлекеттік реттеу құралдары тиімді және ұтымды болуы үшін, мақсаттарды жалпы экономикалық, әлеуметтік, шаруашылық-аймақтық, ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді деп бөледі.

    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Дәріс 2. Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістемесінің түсінігі және оның негізгі элементтері 

  1. Экономиканы мемлекеттік реттеу тұжырымдамасының мәні.
  2. Әлеуметтік – экономикалық дамудың маңызды басымдықтары.
  3. Экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесін қалыптастыру қағидалары.
 

     Бұдан 225 жыл бұрын  (1776 ж) Адам Смиттің  «Халықтар байлығының табиғаты мен  себептерін зерттеу» еңбегі жарық көрді, онда ол «мейлі бәрі өзінше жүрсін»  тезисін жариялады. Мемлекет нарықтық экономикаға араласпауы керек, бірақ  ол «түнгі қарауылдың» рөлін атқарып, жалпы тәртіптілікті қамтамасыз етеді. Бұл уақыттың ішінде мемлекеттің рөліне әлденеше рет теориялық көзқарастар мен тұжырымдар өзгерген болатын. Джон Мейнрад Кейнс 1936 жылы шыққан өзінің «Еңбекпен қамту, өсім мен ақшаның жалпы теориясы» еңбегінде мемлекеттің экономикаға араласуының қажеттілігін айтты.

     Ол  экономикалық дағдарысты жаппай жұмыссыздықтың тууын ескеріп отыруы қажет. Алайда мемлекет Дж Кейнстің кеңесін тыңдай отырып, экономикалық қызметтерден бас  көтере алмай, жаңа міндеттер шеше алмады. Батыс елдерінде 70- ші жылдардың ортасында тағы да экономикалық дағдарыстап лап ете қалды. Осы толқынның арқасында ДЖ. Кейнстің көзқарасын жоққа шығаратын тұжырымдар пайда бола бастады. Олар нарықтық экономикаға мемлекеттік араласпау идеясын дәріптеді.

     Бұл тұжырымдар «неоклассикалық» («неолибералдық») деп аталды. Оның авторлары неміс  экономисі Фридрих Август фон  Хайек (1899 – 1984 жж) пен американ экономисі  Милтон Фридмен (1912 ж) және басқалары  болды.

     Нарықтық  экономикаға мемлекеттің рөлі жайлы  аралас экономиканы жақтайтындар басқа тұжырымда болды.

     Американ  экономисі Дж. Гэлбрейт (1980 ж) «салмақтылық»  күш теориясын ұсынды. Оның айтуынша еркін нарықтық экономикада реттеу  механизмі жоқ, ал оның  орнын  «салмақтылық» күш ауыстырып, монополияға  қарсылық білдіреді және олардың қысымын басып отырады. Дж Гэлбрейт «салмақтылық» күшке алдыменен мемлекетті жатқызады. Мемлекеттің аласуының басты мақсаты – экономиканың дұрыс қызмет атқаруы, дағдарысқа қарсы бағдарламалар, әлеуметтік инвестициялау: мектеп, аурухана тұрғын үй, жол салу және қауқары төмен аудандарға көмек жасау болмақ.

     Әлеуметтік  – экономикалық дамудың  маңызды  басымдықтарын айқындау үшін Елбасы  «Қазақстан егеменді ел ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясы» бағдарламасын  жүйеге енгізген болатын.

     1997 жылдың қараша айындағы Елбасының  Қазақстан халқына жолдауында  өтпелі кезеңдегі әлеуметтік  – экономикалық дамудың  қорытындылары  шығарылып, тежеуші факторлары  айқындалып, 2030 жылға дейін жүзеге  асыруға көзделген жеті ұзақ  мерзімді басымдықтағы мақсаттар мен олардың мерзімдері көрсетілген болатын.

     Қойылға мақсаттарға жету үшін мынадай үш кезеңде болуы қажет:

  • 1998 – 2000 жылдар;
  • 2001 – 2010 жылдар;
  • 2011 – 2030 жылдар;

     Бұл ұзақ мерзімді басымдылықта Қазақстан  республикасы Президенті: «Қазақстан Конституциясына сәйкес біз әлеуметтік – нарықтық экономиканы құрудамыз» деп тағы да атап көрсетті. 21 – ғасырдың қарсаңындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық саясатының бес басты бағыттарын айтты:

  • әлеуметтік ахуалды жақсарту және кәсіпкерлік қызметті одан әрі дамыту;
  • басқарудың тиімділігін арттыру;
  • өндіріс секторына несие беру;
  • экономикалық шикізат бағдарын өзгерту;
  • аймақтық диспропорцияларды жою;

     Қазақстан Республикасының аталған әлеуметтік – экономикалық дамудың басымдықтарына қысқаша тоқталып өтейік.

      Елбасы  әлеуметтік ахуалды жақсарту деп  – ең маңызды мәселе халықты жұмыспен қамту мәселесі екенін атап көрсетті. Үкімет қазіргі кезде жұмыссыздықпен және кедейлікпен күрес туралы бағдарламаны дайындауда. Жұмыспен қамту мәселесін  шешуде шағын кәсіпкерлікке маңызды рөл берілді.

      Аталған бағдарламада шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту, олардың өкілдері Қазақстан шикізатын өңдеуді  кеңейтуге, негізделген өзгерістерді құруға және дамытуға ат салысуы қажеттілігі  көзделді. Елбасы: «Балтық елдерінде шағын және орта бизнестің әжептәуір дамуында үлкен тәжірибе жинақталғанын көрсетеді. Осы елдерде бюджет кірістерінің жартысынан көбі шағын және орта бизнес арқасында түседі және де әлемдік нарықта ауытқуларға төменгі деңгейіне тәуелді болады.» деп айтқан болатын.

      Қазақстан Республикасының экономикалық саясатының негізгі басымдықтары біздің экономикамыздың  шикізаттық бағдарын өзгерту болып  табылады.

      Мұнай  өңдеуді ұйымдастыру, мұнай химиясының басқа да өнімдерінің өндірістерін ұйымдастыру, мұнай өңдеу және мұнай өндіру үшін машина жасау өнеркәсібін дамыту міндеттері қойылды. Бұл тек өнеркәсіптің шикізат бағдарын жоюдың бірқатар жолдары.

Информация о работе «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша дәріс кешені