Экономиканы ақша-несиелік реттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2011 в 20:06, курсовая работа

Описание работы

Ақша-несие саясаты - бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы болып табылады. Сондықтан нарыққа өту кезінде, Қазақстан Республикасы егеменді ел ретінде өзінің тәуелсіз дамуы кезеңінде ақша-несие саясат жүргізуі керек. Қазақстан Республикасының әлемге нарықтық экономикалы және дербес ел ретінде танылғаны бәрімізге белгілі. Ал нарықтық экономиканың негізгі талабы бұл экономиканың еркіндігі және мемлекеттің экономикаға тек қана жанама реттеу әрекеттерімен ғана араласуы болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ ............................................................................................................4
1. ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДЕГІ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ
НЕГІЗДЕРІ.........................................................................................................6
1.1 Ақша-несиелік реттеудің теориялық негіздері .......................................6
1.2 Ақша-несие саясатының экономикалық мәні және негізгі
құралдары ..........................................................................................................9

2. ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДЕГІ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ...............................................................14
2.1 Ақша-несиелік реттеудің қазіргі жағдайы............................................ .14
2.2 Ақша-несие саясатын талдау .................................................................17

3. АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ БОЛАШАҚТАҒЫ ДАМУ СИПАТЫ............................................................23
ҚОРЫТЫНДЫ ................................................................................................27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..................

Работа содержит 1 файл

экономиканы акша несиелік реттеу дайын.docx

— 116.05 Кб (Скачать)

   Ұлттық  ақша-несие саясатының негізгі мақсаты  болып табылатын ұлттық валютанының  тұрақтылығы болса, ал сол валютамыз  теңге  толық қанды даму барысында. Бұл ұлттық валютаны кең көлемде  қаржы секторында реформалауды 1993 жылы 15 қарашада енгізілгеннен бастап іске асты. Бұл салада әлемдік стандарттарға  қол жеткізу Қазақстанның қаржы  жүйесінің жоғары деңгейге жеткендігін  көрсетеді. ТМД елдері бойынша қаржы  жүйеміз неғұрлым рыноктық талаптарға сай дамыған, мемлекеттік араласудан өзара арылып шыққан жүйелердің бірі болып табылады.

   1-кесте.  2011-2013 жылдарға арналған ақша-несиелік реттеу көрсеткіштері.

      
Көрсеткіштер 2011 2012 2013
Инфляция (ТБИ) орташа, %     6,0-8,0 6,0-8,0 6,0-8,0
Қайта қаржыландыру пайызы, %     6,0 6,0     6,0
Ақша  базасы, млрд теңге 2563 2673 2821
өзгерістер, % -8,7 4,3 5,5
Ақша  массасы млрд теңге 7910 8220 8652
өзгерістер. % -9,6 3,9 5,2
Банк  жүйесіндегі резиденттердің депозиттері, млрд теңге 6917 7198 7572
өзгерістер. % -9,8 4,1 5,2
      Экономикаға беретін банктік несиелер,млрд теңге       7489      7564     7715
өзгерістер. %        0,0       1,0      2,0
Экономиканы монетизациялау деңгейі,% 44,8 44,5 44,0
 

Дерек көзі: ҚР Ұлттық Банк [7]

    Бүгінгі таңдағы ақша-несие саясатының негізгі мәселесі белгіленген инфляция мөлшерінің тұрақты деңгейін сақтау және елдегі қазіргі болып жатқан қаржылық, несие беру бойынша туындап отырған мәселелерді реттеу болып табылады.

   Экономиканың  тиімді дамуы үшін инфляцияның төменгі  деңгейін ұстап тұру және инфляцияның  мақсатты көрсеткіштерін қамтамасыз етуде  инфляцияны таргеттеудің ақша-несие саясатындағы орны ерекше. Инфляция таргеттеу саясаты арқылы экономика дамуында алдағы жылдарға негізгі экономикалық көрсеткіштер мен инфляцияның деңгейін жылдар бойынша белгілейді. Бұл саясатты жүзеге асыруды және толық қадағалап отыруды Ұлттық Банк өзінің басты міндетіне айналдырады. Инфляцияны таргеттеу принципіне өту кезінде келесі негізгі қызметтер мен шаралар қолданыс табады:

  • Бағалы қағаздардың алғашқы және қайталама рыноктарының дамуына ықпал ету;
  • Ұлттық Банктің бағалы қағаздар портфелін кеңейту;
  • Қаржы нарығының реттеуші құралы болып қайта қаржыландыру пайыз ресми мөлшерлемесін және Ұлттық Банктің қысқа ноталарының өтімділігін реттеуші «РЕПО» операцияларын дамыту көзделген;
  • Ұлттық ақша бірлігінің тұрақты деңгейін қамтамасыз ету арқылы экономикада қызмет етуші тұлғаларға тиімді орта қалыптастыру және алдын ала көрсеткіштер арқылы олардың өз қызметтерін жоспарлауға жағдай жасау.  [4, 56 бет]

      Ұлттық  Банк бұл инфляцияның межелеген  мөлшерден асып кетуіне байланысты оны реттеуде   қысқа  мерзімді  пайыз  қойылымын  екі рет өсірді. Оның бірінші жолғы өсімі 2007 жылдың 1-ші сәуір айында РЕПО операциясының қайта қаржыландырудың пайыз қойылымын 7%-дан 7,5%-ға өсіру, ал екінші рет пайыз қойылымын өсіру 1 шілдеде 8%-ға өсіру негізінде қолға алынды.  [3, 3 бет]

      Ақпан айында жүргізілген теңгенің девальвациясынан кейін инфляцияны ұстап тұру табысты  жүзеге асырылуда және біз қазіргі  уақытта жүргізіліп отырған ақша-несиелік саясаттың курсын орынды деп санаймыз. Төмен сұраныс жағдайында инфляция жыл соңына қарай 9 пайыз деңгейінде болып, кейін 2010 жыл бойы бірте-бірте  төмендейді деп болжайды.

     Инфляцияның етек алуы тиімсіз экономикалық құбылыс ретінде экономиканың басқа да макроэкономикалық көрсеткіштерімен байланыста болады. Оның әлеуметтік саладағы ең маңыздысы жұмыссыздық көрсеткіші. Яғни, жұмыссыздық деңгейі табиғи деңгейінен төмен болса, жалпы жалақылар өсуі себебінен айналыстағы ақша массасы өсіп, инфляцияның өсуіне алып келеді.  Бұл экономикалық теория біздің елімізде көрініс табуда.

     Инфляция  жылдық көрсетуде 2011 жылғы сәуірде 8,4% (2011 жылғы наурызда – 8,6%) болды, айлық  өсу өткен айдағы 0,5% деңгейінде қалды.  Тұтастай алғанда инфляцияның өсуі  азық-түлік тауарларының қымбаттауына себепші болды, олардың бағасы  2010ж. сәуірде 12,6%-ға өсті.

     

    1 сурет – 2010-2011 жылдар аралығындағы инфляцияның деңгейi.[7] 

     Инфляцияны  төмендету үшін шектеулі ақша-кредит саясатын жүргізумен қатар, әсіресе, жиынтық  сұранысты дамытудың, өсуін шектеудің  бюджеті бөлігінде, бюджет саясатын қатаңдандыру, сондай-ақ отандық өндірушілер  тарапынан тауарлар мен көрсетілетін қызметтер ұсыныстарын ынталандыру  қажет. Инфляциялық үдерістерге  қысымды азайту мақсатында бюджет саясатын қатаңдату бюджет шығыстарының, оның ішінде инвестициялық шығыстардың өсуін шектеу, мемлекеттің мұнайдан түскен кірістерді кепілдік берілген трансферт түрінде пайдалануын шектеу, сондай-ақ салық ауыртпалығын сақтау саясатынан бас тарту бағытында жүргізілуі қажет.

     Сонымен қатар инфляцияның етек алуы тиімсіз  экономикалық құбылыс ретінде экономиканың басқа да макроэкономикалық көрсеткіштерімен байланыста болады. Оның әлеуметтік саладағы ең маңыздысы жұмыссыздық көрсеткіші. Яғни, жұмыссыздық деңгейі табиғи деңгейінен төмен болса, жалпы жалақылар  өсуі себебінен айналыстағы ақша массасы өсіп, инфляцияның өсуіне алып келеді. 

        2011 жылғы қаңтарда қауіпсіздіктің 5,6%-ға дейін өсуінен кейін соңғы үш айда жұмыссыздықтың өсуі 5,5% деңгейінде тұрақтандырылды. Сәуірде жұмыспен қамтылғандар санының өсуінің барынша жоғары қарқыны   жұмыссыздар санының өсуімен салыстырғанда жұмыссыздықтың өткен айдағы деңгейде сақталуына себепші болды.
 

     

       
     
    1. сурет –  Елiмiздегi 2010-2011 жылдар аралығындағы жұмыссыздық деңгейi.[7]
    2011 жылғы наурызда  халықтың ақша кірісінің жедел  өсуі жалғасты, бұған  жалақының  нақты көрсетуде ұлғайған 11,5%-ға  өсуі себепші болды.

      3  сурет – Еліміздегі 2010-2011 жылдар  аралығындағы халықтың кірістері.[7]

         Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясатты экономикадағы диспропорцияны бірте-бірте жоймай елестету мүмкін емес.

         Инфляцияға  қарсы саясаттың басты элементі - қаржыны сауықтыру мен халық шаруашылығы экономикасын тұрақтандыру, залалды және шамалы рентабелді шаруашылық субъектілерін қысқарту болып табылады. Бұған халық тұтынатын тауарлаға бағаны көтеру жолымен емес, интенсификация негізінде және өндірістің тиімділігін көтеру арқасында қол жеткізіледі. Шетел несиелерін солай пайдаланған маңызды, оларды тезірек иесіне қайтарып, сөйтіп аса мол пайда табу. Шетел ғалымдарының пайымдауынша, Қазақстандағы аса пайдалы салаларға — түсті металлургия, ауыл шаруашылығы, мұнай өндеу өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп және туризм жатады. Сондықтанда осы салалар басымдылықпен дамуы қажет. Сырткы саудамен айналысатын кәсіпорындарға толық валюталық өзін-өзі өтейтін жолға көшіру керек. Бір сөзбен айтар болсақ, тұрғындардың өмір денгейіне әсер ететін инфляцияның келеңсіздігін төмендету үшін шаралар жүйесін іске қосқан жөн.

         Ақша-несие саясаты тек қана инфляция деңгейін реттеп қана қоймай, айналыстағы ақша массасын реттеп отырады. Ал бұл өз кезегінде ЖІӨ динамикасына елеулі әсер етеді.

           2010 жылы  экономикадағы банктердің кредиттерінің көлемі  0,6% төмендеді.  Банктердің кредиттік белсенділігінің төмендеуінен М3 өсуі 2010 баяулады. 2011 жылғы 1-тоқсанда кредиттеу көлемі 0,9% ұлғайды,  М3 жедел өсті, алайда ЖІӨ өсуі жылдық көрсетуде 6,9%-ға дейін баяулады ( 2010 жылғы 4-тоқсанда - өсу 7,0%).
         

     
    4-сурет. МЗ және ЖІӨ динамикасы.

    Дерек көзі: Қазақстан Ұлттық Банкі.[7]

           Ақша- несие саясатының ең басты көздеген бағыттарының бірі - теңге тұрақтылығын қамтамасыз ету. Соған байланысты ұлттық валютаның кәсіпорындардың шаруашылық қызметіне ықпалын қарастырып өткен жөн.

          2011ж. 2-тоқсанында  теңгенің АҚШ долларына, еуро мен ресей рубліне шаққандағы (тиісінше 7,5%, 4,1% және 4,9%)  бағамының өзгеруіне орай оң ықпал етіп отырған кәсіпорындар үлесі төмендеді және теңгенің АҚШ долларына және еуроға шаққандағы (13,5% және 12,7% дейін) бағамының өзгеруінен теріс салдарларға душар болған кәсіпорындар үлесі шағын ғана өсті. Шаруашылық қызметіне теңге бағамының осы валюталарға қатысты өзгеруі әсер етпеген кәсіпорындар саны өсті (тиісінше 63,2%, 64,0% және 61,6% дейін).       

     

     

    4-сурет.  Валюта бағамы өзгерісінің кәсіпорындардың 2011 жылғы 2-тоқсандағы шаруашылық қызметіне ықпалы.

    Дерек көзі: Қазақстан Ұлттық Банкі.[7] 
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

    3. Ақша-несие саясатын жетілдіру мәселелері ЖӘНЕ БОЛАШАҚТАҒЫ ДАМУ СИПАТЫ 

         Ұлттық  валютаның ендiрiлуiне байланысты, мемлекеттiк  ақша-несие саясатын жүргiзу мен  банк реттеуi қатысында Қазақстан  Республикасы Ұлттық банкiнiң рөлi едәуiр  артты. Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкi банк жүйесi жұмысының  нормативтiк және құқықтық базасын  қалыптастыруға көп назар аудара бастады, пруденциялық реттеудiң нормативтiк  базасы ендiрiлдi, банктер үшiн ең төмен резерв талаптары, экономикалық нормативтер белгiлендi және шетел  қатысуымен банктердiң қаржыларының бөлiгiн iшкi активтерге орналастыру  және банктердiң қарыз қоржынын сыныптау туралы ережелер қабылданды.

          1993 жылғы сәуiр айында “Қазақстан  Республикасының Ұлттық банкi туралы”  Қазақстан Республикасының жаңа  Заңы қабылданды, онда орталық  банктiң мiндеттерi, қызмет қағадалары, орталық банктiң құқықтық мәртебесi мен өкiлеттiктерi, банк жүйесiндегi орны мен рөлi, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк билiк органдарымен өзара қатынастары белгiлендi.

          Қазiргi уақытта екiншi деңгейдегi барлық жұмыс iстейтiн банктердiң ширегiне жуығы  қосылу мен бiрiгу процесiмен бетпе-бет  кездестi. Бiрiгуден кейiн олардың негiзгi қаржылық және сапа көрсеткiштерi жақсарып, оларға елдiң тұрақты банкiлерiнiң қатарынан көрiнуге мүмкiндiк бередi.

          Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк банк санын қысқартуға ұмтылмайды, керiсiнше, әрбiр банктiң таратылуы бүкiл елдiң банк жүйесiн беделiн кетiруi мүмкiн және бұл өте ауыр және ұзақ уақыт жалғасатын жұмыс. Сондықтан және Қазақстанның ауқымды аумағын ескере отырып және аймақтардағы банк институттарының төмен шоғырлануына байланысты, Ұлттық Банк банк қызметтерiнiң нарығында  өзiнiң орнын нық алатын аймақтық банктердi қолдау жөнiндегi жанама шаралар қолдануда. Аймақтық банктер үшiн Астана  және Алматы қалаларында орналасқан банктермен салыстырғанда, меншiк капитал мөлшерi төмен даңгейде белгiленген. Аймақтық банктердiң меншiк капиталының ең төменгi мөлшерi 500 млн. теңгеден кем болмауға, басқа жұмыс iстейтiн банктердiкi- 1 млрд. теңгеден артық болуға тиiс. Қазiргi уақытта 37 банктiң меншiк капиталының мөлшерi 1 млрд. тең немесе одан артық.

          Экономиканың тұрақтандырылған және инфляция деңгейiнiң жалпы төмендеу жағдайында, банк институттары үшiн несие операцияларының басымдығы анық. Мемлекет тарапынан экономиканы несиелеу үшiн белгiленген жағдайлар жасалуда. Атап айтқанда, Ұлттық Банк коммерциялық вексельдердi қайта есептеу жолымен экономиканың нақты секторының кәсiпорындарын белсендi түрде несиелейтiн екiншi деңгейдегi банктердi қайта қаржыландырады.

            Тұрғын үй құрылысы саласында ипотекалық несиелеудi белсендiру мақсатында, ел Үкiметi Қазақстан Республикасында ұзақ мерзiмдi тұрғын үй құрылысын қаржыландыру мен ипотекалық несиелеу жүйесiн дамытудың тұжырымдамасын қабылдады. Осыған байланысты 2000  жылдың соңында Қазақстандық ипотекалық компания құрылды. Қазiргi уақытта Ұлттық банкiнiң қалыптасуы үшiн 1 млрд. теңге салды және ол Компанияның жеке дара акционерi болып табылады. Компанияның капиталында қатысуға бiрқатар отандық iрi банктер; сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары (ЕББР және ХВҚ) келiсiм бердi. Компания ипотекалық несиелердiң қайталама нарығындағы оператор болады және оның негiзгi функциясы екiншi деңгейдегi банктерден стандартты ипотекалық несие алып және осы несиелермен қамтамасыз етiлген облигациялар сатып оларды қайта қаржыландыратын болады.

         Әлемдік тәжірибеде Орталық банктің және коммерциялық банктердің несиелері арасында тұрақты өзара байланыс байқалады. Бұндай байланыстар әртүрлі елдер бойынша ерекшелінеді, мысалы Германияда Орталық Банктің ставкалары несиелер бойынша банктік ставкалардың ең жоғарғы шегін белгілейді, ал Франция мен Италияда ең төменгі шегі белгіленеді.

         Орталық банктің несиелері банктік ресурстар  көзі болып табылады, соған сәйкес пайыздық саясаттың әсер етуі жалпы экономикаға таралады. Ақша-несиелік реттеудің осы құралы Қазақстандық банктік жүйені реформалау кезінде ереқше танымал болды, себебі ҚРҰБ-нын, резервтері сыртқы факторларға қарсы түру үшін жеткіліксіз болды, ал ашық нарықтағы операциялар дамымады.

         Ал  қазіргі кезде ақша-несие саясатының жалпы бағыты ставка деңгейлерін бақылау сақталуда, бірақ осы құралдың мәні біртіндеп азайып келеді. Бірақ, пайыздық саясаттан толық бас тарту мүмкін емес, өйткені осы құралдың инфляцияға қарсы тиімділігінің маңыздылығы зор. Мысалы, АҚШ ресми ставкаларды белгілеуден бас тартқан елдердің бірі болып саналады. Германия, Жапония, Швеция елдерінде ресми пайыздық ставка инфляцияға қарсы реттеу құралы және ұлттық валюта бағамын реттеуші ретінде пайдаланылады.

         Әлемдік тәжірибеде пайыздық саясатқа жанама әсер ету шараларына көшу тенденциясы байқалуда. Бірақ, көптеген жағдайларда пайыздық ставкаларда жанама реттеу банктік резервтер келеміне әсер ететін әдістер арқылы ставкаларды тікелей белгілеуді ауыстыруды болжайды.

          Соңғы жылдары банктер құрамына сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, зейнетақы  активтерiн басқару жөнiндегi компаниялар, сондай-ақ өнеркәсiптiк, сауда және басқа  да кәсiпорындар кiретiн үлестес тұлғалардың  үлкен топтарының бөлiгi болып қалуда. Осыған банк қадағалауы, атап айтқанда, бiрiктiрiлген қадағалау жөнiндегi жаңа заңнама және норматвитiк құқықтық кесiмдердiң қабылдануы негiз болды.

          Банк  қызметiн реттеу жеке банк те, сондай-ақ бiрiктiрiлген негiзде де, яғни, банк тобы қатысында да жүзеге асырылады. Қайсы  бiр тұлғаның осы топқа жатқызу  өлшемi банктiң шешiм қабылдауына  оның ықпал ету мүмкiндiгi болып  табылады. Ұлттық Банк бiрiктiрiлген қадағалау  қағидаларын ендiрумен қатар, банк қызметiндегi тәуекелдердi басқару жөнiндегi қажеттi ұсынымдарды әзiрлеуде.

          1996 жылы екiншi деңгейдегi банктердiң  халықаралық стандарттарға көшу  бағдарламасының қабылдануы реформалаудың  негiзгi кезеңi болып табылды. Осы  бағдарламаға сәйкес барлық жұмыс  iстейтiн банктер 2000 жылдың соңына  дейiн капиталдың жеткiлiктiгi, активтердiң  сапасы, менеджмент деңгейi, бухгалтерлiк  есеп, ақпарат ендiру мен тарату  бөлiгiнде халықаралық стандарттарға  жетуге тиiс болды. 

          Қазiр  банктер өзiнiң стратегиясын негiзiнен  халықаралық тәжiрибеде қабылданған  стандарттар негiзiнде қалыптастырады. Қызметтерi халықаралық стандарттарға  жауап бермейтiн банктер Ұлттық банкке өзiнiң қызметiн капиталдандыру және жақсарту жөнiндегi жоспарларын  табыс етуге тиiс. Мұндай жоспар Ұлттық Банк тарапынан нысанды түрде  талап қана емес, ол активтер мен  пассивтердi басқаруды, несие және депозит  саясатын, iшкi бақылау жүйесiн ендiрудi, бухгалтерлiк есеп берудiң стандарттарына көшу және ақпарат ендiру мен таратужөнiндегi ең төмен стандарттарына қол жеткiзудi қоса алғанда, орталық банк қызметiнiң  барлық бағыттарын қамтиды және пруденциалдық  нормативтер  бойынша белгiленген талаптарға және басқа да мiндеттi талаптарға қол жеткiзу жолдарын, қызметкерлермен  жұмыс iстеу жоспарларын, жаңа банк қызметтерiн  игеру, банктiң басқару және экономикалық саясатын жетiлдiру жоспарларын көрсетуге  тиiс.

          Ақша-кредит саясатының аспаптарын жетiлдiру және оны Еуропалық Одақ елдерiнiң стандарттарына жақындату мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi мынадай негiзгi шараларды iске асырды.

          1. Қайта қаржыландырудың ресми  ставкасын тоқсан сайын қайта  қарауды және белгiлеудi iс жүзiнде  қолданылу енгiзiлдi, ол валюталық  өтiмдiлiктi, инфляцияны және т.б.  реттеу жөнiндегi негiзгi аспаптардың бiрi ретiнде пайдаланылатын болды. Осылайша, 2006 жылғы 1 шiлдеден бастап қайта қаржыландыру ставкасы 9%, екiншi деңгейдегi банктерден тартылатын депозиттер бойынша 4% деңгейiнде қалыптасып отыр.

          Ұлттық  Банктiң операциялары бойынша ставкаларды  арттыру нәтижесiнде банкаралық ақша нарығында және банктердiң кредиттерi бойынша ставкаларды арттыру  күтiлуде, мұның өзi өз кезегiнде кредиттiк  белсендiлiктiң және ақша агрегаттарының өсу қарқынын баяулатуға әкеп соқтыруға , түпкi қорытындысында инфляцияның деңгейiн төмендетуге тиiс.

          2. Ең төменгi резервтiк талаптарды  есептеу әдiстемелерi жетiлдiрiлдi. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы 2006 жылғы 27 мамырдан бастап "Ең төменгi резервтiк талаптар туралы ереженi бекiту туралы" және "Ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерiн белгiлеу туралы" жаңа редакциядағы қаулылары қабылданды.Алдыңғы редакциямен салыстырғанда мiндеттемелер құрылымы бөлiгiнде өзгерiстер көзделедi, ол бойынша екiншi деңгейдегi банктер ең төменгi резервтiк талаптардың және есептiлiктi беру тәртiбiнiң нормативтерiн орындауға мiндеттi болады.

          Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi бойынша екiншi деңгейдегi банктер үшiн банктiң iшкi мiндеттемелерiне 6 % және банктiң өзге де мiндеттемелерi үшiн 8 % деңгейiнде ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерi белгiлендi.

          Курстық жұмыстың тақырыбына сәйкес, жоғарыда қарастырған мәселелерге байланысты мынадай ұсыныстар ұсынамын:

    • Ақша-кредиттiк реттеу операциялары мен құралдарын жетiлдiру;
    • ақша-кредиттiк реттеу және қаржы секторын талдау әдiстерiн одан әрi жетiлдiру қажеттiлiгi;
    • Ұлттық Банктiң инфляциялық таргеттеу қағидаттарына негiзделген ақша-кредит саясатына режимiне көшу дайындығын жалғастыру;
    • Ұлттық Банктiң операциялары бойынша ставкалардың реттеу рөлiн арттыру;
    • Үкiметпен бағалардың тұрақтылығын қолдау мәселелерi жөнiнде тығыз үйлесiм.

          Осындай ұсыныстарды ұсына отырып, мынандай тұжырымдама жасағым келеді:          

             Тұрақтылықты қамтамасыз ету қаржы тұрақтылығының негiзi бола отырып, елдiң экономикалық дамуына, оның бәсекелес қабiлеттiлiгiн арттыруға жәрдемдесетiн болады. Өз кезегiнде қаржы секторын талдауды тереңдету, елде қаржы қызметiнiң неғұрлым баламалы ахуалын алу қажеттiлiгi ақша-кредит саясатын институционалдық қамтуды кеңейтудi талап етедi. Ақша-кредит саясаты құралдарын жетiлдiру жолымен қаржы нарығында шығынды өтiмдiлiктi қысқарту жөнiнде одан әрi шаралар қабылдау ақша-несие саясатына өз ықпалын тигізеді деп ойлаймын.

          Ақша-кредит саясатының макроэкономикалық көрсеткiштерге, атап айтқанда инфляцияға әсерiн модельдеу әдiстерiн одан әрi жетiлдiру, үкiметпен негiзгi макроэкономикалық көрсеткiштер бөлiгiнде өзара iс-қимыл жасасу, ақша-кредит саясатын ағымдағы жүзеге асыру үшiн тiкелей бағдарлар ретiнде қорытынды индикаторларды әзiрлеу шараларын да іске асыру қажет.       

              Сонымен қоса, ақша-кредит және фискалдық саясатын үйлестiру қажет деп ойлаймын. Ал, бұл саясаттарды үйлестіру бiрнеше бағыттар бойынша жүзеге асырылуы тиiс.      

     Бiрiншiден, осы саясаттарды iске асыру кезiнде негiзгi шарт бiрыңғай ұзақ мерзiмдi мақсаттарға немесе бағдарға бет алу болып табылады. Қазақстанның әлемдегi бәсекеге барынша қабiлеттi 50 экономиканың қатарына кiруi осы мақсат болып қызмет ете алады. Осы мақсатқа қол жеткiзу үшiн жеке, мiндеттер іске асырылуы тиіс, мысалы, тиiстi мемлекеттік саясатты жүргізу арқылы ЖIӨ-нiң жоғары және тұрақты өсiмiн сақтау, инфляция деңгейiн төмендету, халықтың әл-ауқатын жақсарту, бюджет тапшылығын азайту және т.б.

              Екiншiден, фискалдық және ақша-кредит саясатын тығыз үйлестiру үшiн негiзгi макроэкономикалық көрсеткiштердiң болжамдары негiзiнде, сондай-ақ осы болжамдарды түзету негiзiнде жататын маңызды жорамалдар мен жол берулердi келiсу қажет.

              Міне, осындай бірқатар іс-шараларын жүзеге асырған жағдайда ғана ақша-несие саясаты экономиканы реттеуді ойдағыдай орындайды деген ойдамын.

    ҚОРЫТЫНДЫ 

         Курстық жұмыстың жазылуын аяқтай келе төмендегідей ой-тұжырымдамалар жасауға болады.

         Ақша-несие саясаты – бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемiн, сыйақы мөлшерлемесiн өзгертуге, жалпы банк жүйесiнiң қызметiн реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша – несие саясатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүргізеді.

           Қазақстан Республикасының қаржы секторын одан әрi дамыту және Қазақстан Республикасының ақша-кредит саясатын халықаралық стандарттарға сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қабылдаған 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы да осы ақша – несие саясатына тікелей бағытталған.

         Ұлттық  Банк жүзеге асыратын ақша-несие саясаты ұлттық экономиканың дамуының тиімділігін реттейтін басты саясаттардың бірі болып табылады.  Бұл саясаттың экономика дамуындағы маңыздылығын Қазақстан Республикасы Қаржы саласының бүгінгі таңда ТМД елдері бойынша ең дұрыс қалыптасқан және әлемдік талаптарға сай дамып отырған бірегей жүйе болуымен және елдің ақша-несие саясатында 2002 жылдардан бастап негізгі басты мақсат ұлттық валютаның тұрақты деңгейін және оның нығаюын қамтамасыз ету болып отырғандығынан көре аламыз.

         Мемлекеттiк  және басқа да бағалы қағаздарды сатып  алу мен сатуды Қазақстан Ұлттық Банкi жалпы ақша-кредит саясаты  шеңберiнде жүзеге асырады.  

         Бүгінгі күні ақша-несие саясатын жүзеге асыруда онымен бірге орын алып отырған мәселелер тобын айта кету қажет, олар өздеріне ерекше оларға экономиканың перегреві, шетел капиталдарының жоғары ағылымы, қаржы рыногының өтімділігінің азаюы. Осыған байланысты инфляция тек қана Ұлттық Банк бақылауында ғана анықталып қоймай, ол кең мақсатта еліміздің ішкі және сыртқы жағдайларына тәуелді болып отыр. Макроэкономикалық көрсеткіштер мен инфляция арасындағы байланысты есеке отырып Ұлттық Банк оларды реттеудегі трансмиссионды механизм – комплексті шараларға әсер ету әдістерін қолдануда. Сондықтан жоғарыда аталған мәселелерді шешу үшін ақша-несие саясаты құралдарының бірі пайыз саясатын қысқа мерзімдегі негізде өсіру қолға алынып отыр. Осыған байланысты Ұлттық Банк 2005 жылы ақша-несие саясаты арқылы реттеуді кеңейтті. Оларға: ақша-несие саясаттарын оптимизациялау, салымдардың тартылу мерзімдерін белгілеу, қысқа мерзімді ноталардың айналысқа шығуы, қайта қаржыландыру операциялары. Осы қайта қаржыландыру елдегі инфляцияны төмендету мақсатында пайыздарды өсіруді қолға алды. Қаржы рыногын қайта қаржыландыру пайыздары арқылы кварталдар бойынша бақылап, оны реттеп отыруа ақша-несие саясатының белгіленген бағыттары бойынша қызмет етуге мүмкіндік береді.   

         Курстық жұмыстың жазылу барысында және тақырыптың мазмұнын ашуда белгілі авторлардың  оқулықтары, монографиялар, сондай-ақ газет –журналдар беттеріндегі жарияланған мақалалар, маңызы деректер, статистикалық көрсеткіштер жан-жақты пайдаланылып отыр. Пайдаланылған әдебиеттердің негізінде маңызды мәліметтерге көптеген сілтемелер жасалынды.

    Енді, курстық  жұмыстың тақырыбын ашуда қарастырылған  сұрақтардың негізде жоғарыда айтылғандарға  қысқаша қорытындыламалар жасайтын болсақ:

        1. ҚҰБ пайыз саясатының басты мақсаты — айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі, шын мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның көлемін құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол жеткізуге тиіс.
        2. Ақшаға сұраныс пайыз мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты сезімтал болса, онда ақша жиынының өсуіне, пайыз мөлшерлемесінің болымсыз өзгеруі әсер етеді. Ақшаның құнсыздануын төменді деңгейде ұстап, ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Ұлттық банкі ақша несие саясатын жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша несие саясатын айқындайтын және жүзеге асыратын бірден бір орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі ақша несие саясатын бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады.
        3. «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңның 8 – бабына сәйкес Қазақстанның Ұлттық банкі айналыстағы ақша массасы көлемін реттеу жолымен бағалы қағаздар эмиссиясын жасайды. Қазақстанның Ұлттық банкі эмиссиясын жасайтын бағалы қағаздар мемлекеттік бағалы қағаз болып табылады және олар бойынша жауаптылықты Қазақстанның Ұлттық банкі көтереді.
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

         ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

    1. Мамыров Н.Қ.,  Тiлеужанова М.Ә. -  Макроэкономика:  Оқулық. – Алматы: Экономика. - 2003. – 432 бет.
    2. Балабанов И. Т., «Банки и банковское дело», Санкт-Петербург – 2001;
    3. Сайденов А.Г. «О перспективах развития денежно-кредитной политики и других направлениях деятельности Национального Банка» // Банки Қазахстана, №12, - 2006  г. 2-4 стр.
    4. Досниязова А.К. «Инфляционное таргетирование: SWOT-анализ» // Банки Қазахстана, №10, - 2005  г. 56-61 стр.
    5. Баян Көшенова, Оқу құралы   Ақша,  несие,  банктер,  валюта қатынастары, - Алматы: “Экономика” 2000ж.
    6. “Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы”  ҚР-сы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығы, 1995 жылғы 30 наурыздағы, №2155;
    7. http://www.nationalbank.kz/
    8. http://www.kz-today.kz
    9. http://www. kt.kz
    10. Мақыш С.Б.,Оқу құралы. «Ақша айналысы және несие»,    Алматы: ИздатМаркет,2004. – 248 бет
    11. http://www.kaz.stat.kz
    12. Ақша,несие,банктер:Оқулық /Ғ.С.Сейітқасымов – Алматы:Экономика, 2001 ж. – 466 бет.
     
     
     

     
     

     
     
     
     

Информация о работе Экономиканы ақша-несиелік реттеу