Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2011 в 20:06, курсовая работа
Ақша-несие саясаты - бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы болып табылады. Сондықтан нарыққа өту кезінде, Қазақстан Республикасы егеменді ел ретінде өзінің тәуелсіз дамуы кезеңінде ақша-несие саясат жүргізуі керек. Қазақстан Республикасының әлемге нарықтық экономикалы және дербес ел ретінде танылғаны бәрімізге белгілі. Ал нарықтық экономиканың негізгі талабы бұл экономиканың еркіндігі және мемлекеттің экономикаға тек қана жанама реттеу әрекеттерімен ғана араласуы болып табылады.
КІРІСПЕ ............................................................................................................4
1. ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДЕГІ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ
НЕГІЗДЕРІ.........................................................................................................6
1.1 Ақша-несиелік реттеудің теориялық негіздері .......................................6
1.2 Ақша-несие саясатының экономикалық мәні және негізгі
құралдары ..........................................................................................................9
2. ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДЕГІ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ...............................................................14
2.1 Ақша-несиелік реттеудің қазіргі жағдайы............................................ .14
2.2 Ақша-несие саясатын талдау .................................................................17
3. АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ БОЛАШАҚТАҒЫ ДАМУ СИПАТЫ............................................................23
ҚОРЫТЫНДЫ ................................................................................................27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..................
Әл –Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ
Курстық
жұмыс
Тақырыбы:Экономиканы
ақша-несиелік реттеу
Орындаған:Нұрмағанбетов Азамат,Ф10К4
Ғылыми жетекші:
Тұрлыбекова Ә.Ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
..............................
1. ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДЕГІ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ
НЕГІЗДЕРІ...............
1.1
Ақша-несиелік реттеудің теориялық
негіздері ..............................
1.2 Ақша-несие саясатының экономикалық мәні және негізгі
құралдары ..............................
2. ЭКОНОМИКАНЫ
РЕТТЕУДЕГІ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ҚАЗІРГІ
ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ........................
2.1
Ақша-несиелік реттеудің қазіргі жағдайы.......................
2.2
Ақша-несие саясатын талдау ..............................
3. АҚША-НЕСИЕ
САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ БОЛАШАҚТАҒЫ
ДАМУ СИПАТЫ........................
ҚОРЫТЫНДЫ
..............................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..............................
Кіріспе
Ақша-несие саясаты - бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы болып табылады. Сондықтан нарыққа өту кезінде, Қазақстан Республикасы егеменді ел ретінде өзінің тәуелсіз дамуы кезеңінде ақша-несие саясат жүргізуі керек. Қазақстан Республикасының әлемге нарықтық экономикалы және дербес ел ретінде танылғаны бәрімізге белгілі. Ал нарықтық экономиканың негізгі талабы бұл экономиканың еркіндігі және мемлекеттің экономикаға тек қана жанама реттеу әрекеттерімен ғана араласуы болып табылады. Экономиканы жанама реттеудің негізгі құралдарына: ақша-несие саясаты, бюджеттік-салық саясат, тарифтік және валюталық саясаттар жатады. Өз кезегінде экономиканы ынталандыруда және шаруашылық механизмді реттеуде ақша-несие реттеудің маңызы зор болып табылады.
Егеменді еліміздегі ұлттық экономиканың нарықтық экономикаға өтуіне байланысты экономиканың тиімді және тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін елдегі ақша қатынастарын, оның құнсыздану дәрежесін, ақшалардың және несиенің айналысын, олардың көлемін, банк және қаржы жүйелерінің қызметтерінің тиімді жүргізілуін, сондай-ақ тұрақты дамуға бет алуын реттеу құралдары мен саясаттарын ұтымды жүргізу мемлекеттің және қаржы саласының негізгі міндеті мен мақсаты болып табылады. Осы аталған экономика салаларын реттеудегі кең қолданылатын саясаттардың бірі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкік жүргізетін ақша-несие саясаты болып табылады.
ҚҰБ өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді. ҚҰБ мүдделеңдіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін пайдаланады.
ҚҰБ ақша-несие саясатының басты мақсаты — айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі, шын мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның көлемін құрайды. Демек, ақша-несие саясаты алдағы уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол жеткізуге тиіс.
Бүгінгі таңда өзекті және негізгі саясатардың бірі болып отырған ақша-несие саясатының қалай іске асатындығын, қызмет ету механизмін, Ұлттық банктің ақша-несие саясатын жүргізудегі басты қызметтерін және ақша-несие саясатындағы инфляциялық таргеттеудің жүргізілуі осы тақырыптың зерттеу объектісі болып табылады.
Бұл тақырыптың мақсаты еліміздің ақша-несие саясатының экономиканы жанама ретеудегі маңыздылығын, оның іске асу механизмі мен қазіргі таңдағы даму беталысын қарастыру болып табылады.
Жұмысты
орындаудағы негізгі міндеттерг
Жұмысты орындау барысында әр бөлімде тақырыпты ашу негізгі міндет болып табылады. Жалпы жұмыс үш бөлімді қамтиды.
Бірінші бөлімде ақша-несие саясатының экономикалық мәні, оның іске асу барысы жан-жақты қарастырылды. Сонымен қоса ақша-несие саясатының негізгі құралдарына тоқталу мәселелері де осы бөлімде көрсетілген.
Екінші бөлімде ақша-несие саясатының Қазақстандағы қолдану барысын талдау және Ұлттық Банктің ақша-несие саясатын іске асыратын басты заңлы тұлға ретінде оған талдау жасау туралы айтылған.
Үшінші бөлімде Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы ақша-несие саясатының ерекшеліктеріне, атқарылып жатқан нақты шараларға, ақша-несие саясатындағы әлемдік стандарттардың бірі болып табылатын инфляциялық таргеттеу саясатының еліміздегі қолданысын және 2009-2011 жылдарға арналған ақша-несие саясатының іске асу барысын жан-жақты талдау мен туындап отырған мәселелерге нақты назар аударылды.
Қазақстан экономикасының
1. ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДЕГІ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ
НЕГІЗДЕРІ
Ақша-несие саясатының мәнi айналымдағы ақша мөлшерiн өзгерту жолымен экономикалық жағдайға ықпал етуге негiзделедi. Монетарлық билiктердiң тиiстi құралдары болса да, алайда әр түрлi экономикалық бағыттар арасында ақша ұсынысының экономикаға ықпал етуiне қатысты әртүрлi келiспеушiлiктер орын алуда. Ақша-несие саясатынының негiздемесi, оның стратегиясы мен тактикасын белгiлеу алдымен теориялық қағидаларды айқындауды және оның iшкi тетiктерiн ашуды талап етедi.
Ақша-несие
реттеудiң теориялық
Ақша жиынын зерделеу дәстүрлерi көптеген он жылдар бойы терең теориялық әзiрлемелердi қамтиды, олар iс жүзiндегi әрекеттер негiзi ретiнде пайдаланылады. Басты мәселе-осы салада дүниежүзiлiк ғылыми бiлiм әлеуетiнiң қолданылуы, бұған мына құбылыстар кiредi:
-экономикалық
және институционалдық
отырып,ақшаның
баламалы айқындамасын қалыптастыруы;
- орталық банктiң ақша жиынын бақылау мүмкiндiгi анықтау;
- ақша жиынына ықпал ету құралдарын талдау және олардың
салыстырма тиiмдiлiгi;
Экономикада
iскерлiк цикл деп нақты өндiрiс
мөлшерiнiң кемуiмен немесе артуымен,
халықтың жұмыспен қамту мен бағалар
деңгейiнiң өзгеруiмен
Экономистер экономикалық өсу факторларына ықпал ететiн ақша-несие саясатының тұжырымдамаларына қатысты ұзақ жылдар бойы пiкiр таластыруда.
Макроэкономикалық саясат негiзiнде ескеретiн макроэкономикалық теориялар (кейнсиандық теория мен монетарлық) – негiзiнен индуктивтiк жолмен пайда болатын теориялар. Бұгiнгi күнге көптеген ғалым экономисттер оларды макроэкономика мәселелерiне бiр мәндi жауап беретiн оқулардан гөрi болжамдарға жатқызады. Осыған қарамастан макроэкономикалық теоиялардың болжалдығы олардың маңызын кемiтпейдi.
Неоклассикалық
постулаттардың iзбасары П. Самуэльсон
“тиiстi ақша-несие саясатының көмегiмен
даурықпа бұзақылықтан және күрт құлдыраудан
жалтаруға, кең экономикалық өсуге
сенiм артуға болады” деп жазды.
Монетарлық идеялардың негiзiн қалаушы
М.Фридмен ақша-несие
Осы
пiкiрлер экономиканы ақша-несие
реттеу теориясының барлық бағыттарының
әдiстемелiк негiзiнiң
Несиелiк
реттеуге негiзделген кейнсиандық
үлгi нарық жүйесi мен еркiн кәсiпкерлiктiң
кемшiлiктерiн мемлекеттiк
Кейнсиандықтар
мен монетаристер арасындағы пiкiрталас
экономикалық ойлардың екi бағытының
да жағымды жақтары мен
Кейнсиандық экономикалық тұжырымдама. Дж.М. Кейнс 1936 жылы шыққан ”Жұмыспен қамтудың, пайызбен ақшаның жалпы теориясы” атты кiтабында өз тұжырымдамасының мазмұнын баяндады. Кейнс теориясының бас идеясы- нарықтық капиталистiк экономиканың өзiн-өзi реттеудi жоққа шығару. Ол өз күшiн шындықпен, атап айтқанда, капитализмде өндiрiстiң кезеңдi құлдырауы мен одан туындаған жұмыссыздықтың орын алуымен жанасатын жаңа жұмыспен қамтылу теориясын әзiрлеуге жұмсады. Мұның өзiнде жаңа теорияда кезеңдi құлдырау мен өндiрiс дағдарысына байланысты заңды туындайтын мәжбүрлi жұмыссыздыққа ерекше назар аударылады.