Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 15:36, курсовая работа
Аймақтық дамуын мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты - аймақтарға экономикалық өсуге жету арқылы бүкіл республикалық экономиканы жақсартуды қамтамасыз ету.
Аймақтық экономика өзінің зерттеулерінде ғылыми әдістер кешенін қолданылады, яғни баланстық, картографиялық, жүйелілік, экономика-математикалық және статистикалық әдістер қазіргі кезде аймақтық деңгейде басқарудың қызметтері мен әдістері экономикалық, әлеуметтік және әкімшілдік бағыттарының бірігуіне негізделеді.
Кіріспе
I бөлім. Қазақстан Республикасының экономикасын аймақтық басқарудың теориялық және әдістемелік аспектілері.
1.1 Қазақстан Республикасының экономикасын мемлекеттік аймақтық басқару негіздері
1.2. Қазақстандағы аймақтық экономикалық саясат түсінігі және мәні
II бөлім. Аймақтағы экономиканы мемлекеттік реттеуді жетілдіру
2.1. Қазақстан Республикасының аймақтарындағы басқару жүйесін жетілдіру жолдары
ІІІ бөлім.3 Экономикалық қауіпсіздік – мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатының негізгі
3,1. Әлемдік шаруашылық байланыстар дамуы жағдайындағы экономикалық қауіпсіздік
3,2. Қазақстан Республикасындағы экономикалық қауіпсіздік мәселелері
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер
Экономиканың ашықтығы табиғи ресурстармен қамтамасыздандырылғандығына және халық санына, дәлірек айтқанда, оның өндіргіш күшінің даму деңгейімен анықталатын төлем қабілеті бар сұранысқа тәуелді болады.
Егер де өндіргіш күштер тең дәрежеде дамыған болса, онда экономикалық мүмкіндігі төмен экономиканың ашықтық дәрежесі жоғары болады.
Экономикалық мүмкіндік – бұл барлық ресурстардың тиімді пайдаланылуы жағдайында еңбек және материалдық ресурстардың өндірістік және өндірістік емес тұтынудағы өнім мен қызмет өндірісінің ең жоғары деңгейін қамтамасыз ету қабілеті. Сонымен қатар, ашықтық дәрежесі ұлттық өндірістің салалық құрылымына да байланысты болады. Энергетика, металлургия және басқа базалық салалардың үлес салмағы неғұрлым көп болса, елдің халықаралық еңбек бөлінісіне тартылуы соғұрлым төмен, яғни ашықтығы аз дәрежеде болады. Керісінше, өңдеуші салалар, әсіресе машина жасау, электроника, химия т.б. сол сияқты салалардың дамығандығы елдің кооперациялық мамандандырылғандығын көрсетеді, яғни соның арқасында елдердің технологиялық өзара тәуелділігі және экономикалардың ашықтық сипаттамалары күшейе түседі.
Сонымен, елдің өндіргіш күштері дамыған сайын, оның салалық құрамына, терең технологиялық еңбек бөлінісіне қатысушы салалар көбейген сайын, экономикалық мүмкіндігі дәрежесі және меншіктік табиғи ресурстарымен аз қамтамасыз етілген сайын ұлттық экономиканың ашықтық дәрежесі арта түседі.
Ашық экономиканың бірнеше белгілері бар. Ең бастысы, сыртқы сауда айналымы жалпы экономикалық өркендеуді ынталандыруға жеткілікті дәрежеде болуы міндетті. Сыртқы сауда айналымы елдің экономикалық өркендеуінің ынталандыруға рөлін атқаруы және шаруашылықтың даму бағытына әсер етуі мүмкін, бірақ ол үшін сыртқы сауда айналымы белгілі абсолюттік және салыстырмалы (ұлттық табыспен салыстырғанда) деңгейге қол жеткізуі қажет.
Жекелген елдер экономикасының ашықтық деңгейін бағалау үшін, негіз ретінде, сыртқы сауда айналымының, адам басына абсолюттік және салыстырмалы түрде көрсетілген жалпы көлемі алынады. Бұл жерде сауда айналымының белгілі бір мөлшерін анықтау немесе оның ұлттық табысқа қатынасты төменгі шекара деңгейін белгілеу, тоқ етерін айтсақ, еркінше мінездеме алған болар еді. Қазіргі уақытта сыртқы сауда айналымының, адам басына шаққандағы ұлттық табыстың салыстырмалы деңгейі 25%-ке жеткеннен кейін, ол экономикаға ыеталандырушы әсерін тигізеді деп саналады.
Экономиканың ашықтығын көрсететін критерийлердің бірі – сыртқы сауда айналымының ұлттық табысқа қатысты эластикалық коэффициенті. Экспорттық динамика деңгейінің жоғарылығы экономиканың ашықтығын толық көрсетпейді, ол тек қана елде әлемдік нарықта жақсы өтетін (сирек кездесетін немесе бәсекелестік дәрежесі биік) өнім бар екендігін білдіреді, мысалы, мұнай шығарушы Шығыс Араб елдері сияқты.
Егер ұзақ мерзім бойы едәуір экспорт, тиісінше күрделі шаруашылықтың құрамына және экономиканың дамуына әсерін тигізіп отыратын испортпен толықтырылмаса, онда бұл құбылысты автаркияға жатқызамыз. Импорттың экспортқа қарағанда, ұзақ мерзім бойы едәуір көп болуы да экономиканың ашықтығын сипаттамайды, өйткені бұндай жағдай несиенің көп алынғандығынан болуы мүмкін, яғни ол жан-жақты экономикалық байланыстары бар шаруашылыққа жатпайды.
Сонымен,
экспорттың және импорттың табысқа
қатынасын эластикалық
Импорттың немесе экспорттың эластикалық коэффициенті 1-ден көп болса, онда экономиканың ашықтық дәрежесі жоғарылағандығын білдіреді, ал егер экспорттың эластикалық коэффициенті 1-ден аз болса, онда экономиканың ашықтық дәрежесінің төмендегенін білдіреді. Коэффициенттің 1-ге теңдігі, ол ашықтық дәрежесінің бір қалыптылығын көрсетеді.
Экономиканың
ашықтық дәрежесін белгілейтін
үшінші критерий – ол елдің халықаралық
еңбек бөлінісіне қатысуы, оның өндіріс
құрылымын өзгертетіндігіне байланысты.
Бұндай көзқарас бойынша тұйық және
ашық экономикалардың
Ашық экономика жағдайында, халықаралық еңбек бөлінісі, ішкі құрылымның қалыптасуы жөніндегі экономикалық шешімдерді қабылдау мен белгілі салалардың туындауына, жаңа өнім өндіруге және тағы басқа құбылыстардың пайда болуына әсер етеді.
Сонымен, ел экономикасы ашық шаруашылық болып саналуы үшін, оның сыртқы сауда айналымы мен басқа да сыртқы байланыстар формаларының абсолюттік және салыстармалы деңгейі, өсу динамикасы, ұлттық табыс пен өндіріс өнімі деңгейіне және өсу динамикасына қатысты жалпы экономикалық өркендеуді ынталандыратындай жеткілікті биік деңгейде болуы керек. Ал өндіріс құрылымы тек қана ішкі факторлар ғана емесе, сонымен қатар сыртқы факторлардың, яғни әлем шаруашылығындағы процестердің әсерінен қалыптасады.
Экономиканың ашықтық дәрежесін өлшеу үшін көбіне экспорттық, импорттық және сыртқы сауда квотасы қолданылады.
Экспорттық квота – бұл халық шаруашылығы және жекелеген салалар үшін экспорттың маңыздылығын сипаттайтын сандық көрсеткіш. Экспорт көлемінің құндық немесе натуралдық өрнектеуде берілген мерзімдегі көлемінің (Э) және соған сәйкес өнімнің осы мерзімдегі ішкі өндіріс (Ө ) көлемінің арақатынасы ретінде процентпен есептеледі:
Экспорттық квотаны барлық ұлттық шаруашылық шеңберінде есептейтін болса, онда ол экспорт құнының және жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) құнының арақатысы ретінде есептеледі:
Импорттық квота – халық шаруашылығы мен жекелеген салалар үшін импорт маңыздылығын сипаттайтын сандық көрсеткіш. Импорттың берілген мерзімдегі натуралдық немесе құндық көлемі мен (И) елдің ішкі тұтыну көлемінің арақатысы ретінде есептеледі.
Елдің ішкі тұтыну көлемі – бұл отандық өндіріс пен (Өұ), сол шетелден әкелінген импортының (И) проценттік сомасы:
Сыртқы сауда квотасы –
Экономиканың
ашықтық дәрежесін көтеру – көптеген
күрделі мәселелердің туындаумен байланысты.
Олардың бірі экономикалық қауіпсіздік
мәселесі, оның маңызы - әлемдік шаруашылықпен
өзара әсерлесудің қолайлы
Елдің өзінің ашықтығына байланысты сауда қатынасына түсу дәрежесі абсолюттік түрде қауіпсіз болуы мүмкін емес, соның нәтижесінде ұлттық экономиканың тұрақсыздану қауіпқатері төнеді. Сондықтан халықаралық экономикалық қатынастарды дамытудағы елдер үшін қауіпсіздік өзара тәуелділікпен анықталады және бұл тек қана салыстармалы түрде болуы мүмкін, яғни экономикалық байланыстардың көбеюі мен дамуы экономикалық саясаттың шарасыз түрде өзгеруіне әкеледі.
Өзара тәуелділік тәуелділікке әкелді. Тәуелділік – бұл белгілі жағдайдың дамуына сыртқы факторлар шешуші түрде әсер ететін салдарлық байланыстар. Кез келген мәселені шешу үшін тиісінше, ыңғайлану түріндегі өзгерістер қажет болған жерде тәуелділік те болады. Тәуелділік ең алдымен сезімталдықта көрініс табады. Сезімталдық - сыртқы факторлардың кері әсеріне тап болғандық, оны жою үшін берілген жағдайда оның кері әсерін төмендету мақсатында ыңғайлануды іске асыру керек. Осалдылық тәуелділіктің жоғары дәрежесі ретінде көрініс алады, ішкі жағдайды негізінен өзгертуге қарамастан, сыртқы факторлар әсеріне бейімделу нәтижесінде шектен тыс шығынға түсу деген сөз. Бейімделу шығындары қиын-қыстау шегіне жеткенде осалдылық пайда болады. Бейімделу – бұл мемлекеттің, сыртқы себептерді немесе оның салдарын жою немесе бейімделу шығындарын басқаларға аудару арқылы, сыртқы факторлар салдарынан пайда болған кері жағдайларға әсер ету қабілеті. Бейімделу шаралары қатарына мыналар кіреді:
Қауіпсіздіктің проблемасын осалдылық туындатады, бұл қажетті, бірақ жеткілікті емес шарт. Экономикалық қауіпсіздікті бұзуға жеткілікті шарт – бұл қауіп. Материалдық, еңбектік, ғылыми-техникалық ресурстарды және маркетинг жүйелерін қолдануға шектеулер қоюды қауіп деп түсінеміз. Қауіптің екі түрі бар:
а) күш көрсету қаупі;
ә) экономикалық қауіп;
Қауіптің екі түрі де мемлекеттің арнайы іс-әрекетінен немесе әлемдік шаруашылықтың даму тенденцияларынан таралады. Қауіп құралдары мыналар:
Сонымен, ұлттық қауіпсіздік жағдайында белгілі бір тауарлармен және қызметтермен қамтамасыз етілуі ұлттық экономиканың өркендеуіне қауіп болып табылатын сыртқы факторлардан берік түрде қорғалады.
Егер ЖІӨ алдын ала жасалған немесе кездейсоқ оқиғаға елеулі түрде тәуелді болмаса, онда ұлттық экономикаға қауіп төнбейді. Ал егер ЖІӨ сыртқы факторларға тәуелді болса және оның салдарын жоюға мүмкіндік болмаса, онда елдің қауіпсіздік жағдайы нашарлайды.
Ұлттық экономикалық қауіпсіздік түсінігімен қатар халықаралық экономикалық қауіпсіздік түсінігі бар; бұл – берік бейбітшілік сақтау, экономикалық және институционалдық шарттарды қамтамасыз ететін, өзара сенімділікке және теңдікке негізделген құқық жүйесі.
Жалпыға бірдей қауіпсіздік – бірде бір елдің әлемдік шаруашылықтағы экономикалық тәуелділік арқылы экономикалық немесе саяси артықшылыққа бір жақты ие болуына шектеу қою кепілділігін қамтамасыз етеді.
Қазақстан
Рсепубликасының халықаралық
Бұндай
жағдайда Республиканың алдына шетелдермен
және таяу шетелдермен қарым-
Қазақстанға әсер етуші күштер мыналармен анықталады: Ресей мемлекетінің қарым-қатынасы (Шығысқа әуестенуі); Қытайдың мақсаттары (өзінің экономикалық және саяси әсерін күшейтуде); иран, Турция, және тағы басқа мемлекеттердің өзіндік мүдделері. Осыған байланысты Қазақстанның мүддесіне ең бастысы мыналар жатады: Қазақстанның егемендігін және таңдаған даму моделін құрметтеу, шекара қауіпсіздігі, экономикада, мәдениетте өзара тиімді ынтымақтастық. Сонымен, республиканың мүдделері сыртқы факторлармен тығыз байланысты және ол ішкі саясаттың макро- және микро деңгейдегі бағыттарына әсер етеді.
Информация о работе Экономикалық қауіпсіздік – мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатының негізгі