Экономикалық қауіпсіздік – мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатының негізгі

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 15:36, курсовая работа

Описание работы

Аймақтық дамуын мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты - аймақтарға экономикалық өсуге жету арқылы бүкіл республикалық экономиканы жақсартуды қамтамасыз ету.
Аймақтық экономика өзінің зерттеулерінде ғылыми әдістер кешенін қолданылады, яғни баланстық, картографиялық, жүйелілік, экономика-математикалық және статистикалық әдістер қазіргі кезде аймақтық деңгейде басқарудың қызметтері мен әдістері экономикалық, әлеуметтік және әкімшілдік бағыттарының бірігуіне негізделеді.

Содержание

Кіріспе
I бөлім. Қазақстан Республикасының экономикасын аймақтық басқарудың теориялық және әдістемелік аспектілері.
1.1 Қазақстан Республикасының экономикасын мемлекеттік аймақтық басқару негіздері
1.2. Қазақстандағы аймақтық экономикалық саясат түсінігі және мәні
II бөлім. Аймақтағы экономиканы мемлекеттік реттеуді жетілдіру
2.1. Қазақстан Республикасының аймақтарындағы басқару жүйесін жетілдіру жолдары
ІІІ бөлім.3 Экономикалық қауіпсіздік – мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатының негізгі
3,1. Әлемдік шаруашылық байланыстар дамуы жағдайындағы экономикалық қауіпсіздік
3,2. Қазақстан Республикасындағы экономикалық қауіпсіздік мәселелері
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Аймақтық экономикалық қауіпсіздікті қамтамасз етудің сыртқы экономикалық факторлары.doc

— 140.00 Кб (Скачать)

     Мемлекеттің аймақтық саясаты - мемлекет пен аймақ  арасындағы өзара қатырастар ретінде  әсер ететін және кеңістіктік, аймақтық аспектіде еліміздің экологиялық. әлеуметтік, экономикалық, саяси басқару бойынша қызмет сферасы болып табылады.

     Аймақтық  саясаттың мәні және тапсырмалары бар  және оларды жүзеге асырудың тәжірибелік  жолдарының көзқарастары бар. Аймақтық саясат тапсырмаларын нақты қою  үшін еліміздің кеңістікті айырмашылық себептерін көрсету қажет.

1.3. Қазақстан Республикасындағы  аймақтық дамытуды  мемлекеттік реттеу.

     Қазақстан Республикасында соңғы жылдары  аймақтық экономикаға, аймақтарды дамыту, дәлірек айтсақ республикадағы әрбір аймақтық экономикалық өсуін, әлеуметтік жағдайын, халықтың әл-ауқатын көтеру, бюджетті өсіру, қаржы жағдайын, отандық және шетел инвестициясын тарту және оны тиімді пайдалану, ауыл шаруашылығын, өнеркәсіптерді, сонымен қатар шағын және орта бизнесті дамыту сияқты және тағы басқа да проблемаларды шешіп оларды дамытуға көп көңіл бөлінуде.

     Аймақтық  дамудың маңызды тапсырмаларының  бірі жеке аймақтардағы халық өмірі  деңгейіндегі айырмашылықтарды жою  болып табылады. Бұл тапсырманы орындау  үшін аймақтардың экономикалық деңгейі  мен ерекшеліктерін ескере жеке аймақтардың шаруашылық дамуының мемлекеттік бағдарламаларын қолдану үлкен мәнге ие.

     Барлық  аймақтар үшін жалпы аймақтық тапсырмалар - бұл  экономикалық құрылымын реформалау, жеке аймақтарды депрессивті жағдайдан  шығару, әлеуметтік инфрақұрылымын жасау, экономиканы тұрақтандыру, аймақаралық транспорттық жүйені дамыту, экологиялық қауіпсіз жағдай туғызу.

     Аймақтың  дамуы үшін қаржы-қаражат орны ерекше. Аймақтық экономиканы дамытуды тездетуге бағытталған құралдардың екі көзі бар:

     - сыртқы инвестициялар — экзогенді көзі

     - ішкі инвестициялар — эндогенді  көзі.

     Эндогенді дамытуды ынталандыру тәсілдері табиғи ресурстарды, "экономикалық ортаны" (өндіріс, транспорт, коммуникация, жинақталған экономикалық потенциал және басқалар) және адам капиталы (білім, квалификация, шығармашылық потенциал, кәсіпшілдігі, халықтың жан тазалығы және тағы басқа) жағдайын қамтитын проблемалы аймақтардың ішкі потенциалын белсендірумен байланысты.

     Қазір бар технология мен өндірісті  ұйымдастырудың атақты тэсілдеріне  негізделген эндогенді аймақтық дамуды ынталандырудың мүмкін болатын әдістеріне келесілерді жатқызуға болады:

     - тікелей мемлекеттік реттеу;

     - қызмет секторын ынталандыру;

     - шағын және орта кәсіпкерлікті  дамыту;

     - арнайы зоналар құру (9).

     Тікелей мемлекеттік реттеу әдістері мемлекеттік меншікке негізделеді. Қазіргі уақытта Қазақстанда меншікті мемлекетсіздендіру әлі жүріп жатқандықтан, бұл әдісті эндогенді аймақтық дамытуда қолдану қиынға соғуда. Секторлық ынталандыру құрылымдық және өнеркәсіптік саясаттың тапсырмасы ғана болып табылмайды, кейбір жағдайларда оны аймақтық экономикалық саясаттың тапсырмасы ретінде қарастырылады. Әсіресе, бұл  қызмет сферасына қатысты.

     Қазіргі күні Қазақстандағы және басқа елдердегі  шағын бизнес ұлттық және аймақтық экономикалық саясаттың әдістерінің бірі ретінде қарастырылады. Өзінің құрылымдық өзгерістерге бейімдегі мүмкіндігі мен икемділігіне байланысты көптеген үкіметтер ұлттық және аймақтық деңгейде шағын фирмаларды қолдайды. Мұндай қолдау несие бөлуде және жеңілдікпен қаржыландыруда, кадрларды қайта оқытуға көмек көрсетуде, қаржы кәсіпорындарының өндірісін басқаруда, инвестицияны ынталандыруда, технологиямен қамтамасыз етуде және басқа да жағдайларда көрінеді.

     Шағын және орта бизнесті аймақтық экономикалық саясат шегінде ынталандыру,олар экономикалық өсуге мүмкіндік жасаса және аймақта жаңа жұмыс орнын ашса ғана жүргізіледі. Көмек түрі фирманың ерекшелігіне (капитал сиымдылықты фирмаларға капитал, қызмет көрсетудің сауда фирмаларына, айналмалы капитал, жаңа технология мен құрал-жабдық қажеттілігі) және өмір цикліне байланысты болып табылады.

     Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына мемлекеттің  реттеуші әсері халықтың, шаруашылық етуші субъектілерінің өмір сүруінің құқықтық регломенті жүйесі және жалпы макроэкономикалық (бюджеттік, салықтық, ақша-несие), әлеуметтік-экономикалық, құрылымдық инвестициялық, сыртқы экономикалық саясаттарды жүзеге асыру, институтционалды құрылымлар жүргізілу арқылы жүргізіледі. Оларды әзірлеу және тәжірибеде жүзеге асыру кезінде жүзеге асырылатын шаралардың интеграциялық аймақтық әсері және олардың территорияларының әлеуметтік-экономикалық дамуының жағдайына сэйкестігін ескеру қажет.

II бөлім. Аймақтағы экономиканы мемлекеттік реттеуді жетілдіру

2.1. Қазақстан Республикасының  аймақтарындағы басқару  жүйесін жетілдіру жолдары

     Қазақстанның  саяси өмірінде алдынғы орынға ұлттық қауіпсіздіктің стратегиялық мүддесі мен аймақтың даму қажеттігін ескеретін мемлекеттік саясаттың басты әрі тиімді бағыты бола алатын аймақтық саясатты жетілдіру шығып отыр.

     Аймақ — бұл өндіріс және әлеуметтік-тұрмыстық сфера, биліктің аймақтық және жергілікті құрылымдары арасында белгілі бір үлесімділік бекітілетін, табиғи және өндіріс ресурстарын толық пайдалануға мүмкіндік беретін тиімді қатынастар күшейтілетін, халықтың әртүрлі қажеттіліктерін тиімді қанағаттандыруға ұйымдастыратын күрделі әлеуметтік-экономикалық кешен, саяси - әкімшілік құрылымы.

     Көптеген  елдердің ғасырлар бойындағы тәжірибесі адамдарды орналастыруды аймақтық тәсілі консервативті, өзгермейтін  фактор екенін көрсетеді.

     Бүгінгі күні Еуразияның дамығын елдері мен  АҚШ-та аймақтық саясаттың негізгі  тенденциясы болып табылады:

     1) билік пен экономиканы орталықсыздандыру,  аймақтарға өзіндік дербестік  беру;

     2) елдің және аймақтың экономикалық  даму стратегиясын өзінің жеке  табиғи ресурстық потенциялын пайдалану мүмкіндігін ескере бірігіп әзірлеу;

     3) территорияның экономикалық дамуының  деңгейлерін теңестіру. Бүған  байланысты ұлттық үкіметтің  компетенциясы мағыналы өзгерістерді  басынан ескеретін, ал аймақтар  өзін басқаруды және халықаралық сценаға шығу талап ететін жағдайдағы жаңа нақтылық мәселені туындайды.

     Көптеген  саяси эксперттер өркениетті елдердің экономикасында жаңа әлеуметтік саяси  нақтылықтың пайда болғаны туралы айтып кетеді. Мысалы, АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің кеңесшісі Дж. Ньюхаус "Мемлекет масштабы өте кең ауқымды, сондықтан күнделікті тұрмыстық мәселелерді басқара алмайды деп санаған (28).

     Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде саяси  өмірдің демократиялық жолын  таңдады. Соңғы жылдары аймақ  экономикасы маңызды мәселелер қатарына шықты. 
 
 

3.Экономикалық қауіпсіздік – мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатының негізгі

 

     Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты  стратегия мен тактикалық тәсілдер арқылы сауда саясатын іске асыруда  әлемдік кеңістікте интеграциялану жағдайына бейімделуге мәжбүр болды. Дегенмен, экономиканың өтпелі кезеңі тұрақтандырылған экономика сатысына көшу кезеңінде өзі соңында ескі “мұра” қалдырып отыр:

  • Республика экспортының құрылысында өзгерістер туындаған жоқ ол бұрынғыдай шикізат шығару, яғни экспорттың жалпы көлемінің 80%-тен астамы шикізат, жартылай бұйымдар және азық-түлік өнімдерінен тұрады;
  • Республиканың бірнеше жыл көлемінде төлемдік дағдарыс жағдайында болуы экспорттық өндірістерден тұрақты пайда алу мақсатымен, оның сыртқы нарыққа бейімделуіне қол жеткізді. Сонымен, екінші қатарға қосылған экономиканың ішкі сұранысы оны қанағаттандырудың қалдық принципін қамтамасыз етті. Көптеген өндірістерде шикізаттың болмауы себебінен ырғақты жұмыс жүргізілмеді;
  • Шикізат шығаруға бағытталған мемлекет болғандықтан, республика экономикасы әлемдік нарықтағы бағалардың өзгеруіне тәуелді және оның салдары ретінде валюталық шығындарға ұшырау, экспорттық өнімнің жалпы көлемінің азаюына алып келеді;
  • ғылымды және капиталды көп қажет ететін өнімдермен қамтамасыз ететін елдерге, ұлттық экономиканың тәуелділігі, алдыңғы қатарға жатпайтын машиналардың, жабдықтардың импортталуына әкеліп соғады. Бұл өндіріс көлемін көбейтуге ықпал етеді, бірақ өндірістің ЖИЕ-дегідей дәрежеге келуін қамтамасыз етпейді. Сонымен қатар, валюталық құралдардың үлкен бөлігі ағымдағы қажеттіліктерге жұмсалады, бұл қор жинауға және өндіріс ауқымын көбейтуге қажетті жағдай жасамайды;
  • қайта орнына келмейтін шикізаттардан дайын өнім жасау дың болмағандығы, ал кейбір жағдайда оның алғашқы өңдеуден өтпеуі қосымша өсуіне кері әсер етеді.

     1994-1995 жылдары Қазақстан Республикасы  тарифтік шектеулерді өзгерту  және оларды жою жөніндегі  қарқынды шаралар қолданды. Ең  алдымен Қазақстан импорт-экспорттық  лицензияларды жойды; 1995 жылы қабылданған қаулыға сәйкес тауарларды экспорттау және импорттау жөніндегі лицензияларға деген талаптар алып тасталынды. Көп мемлкеттердегідей қару-жарақ, құнды металдар, жабайы жануарлар т.б. он шақты тауарлар ерекшелік топтарға енді.

     Лицензияланатын тауарлар категориясы ТМД және басқа да елдердің лицензияланатын тауарларына сәйкес болуы тиіс.

     1995 жылы Қазақстан экспорттық инфрақұрылымға  қатысты экспорттық квота және  шектеу 1996 жылға қарағанда, экспорттық  тарифтер 5,3%-тен 4,1%-ке дейін жойылды; мұндай тариф салығы салынатын тауарлардың көлемі 733-тен 259-ға дейін төмендеді. Кедендік кеңес елдері арасында экспорттық тарифтердің барлығы 1996 жылдың орта шенінде жойылған еді.

     Қазақстан Республикасының Кедендік кеңеске  бірігуі орта мөлшерде тарифтердің 3,0%-тен 7,5%-ке дейін өзгеруімен шартталған, тарифтің мұндай өсуі сыртқы сауданың дамуына бөгет болды. Осылардың барлығы Қазақстан Республикасының Әлемдік Сауда Ұйымына (ӘСҰ) мүше ретінде кіруіне кері әсер етеді. Қазақстан Әлемдік Сауда Ұйымының мүшесі болса, сыртқы сауда жағдайы жақсарады және шетел инвесторларын тарту артықшылығына ие болады. Қазақстан Республикасы экспорты үшін өте жағымды статусқа ие болу кепілдемесін Әлемдік Сауда Ұйымына мүше болған соң алады. Қазіргі кезде бұл ұйымға 133 елдің мүдделері бірлестірілген және бұған Қазақстанның мүшелігі кез келген тауар құндылығына өте қолайлы режим жасалуын қамтамасыз етеді.

3.1 Әлемдік шаруашылық байланыстар дамуы жағдайындағы экономикалық қауіпсіздік

 

     Экономикалық  ілгері басу және халықаралық еңбек бөлінісіне белсенді түрде қатысу шешуші дәрежеде ұлттық шаруашылықтардың ашықтығына тәуелді болады.

     Ашықтықтың  артуы немесе басқа сөзбен айтқанда, әлемдік шаруашылық қатынастарына  қатысу дәрежесі – бұл өндіргіш күштедің дамуы барысында өндірістің ортақтастырылу деңгейінің көтерілуінің заңдылық нәтижесі.

     Халықаралық еңбек бөлінісі тұрғысынан алғанда  шаруашылықтың мынадай екі қарама-қарсы  типтерін бөліп көрсетуге болады: толық тұйық (автарқиялық) және толық  ашық. Тұйық экономика дегеніміз  – бұл дамуы тек қана ішкі тенденциялармен белгіленетін және әлемдік шаруашылықтан орын алып отырған тенденцияларға тәуелсіз, басқа шаруашылықтармен байланысы өте аз мөлшердегі экономика. Толық ашық экономика дегеніміз – даму бағыты әлемдік шаруашылық тенденцияларымен анықталатын, сыртқы шаруашылықтармен байланыстары кеүшйетін экономика. Әрбір елдің даму деңгейі биіктеген сайын, оның басқа елдер экономикаларымен байланыстары абсолюттік және салыстырмалы түрде кеңейеді.

     Белгілі бір елдің басқа елдермен экономикалық байланыстары болғандығы экономиканы ашық деп жариялауға жеткілікті емес. Қазіргі кезеңде жекелеген елдердің экономикалары бүтіндей тұйық бола алмайды, өйткені ол ел басқа елдермен әлемдік шаруашылықтан тыс, қандай да бір байланыссыз дами алмайды. Елдің экономикалық саясатында автаркиялы тенденциялар басым болған жағдайда да, сыртқы байланыстар белгілі бір рөл атқарады.

     Кейбір  елдер экономикасының ашықтық дәрежесі жоғарылау, ал кейбір елдер экономикасы  төмендеу болады.

Информация о работе Экономикалық қауіпсіздік – мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатының негізгі