Экономикалық қауіпсіздік – мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатының негізгі

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 15:36, курсовая работа

Описание работы

Аймақтық дамуын мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты - аймақтарға экономикалық өсуге жету арқылы бүкіл республикалық экономиканы жақсартуды қамтамасыз ету.
Аймақтық экономика өзінің зерттеулерінде ғылыми әдістер кешенін қолданылады, яғни баланстық, картографиялық, жүйелілік, экономика-математикалық және статистикалық әдістер қазіргі кезде аймақтық деңгейде басқарудың қызметтері мен әдістері экономикалық, әлеуметтік және әкімшілдік бағыттарының бірігуіне негізделеді.

Содержание

Кіріспе
I бөлім. Қазақстан Республикасының экономикасын аймақтық басқарудың теориялық және әдістемелік аспектілері.
1.1 Қазақстан Республикасының экономикасын мемлекеттік аймақтық басқару негіздері
1.2. Қазақстандағы аймақтық экономикалық саясат түсінігі және мәні
II бөлім. Аймақтағы экономиканы мемлекеттік реттеуді жетілдіру
2.1. Қазақстан Республикасының аймақтарындағы басқару жүйесін жетілдіру жолдары
ІІІ бөлім.3 Экономикалық қауіпсіздік – мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатының негізгі
3,1. Әлемдік шаруашылық байланыстар дамуы жағдайындағы экономикалық қауіпсіздік
3,2. Қазақстан Республикасындағы экономикалық қауіпсіздік мәселелері
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Аймақтық экономикалық қауіпсіздікті қамтамасз етудің сыртқы экономикалық факторлары.doc

— 140.00 Кб (Скачать)
 

ЖОСПАР

Кіріспе 

I бөлім. Қазақстан Республикасының экономикасын аймақтық басқарудың теориялық және әдістемелік аспектілері. 

1.1 Қазақстан Республикасының экономикасын мемлекеттік аймақтық басқару негіздері 

1.2. Қазақстандағы аймақтық экономикалық саясат түсінігі және мәні 

II бөлім. Аймақтағы экономиканы мемлекеттік реттеуді жетілдіру 

2.1. Қазақстан Республикасының аймақтарындағы басқару жүйесін жетілдіру жолдары 

ІІІ бөлім.3 Экономикалық қауіпсіздік – мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатының негізгі 

3,1. Әлемдік шаруашылық байланыстар дамуы жағдайындағы экономикалық қауіпсіздік 

3,2. Қазақстан Республикасындағы экономикалық қауіпсіздік мәселелері 

ҚОРЫТЫНДЫ

Пайдаланылған әдебиеттер 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе

 

     Бүгінгі күнде қазіргі экономиканы тереңінен талдау қажеттігі, оның бүтіндей сипаттамасы, тұрақтылығы, әлсіз жағдайларын анықтау қажеттілігі өзекті тапсырмалардың бірі болып тұр. Әлеуметтік-экономикалық реформаларды ғылыми негіздеу үшін нарықтық қатынастардың дамуы мен қалыптасуы жағдайында үлкен мәнге аймақтық экономика ие болып отыр.

     Қазіргі кезде негізгі шаруашылық ету  қызметі аймақтарда жүзеге асырылады. Оларға өздігінен әлеуметтік -экономикалық мәселелерді шешуге және аймақаралық  байланыстар жасауға мүмкіндік  берілген. Әр аймақ еліміздегі шаруашылық кешенді белгілі бір орынды алады, осыған қоса басқа аймақтармен бүтіндей экономикалық бірлікті құрайды.

     Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы  әр аймақтың өзіндік табиғи ресурстары, оларды орналастырудағы ерекшеліктері, ұлттық және тарихи белгілері, экономикалық даму деңгейі, өзіндік шаруашылық құрылымы бар.

     Соңғы жылдары нарықтық қатынастарға өту  барысында аймақтық экономиканың мәні ерекше. Аймақтың экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу қазіргі кездегі  тез арада шешуді талап ететін проблемалардың бірі болып отыр.

     Аймақтық  дамуын мемлекеттік реттеудің негізгі  мақсаты - аймақтарға экономикалық өсуге  жету арқылы бүкіл республикалық  экономиканы жақсартуды қамтамасыз ету.

     Аймақтық  экономика өзінің зерттеулерінде ғылыми әдістер кешенін қолданылады, яғни баланстық, картографиялық, жүйелілік, экономика-математикалық және статистикалық әдістер қазіргі кезде аймақтық деңгейде басқарудың қызметтері мен әдістері экономикалық, әлеуметтік және әкімшілдік бағыттарының бірігуіне негізделеді. 
 

I бөлім. Қазақстан Республикасының экономикасын аймақтық басқарудың теориялық және әдістемелік аспектілері.

1.1 Қазақстан Республикасының  экономикасын мемлекеттік  аймақтық басқару  негіздері

 

     Соңғы жылдары экономиканы аймақтық басқару мағынасы көп қолданылып жүр. Қазіргі кезде, негізгі орынды әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мақсаттар, сонымен қатар еліміздің экономикалық даму жетістіктеріне жету жолдары алады.

     Аймақтық  экономика - бұл экономика білім жүйесіндегі ең маңызды салалардың бірі болып табылады. Аймақтық экономикалық пэні Қазақстан Республикасының өндіргіш күштерін әлеуметтік-экономикалық аумақтық орналастыру және оның экономикалық салаларын дамыту, аймақтардың маңызды табиғи-экономикалық, демографиялық және экологиялық ерекшеліктерін, оған қоса аймақаралық, ішкі аймақтық және мемлекетаралық экономикалық байланыстарды зерттейді. Басқаша айтқанда, аймақтық экономиканы зерттеудің маңызды құралы болып қоғамдық ұдайы өндірістің кеңістіктік аспектісін зерттеу болып саналады.

     Аймақтық  экономика білімнің ғылым саласы ретінде, аймақтық аспектіде әлеуметтік инфрақұрылымының және өндіргіш күштердің  барлық элементтерінің қағидаларын, заңдылықтарын  зерттеумен, талдаумен және болжаумен  айналысады, сонымен қатар экологиялық талаптары мен әлеуметтік-экономикалық дамытудың жалпы стратегиясын қосқанда өндіргіш күштерді орналастыру бағыттарын негіздеумен; республика мен аймақ экономикасын және аймақаралық экономикалық байланыстарын зерттеумен, шаруашылық аумақтық ұйымын зерттеумен айналысады. Аймақтық экономика Қазақстанның табиғи ресурстық потенциалын, оның аймақтарын, тұрғындарын, еңбек ресурсын және қазіргі демографиялық проблемаларын қарастырады, сонымен қатар нарықтық қатынастардың құрылу және оның аймақтарының экономикалық деңгейін талдайды. Әлемдік шаруашылық жүйесінде еліміздің алатын орнын, экономикасының құрылмдылық қайта құру бағытын, нарыққа өту кезіндегі өндіргіш күшті орналастыру факторларын анықтайды және шаруашылық құрылымын зерттеп, оны тиімді пайдалану жолдарын қарастырады (1).

     Аймақтық  экономика анықтамасына келмес бұрын, бірінші территория аймақ деген  ұғымдарға түсінік беріп өтелік. Территория - бұл географиялық жағдаймен  және тағы басқа да белгіленген белгілі  бір территорияны сипаттайтын, жердің беткі қатты шектелген бөлігі. Әртүрлі белгілері бойынша басқалардан ерекшеліктерін және оның элементтерін құрайтын өзара байланысты бүтінділікке ие территорияны анықтайды. Аймақ территориядан белгілі бір мақсаттары жәнее тапсырмаларымен ерекшеленеді. Әр ғылымда аймақты бөлуде өзінің критериялары қолданылады:

     экономикалық-әкімшілік  басқару диспозициясы; еңбекті аумақтық бөлудегі рөлі; әлеуметтік-экономикалық роблемаларды шешу; экономикалық кеңістік - бәрі олармен байланысы: жергілікті пунктер, егістік, жерді иелену, көлік инженерлік торабы және тағы басқа.

     Әр  аймақтың сыртқы экономикалық кеңістікпен  байланысты өзіндік экономикалық кеңістіктің  сапасы келесідей сипаттамалармен  анықталады:

     тығыздық ( халық саны, жалпы ішкі өнім, негізгі  капитал, табиғи ресурстар);

     орналастыру (тең көрсеткіштер, халықты бөлу, экономикалық қызмет);байланыстылық (экономикалық байланыстардың қарқындылығы, тауар, капитал, еңбек қозғалысының жағдайы).

     Аймақтық  экономика - бұл  табиғи экологиялық  жағдайлармен тығыз байланысты, еліміздің  территориясының және оның аймақтарының әлеуметтік-экономикалық процестерін, өндіргіш күштерді орналастыру және дамытуды зерттейтін ғылым саласы болып табылады (2).

     Соңғы жылдары нарықтық қатынастарға өту  барысында аймақтық экономиканы  дамыту мәселесіне көп көңіл бөлінуде. Қайта құру процестерде туындайтын барлық проблемалар аймақтық факторлар мен жағдайлардың іс-әрекетімен тығыз байланысты. Аймақтық экономиканы дамыту мақсаты, тек әлеуметтік бағытталған ғана емес, мемлекетпен ретелетін нарық құру болып табылады. Осындай реттеу жалпы аймақтың халық шаруашылығының тиімді қызмет ету жағдайын жасау керек. Ең алдымен, бұл тиімді, яғни аймақтың мамандануы, еңбек ресурстарын пайдалану және шығынды минималдау мен табиғи жағдайларға байланысты.

     Аймақтық  экономика өзінің зерттеулерінде ғылыми әдістер кешенін қолданады, оның ішінде баланстық әдіс маңызды болып табылады. Салалық және аймақтық баланс жасау нарықтық маманданған салалар, территориялық кешенді толықтырушы, яғни алдағы салалардың да, халықтың қажеттілігін қамтамасыз ететін, салалар және қызмет сферасындағы салалар арасындағы дүрыс қатынасты таңдауға мүмкіндік береді. Баланстар (тепе-теңдіктер) санымен қатар тиімді аймақаралық және аймақ ішіндегі байланыстарды дайындау үшін де қажет. Кәсіпорын жылжуын экономикалық негіздеу (кәсіорынды құрал-жабдықпен қамту, құрылыс орнын анықтау, оны шикізатпен, энергиямен, сумен, жылумен, еңбек және басқа ресурстармен қамтамасыз ету есебін жұргізу үшін аймақ таңдау) баланстық әдістің мазмұнын құрайды. Аймақ экономикасының негізгі аймақтық өндіріс және өнімнің негізгі түрлерін тұтыну тепе-теңдігі (балансы) кіреді.

     Аймақтық  байланыстарды құру үшін өнделетін  әдістер қолданатын үлкен  жобалы  жұмыстар  мен  эксепдициялар  алдын-ала  жүргізілуі  тиіс.

     Салалық және аймақтық баланстар құру аймақтың кешенді даму деңгейін, оның дамуындағы диспропорциялардың болуын анықтауға мүмкіндік береді.

     Аймақтық  экономиканы зерттеудің ерекше әдісі  картографиялық әдіс болып табылады. Аймақтық экономикадағы карта тек  зерттеу обънктісі ғана емес, ол сонымен қатар өндіріс күштерінің жылжуы және аймақ экономикасы туралы ақпарат алудың көзі болып есептелінеді. Карталарды, картокестелерді, картограммаларды, картодиаграммаларды қолдану арқылы орналастыру ерекшеліктері ғана емес, сала мен аймақтардың даму деңгейін сипаттайтын статистикалық мәліметтер де есте қалады.

1.2. Қазақстандағы аймақтық  экономикалық саясат  түсінігі және  мәні

     Қазіргі экономикалық әдебиеттерде нарыққа  өту барысында аймақтық экономикалық саясат мәселелеріне көп көңіл бөлінеді. Бірақ, аймақ саясаты аймақтық экономикалық саясаттың нақты бір көзқарасы жоқ десек болады.

     Аймақтық  саясат - көпмағыналы ұғым, эртүрлі  мэндерде кеңінен қолданылады. Көбінесе осы ұғым қолданылатын сипаттамадағы  негізгі үш проблеманы көрсетуге  болады:

     1. Билік және атқарушы органдар және биліктің аймақтық органдары арасындағы әртүрлі түрдегі қарым-қатынастарды сипаттау;

     2. Кәсіпкерлік және өмір деңгейі  жағдайында мағыналы аймақтық  өзгешіліктерді игеру мақсатымен  және территориялдық құрылымды  дамытуға мемлекеттің араласуы;

     3. Аймақтық және саясатын сипаттауда: әлеуметтік, экономикалық, өндірістік, аймақтық және тағы басқалар (5).

     В.С.Жихаревич  келесідей анықтама береді: "экономикалық саясат -құрастырылған мақсаттарға  жету мүддесінде аймақта өткізілген белгілі бір концепцияны, экономикаға реттеуші әсер етуші". Аймақтық экономикалық саясат үш құраушылардан тұрады: субъект, объект және мақсаттар. Аймақтардың өздерімен жүргізілген аймақтық саясат — бұл  нақты бір территорияда жергілікті жағдайларды қосқанда кеңістіктегі тараптайтын сферасының барлық элементтердің өзара және келісілген бұзылмайтын дамыту үшін жасалуы тиіс. Мемлекеттік аймақтық саясат жерлерде аймақтық саясаттық қабілетсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Аймақтық саясаттың объектісі - аймақ арасындағы өзара байланыстар және қатынастар.

     Қазақстанның  басты аймақтық мүддесі қазіргі  кезде, жергілікті құрылымдарды қолдау ретінде, Қазақстан Республикасының  әрбір аймағы өзінің ішкі потенциалын  максималды қолдануы және мемлекеттік  көмек мүмкіндіктеріне көп сенбей жалпы қазақстандық жағдайлар құру болып табылады.

     Орталық үкімет аймақтық саясаты елімізді дамытудың  жалпы ұлттық мақсаттары шегінде  жүзеге асырылады және экономика  жағдайына тәуелді. Экономикалық дағдарыс кезеңінде экономикалық мақсаттарды  иеленеді, экономикалық өсу кезеңінде - әлеуметтік мақсаттар болады. Қазіргі уақытта, Қазақстан үшін аймақтық даму мақсаттарына төмендегідей түрлерін пайдалану пайдалы және мүмкін болып есептеледі:

     1. Әр аймақтағы халықтың түрмыс-жағдайы  деңгейін теңестіру. Еліміздегі  жүргізілген реформалар аймақтық бөліністердің тез көтерілуіне әкелді.

     Аймақтық  экономикасын дамыту ерекшеліктеріне  төмендегідей негізгі факторлар  әсер етеді:

     - өнеркәсіптік дамудың табиғи-шикізаттық  база ерекшелігі;

     - еңбек потенциалының сипаты және  түрғындары;

     - аймақтық шаруашылық жинақталған құрылымы; -аймақтың шаруашылық жағдайда жиналған дәстүрлері;

     -еліміздің  басқа аймақтарымен экономикалық  байланыстарды дамытудың болмауы  немесе қолда бар мүмкіндіктері.

     2. Аймақтық даму мақсаты - дипрессивті  аймақтарды құрылымдық қайта  құру. Бірінші мақсаттан айырмашылығы теңестіру саясаты жалпы барлық мемлекет үшін жүргізілетінімен ерекшеленеді. Депресивті аймақтарды құрылымдық қайта құру тек ірі жалпы мемлекеттік бағдарлама көмегімен жүзеге асырылады, кейбір аймақтарда бұл тапсырманы орындай үшін қажет ресурстардың жетіспеушілігі болады. Мемлекеттің негізгі функциясы, артта қалған территорияларды жоғары дамудағы аймақтардың деңгейіне дейін көтеру, бірақ халықтар зардап шекпеуі тиіс.

     3. Аймақтардың кешенді дамуы бірдей  деңгейде жалпы мемлекеттік сияқты экономикалық дамудың жеке аймақтық мақсатымен сәйкес келеді. Жергілікті аймақтық мүдделер берілген территорияның барлық элементтерінің тепе-теңдік дамуымен келісіледі.

     4. Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету. Бірақ бұл мақсатты жүзеге асыруда ауырлық түсіп тұрған аймақтарға экономикалық өсуді көтеру қажеттілігін ұмытпау керек (6).

Информация о работе Экономикалық қауіпсіздік – мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатының негізгі