Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Июня 2013 в 11:36, курсовая работа
Фирмалардың нарықта қабылдайтын шешімдері тиімді болу үшін пайданы мейлінше арттыратын өнім көлемін барынша аз шығынмен өндіру қажеттілігі туындайды. Сондықтан, фирмалар бұл жерде өнімді қалай өндіру керек деген сұраққа жауап іздейді. Кез келген фирманың негізгі міндеттерінің бірі – ол шығындарды азайтудың жолдарын іздестіре білу. Өнім көлемі мен оны өндіруге кететін шығындардың арасындағы байланысты көрсететін өндірістік функцияны мәнін түсіне отырып келесі тақырыптардағы талданатын мәселелерді шешуге жол ашамыз.
1 Экономикада шығындардың алатын орны және шығындардың негізгі
аспектілері
Фирмалардың нарықта қабылдайтын шешімдері тиімді болу үшін пайданы мейлінше арттыратын өнім көлемін барынша аз шығынмен өндіру қажеттілігі туындайды. Сондықтан, фирмалар бұл жерде өнімді қалай өндіру керек деген сұраққа жауап іздейді. Кез келген фирманың негізгі міндеттерінің бірі – ол шығындарды азайтудың жолдарын іздестіре білу. Өнім көлемі мен оны өндіруге кететін шығындардың арасындағы байланысты көрсететін өндірістік функцияны мәнін түсіне отырып келесі тақырыптардағы талданатын мәселелерді шешуге жол ашамыз.Шығын – тауарға және жұмысқа төленетін ақша. « Шығындар қолдағы бардың сатып алуға жұмсалғанын және оны шаруашылық субьектінің балансында актив ретінде көрсетілген, келешекте табыс әкелуге қабілетті қаражаттар » - бұл Г. М. Лисович пен И.Ю.Ткаченконың шығынға берген түсініктемелері. Осымен қатар кәсіби әдебиеттерде осы ұғымның басқалай да трактовкасы ( түсіндірулері ) кездеседі. Мәселен, проффессор Ч.Т. Хорнгерн, Дж. Фостер келесідей түрде тұжырымдайды: «Шығындар – тауарларға немесе қызметтерге төленуі қажет болатын, тұтынылатын ресурстар ( ақшалар )». Тура осындай мазмұндағы анықтаманы кейінірек проф. А.Д.Шеремет және басқа да авторлар берді. Бұл ұғымдардан «шығындар» тұжырымдамасының абстрактілі екені көрінеді. Сондықтан да осы күнге дейін экономикалық әдебиеттерде шығынның анықтамасы бойынша көзқарастардың біртұтастығы жоқ.
Отандық тәжірибеде ұқсастығына байланысты «шығындар», «шығыстар», «жұмсалған қаражат» бірдей деп теңдестіріледі және «өндіріс шығындары» немесе «өндіріске жұмсалған шығын» терминдері бір мағынада қолданылады. Соған қарағанда шығын сөзінің табиғаты әр қилы ахуалға байланысты түрлі мәнге ие болатын сияқты. Басқару есебінде шығындар әр түрлі мақсаттар үшін бірнеше әдістермен жіктеледі, яғни шығын бір мағыналы ғана емес. Шығын факторы – шығындардың пайда болуына әкелетін кез-келген оқиғалар не жағдайлар, олар әр түрлі мақсатқа байланысты топтастырылады. Өндірісті тиімді басқару үшін басшыларға шыққан шығын жайлы ақпарат керек. Шығындарды есептеу жүйесін тиімді құру дегеніміз – шешімдердің типтес топтарын айқындау және оларға сәйкес келетін шығындарды есептеу обьектілерін таңдау.Өндірістік шығындарды әр түрлі негіздер бойынша классификациялауға болады. Кейбір шығындарды өнімнің белгілі бір түріне жатқызса, кейбіреуін білгілі бір өнімге жатқызу мүмкін емес. Шешім қабылдау үшін ақпарат жинау кезінде есепші шығындардың кей түрі шешімнің бір типіне керек болса, екінші типі үшін маңызы жоұ екенін ескеруі тиіс. Өндірістік шығындарды тексеру мақсатына қарай әр түрлі белгілері бойынша классификациялауға болады. «Шығындар» ұғымына өндіріс шығындарының пайда болуымен байланысты активтердің азаюы ( материалдар, ақшалай қаражаттар ) немесе міндеттемелердің артуы (кретиторлық қарыз) енеді. «Шығындар» мен «шығыстар» ұғымдарын толығымен ұқсас деуге болмайды. Қаржы саласындағы стандарттары бойынша «Шығыстар» - есепті кезеңде активтерді пайдалану немесе есептен шығару жағдайында табыстың азаюы, сондай-ақ капиталдың кемуіне әкелетін және соған сәйкес қосымша міндеттемелердің пайда болуы.«Шығындардың» мәнін жеткілікті түсіну үшін, оны үш жақты қарастыру керек. Біріншіден, шығындар ресурстарды пайдаланумен анықталады.Екіншіден, шығындар ақшалай өлшеммен көрсетіледі, сөйтіп пайдаланылған ресурстардың санын көрсетеді. Үшіншіден, шығындар кез-келген бөлімшенің қызметі, өнімді өндіру, түрлі қызметтердің іске асырылу мақсатын салыстырады. Осыдан келіп, шығындар өзіндік құнға қарағанда бір мезгілде белгілі мақсаттарға ақшалай (кейде натуралды не материалды емес) көріністе ресурстарды пайдалану деңгейін көрсетеді. «Шығындарды» есепте көрсету соңғы өнім болып табылмайды, ол мақсатқа жету құралы ретінде көрінеді. Икемді шығындар әр түрлі өндіріс көлемінде «өздерін түрліше алып жүреді», ал жекелеген тұрғыдан қарасақ, шығын – пропорционалды, прогрессивті немесе дегрессивті түрде көрінеді. «Шығынның» мұндай әрекетін көре тұра шетелдік әдебиеттерде, теориялық еңбектерде «шығынның әрекеті (қылығы)» деген термин өте жиі қолданылады. Қазақстандық тәжірибеде шығындар динамикасы (қарқыны) туралы айту қабылданғанмен, «шығынның әрекеті (қылығы)» термині тек қарқынды ғана емес, сондай-ақ осы немесе басқа шығыстардың мүмкін болатын тұрақты, қалыпты жағдайын көрсететін өте ауқымды ұғым болып табылады. Шешім қабылдау үшін іскерлік белсенділік пен өндірістік қызметтің деңгейлеріне тәуелді «шығындардың әрекеті (қылығы)» қалай өзгеретінін көрсету өте маңызды роль атқарады. Сондықтан шығынға қарап бюджетті жоспарлағанда келесідей мәселелер туады:
Мұндай құбылыстарды ұғыну үшін осы немесе басқа белгілері бойынша шығындарды топтастыру жүргізіледі. Объектілерді жіктеу белгілері көп болған сайын оның зерттелу деңгейі де жоғары болады. Бұл өз кезегінде объектінің басқарушылық деңгейін арттырады. Есептік ақпараттарды жіктеу схемасының көптігіне байланысты эталон ретінде олардың қандай да бір түрін бөліп алу қиындық туғызады, өйткені классификациялау схемасы ақпараттың арналымына (мақсатына) тәуелді. Сондықтан шығындар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды ғылыми негізде жіктеудің үлкен мағыналық мәні бар.(1-кесте)
1.Кесте.
Топтастырылатын белгілеріне байланысты жасалатын шығындар жіктемесі ( классификациясы ).
№ |
Жіктеу белгілері |
Шығын түрлері |
1 |
Мазмұны (айналымы) бойынша |
Негізгі және үстеме |
2 |
Өнімнің өзіндік құнына енгізу (қосылу) әдісі бойынша |
Тікелей және жанама |
3 |
Өндіріс көлемінің өзгерісіне қатысы бойынша |
Айнымалы және тұрақты |
Осылардан басқа бақылау және реттеу функцияларын жүзеге асыру үшін басқарушы есебінде реттелетін және реттелмейтін шығындар тобы да ажыратылып көрсетіледі.
Шығын – белгілі-бір уақыт кезеңіндегі өнімді өндіру және сатуға кеткен материалдың, еңбек, қаржы, табиғи, ақпараттық және басқа да ресурс түрінің құндылығының ақшалай бағасы. Осы анықтамадан көрініп тұрғандай шығындар былайша сипатталады:
Кесте 1 – Кәсіпорын шығысының жіктелуі мен олардың құрамы
Шығыс түрлері |
Шығыс құрамы | |
1 |
Қарапайым түрдегі шығыстар |
|
2 |
Операция-лық шығыстар |
|
3 |
Сатудан тыс шығыстар |
|
4 |
Төтенше шығыстар |
Төтенше жағдаймен (аппатық жағдай, өрт және т.б.) байланысты туындаған шығыстар |
Қызметтің қарапайым түрі бойынша шығысты қалыптастырған жағдайда, оны топтастыру барлық саладағы ұйымдар үшін ортақ және міндетті келесі элементтер бойынша қамтамасыз етілуі қажет:
Жоғарыда аталып өткендей, салық салу жағдайындағы шығыс құрамы, бухгалтерлік есептегі шығыс құрамынан ерекшеленеді. Жоғарыда атап өткен ұйым шығысынан ерекшелігі салықты есептеумен байланысты шығыстар мынадай түрлерге топтастырылады:
Өнім өндірісі мен оны сатумен байланысты шығыстар мынадай түрлерге жіктеледі:
ҚР Салық кодексінің осыған сәйкес баптарында өнім өндірісі мен оны сатумен байланысты шығыстарға жататын шығындардың тізімі бекітілген. Өндіріс шығындары – бұл өнімді өндіруге кететін шығындар. Экономист пен бухгалтер оларды әртүрлі есептейді. Бухгалтер – шығындарды фирманың өндіріс факторларын сатып алуға кететін нақты шығындары ретінде анықтайды. Олар бухгалтерлік құжаттарда көрсетіліп айқын түрге ие болады. Айқын шығындар (бухгалтерлік немесе сыртқы) – бұл сырттан алынған ресурстар үшін төленетін ақшалай төлемдер. Бұған кіретіндер: жалдамалы жұмысшыларға төленетін еңбекақы, шикізаттар мен материалдарды төлеу, көліктік, қаржылық және заң қызметтері үшін төлемдер.Экономист өндіріс шығындарының құрамын ресурстарды сатып алуға кеткен айқын шығындарды ғана қосып қоймайды, сонымен қатар, фирманың өз меншігіндегі ресурстарын пайдаланумен байланысты ішкі шығындарды, яғни айқын емес шығындарды қосады. Бұлардың айқын шығындардан өзгешелігі – бұл шығындар төленбейді және бухгалтерлік есеп беруде көрсетілмейді. Айқын емес шығындар шамасы берілген ресурстарды балама нұсқада тиімдірек қолданғанда олардың әкелетін түсімімен анықталады. Бұған жататындар: кәсіпкердің меншігіндегі капиталға түсетін пайыз, жалгерлік төлемдер, кәсіпкердің өзінің менеджерлік жұмысының төлемақысы. Сонымен: Сэк. = Сбухг. + Сайқын емес. Экономикалық тұрғы – фирманың шығындаған өндіріс факторларын балама нұсқаларда қолданған кезде ең жоғарғы деңгейдегі түсімділікті қандай шамада алуға болатынын анықтауға негізделген. Пайда – фирманың тауарлар мен қызметтерді сатудан түсетін жалпы түсімдері мен оның жалпы шығындарының арасындағы айырма:
π = TR – TC. Бухгалтерлік пайда – жалпы түсім мен фирманың айқын шығындарының арасындағы айырма түрінде анықталады:
πбух. = TR – TCбух. Экономикалық пайда – бұл жалпы түсім мен фирманың барлық шығындарының арасындағы айырма түрінде анықталады: πэк. = TR – TCэк. Қалыпты (қарапайым немесе нөлдік) пайда – бұл өзінің жеке меншік кәсібін жүргізуге ынтасы болу үшін кәсіпкерге қажет ең төменгі деңгейдегі түсім. Егер πэк. = 0 болса, онда бұл кәсіпкердің өзінің іс-әрекетінің аумағында ұстанып қалуына септігін тигізетін, тек қана қалыпты пайда алатынын көрсетеді. Шығындар шамасы мен шығарылатын өнім көлемі арасындағы өзара байланысты зерттеп талдағанда фирманың қысқа мерзімдегі өндіріс шығындарын мынадай түрлерге бөліп көрсетуге болады: Тұрақты шығындар (FC) – өнім шығару көлеміне байланысты емес тәуелсіз шығындар. Өзгермелі шығындар (VC) – өнім көлемі өзгергенде өзгеріп отыратын шығындар. Жалпы шығындар (TC) – фирманың өнімді өндіруге және оны сатуға жұмсайтын барлық шығындарының жиынтығы: TC = FC + VC. Өндірушілер көбінесе орташа шығындар (АС - өнімнің 1 бірлігіне шаққандағы шығындар) шамасына көп көңіл бөледі. Оның үш түрі болады:
1) орташа тұрақты шығындар: AFC = FC / Q; 2) орташа өзгермелі шығындар: AVC = VC / Q 3)орташа жалпы шығындар: AТC = AFC + AVC. Өнімнің қосымша 1 бірлігін өндіргенде жұмсалатын қосымша шығындарды шекті шығындар деп атайды: МС = ∆TC / ∆Q = ∆VC / ∆Q, яғни ∆TC = FC + ∆VC, ал FC – const. Өндіріс шығындарын зерттеуде оларды сыртқы және ішкі деп бөледі. Өндірушілердің ресурстар нарығынан сатып алатын өндіріс факторларына жұмсайтын шығындарын сыртқы немесе бухгалтерлік шығындар дейді. Бухгалтерлер активтер мен пассивтердің өзгерістерін бакылау аркылы фирманың icтегeн жұмысына баға береді. Бухгалтерлік шығындарға жабдыктаушылардан сатып алынған өндіріске қажет әртүрлі ресурстардың құны жатады. Оларға шикізат пен материалдар құны, жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысы, амартизациялық өтемдер, жал төлемі, салықтар. Бұл шығындарды фирманын айқын шығындары деп те атайды (49 - сурет). Экономикалық шығындар - өндipic үдерісінде колданылатын барлык (сыртқы және iшкi) ресурстарға шығындар. Демек, экономикалық шығындар = сыртқы шығындар + ішкі шығындар (оның ішінде қарапайым пайда). Экономикалық шығындарды есептеу фирманың icтeгeн жұмысына бaғa 6epiп қана коймай, оның болашағын да болжауга мүмкіндік береді.
19-сурет. Өндірістік шығындар құрылымы
1.2 Өндіріс шығындардың
жіктелуі және ұйымдастыру
Информация о работе Экономикада шығындардың алатын орны және шығындардың негізгі аспектілері