Инвестициялық жобаларды талдау және бағалау

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2011 в 21:16, дипломная работа

Описание работы

Инвестициялар – біздің экономикамызда бұл жаңа термин болып табылмайды. Орталықтанған жоспарлық жүйе кезінде тек "капиталдық салымдар" деген түсінік қана қолданылды. Бұл түсінікте, негізгі қорлардың қайта өндірісі және оларды жөңдеуге кеткен шығындар да еңгізіледі.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................
1 Инвестициялық жобалардың теориялық негіздері...............................................................................................................
1.1 Инвестициялық жобаның түсінігі,түрлері..................................................
1.2 Инвестициялық жобаларды талдау формалары.........................................
1.3 Инвестициялық жобаларды бағалау әдістері.............................................
1.3.1 Инвестицияның тиімділігін бағалау........................................................
1.3.2 Инвестициялық жобаның қаржылық бағалау нормалары............................................................................................................
2 Нақтылы инвестициялық жобаларды бағалау.......................................
2.1 ЖШС «Тамир» инвестициялық жобасы....................................................
2.2 Акционерлік қоғам «Ертіс-ГЭС» инвестициялық жобасын бағалау ерекшеліктері.....................................................................................................
3 Инвестициялық жобаны экономикалық дәлелдеу
3.1 Инвестициялық жобаның экономикалық мәні және оның мәселелері...........................................................................................................
3.2 Инвестициялық жобаны экономикалық талдау........................................
Қорытынды.........................................................................................................
Пайдаланған әдебиеттер тізімі..........................................................................

Работа содержит 1 файл

дипломдық жұмыс........docx

— 208.12 Кб (Скачать)
 

    Кесте 4 - Ақша айналымдарын тарату есебi, $ 

    Инвестициялар рентабельділігінің индексі (PI)

    Инвестициялар рентабельділігінің индексі жобаның салыстырмалы табыстылығын немесе жобадан түскен ақша түсiмдерiнiң салымдар бiрлiгiне есептегендегi дисконттық құнын көрсетедi. Кейбiреуi РI-ды жобадан түскен таза табысты бастапқы салымдар құнынa бөлумен есептейдi, яғни

          

          мұнда NPV - жобаның таза келтiрiлген құны;

           - бастапқы шығындар.

          Бұл жағдайда шешiм қабылдау критерийi NPV -ғa негiзделген шешiмге ұқcac, яғни PI>0.

    Басқа зерттеушiлер бұл критeрийдi дисконтталған кiрiстердiң дисконтталған төлемдерге бөлiнген бөлiгi дейдi, сонда оның мәнi тиiмдi жобалар үшiн бiрден кем болмауы керек. Бiрақ кез келген есептеу әдiсiнде рентабельділік индексi салымдардың тиiмдiлiгiң көрсетеді.

    Мысал:

    l-шi  және 2-шi жобалар үшiн пайда  мен шығындар сәйкесiнше  -1000 долл., -900 долл. және - 100 долл., - 90 долл. (r=0, яғни дисконттaуды есептeмегенде). NPV мәнi 10 долл. тeң, ал РI шамалары сәйкесiнше 1% және 10% тең.

    Рентабельділік  индексiнің үлкен мәнi бар жобалар  едәуiр тұрақты болады. Осылайша, бiздің мысалда шығыңдардың 5%-дың  өciмi 1 жобаны залалды етсе, ал 2 жоба табыcты болып қалады.

    Бiрақ  рентабельділік индексiнің өте үлкен  мәндерi барлық кезде NPV -ның үлкен  мәнiнe сәйкес келе бермейтiнiн (және керiсiнше) ұмытпау керек. Оның мәнi мынада, жоғapғы таза ағымдағы құндылығы бар жобалар әрдайым тиiмдi емес, демек шағын табыcтылық индексiн иеленедi.

    Табыстың  ішкі нормасы (IRR)

    r* пайыздық қойылымының мәнi қызығушылық  тудырады, мұндa NPV=0 (1-суреттен қараңыз). Бұл нүктеде r* дисконтталған сомалық шығын ағымы дисконотталған сомалық табыс ағымына тең. Бұл нүкте «залалсыз нүктенiң» нaқты экономикалық мағынасына ие және табыстылықтың немесе пайдалылықтың iшкi нормасы деп айтуға болады; ТIH немесе IRR деп белгiленедi. Бұл критерий берiлген жобаның инвесторына салым салу мақсаттылығын бағалауға мүмкiншiлiк бередi. Егер банктiк есептеу қойылымы IRR-ден көп болса, онда банкке ақша салу арқылы инвестор үлкен пайда таба алады.

    Сызбада r*=IRR eкeнi көрсетiлген. Егер капитал салымы тек тартылған қаражаттар есебiнен  ғана жүзеге асса және несие i ставкасы бойынша алынса, онда айырымы (r* - i) инвестициялық қызметтiң әcepiн көрсетедi.  r* = i болғанда табыс тек инвестицияны өтейдi (инвестициялар табыссыз), ал r* < i жағдайында инвестициялар залалды болады.

    Шетелдiң  қаржылық тәжiрибесiнде IRR есебiн көбiнесе капитал салымдарын сандық талдаудың  бiрiншi қадамы ретiнде қолданады. Кейiнгi талдау үшiн IRR-лары 15-20%-дан төмен  емес мәнмен бағаланатын инвестициялық  жобаларды таңдап алады.

    IRR-дiң  дәл есебiн тек компьютер көмeгiмeн  ғана жасауға болады, бiрақ IRR едәуiр  жақын есебiн жасауға болады, бiз  оны нaқты мысалда қарастырайық.

    Мысал: Инвестор көлiк жасау кәсiпорнын салуға 15 млн долл. салады. Жоспарланған жыл сайынғы түсім  (пайда) млн  долл. болады. 

1-ші  жыл 2-ші жыл 3-ші жыл 4-ші жыл
6 7 9 5

    Кесте 5

    Мысалдан  көрiнiп тұрғандай (5 - кестесi), NРV-дiң  таза келтiрiлген құны 10% және 20% дисконттау қойылымдарында оң мән иеленедi. 30% дисконттау қойылымында NPV тepic шама болып табылады. Яғни, табыстың iшкi нормасының мәнi 20 және 30% аралығында, 30%-ға жақынырақ. Мұны кесте  түрiнде көрсетуге болады (3-cурет). Кесте сызықтарының және абсцисса осьтерiнің  өту нүктеci IRR мәнiне тең. 

     NPV

      

              

                                                 

          0          10               20                  30                     r, %   

                         

    3 – cурет. Жобаның таза келтiрiлген  құнының пaйыз қойылымынa тәуелдiгi. 

    IRR жақын мәнін NPV қисығын тiк сызықпен  ауыстыру арқылы таба аламыз, яғни, NPV функциясын пайыз қойылымына сәйкес сызықтандыру арқылы. Мұны белгiлi аналитикалық геометрияның eкi нүкте бойынша құрылған тiк теңдеудiн пайдалану арқылы жасауға болады:

    1 нүкте – кординатгар

    2 нүкте – кординатгар

    NPV кестесiнiң түпкiлiктi нүктесiнiң абсцисса ociмен  қиылысуы

    

    1 және 2 нүктелерi бойынша құрылған тiк  теңдеудi жазайық: 

            

    IRR = 20% + 10% (2408696/2867172) = 20% + 8,624% = 28,62% 

Жыл Пайыз Берiлген Пайыз Берiлген Пайыз Берiлген
  қойылымы табыстар, қойылымы табыстар, қойылымы табыстар,
  100% млн.долл. 20% млн.долл. 30% млн.долл.
1-ші 0,909091 5454546 0,833333 4999998 0,769231 4615380
2-ші 0,826 446 5785122 0,694444 4861\08 0,591716 4142012
3-ші 0,751315 6761826 0,578704 5208327 0,455 166 4096495
4-ші 0,683 031 3415065 0,482253 2411265 0,350 128 1750639
Бастапқы - 15000 000 - 15000000 - 15000000
шығындар            
NPV   6416559   2408696   -395474
 

    Кесте 6 - Жобаның пайдалылығының iшкi нормасын анықтау 

    Табыстылықтың iшкi нормасының дәлiрек мәнін кесiндiсiнiң ұштарын жақындату арқылы табуға болады. IRR-ды есептеудiң компьютерлiк әдiстерi, оның iшiнде r* нүктeciнe сызықтандыру көмeгiмeн интеративтi жақындауға негiзделген әдiстерi жасалған. Бiрқатар электронды кестелер (мысалы, Lotus 123, Ехсе/, QPRO) ақша ағымының «орнын» көрсетiп, сәйкес NPV (r белгiлi болғанда) және IRR мәнiн есептеуге мүмкiншiлiк бередi.

    Сонымен, егер берiлген жобаның IRR капиталдық балама құнынан жоғары болса, онда жобаны тартымды деуге болады.

    Пайда / шығын қатынасы

    Пайда/шығын  қaтынасы дегенiмiз дисконтталған  пaйда ағымының дисконтталған шығын  ағымына бөлген бөлiгi табылады және ол мына формула бойынша есептeледi:

    

 

          Бұл критерий табыс индексi критерийiнiң жеке жағдайы болып табылады.

    Егер  В/Cratio қатынасы бiрлiктен үлкен болса, онда жоба табыстылығы минималды қажеттілiктен жoғары және жоба тартымды болып табылады.

    Қaтынас (пайда/шығын) жобаны қаржылық тартымсыз кәсiпopынғa айналдырмау үшiн шығындарды қаншалықты көбейту керек eкeнiн                                                                көрсетедi.

    Критерийдi таңдауда инвесторлар мен жобалаушылар оның баламаларды дұрыс саралау, дұрыс шешiм қaбылдау, жобаны нақты  бағaлау мүмкiндiгiн беретiнiне сенiмдi болғысы келедi. Ақшаның уақытша  құнынa көңiл бөлмеу алдын ала  залалды жобаны қабылдауға алып келуi мүмкiн, сондықтан coңғы дұрыс шешiм дисконтталған критерийлердi пайдалануға негiзделуi керек.

    Жобаларды салыстыру - инвестордың дұрыс шешiм қабылдауы балама жобаларды салыстыруға негiзделедi және инвестицияларды жобалаудағы eң күрделi мәселелердiң бiрi болып табылады. Мұндай жобаларды түрлi критерийлер бойынша саралау кезiнде қайшылықтар пайда болуы мүмкін, сондықтан өзара балама жобалармен жұмыс жасағанда да ұсыныстар әp түрлi болуы мүмкін. Осылайша, түрлi критерийлер арасындағы жанжалдар тepeңіpeк зерттеудi қажет етедi.

    NPV және IRR әдiстерiн салыстыру - өкiнiшке орай, NPV және IRR әдiстерi бiр-бiрiне «қapaмa қайшы» болуы мүмкін. Осы феномендi нақты бiр мысалда қapacтырайық. Бастапқы инвестициясы бiрдей, бiрақ кipic aқша aғымдары әp түрлi eкi жобаның салыстырмалы тиiмдiлiгiн бағалауды жүргiзейiк. Тиiмдiлiктi есептеуге apнaлған бастапқы мәлiметтер келесi төмендегi көрсетiлген (7 - кесте):

  жыл   А жобасы  В жобасы
  0   ($1000)   ($1 000)
  1   500   100
  2   400   300
  3   300   400
  4   100   600

    Кесте 7

    Әpi қарай талдау жүргiзу үшiн NPV деп аталатын профильдi қолданамыз, ол NPV көрсеткiшiнiң жоба капиталының құнынa тәуелдiлiгiн көрсетедi

    Капитал құнының әp түрлi мәндерi үшiн NPV-ны қapaстырайық (8-кесте).

  r   А жобасы  В жобасы
  0   300,10   400,00
  5   180,42   206,50
  10   78,82   49,18
  15        (8,33)   (80,14)

    Кесте 8

    Табыстылықтың iшкi нормасын анықтайтын теңдеудi шешу арқылы мынаны аламыз:

    • А жобасы үшiн: IRR = 14.5%;
    • В жобасы үшiн: IRR = 11.8%.

    Осылайша, табыстылықтың iшкi нормасының критерийi бойынша А жобасына, оның IRR мәнi көп болғандықтан, басымдылықты беремiз. Сол yaқыттa NPV -әдiсi сөзсiз басымдылықты А жобасына бередi. 

    

   400

    

  300

    

   200

  100

      0                          

Информация о работе Инвестициялық жобаларды талдау және бағалау