Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2011 в 19:36, курсовая работа
Зерттеу мақсатынан туындайтын міндеттер:
инфляцияның экономикадағы қаржылық тұрақтылыққа әсерін айқындау;
инфляцияны қаржылық тұрақтандыру және қаржылық реттеу бойынша шетел тәжірибесінің негізінде осы тәжірибені Қазақстан экономикасында қолдану мүмкіндігін дәлелдеу;
Қазақстандағы 1998-2011 жж. кезеңіндегі инфляциялық процестер динамикасын қарастыру;
АТФ банкіндегі инфляция мәселесін анықтау;
Инфляция құбылысына әсер ететін факторларды алдын-ала шараларын жетілдіру;
Жаһандану жағдайындағы Қазақстан Республикасының экономикасындағы инфляциялық процесі және оған қарсы саясатты жетілдіру.
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
I. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен өзара байланыстары.......5
II. ҚР – ДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК –ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛДАРЛАРЫН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстандағы 1999-2011 жж. кезеңіндегі инфляциялық процесстер динамикасы...........................................................................................................9
2.2 Инфляфияны таргеттеу негіздері мен алдын – алу шараларын жетілдіру................................................................................................................18
III. ҚАЗАҚСТАН ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК САЛДАРЫ.
3.1 Қазақстан жағдайындағы инфляцияның ерекшеліктері.............................21
3.2 Инфляцияға қарсы саясаттың күрес жолдары.............................................23
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................27
ҚОСЫМШАЛАР...............................................................................................29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................32
3)
мемлекеттік баға белгілеу
4) мемлекеттік бюджеттің кірісі мен шығынында;
5)
несиелік және қаржылық
Қазіргі инфляцияның бір көрінісі – тауар тапшылығы біздің экономикада ондаған. Жылдардан бері байқалуда, оның түпкі себептері:
біріншіден, бұрынғы КСРО-ның 20-жылдар аяғынан бастап бұрынғы нарықтық құрылымдарды жоя бастауы;
екіншіден, бұрынғы КСРО-ның экономикасында көп жылдар бойы үйлесімсіздік қалыптасты, яғни бір жағынан, өндірістік құрал-жабдықтар шығаратын ауыр өнеркәсіп жедел қарқынмен дамыса, екінші жағынан, тұтыну құралдарын өндіретін салалар қарқынсыз жәй дамыды. Ол салалар – ауыл шаруашылығы, тамақ, жеңіл және басқа өнеркәсіп салалары. Статистика мәліметтері бойынша барлық өнеркәсіп өндірісінде А тобындағы салалардың үлесі 1928 ж. – 39,5%, 1940ж.-61%, 1960ж-72,5% болды;
үшіншіден, бұрынғы КСРО-ның ұлттық табысының жартысына жуығы жинақтау қорына кетсе, ал алдыңғы қатардағы өркендеген мемлекеттерде ол – 15-25 процент болды;
төртіншіден, бұрынғы КСРО-да ұлттық жиынтық өнімнің (ҰЖӨ-нің) 25-30 проценті ғана тұтыну қорын құраса, өркендеген елдерде ол көрсеткіш 60-65 процент болды. Жалақы да өте төмен, яғни ол ұлттық табыстың 1/3 бөлігін құрады, ал өркендеген капиталистік елдерде ол 2/3 бөлігі болды.
Сөйтіп тауардың көтерме, сатыпалу бағасы мен бөлшек саудадағы бағалары арасындағы үйлесімсіздік жылдан-жылға тереңдей түсті. Оған мемлекеттік бюджеттен дотация (жәрдем қаржы) беріліп отырылды. Бұл тауар өндірушілердің көтерме және дара бағаларды көтере белгілеуге деген ұмтылысын күшейтіп, соның әсерінен кейбір тауарлардың тапшылығына және кейбіреулерінің сауда орындары мен өнеркәсіпте жиналып қалуына әкеп соқтырды.
3.2 Инфляцияға қарсы саясаттың күрес жолдары
Инфляцияның өрістеп, күшеюі экономикалық және әлеуметтік қарама-қайшылықтарды асқындырып жіберетіндіктен мемлекет инфляцияны жою және ақша айналысын тұрақтандыруға арналған шаралар қолдана бастайды. Инфляция кезінде мемлекет іс-қимылының екі нұсқасы болады:
1) бейімделу саясатын жүргізу немесе инфляцияға бейімделу; бұл кезде табыстарды, жалақыны, пайыздық өлшерлемелерді, инвестицияларды индекстеу жөнінде шаралар қолданылады; компаниялар мен фирмалар қысқа мерзімде жобаларды өткізеді, жеке тұлғалар табыстың қосымша көздерін іздестіреді және т.с.с.
2) инфляцияны төмендету немесе басу жөнінде инфляцияға қарсы шаралардың кешенін жүргізу.
Инфляцияны жою жөніндегі шаралардың кешені қоғамның іс-әрекет етуінің өндірістік – экономикалық, құқықтық, институционалдық, моралдық-адамгершілік сфераларының әр түрлі жақтарына әрекет етуді қамтиды десекте олардың шешушісі базалық, өндірістік – экономикалық сфера болып табылады.
Сұраным инфляциясын жоюға ақша және фискалдық саясатты пайдаланудың біршама қатардағы макроэкономикалық әдістермен жетуге болады.
Инфляцияға қарсы
саясат – инфляциямен күреске
бағытталған экономиканы
Дефляциялық саясат – мемлекеттің шығындарын азайту, несие үшін пайыздық мөлшерлемелерді арттыру, салық ауыртпалығын күшейту, ақша массасын шектеу белгілеу жолымен ақша-несие және салық механизмі арқылы ақша сұранымын реттеуді қарастырады. Бұл саясат экономиканың өсуін тежейді.
Кірістер саясаты – бағаға және жалақыға оларды толықтай матау немесе олардың өсу шегін белгілеу жолымен параллелді бақылау жүргізуді қажет етеді. Оны жүзеге асыру әлеуметтік қайшылықтарды қоздыруы мүмкін.
Инфляцияға қарсы саясат ақшалай ұсынымды шектеудің әр түрлі әдістерін кірістіреді:
1)
Орталық банктің нақты ақша
эмиссиясын қысқарту арқылы
2)
Барлық несие ресурстарын
3)
Кредит мультипликаторын қысу
және коммерциялық банктердің
кредит экспансиясын шектеуге
жету үшін Орталық банктің
коммерциялық банктерге
4)
Сондай мақсаттарда Орталық
Инфляцияға қарсы
фискалдық саясат салықтарды көбейту,
мемлекеттің шығыстарын қысқарту және
осының негізінде мемлекеттік
Салық саясаты инфляция жағдайында екі өзара байланысты, бірақ қайшылықты міндеттерді шешуі тиіс:
Біріншіден, мемлекеттік бюджеттің теңдестігіне жету және тапшылығын жою үшін оның кірістерінің деңгейін көтеру керек;
Екіншіден, экономиканың бастапқы ббуындарында - өндіріс пен айырбас сферасында экономикалық белсенділікті жандандыру қажет.
Инфляцияға қарсы салық саясаты жанама салық салуды қысқартуда болып отыр. Жанама салықтардың инфляциялық сипаты болады, өйткені олар бағаны өсіреді, сұранымды қысқартады. Жоғары салықтардың іс-әрекетінің екінші аспекті өндіріске олардың қысымы болып табылады, бұл ұсынымды шектейді. Үшіншіден, едәуір салық ауыртпалығы, әдеттегідей, салық жүйесін күрделілендіретін көптеген салықтардың іс-әрекетімен байланыстырылады, мұның өзі салықтан жалтарынуға әкеп соқтырады.
Сондықтан инфляция кезінде тұтынуға салық салуға акцентпен жеңілдіктеудің шарттарымен ауыртпалық түсірмейтін қарапайым және сенімді салық жүйесі тәуірірек болады. Бұл талаптарға айтарлықтай дәрежеде табысқа салынатын салық пен мүлік құнына қарай мөлшерлемелерді жіктеудің жоғары дәрежесі бар мүлік салығы сай келеді.
Мемлекеттің шығыстарын қысқарту бұл процесті бюджет сферасына да, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілеріне қатысты материалдық өндіріс сферасына да таратуды қажет етеді. Бұл жерде мынаны ойда ұстаған жөн: соңғы жағдайда инфляцияға қарсы шаралар инфляцияның екінші құрамдас бөлігіне – шығындар немесе өндірушілер инфляциясына қатысты болып отыр, сондықтан олардың ықпалы бөлек қарастырылатын болады. Бұл жөнінде инфляцияның екі түрі мен қарсы әрекеттің кешенді әдістері себептерінің өзара байланысы байқалады.
Жалпы мемлекеттік және жергілікті деңгейлердің бюджет шығыстары жайында басты бағыт барлық мүмкін болатын баптар бойынша оларды барынша қысқарту болып табылады. Әлбетте, зейнеткерлерді,оқушыларды, тіркелген кірістері бар қызметкерлерді қорғау жөніндегі өміршендік маңызды әлеуметтік қажеттіліктер қамтамасыз етілуі тиіс.
Бюджет шығыстарын шектеуге мыналар арқылы жетуге болады:
а) тура әдістермен – шектеумен (рестрикциялармен), яғни заңнамалық актілер немесе өкілетті мемлекеттік органдардың өкімі негізінде қол жеткен деңгеймен салыстырғанда оларды мәжбүрлеу арқылы;
ә) секвестірлеу әдісімен – барлық шығыстарды әртүрлі факторлармен анықталатын төмендетудің берілген жалпы мөлшеріне сәйкес үйлесімді төмендетумен;
б) қолда бар кірістердің деңгейін бақылаумен;
в) мемлекеттік бюджет тапшылығының деңгейін шектеумен. Кез келген жағдайда шығыстарды қысқарту дамудың көптеген ұлттық бағдарламаларының іс-қимылын, тез қайтарым бермейтін әртүрлі лайықты жобалардан, шаралардан бас тартуды және т.с.с. шалады.
Мыналардың
1) жалақыны көбейту;
2) ұйымдық сипаттағы себептер бойынша шаруашылық механизмінің бұзылуына байланысты еңбек өнімінің төмендеуі;
3)
шикізат және энергетикалық
Өндіріс шығындарымен байланысты болатын инфляцияны жою өзара байланысы проблемалардың бірнеше күрделі блоктарын шешуді қажет етеді.
Инфляцияны
Біріншіден, еңбек өнімділігінің үәждемелік ынталандырмаларын, оның тиімді нәтижелеріне ынталылықты күшейту мәселелерін шешу, басымдық ретіндегі өндірістік еңбек қызметін қалпына келтіру. Бұған қажырлы еңбек пен оның нәтижелерінің арасында тікелей байланыс болатын жекеше өндірістік секторды дамыту негізінде қол жетеді.
Сауда – делделдық сфераға қарағанда өндірістік сфераның басымдығын қамтамасыз ету қажет. Өндірістік сфераның дамуын көтермелеуге салықтардың жеңілдік жүйесімен, несиені кедергісіз алумен және несиелер бойынша төмендетілген пайыздық мөлшерлемелермен, ұдайы өндіріс, еңбекке ақы төлеу қорларына даму үшін қолайлы экономикалық нормативтерді, аударымдарды белгілеумен және т.с.с. жетуге болады, қажетті жағдайда өндірістік сектор қызметінің басым түрлерін қаржыландыру жолымен тікелей қолдау жүзеге асырылады.
Инфляцияны жеңіп шығу жөніндегі шаралар жүйесіндегі қажетті элемент нарықтық бәсеке механизмі мен меншіктің барлық нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің экономикалық жауапкершілігі механизмін жасау болып табылады; аталған мехынизмдердің іс-қимылы мына сызбаға саяды: шығындардың төмендеуі – бағалардың төмендеуі - өндірістің өсуі есебінен таза табыс көлемінің сақталуы – ұсынымның көбеюі – сұранымның қанағаттандырылуы.
Бәсеке механизмін
жасау монополияға қарсы
Инфляцияға ықпал етудің ең түбегейлі құралы экономиканы мемлекеттік реттеу шеңберінде бағамен жалақыға бақылау қою болып табылады. Баға мен жалақыны реттеудің ауқымдарын таңдау қысқа мерзімді саясат бағдарламаларында айқындалады және кеңінен инфляция деңгейіне, өндіріс қарқынына, халықты әлеуметтік қорғаудың қажеттіліктеріне қарай түрленіп отырады. Базалық технологиялық шекте – шикізат, отын, басқа бастапқы өнімдерді өндіруде бағаны реттеуді жүргізудің маңызы зор. Тап олардың құны келесі технологиялық шектердің өнімі бағасының бүкіл пирамидасының негізіне қойылады.
Жалақыны реттеу
бастапқы (қол жеткен) деңгейден
еңбек өнімділігінің нақты
Сыртқы экономикалық
қызметті қамтып көрсететін төлем балансы
тарапынан инфляцияны төмендету
шаралары оның құрлымын жақсартуда болады.
Бірінші кезекте бұл тауарлар
мен қызметтердің, яғни экспорттық
– импорттық операциялардың қозғалысымен
байланысты болатын ағымдағы операциялар
бойынша теңдікке жетуге қатысты болады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Инфляцияны реттеу үшін 2008 жылы бірқатар нормативтік құжаттар әзірленді. Атап айтқанда, наурыз айында - Қазақстан Республикасындағы инфляциялық үдерістерді реттеу жөніндегі 2008-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары қабылданды. Құжатқа сәйкес, Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар Қазақстандағы инфляцияның себептеріне талдау жұмыстарын, инфляциялық үдерістерге мониторингтер жүргізуде. Негізгі күш-жігер халық тұтынатын тауарлар мен қызметтердың негізгі тобына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуге, ішкі рынокты бірінші кезектегі қажетті тауарлармен толықтыру жөніндегі шараларды қабылдауға, алақол бәсекелестіктің, рынокта өзінің басымдылық жағдайын теріс пайдаланушы субъектілердің жолын кесуге, өнім өндірушілер мен тұтынушылардың арасындағы арағайындарды қысқартуға бағытталуда. Үкіметтің инфляцияға қарсы саясатының аясында 2008 жылы сондай-ақ, астық экспортына тыйым салынды, өсімдік майлары мен тоңмайлардың, күріштің қорын толықтыру жөніндегі шаралар жүргізілді. Үкіметтің ағымдағы жылдың мамыр айында мұнай экспортына енгізген кедендік баж салығы жанар-жағармай материалдарының қазақстандық рыногындағы жағдайды орнықтыруға сеп болуы керек. Оған қоса, Елбасының Қазақстан халқына Жолдауына берілген тапсырмаларға сәйкес, Ұлттық банк 2008 жылы Үкіметпен бірлесе отырып елдегі бағаны тұрақтандыруды қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар шараларды жоспарлауда. Әлемдік экономика баяулаған және бірқатар экспорттық тауарлардың бағасы төмендеген жағдайда жүзеге асырылатын тұрақтандырушы іс-қимылдардың жедел жоспары талдап жасалынды. Ұлттық банк өз тарапынан 2008-2009 жылдарға арналған ақша-несие саясатының негізгі бағыттары аясында қаржы секторын қолдау және бағаның тұрақтануын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылдауда. Қысқа мерзімдік ноталар (құнды қағаздар) шығару, банктерден депозиттер тарту, қайта қаржыландыруға заемдар беру - қаржы рыногындағы сыйақы ставкаларын реттеу мен банк ликвидтілігінің (төлем қабілеттілігінің) негізгі операциялары болып табылады. Ұлттық банк мемлекеттік құнды қағаздардың кепілдемесімен қайтарма РЕПО операциялары түрінде банктерге қайта қаржыландыру заемдарын беруді жалғастырады. Қажет болған жағдайда қаржы рыногының орнықтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар күшейтіледі. Бұл жағдайда Ұлттық банк қомақты көлемдегі тікелей ұзақ мерзімдік көмек беруден қалыс қалады.
Информация о работе Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен өзара байланыстары