Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен өзара байланыстары

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2011 в 19:36, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу мақсатынан туындайтын міндеттер:
инфляцияның экономикадағы қаржылық тұрақтылыққа әсерін айқындау;
инфляцияны қаржылық тұрақтандыру және қаржылық реттеу бойынша шетел тәжірибесінің негізінде осы тәжірибені Қазақстан экономикасында қолдану мүмкіндігін дәлелдеу;
Қазақстандағы 1998-2011 жж. кезеңіндегі инфляциялық процестер динамикасын қарастыру;
АТФ банкіндегі инфляция мәселесін анықтау;
Инфляция құбылысына әсер ететін факторларды алдын-ала шараларын жетілдіру;
Жаһандану жағдайындағы Қазақстан Республикасының экономикасындағы инфляциялық процесі және оған қарсы саясатты жетілдіру.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
I. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен өзара байланыстары.......5
II. ҚР – ДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК –ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛДАРЛАРЫН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстандағы 1999-2011 жж. кезеңіндегі инфляциялық процесстер динамикасы...........................................................................................................9
2.2 Инфляфияны таргеттеу негіздері мен алдын – алу шараларын жетілдіру................................................................................................................18
III. ҚАЗАҚСТАН ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК САЛДАРЫ.
3.1 Қазақстан жағдайындағы инфляцияның ерекшеліктері.............................21
3.2 Инфляцияға қарсы саясаттың күрес жолдары.............................................23
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................27
ҚОСЫМШАЛАР...............................................................................................29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................32

Работа содержит 1 файл

Инфляция мани, себептери (2).doc

— 228.50 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің ресми деректері  бойынша 2011

жылғы маусымда инфляция 0,3% (2010 жылғы маусымда – 0,2%) деңгейінде қалыптасты.

Азық-түлік тауарларының бағасы 0,2% (0,1%), азық-түлікке жатпайтын  тауарлар – 0,7%

(0,5%) жəне ақылы  қызмет көрсету – 0,2% (0,1%) өсті.

Азық-түлік тауарлары  нарығында өткен айда көбінесе жарма - 4,5%, оның ішінде

тары – 6,2%, қара құмық – 5,3% қымбаттады. Еттің бағасы (ет өнімдерін қоса алғанда)

1,0%-ға, бидай  ұны – 1,0%-ға көтерілді. Жұмыртқа 9,6%, жемістер жəне көкөністер  – 0,9%

арзандады.

Азық-түлікке  жатпайтын тауарлар тобында бағалар бензинге – 5,7%, дизель

отынына – 7,1%, дəрі-дəрмектер  – 0,1%, киім мен аяқ киім - 0,2% қымбаттады.

Ақылы қызмет көрсету  құрылымында тұрғын үй-коммуналдық  саланың қызмет

көрсетуі үшін ақы төлеу өзгерген жоқ. Бұл ретте  қоқыс жинау тарифтері - 2,7%, суық су –

1,4%, кəріз –  1,2%, сұйытылған газ – 1,1% өсті, ал ыстық су 1,6%-ға төмендеді.  Көлік

қызметі үшін ақы  төлеу 1,4%-ға өсті, оның ішінде теміржол көлігі 2,2%-ға көтерілді.

Амбулаторлық  қызмет көрсету 0,5% қымбаттады.

2011 жылғы қаңтар-маусым  үшін инфляция 5,1% (2010 жылғы қаңтар-маусымда –

4,4%) болды.

Ағымдағы жылғы 6 айда инфляция қарқынының жедел дамуына  азық-түлік

тауарларының  қымбаттауы себепші болды, олардың  бағасы осы кезеңде 8,0% (2010

жылғы қаңтар-маусымда – 5,6%) өсті. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар 2,5% (2,7%) жəне

ақылы қызмет көрсету  – 4,1% (4,6%) қымбаттады (1-график).

1- график

3. Төлем балансы  жəне жалпы сыртқы  борыш

Ағымдағы операциялар  шотының профициті 2010 жылғы 1-тоқсанның  осындай

көрсеткішімен салыстырғанда 58% ұлғая отырып, 2011 жылғы 1-тоқсанда 4,4 млрд. АҚШ

долл. құрады.

Ағымдағы операциялар  балансының 2010 жылғы 1-тоқсанмен салыстырғанда

айтарлықтай жақсаруы тауар экспорты құнының энергия  тасымалдауыштардың əлемдік

бағаларының қолайлы  конъюнктурасына байланысты өсуімен  қамтамасыз етілді. Орташа

алғанда 2011 жылғы 1-тоқсанда brent сұрыпты мұнайдың əлемдік  бағасы бір баррель үшін

104,90 АҚШ долл. құрады, бұл оның 2010 жылғы 1-тоқсандағы  орташа деңгейінен (бір

баррель үшін 76,65 АҚШ долл.) 36,8% жоғары. Нəтижесінде  тауарлар экспорты 2010

жылғы 1-тоқсанмен  салыстырғанда 37,5% ұлғая отырып, 18,7 млрд. АҚШ долл. құрады.

Бұл ретте тауарлардың  ресми экспорты 18,5 млрд. АҚШ долл. деңгейінде болды.

Импорт операцияларының  көлемі 2010 жылғы 1-тоқсанмен салыстырғанда 31,8%

ұлғая отырып, 2011 жылғы 1-тоқсанда 7,4 млрд. АҚШ долл. құрады (ресми импорт – 6,7

млрд. АҚШ долл.).

Кеден одағы  елдерімен тауар айналымы 5,3 млрд. АҚШ долл. құрай отырып, 2

млрд. АҚШ долл. жуық өсті. Одақ мемлекеттеріне тауарлар экспорты 2,2 млрд. АҚШ

долл. дейін 73,7% ұлғайды, ал олардың импорты 45,2% ұлғая отырып, 3,1 млрд. АҚШ

долл. асты. Кеден  одағы елдерінің импорттың жалпы  көлеміндегі үлесі 46,7% құрады,

оның ішіндегі 45,5% Ресей Федерациясына тиесілі.

Тұтастай алғанда  сауда балансы 2011 жылғы 1 тоқсанда 11,3 млрд. АҚШ долл. оң

сальдомен қалыптасты, бұл 2010 жылғы 1 тоқсанмен салыстырғанда 41,4% көп (8,0 млрд.

АҚШ долл.).

Қызмет көрсету  балансының дефициті 2010 жылғы 1 тоқсандағы көрсеткішпен

салыстырғанда 26% төмендей отырып, 2011 жылғы 1 тоқсанда 1,1 млрд. АҚШ долл.

қалыптасты. Қызмет көрсетудің теріс дисбалансының  қысқаруы басым түрде қызмет

көрсету импортының 0,4 млрд. АҚШ долл. (немесе 15%) азаюымен қамтамасыз етілді, бұл

Қашаған кен  орнындағы мұнай жəне газды кешенді  дайындау қондырғысы бойынша

құрастыру жұмысының аяқталуымен байланысты болды.

Тауарлар экспортынан  түсімдердің ұлғаюы салдарынан экономиканың тиісті

салаларында шетелдік тікелей инвесторлардың кірістері  айтарлықтай өсті. Шетелдік

тікелей инвесторларға  төлемдер 5,4 млрд. АҚШ долл. деңгейге жете отырып (2010 жылғы

1 тоқсанда 3,3 млрд. АҚШ долл.) 63% ұлғайды. Тікелей  инвестициялау қатынастарымен

байланысты емес кредиторларға сыйақы төлеу сондай-ақ 2011 жылғы 1 тоқсанда _______0,7 млрд.

АҚШ долл. құрай  отырып, 22,4% ұлғайды. Нəтижесінде, 2011 жылғы 1 тоқсанда

инвестициялық кірістер балансының теріс сальдосы 2010 жылғы 1 тоқсандағы 3,5 млрд.

долл. салыстырғанда 5,6 млрд. АҚШ долл. болды.

2011 жылғы 1-тоқсандағы  қаржылық операциялар шоты бойынша  нетто-əкелу 3,7

млрд. АҚШ долл. болып тіркелді. Шетелге тікелей  инвестициялар бойынша 1,4 млрд.

АҚШ долл. нетто-əкету  Қазақстан кəсіпорындарының өздерінің  шетелдегі

аффилиирленген  компанияларына берген акционерлік  капитал мен несиелердің өсуімен

қамтамасыз етілді. Қазақстанға шетелдік тікелей инвестициялардың (ШТИ) жалпы ағыны

5,3 млрд. АҚШ долл. құрады, бұл 2010 жылғы 1-тоқсандағы  осындай көрсеткіштен

біршама (5,4 млрд. АҚШ долл.) төмен. Алайда, фирмааралық  берешекті өтеу есебіне

төлемдердің қысқаруын  ескергенде, Қазақстанға ШТИ таза ағыны 2010 жылғы 1-

тоқсандағы 3,4 млрд. АҚШ долл. салыстырғанда 4,2 млрд. АҚШ долл. құрады.

Нəтижесінде, тікелей  инвестициялау операциялары бойынша  оң баланс 2011 жылғы 1-

тоқсанда 2,8 млрд. АҚШ долл. болды.

3

Портфельдік инвестициялар  балансы Ұлттық қордың шетелдік активтерінің 1,8

млрд. АҚШ долл. өсуімен, сондай-ақ Ұлттық Банктің резидент еместердің қолдарындағы

қысқа мерзімді ноттарының 2,3 млрд. АҚШ долл. жуық өсуімен  сипатталады. Бұған қоса,

2011 жылғы 1-тоқсанда  қазақстандық банктердің 0,7 млрд. АҚШ  долл. астам сомаға

еурооблигацияларының жаңа шығарылымдары нəтижесінде банк секторы

міндеттемелерінің өсуі белгіленді. Сонымен қатар бұрын  шығарылған еурооблигациялар

бойынша міндеттемелерін  өтеуі жəне банктердің қайталама  нарықтағы операциялары

банктердің портфельдік  инвестициялары бойынша міндеттемелерінің ұлғаюымен

айтарлықтай деңгейде жойылды. Нəтижесінде олардың міндеттемелерінің  өсуі небəрі 98

млн. АҚШ долл. құрады. Тұтастай алғанда, портфельдік  инвестициялар бойынша нетто-

əкелу 308 млн. АҚШ  долл. қалыптасты.

Капиталдың орта- жəне ұзақ мерзімді инвестициялар бойынша 0,5 млрд. АҚШ

долл. таза əкетілуіне негізінен банк секторының операциялары себепші болды, олардың

ұзақ мерзімді міндеттемелері несиелер жəне заемдар  бойынша 1,2 млрд. АҚШ долл.

азайды.

Жалпы сыртқы борыш.

2011 жылғы 1 тоқсанда Қазақстан Республикасының

жалпы сыртқы борышы (бұдан əрі – ЖСБ) 4,9 млрд. АҚШ  долл. өсті. Екінші деңгейдегі

банктердің жəне Қазақстан Даму Банкінің жиынтық  сыртқы борышы 0,4 млрд. АҚШ долл.

азайды, ал мемлекеттік  сектордың жəне басқа секторлардың сыртқы борыштық

міндеттемелері  тиісінше 2,5 млрд. АҚШ долл. жəне 2,8 млрд. АҚШ долл. өсті. Бұл ретте

Басқа секторлардың сыртқы борыштарының өсуі негізінен  фирмааралық берешектің

есебінен болды (2 млрд. АҚШ долл. өсті). Үкімет жəне Ұлттық Банк кіретін мемлекеттік

сектордың сыртқы борышының өсуі негізінен Ұлттық Банктің резидент еместердің

қолындағы қысқа  мерзімді ноттары көлемінің көбеюіне байланысты болды.

2011 жылғы 31 наурыздағы  жағдай бойынша республиканың  жалпы сыртқы

борышы 124,2 млрд. АҚШ долл. құрады, оның ішінде 7,3 млрд. АҚШ долл. немесе 5,9%

мемлекеттік сектордың  сыртқы борышы құрайды, фирмааралық  берешектің үлесіне 55,2

млрд. АҚШ долл. немесе 44,5%, банк секторына – 19,6 млрд. АҚШ долл. немесе 15,8%

тиесілі.

Резидент еместердің Ұлттық Банктің қайталама нарықтағы ноттарын белсенді

сатып алуына, сондай-ақ 2011 жылғы 1-тоқсандағы ЖСБ-ның қысқа  мерзімді борышы

үлесінің 10%-ға дейін  өсуіне себепші болды.

Тауарлар мен  қызмет көрсету экспортына (ТҚЭ) байланысты сыртқы борыштың

салыстырмалы  түрдегі өлшемдері айтарлықтай жақсарды, бұл ТҚЭ көлемінің қарқындап

өсуімен байланысты. Атап айтқанда, 2011 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша ЖСБ-

ның ТҚЭ-ға қатынасы 2010 жылғы 31 желтоқсандағы 183,2%-дың жəне 2009 жылғы 31

желтоқсандағы 235,1%-дың орнына 176,9% болды. 2011 жылғы 31 наурыздағы жағдай

бойынша 81,4%-ды құраған  ЖСБ-ның ЖІӨ-ге қатынасына келетін  болсақ ағымдағы жыл

басындағымен  салыстырғанда аз ғана нашарлағанына  қарамастан (2010 жылғы 31

желтоқсанда 81,2%) жағдай 2009 жылмен салыстырғанда айтарлықтай  жақсарды (2009

жылдың аяғында 98,6%).

Сондай-ақ мемлекеттік  секторда да (негізінен Ұлттық Банктің  резервтік активтері

мен Ұлттық қордың активтері есебінен), сондай-ақ Басқа  секторларда да (борыштық

қаржы құралдарының барлық түрлері бойынша) сыртқы борыштық активтердің

айтарлықтай өсуі салдарынан Қазақстанның таза сыртқы борышы 2011 жылғы 1-тоқсанда

4,3 млрд.АҚШ долл. қысқарғанын атап айту қажет.  Нəтижесінде Қазақстанның таза

сыртқы борышы 2011 жылғы 31 наурызда 21,9 млрд. АҚШ долл. болды. Қазақстанның

халықаралық инвестициялық позициясы да сондай-ақ айтарлықтай жақсарғанын көрсетті

    (2011 жылғы 1-тоқсанда 3,7 млрд. АҚШ долл.).

    2.2 Инфляциялық таргеттеу негіздері мен алдын – алу шараларын талдау 

          Инфляцияны басқаруды  жақсарту және инфляцияға қарсы саясат шараларының бірі ретінде қазіргі кезде инфляциялық таргеттеуге үлкен маңыз беріледі.

          Ұлттық банктің  негізгі міндеті ретінде бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету ақша-кредит саясатындағы мүлдем жаңа айқындама  Ұлттық банк жариялаған Еуроодақ стандарттарына және инфляциялық таргеттеуге көшумен  үйлеседі. Инфляциялық таргеттеу  қағидаттарына дайындап және оған көшу ақша базасы бойынша мақсатты көрсеткіштерден біртіндеп бас тарта отырып, инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштерге көшуді болжайды. Соңғы жылдары формалды мақсатты инфляциялық көрсеткіштерді белгілеуге негізделген ақша-кредит саясаты өнеркәсібі дамыған елдерде ғана емес, рыноктық экономикасы қалыптасып келе жатқан елдерде де кеңінен қолданылуда. Инфляцияның мақсатты көрсеткіштер жүйесі жүргізілетін ақша-кредит саясатына деген сенімді арттырады. Инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштерді қолданатын өтпелі экономикасы бар елдер қатарының өсуі осы жүйенің артықшылықтары бар екендігінің жанама белгісі болады.

          Австралия, Канада, Финляндия, Жаңа Зеландия, Испания, Швеция, Ұлыбритания  инфляцияның мақсатты таргеттеуіне көшті. Сонымен қатар, рыноктық экономикасы  қалыптасып келе жатқан көптеген елдер  де: Бразилия, Чили, Чехия, Израиль, Польша, Оңтүстік Африка Республикасы инфляцияны таргеттеуге көшеді. Инфляцияны мақсатты таргеттеудің түрлі түрлендірулері болады.

Информация о работе Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен өзара байланыстары