Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2011 в 19:36, курсовая работа
Зерттеу мақсатынан туындайтын міндеттер:
инфляцияның экономикадағы қаржылық тұрақтылыққа әсерін айқындау;
инфляцияны қаржылық тұрақтандыру және қаржылық реттеу бойынша шетел тәжірибесінің негізінде осы тәжірибені Қазақстан экономикасында қолдану мүмкіндігін дәлелдеу;
Қазақстандағы 1998-2011 жж. кезеңіндегі инфляциялық процестер динамикасын қарастыру;
АТФ банкіндегі инфляция мәселесін анықтау;
Инфляция құбылысына әсер ететін факторларды алдын-ала шараларын жетілдіру;
Жаһандану жағдайындағы Қазақстан Республикасының экономикасындағы инфляциялық процесі және оған қарсы саясатты жетілдіру.
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
I. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен өзара байланыстары.......5
II. ҚР – ДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК –ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛДАРЛАРЫН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстандағы 1999-2011 жж. кезеңіндегі инфляциялық процесстер динамикасы...........................................................................................................9
2.2 Инфляфияны таргеттеу негіздері мен алдын – алу шараларын жетілдіру................................................................................................................18
III. ҚАЗАҚСТАН ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК САЛДАРЫ.
3.1 Қазақстан жағдайындағы инфляцияның ерекшеліктері.............................21
3.2 Инфляцияға қарсы саясаттың күрес жолдары.............................................23
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................27
ҚОСЫМШАЛАР...............................................................................................29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................32
Ұлттық банк рыноктық мөлшерлемелерді репо мөлшерлемесімен айқындалатын кейбір дәлізде ұстап тұру арқылы инфляцияны басқаруды көздейді. Сонымен бірге инфляциялық таргеттеу тетігінің мынадай түрі болады. Ұлттық банк репо мөлшерлемесі мен оның өзгерістері дәлізінің енін өзгерте отырып банктік резервтер мен банкаралық пайыздық мөлшерлемелер арасындағы белгілі бір балансқа қол жеткізеді. Банкаралық мөлшерлемелер өз кезегінде, кредиттер мен депозиттер бойынша банктік мөлшерлемелерге ықпал етеді, сонымен қатар банктік өтімділікті, яғни инфляцияны да айқындайды. Инфляциялық таргеттеу кезегіндегі негізгі құралдары ашық рынок операциялары болады. Ашық рынок операцияларына ішкі рыноктан мемлекеттік бағалы қағаздарды, оның ішінде кері сатып алу міндеттемесімен (репо операцияларымен) сатып алу және сату кіреді. Репо операцияларының көлемі мен мөлшерлемелері оперативтік көрсеткіштер болып табылады. Мемлекеттік бюджет орнықты болғанда, макроэкономикалық тұрақтылық және қаржы жүйесінің тұрақтылығы, орталық банктің тәуелсіздігі, ақпараттың ашықтығы жағдайларында инфляциялық таргеттеу табысты енгізілуі мүмкін. Қазіргі кезде Қазақстанда осы алғышарттардың бәрі бар.
Қазіргі уақытта инфляциялық таргеттеуді енгізуге дайындық шеңберінде мынадай шаралар қабылданады. Ұлттық банк 2000 жылдан бастап ақша-кредит саясатын жоспарлаудың үш жылдық деңгейін белгіледі. 2004 жылдан бастап инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштер – «базалық инфляция» индексі қолданыла отырып белгіленеді. Бұл индекс монетарлық емес факторлар бағаларының деңгейіне дағдарыстық ықпалын жояды және инфляциялық процестердің негізгі үрдістерін көрсетеді. 2004 жылдың қаңтарынан бастап Ұлттық банктің мақсаты ретінде бағаларды тұрақтандыру және мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландыруға тиым салу міндеті заңмен бекітілді, бұл инфляциялық таргеттеу енгізудің қажетті шарттарының бірі болып табылады. Еліміздің орталық банкі ретінде Ұлттық банктің тәуелсіздігін күшейтетін нормативтік-құқықтық актілер әзірленіп жатыр. Тұрақты негізде қайта қаржыландыру мөлшерлемесін белгілеу мүмкіндігі қарастырылуда. 2002 жылдың қазан айынан бастап Халықаралық валюта қоры Ұлттық банкке инфляциялық таргеттеу тетігін әзірлеу мәселелеріне қатысты ақпараттық және консультациялық көмек көрсетіп келеді.
Инфляциялық таргеттеуге көшуге қажетті база жасау үшін Ұлттық банктің алдында бірқатар мынадай ірі проблемаларды шешу міндеті тұр:
ашық рынок
өзінің бағалы қағаздар портфелін ұлғайту;
бағалы қағаздардың қайталама рыногын дамыту;
трансмиссиялық
инфляциялық таркеттеудің пайдалана отырып, шешім қабылдау қағидаттарын іске асыру рәсімін әзірлеу және т.б.
Инфляцияны таргеттеудің артықшылықтары:
оның барлық тұлғаларға түсініктілігі;
елдегі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін Орталық Банк тарапынан нақты іс-шаралар жүргізеді;
Орталық Банк инфляция деңгейін төменгі деңгейде ұстап отыру үшін өзіне жауапкершілік алады;
осы шара арқылы жүргізетін ақша-несие саясаты елдің ішкі мәселелерін шешуге араласады;
ақша-несие саясатын жүргізу стратегиясы, ақша агрегаттарымен инфляция деңгейімен тұрақты қатынасын талап етпейді.
Инфляциялық таргеттеудің кемшіліктері:
Орталық Банк үшін ақша-қаражаттарының құрлысы және ақша агрегаттарымен салыстырғанда инфляция деңгейін үнемі бақылап отыру өте күрделі;
Ақша-несие саясатын іске асыру шараларына әсер ету белгілі бір мерзімге кешігіп жүргізіледі. Соған айланысты инфляциялық таргеттеу Орталық Банк жүргізіп отырған ақша несие саясаты туралы тікелей ақпараттарды заңды және жеке тұлғаларға бірден жеткізе отыруға қабілетті емес.
Инфляцияны таргеттеу шараларын іске асыру үшін бүгінгі күні шама мен жүзге жуық елдер қызығушылық танытуда. Соңғы жылдары 93 елге жүргізілген зерттеу нәтижесінде 54 елдер Орталық Банктері инфляциянық көрсеткіштер жүйесін пайдаланамыз деп жариялаған. Олардың тек 16 ғана инфляцияны таргеттеу жүйесін нақты ережелерге сәйкес орындаған.
Сонымен бірге көптеген
Сонымен инфляцияны таргеттеуді енгізу қажет, себеп салдарлардың қатарына төмендегілерді жатқызуға болады:
елде жалпы экономикалық макро тұрақтылығына кепілдеме болуы, сонымен бірге елде жоғары діңгейде жұмыс істейтін қаржы жүйесінің болуы.
Орталық Банктің ақша-несие саясатын жүргізу үшін пайдаланатын құралдардың тәуелсіздігі.
Орталық Банктің елдегі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, өкілеттіліктің бар болуы.
Ақша-несие
саясатының құралдарымен инфляцияның
өзара байланыстылығын
Инфляция деңгейін болжау үшін тиімді әдістеменің бар болуы.
Орталық
Банкке деген сенімділіктің және
есеп берудің күшеюіне әсерін тигізетін
ақпараттардың түсініктілігі
Инфляциялық таргеттеу
елдегі баға тұрақтылығына қол жеткізу Орталық Банктің жүргізіп отырған ақша несие саясатының ең негізгі және жалғыз мақсаты болуы керек.
Ақша – несие саясатының құралдарының таңдау кезіндегі Орталық Банктің тәуелсіздігі.
Орталық Банк мемлекеттік шығындарды яғни бюджет тапшылығын қаржыландыруға тиім салу.
Осы көрсеткен жағдайлардың барлығы Орталық Банк тұрақтылығы, яғни Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы заңға енгізу арқылы заң түрінде бекітілуі қажет:
Инфляциялық таргеттеуді яғни инфляциялық мақсаттық көрсеткіштердің есептеу әдістемесінде төмендегілер көрсетілуі керек:
инфляциялық
мақсаттық көрсеткіштерін ресми
түрде жариялау бұл жағдайда оны
кім жариялайтындығы туралы нақты
ақталуы керек, инфляцияның мақсатты
көрсеткіші кейбір жағдайда өзара кеңес
жүргізе отырып Үкімет белгілеу мүмкін
немесе Орталық Банктің өз бетінше белгілеуі
мүмкін.
III-
тарау. ҚАЗАҚСТАН
ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯНЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ
ОНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-
ӘЛЕУМЕТТІК САЛДАРЫ
3.1 Қазақстан жағдайындағы
инфляцияның ерекшеліктері
Осы күндері Қазақстанда қалыптасып отырған инфляцияның ерекшеліктерін және негізгі себептерін бұрынғы Кеңес Одағының тарихи-экономикалық даму процесінде қалыптасқан өндіріс, қаржы және баға жүйелерінің құрылымдық диспропорцияларынан іздестірген дұрыс болады.
Қоғамдық өндіріс
құрылымы қаржы баға жүйелерін анықтайды.
Өндірісте диспропорциялар
Кеңес экономиканың 70-ші жылдың даму кезеңдерінде қоғамдық өндірістегі дипрпорциялар әр бесжылдық сайын тоқтаусыз ұлғайып тереңдеп отырған. Кеңес экономикасында тарихи түрде қалыптасқан диспропорцияларды бірнеше топқа бөліп анықтауға болады:
1)
өнеркәсіп өндірісі мен ауыл
шаруашылығы арасындағы
2)
ауыр өнеркәсіп пен жеңіл
3)
шикізат өндірісі мен дайын
(түпкі) өнімдер өндірісінің
4)
әскери өндіріс пен азаматтық
өндіріс арасындағы
5) материалдық өндіріс пен материалдық емес өндіріс арасындағы диспропорция т.б.
Бұл диспропорциялар
Кеңес экономикасының өзінде бағалардың
инфляциялық өсуін тұрақты
Қазақстанда қалыптасқан
өндірісаралық, оның ішінде шикізат
өндірісі мен түпкі өнімдер өндірісі
арасындағы диспропорция, тіпті бұрынғы
Одақтас Республикаларға
Инфляция жағдайында Үкімет «қымбат ақша» саясатын ұстануға мәжбүр болды, Ұлттық банк несие беру процентін және міндетті резерв нормасын өте жоғары деңгейде ұстап отырды. Осылай жүргізілген монетарлық (ақша-қаржы) саясаттың нәтижесінде инфляция ауыздықталды, сонымен бірге ішкі өндіріс пен нарық екі-үш есе қысқарды, ұлттық өндіріс орындары тоқтап қалды, жұмыссыздық күрт өсті. Негізінен сыртқа өнім шығаратын шикізат өндіру салалары жұмысын тоқтатқан жоқ, керісінше экспорт көлемін айтарлықтай өсірді. Нарыққа көшу жылдары Қазақстанда бұрыннан қалыптасқан өндірісаралық диспропороциялар қысқарғанның орнына арта түсті.
Жалпы алғанда, инфляцияға қарсы саясаттың ұзақмерзімдік стратегиялық және күнделікті жүргізіліп отыратын ағымдық, тоқтаусыз тактикалық түрі болды. Монетарлық саясат негізінен күнделікті жүргізіліп отыратын, айналымдағы ақша көлемін қадағалап реттейтін тактикалық саясат түріне жатады. Әрине, белгілі бір жағдайларда, мысалы, гиперинфляция кезінде, бұл әдіс негізгі реттеу әдісіне айналуы заңды да. Бірақ, жалпы алғанда, дамыған Батыс елдерінің тәжірибесі көрсеткендей, күнделікті тактикалық ақша-несие арқыылы экономиканың дамуын реттеу саясаты ұзақ мерзімдік стратегиялық даму саясатының шеңберінде жүргізіліп отырады екен. Қазақстанда 2001-2003 жж арналған Ұлттық өндірісті дамыту бағдарламасы жасалған. Осы жылы Қазақстандағы Аграрлық саясаттың бағдарламасы жасалуда. Жақында Қазақстан Үкіметі 2001-2005 жж арналған қысқа мерзімдік Ұлттық өндіріс салаларын қолдау бағдарламасын бекітті. Сонымен қатар, Қазақстанның барлық әкімшілік-экономикалық аймақтарының (облыстарының) Экономикалық-әлеуметтік бағдарламалары жасалып, іске асырылуда. Осы бағдарламалардың барлығын стратегиялық саясаттың құралы ретінде қарастыруға болады. Енді Қазақстанда да монетарлық-қаржы саясаты Ұзақ және орта мерзімдік реалды экономиканы қолдау және дамыту бағдарламаларының шеңберінде жүргізілетін болады.
Қазақстандағы қазіргі инфляцияның себептерін нарыққа өтуге дейінгі инфляцияны тудыратын факторлардан іздестіру керек. Олардың ең бастысы – шаруашылықты басқарудың жоспарлы бөлу жүйесі. Ол шаруашылықтың шығынды механизмін қалыптастыруға, халық шаруашылығында материалды-ақшалық үйлесімсіздіктің тууына мүмкіндік жасап, экономиканың барлық салаларына зиян шеккізді. Әсіресе:
1)
ұлттық өнімді жинақтау қорына
және тұтыну қорына бөліп,
2) құрал-жабдықтарды өндіру және тұтыну тауарларын өндіру салаларында;
Информация о работе Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен өзара байланыстары