Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен өзара байланыстары

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2011 в 19:36, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу мақсатынан туындайтын міндеттер:
инфляцияның экономикадағы қаржылық тұрақтылыққа әсерін айқындау;
инфляцияны қаржылық тұрақтандыру және қаржылық реттеу бойынша шетел тәжірибесінің негізінде осы тәжірибені Қазақстан экономикасында қолдану мүмкіндігін дәлелдеу;
Қазақстандағы 1998-2011 жж. кезеңіндегі инфляциялық процестер динамикасын қарастыру;
АТФ банкіндегі инфляция мәселесін анықтау;
Инфляция құбылысына әсер ететін факторларды алдын-ала шараларын жетілдіру;
Жаһандану жағдайындағы Қазақстан Республикасының экономикасындағы инфляциялық процесі және оған қарсы саясатты жетілдіру.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
I. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен өзара байланыстары.......5
II. ҚР – ДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК –ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛДАРЛАРЫН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстандағы 1999-2011 жж. кезеңіндегі инфляциялық процесстер динамикасы...........................................................................................................9
2.2 Инфляфияны таргеттеу негіздері мен алдын – алу шараларын жетілдіру................................................................................................................18
III. ҚАЗАҚСТАН ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК САЛДАРЫ.
3.1 Қазақстан жағдайындағы инфляцияның ерекшеліктері.............................21
3.2 Инфляцияға қарсы саясаттың күрес жолдары.............................................23
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................27
ҚОСЫМШАЛАР...............................................................................................29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................32

Работа содержит 1 файл

Инфляция мани, себептери (2).doc

— 228.50 Кб (Скачать)

ИНФЛЯЦИЯ: МӘНІ, СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛДАРЛАРЫ

МАЗМҰНЫ

 
 

КІРІСПЕ..................................................................................................................3 

I.   ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен өзара  байланыстары.......5 

II. ҚР – ДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК –ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛДАРЛАРЫН ТАЛДАУ

2.1 Қазақстандағы 1999-2011 жж. кезеңіндегі инфляциялық процесстер         динамикасы...........................................................................................................9

2.2 Инфляфияны таргеттеу негіздері мен алдын – алу шараларын жетілдіру................................................................................................................18 

III. ҚАЗАҚСТАН ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ  ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ   ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК  САЛДАРЫ.

3.1 Қазақстан  жағдайындағы инфляцияның ерекшеліктері.............................21

3.2 Инфляцияға қарсы саясаттың күрес жолдары.............................................23 

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................27

ҚОСЫМШАЛАР...............................................................................................29

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................32                       

                                         
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    КІРІСПЕ 

     ҚР  Президенді Н.Назарбаев 2010 жылғы Қазақстан  халқына арнаған Жолдауында: «Ақша-кредит саясатының негізгі мақсаты — инфляцияны тежеуді қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету жолындағы жауапкершілік Ұлттық банк пен Үкіметке жүктеледі. Олардың қолында сол үшін барлық өкілеттіктер мен құралдар бар.

     Ақша-кредит саясатының келесі міндеті — қаржы  нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету, инфляция өсімінің залалды зардаптарын төмендету, сонымен бір мезгілде экономикалық өрлеуді ынталандыру үшін нақтылы айырбас бағамының икемділігін сақтап түру.

     Осы орайда Ұлттық қор маңызды рөл  атқаруға тиіс. Үкімет Қор қаражатының  ашықтығын және ұтымды құрылуы мен пайдаланылуын қамтамасыз етуге тиіс деп санаймын».

    Инфляция  – күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Бүгінде ол көптеген дүние  жүзі мемлекеттерінің үкіметтері мен  орталық банкілерінің басты экономикалық проблемаларына айналып отыр. Инфляция экономикалық өрлеу қарқынын бәсеңдетеді, инвестициялық белсенділікті төмендетеді, ал өзінің шектен шыққан түрлерінде қоғамда әлеуметтік және саяси шиеленістер туғызады.

      Экономикалық құрылыс ретінде  инфляция көптен бері өмір  сүріп келеді. Оның тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп санайды. Инфляция – бұл күрделі де көп факторлы құбылыс: ол қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады.

    Инфляция   ең    алдымен    тауар    бағаларының   өсуі    және    шетел валюталарының   қымбаттауы    ретінде    көрінеді.  Инфляцияға   қарсы күресті  күшейту   қажет.   Инфляцияның   жаһандық    экономикалық үдерістер   тарапынан   болатын   қысымның   күшейе   түсуінен      де ұлғайып   отырғанын   ескеріп,   Үкімет    тарапынан   ойластырылған және   сол   әрекеттерге   сәйкес   іс-шаралар    қабылдануы    қажет.

    Инфляция  құбылысының пайда болуына әсер ететін факторлардың алдын алу шаралары, яғни инфляция процесін зерттеу және оған қарсы саясатты жетілдіру жолдарын зерттеу болып табылады. Экономикалық категория ретінде инфляция, ұлттық табысты, қоғамдық өндіріс сфераларының, халық шаруашылығы аймақтары мен салаларының, халықтық таптық және әлеуметтік топтарының араларында бөлуді білдіреді.

         Баға тауарлар мен қызметтердің  құнының ақшалай нысаны болғандықтан, инфляция айналымдағы қағаз ақша  бірліктері санының тауар бағасынан  артып кетуі нәтежесінде пайда  болады және бағалардың өсуінде,  ақша бірлігінің сатып алушылық қабілетінің төмендеуінен көрінеді. Демек, айналымдағы ақша белгілерінің саны мен жылдамдығы инфляцияның деңгейі мен қарқынына елеулі әсер етеді.

    Бағаның өсуі, инфляцияның ең маңызды, бірақ  жалғыз көрсеткіші болып табылмайды. Сонымен қатар ақша шығаруды, ақша массасының өсуін, мемлекеттік бюджет тапшылығын, оның индикаторы деп есептеуге болады.

   Зерттеу мақсатынан туындайтын міндеттер:

  • инфляцияның экономикадағы қаржылық тұрақтылыққа әсерін айқындау;
  • инфляцияны қаржылық тұрақтандыру және қаржылық реттеу бойынша шетел тәжірибесінің негізінде осы тәжірибені Қазақстан экономикасында қолдану мүмкіндігін дәлелдеу;
  • Қазақстандағы  1998-2011 жж. кезеңіндегі инфляциялық процестер         динамикасын қарастыру;
  • АТФ банкіндегі инфляция мәселесін анықтау;
  • Инфляция құбылысына әсер ететін факторларды алдын-ала шараларын жетілдіру;
  • Жаһандану жағдайындағы  Қазақстан Республикасының экономикасындағы инфляциялық процесі және оған қарсы саясатты жетілдіру.

     Инфляция – күрделі және көп  жоспарлы әлеуметтік-экономикалық үдеріс. Оны зерттеуге бай әлемдік және отандық экономикалық әдебиет арналған. Берілген күрделі әлеуметтік-экономикалық үдеріске тән қарама-қайшы құбылыстарды және негізгі ойды зерттеуге Д. Юм, А. Маршалл, Дж.М. Кейнс, А. Филлипс, П. Самуэльсон, Р. Солоу, М. Фридмен, Р. Дорнбуш, С. Фишер сияқты шетелдік экономист ғалымдар айтарлықтай үлес қосты.

   Өтпелі  экономикалардағы және жаңадан дамып  келе жатқан мемлекеттердегі инфляцияны М.А. Афанасьев, А. Белоусов, Р.Н. Евстегнеев,  
А. Илларионов, Г. Колодко, Я. Корнаи, М.Ю. Малкина, С.М. Никитин, С. Пекур, Я. Ростовски, Дж. Сакс, В.В. Усов, В.Н. Шенаев және т.б. ғалымдар зерттеді.

   Қазақстандағы инфляцияны қарастыратын жұмыстарға Р.А. Алшанов,  
Т.А. Әшімбаев, М.Б. Кенжегузин, К.А. Сағадиев, Ғ.С. Сейітқасымов, А.Қ. Қоша-нов, Р.А. Қамшыбаев, Н.К. Күшікова, В.Д. Мельников, Ә.Д. Челекбай, Ұ.А. Те-кенов сияқты ғалымдардың зерттеулері жатады.
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    I.   ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ  АСПЕКТІЛЕРІ

    1.1 Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен өзара байланыстары

          Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп саналады.

          «Инфляция» термині (латынның inflation сөзінен шыққан –  кебіну, ісіну) ақша айналысына қатысты XIX ғасырдың орта шенінде пайда болды және АҚШ – тың Азамат соғысы жылдары (1861-1865жж) қағаз долларының «гринбектердің» қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды. XIX ғасыр бұл термин сондай-ақ Англия мен Францияда қолданылды. Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы XX ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен таралды, ал бұрыңғы кеңестік экономикалық әдебиеттерде ол 20-сыншы жылдары жазыла бастады.

          Инфляцияның дәстүрлі ең жалпы анықтамасы – тауар айналымының  қажеттілігімен айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен лықа толып кетуі, оның құнчыздануы және соның нәтижесі ретінде – тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуі; ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетуі. Инфляция кезінде қоғамдықөндіріс процесінің алшақтықтарына және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы бұзылады.

          Инфляция – ақша жүйесінің дағдарысты жай-күйі.

          Ақшаның құнсыздануына  мына факторлар себепші болады:

          Айналысқа артық  ақшаның шығарылуы;

          Қолайсыз төлем  балансы;

          Үкіметке сенімнің жоғалуы.

          Ұзақ уақыт бойы инфляцияны монетарлық құбылыс деп санай отырып, ол ақшаның құнсыздануы мен тауар бағаларының өсуі тұрғысында түсіндіріліп келді. Әлі де бірқатар шетелдік авторлар инфляцияны экономикада бағаның жалпы деңгейінің артуы ретінде анықтайды. Алайда инфляцияның тауар бағасының өсуінде көрінгенімен оны тек таза ақша феноменіне жатқыза салуға болмайды. Бұл нарықтық шаруашылықтың түрлі сфераларындағы ұдайы өндірістің сәйкессіздігінен туатын күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Инфляция әлемнің көптеген елдеріндегі экономиканың қазіргі дамуының  ең өткір проблемаларының бірі болып есептеледі.

          Бүгінде инфляция бағаның  өсуі нәтижесінде ақшаның сатып  алу жарамдылығының құлдырауымен ғана емес, сонымен бірге елдің экононмикалық  дамуының жалпы қолайсыз ахуалымен де байланысты. Инфляцияға өндіріс пен өткізу сферасындағы әртүрлі факторлар тудырған өндіріс процесінің қарама-қайшылықтары себепші болды. Инфляцияның әуел бастағы себебі –ұлттық шаруашылықтың түрлі сфераларындағы жинақтау мен тұтыну, сұраным мен ұсыным, мемлекеттің кірістері мен шығыстары, айналыстағы ақша массасы мен шаруашылықтың ақшаға қажеттілігі арасындағы алшақтықтар.

          Инфляцияның ішкі және сыртқы факторларын (себептерін) айыра  білу қажет. Ішкі факторлардың арасында ақшаға жатпайтын және ақшалай – монетарлық факторларды бөлуге болады. Ақшаға жатпайтындар – бұл шаруашылық сәйкестігінің бұзылуы, экономиканың циклдық дамуы, өндірістің монополизациялануы, инвестициялардың теңгерімсіздігі, әлеуметтік-саяси сипаттағы ерекше жағдайлар және басқалары. Ақшалай факторларға мемлекеттік қаржының дағдарысы бюджет тапшылығы, мемлекеттік борыштың өсуі, ақша эмиссиясы, сондай-ақ несие жүйесінің кеңеюі, ақша айналысы жылдамдығының артуы нәтижесінде несие құралдарының өсуі және басқалары жатады.

          Дүниежүзілік құрылымдық дағдарыстар (шикізат, энергетика, валюта дағдарыстары), басқа елдерге инфляцияны экспортқа шығаруға бағытталған мемлекеттік валюта саясаты, алтынды, валютаны жасырын экспортқа шығару инфляцияның сыртқы факторлары болып табылады.

          Сөйтіп, көпфакторлы процесс ретінде инфляция – бұл ақша айналысы заңының бұзылуымен байланысты болатын қоғамдық ұдайы өндіріс дамуындағы алшақтықтың көрінісі.

          Инфляцияның іс-әрекетін қаржы проблемаларымен байланыстырып  отыру қажет, өйткені инфляция құбылысы мынандай қаржылық факторларға тәуелді болып келеді:

  • Белгілі бір салық нысандары мен әдістерін қолдану;
  • Инфляциялық сипаттағы шараларды мемлекеттік бюджет арқылы қаржыландырудың ауқымы;
  • Мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабудың әдістері;
  • Мемлекеттік берешектің көлемі.

          Нарықтық экономика кезінде қаржы инфляциялық процеске бірқатар факторлар арқылы айтарлықтай әсер етеді (инфляциялық тенденцияларды күшейте түседі).

          Бірінші фактор –  мемлекет шығыстарының өсуі, бұл ерекше төлейалушылық сұранымының артуына  жеткізеді, сөйтіп тікелей баға белгілеуге әсер етеді. Тауарлар мен қызметке бағаның көтерілуіне байланысты ақшаның құнсыздануы бюджет шығыстарының көбеюіне соқтырады, ал оның кірістері, ең алдымен, салық түсімдері қажеттіліктен артта қалып қояды. Бұл сөзсіз болатын ұзақ уақытқа созылған тапшылыққа ұрындырады.

          Екінші фактор –  табысқа (пайдаға) салынатын салықтың көбеюі. Салықтың едәуір бөлігі баға механизмі  арқылы тұтынушыға ауысады және рыноктағы  бағаның көтерілуінің басты себебі болады.

          Үшінші фактор –  бюджеттердің ұзақ уақытты тапшылықтары (өндірістік емес шығындардың неғұрлым өсуімен байланысты).

          Инфляция қаржы  қатынастарын да өзгерістерге ұшыратады. Біріншіден, инфляция тауарлар мен  қызметтерге бағаның өсуі салдарынан мемлекет шығыстарының өсуін жандандырады.

          Екіншіден, инфляция қаржы ресурстарын құнсыздандырады және салық түсімдерін арттырудың қажеттігін тудырады.

          Үшіншіден, инфляциялық  процесс мемлекеттің берешегі проблемаларын  шиеленістіреді.

Информация о работе Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен өзара байланыстары