Инфляцияны реттеу: әлемдік тәжірибе және Қазақстан практикасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2011 в 16:13, автореферат

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Нарықтық экономиканы құрудың бүкіл кезеңінде инфляция тұрақтандыру үдерісіне анықтаушы ықпал ететін шешуші факторлардың бірі болып қала береді. Дамушы нарығы бар экономикаларда инфляцияның өзіндік ішкі ерекшелігі бар.

Работа содержит 1 файл

Инфляцияны реттеу. әлемдік тәжірибе және Қазақстан практикас.doc

— 334.50 Кб (Скачать)
 

   Дағдарыстар қысқа мерзімді сыртқы қарыздағы  резервтердің жоғары үлесі бар елдерде де, мысалы Венесуэлада, Малайзияда, Колумбияда орын алғандығын атап өткен жөн.

   1994 жылы Венесуэлада болған дағдарысқа  дейін осы көрсеткіш Қазақстанға  қарағанда елеулі жоғары болды  және ол 250%-ды құрады. Бірақ Венесуэланың  тауар мен қызмет экспортындағы сыртқы қарызының үлесі Қазақстанға қарағанда екі есе жоғары болды, яғни экспорттық түсім елдің қарызын 280%-ға қамтамасыз ете алмады, ал осы уақытта Қазақстанда бұл көрсеткіш 177%-ды құрады.

   Халықаралық инвестициялық позиция (көзқарас) мәліметтері бойынша нетто-позиция елдің төлем қабілеті тәуекелділігінің көрсеткіші болып саналады. 3-кестеден көрініп тұрғандай, Қазақстан 1998 жылдан бастап, жарамсыз нетто-позицияны сақтап келеді. Сыртқы міндеттемелердің ел активтерінен шапшаң артуы 2000 жылы орын алды және сол уақыттан бері жағымсыз өсім үрдісіне ие.

3-кесте – Қазақстанның халықаралық нетто-позициясы 

Млн. АҚШ доллары

  Жылдар
Көрсеткіштер 1998 1999 2000 2001 2002 2003 2004 2005
Сыртқы  активтер 2391 2599 4613 6117 9322 14284 23071 30159
Ішкі  міндеттемелер 3596 3669 15727 19192 23056 29042 38773 50436
Нетто-позиция -1205 -1070 -11114 -13075 -13735 -14758 -15702 -20277
Нетто-позицияның өсімі, алдыңғы кезеңмен салыстырғанда, % -3866 11 -939 -18 -5 -7 -6 -29
   Ескерту – ҚР ҰБ деректері бойынша автор құрастырған.
 

   Сөйтіп, Қазақстанға сыртқы қарыздар, қарыздық бағалы қағаздар шығарылымы түрінде  келетін капитал ағымы Қазақстанның сыртқы қарызының көлемін одан әрі  ұлғайтады.

   Ұлттық  Банк үкіметке несиелер бермейді, өзінің мемлекеттік бағалы қағаздар қоржынын мүлдем ұлғайтпайды. Коммерциялық банктерді қайта қаржыландыру мардымсыз көлемдерде жүргізіледі. Валюталық резервтерді арттыру нәтижесінде туындайтын ақшалай ұсыныстардың артықшылығын залалсыздандыру мақсатымен Ұлттық Банк коммерциялық банктерден депозиттер тартады.

   Басқа да тауарлар тәрізді бағасы өсетін доллар бағамы инфляцияға әсер етеді. Бұл фактор импортталушы инфляция түрлеріне  қатысты. Сатып алынатын долларлар елдегі тауарлар мен қызметтер бағасының сомалық көлемін көтереді, яғни кәсіпорындар, банктер және тұрғындар тарапынан ұлттық валюта мен қосымша төлем төлеуге қабілетті сұранысқа қажеттілік бар. Экономиканың «долларизация» жағдайында мемлекет инфляцияны монетарлық әдіспен бақылау мүмкіндігінен айрылады, өйткені тауарларға ұсыныс тек теңгеге ғана емес, өткізілетін көлемі белгісіз долларға да болады.

   Долларға  қарағандағы теңге бағамының  төмендеуі бағаның инфляциялық  өсуінің белсенді факторы болды, өйткені импорттық тауарлар Қазақстан  тұтыну нарығының жартысын құрады. Импортталатын инфляцияның тетіктері доллар мен басқа да шетел валюталарына жоғары сұраныстың пайда болуынан айқын көрінді.

   Соңғы уақытта Үкімет пен Ұлттық Банк өзінің ақша-несие саясатында екі мақсатқа жетуге ұмтылуда. Бірінші мақсат –  инфляцияны төмендету, екіншісі – экономиканың нақты секторы жағдайының нашарламауы үшін теңгенің тиімді бағамын ұстап тұру болып табылады. Бұл мақсаттар іс жүзінде бір-біріне қарама-қайшы. Бюджет тапшылығы мен мемлекеттің ірі қарызды тұтыну мүмкіндігі жоқ кезде инфляцияны төмендету өте қиын емес. Ұлттық банктің нарықтан валютаны сатып алуын және өзінің алтын-валюта қорын көбейтуін тоқтату қажет. Мұндай жағдайда ақша көлемі баяу өседі, одан кейін ол мүлдем тоқтайды. Бұл инфляцияның төмендеуін ең соңында нөлге дейін алып келеді.

   Сонымен бірге бұл нақты, атаулы құнында көрініс табатын теңге бағамын білдіреді, ол өз кезегінде импорттың өсуіне, экспорттаушылар жағдайының нашарлауына және өндірістің құлдырауына әкеліп соқтырады.

   Соңғы уақытта әлемдік нарықта орын алған үрдіс Қазақстан макроэкономикасының  дамуына жағымды әсер еткенмен, бірнеше мәселені де туындатты. Соның бірі – кәсіпорындардың нақты секторлары мен коммерциялық банктердің сырттан қарыз алуы, оның ішінде банк жүйесінің шартты түрдегі өтімділігі. Сыртқы қаржыландырудың қомақтылығы ішкі несиелеу көлемін арттырды.

   Екінші  деңгейлі банктер жүргізген белсенді несие саясаты ақша көлемінің  өсімін және соған сәйкес айналымдағы  қолма-қол ақшаның, ең бастысы тұтынушы сұранысының өсуін туындатты.Жыл  сайын еңбекақы мөлшерінің көтерілуі  есебінен тұрғындардың тұтыну қабілеті артты.

   2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда еңбекақы 19,7%-ға, нақты көріністе – 10,2%-ға  өсті. Еңбекақының өсуі елдегі  экономикалық белсенділіктің артуымен  айқындалады. Экономиканың бюджеттік  секторындағы еңбекақы өсуінің  артынша басқа салаларда да сонымен мөлшерлес өсім ере жүрді.

   Экономикада инфляциялық көріністің сақталуы ақша агрегаттарының елеулі өсуіне себеп  болды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің халықаралық таза резервтерінің  өсуі 2006 жылы оның қаржылық базасының 26,5 пайызға, яғни 1501,5 млрд. теңгеге дейін кеңеюіне мүмкіндік жасады (4-кесте).

   Инфляцияның төмендеуін тізгіндеу инвестициялық  белсенділік пен тұтынушылық  сұранысы жоғары экономиканың елеулі өсуіне қарсы әрекет етеді. Экономикалық көтерілу экономиканың ақша көлеміне толығуын туындатады. Мұндай толығудың ең маңызды критерийі ақша көлемінің МЗ агрегатының ЖІӨ-ге қатынасы арқылы танылады. 1995–2006 жылдардағы бұл қатынастар келесі жағдайда қалыптасты (6-кесте).

   5-кестеден көрінгендей, ЖІӨ-нің өсуі экономиканы монетизациялау деңгейінің көтерілуінен орын алды.

   Елге  шетел валютасының ағылып келуі  қуат көздеріне әлемдік бағаның  жоғары болуымен байланысты еді, олар Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударылуының есебінен тазаланды. 2006 жылдың аяғында ҚР ҰҚ-ның активтері 13 млрд. АҚШ долларынан асты.

4-кесте – ҚР-ның кезең аяғындағы ақша агрегаттары 

Млн. АҚШ теңге

  Жылдар
1999 2000 2001 2002 2003 2004 2005 2006
Қаржылық  база (резервтік ақшалар) 126749 134416 174959 208171 316962 577841 662971 1501500
Өткен кезеңмен салыстырғандағы өзгерістер, % 55,7 6,0 30,2 19,0 52,3 82,3 14,7 26,5
МО (айналымдағы қолма-қол ақша) 103486 106428 131175 161701 238730 379273 411813 600800
М1 162115 195442 224234 287293 411646 680632 799401 874502
М2 237260 290643 337980 498071 692844 1175491 1515962 1754861
М3 (ақша жиыны) 273880 397015 576023 764954 971213 1650115 2065340 3716000
Өткен кезеңдермен салыстырғандағы өзгерістер, % 84,4 45,0 45,1 32,8 27,0 69,9 25,2 79,9
   Ескерту – ҚР ҰБ деректері бойынша автор құрастырған.
 

   Республиканың банк секторы капиталдың халықаралық нарығынан қарыз алып, артық ұсынысты көбейтуі ішкі валюталық нарықта елеулі ықпал көрсетті. Шетел активтеріне қаржы салу көлемі айтарлықтай дамығаны байқалды. Банктердің шетел инвестициялары түрінде валюталарды шетелге толассыз шығаруы, ҚР ҰҚ-ның өсуі, сондай-ақ операциялар бойынша тікелей инвестициялық қаржылардың елден шығуы сұраныс қатынастары мен нарықтағы валюта ұсыныстарын қайтадан қалпына келтірді. 

5-кесте – Қазақстандағы ЖІӨ мен ақша көлемінің қатынастары 

Жылдар ЖІӨ іс жүзіндегі  бағада, млрд теңге Жыл аяғындағы  МЗ, млрд тенге ЖІӨ-ге МЗ қатынасы, %
1995 1014,2 115,7 11,4
1996 1415,8 135,0 9,5
1997 1672,1 173,0 10,3
1998 1733,3 148,5 8,6
1999 2016,5 273,9 13,6
2000 2600,0 397,0 15,3
2001 3250,6 376,0 17,7
2002 3747,2 764,9 20,4
2003 4449,8 969,9 21,8
2004 5542,5 1650,1 29,8
2005 6867,0 1881,3 27,4
2006 9738,8 3716,0 38,2
   Ескерту – ҚР Статистика агенттігінің деректері бойынша автор құраған.

   Әлемдік тауар нарығында Қазақстан экспортының  негізгі тауарларына бағаның өсуі отандық өндірушілердің ішкі нарықта өз тауарларының бағасын соған сәйкес көтеруіне мәжбүр етті. Бір жағынан, мемлекеттік бюджет шығынының өсуі экономикалық белсенділікті ынталандырса, екінші жағынан, инфляциялық қысымды күшейтті. Ел табысының өсуімен қатар күтілген инфляция қосымша инфляциялық фактор болды.

   Қалыптасқан макроэкономикалық жағдай республиканың  тұтыну нарығында инфляциялық үрдістің күшеюіне алып келді. Нәтижесінде, ол жыл  аяғында (2005 жылдың желтоқсанынан 2006 жылдың желтоқсанына дейін) Статистика агенттігінің деректері бойынша 2006 жылы 8,4%-ды (2005 жылы 7,5% еді), ал орташа жылдық инфляция – 8,6%-ды құрады (3-сурет).

   2006 жылғы инфляцияға ықпал еткен  негізгі микро және макроэкономикалық  факторларға экономиканың елеулі  өсуі, Қазақстанға шетел капиталының үздіксіз ағыны, банк несиелерінің айтарлықтай көтерілуі, қуат және шикізат тауарларына әлемдік бағаның жоғары болуы жатты. 

 

3-сурет  – Инфляция серпіні 

   Мұнайлы жерлерді әрі қарай игеру төлем  балансының ағымдағы шотына ағылатын капиталдың қосымша көздеріне жол ашты, бұл өңдеуші өнеркәсіптің бәсекелестік қабілетін төмендетуге әсер етуі мүмкін, өйткені тікелей инвестицияны әрі қарай игерумен жалғасатын экспорттық түсімдердің көбеюі теңгенің айырбастау бағамын нақты қымбаттатуға тікелей қысым көрсетеді. 

КОРЫТЫНДЫ 

   Жүргізілген зерттеулер нәтижелері келесідей қорытындылар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік  береді:

      1. Қаржы тұрақсыздығынан және инфляцияның жаңа орамынан қашу үшін номиналды еңбекақы өзгерістерінің қарқынын бағалар деңгейі өзгерістерінің қарқынымен ұштастыру ұсынылады, өйткені табыс пен бағалар ара қатынасында тікелей тәуелділік бар. Ақша массасының өсімі жылдамдығының өзгерістері қысқа мерзімді кезеңде шығарылу деңгейіне ғана емес, сонымен қатар инфляция деңгейіне де әсерін тигізеді. Ұзақ кезеңде ақша массасының өсімі жылдамдығының өзгерістері тек инфляция қарқынына ғана әсер етеді. Инфляцияның әрбір жаңа толқыны қоғамнан шығын талап етеді және антиинфляциялық саясат «бағасы» өсе түседі.
      2. Шетелдік тәжірибе антиинфляциялық саясаттың құрамдас бөлігі ретінде валюталық бақылау мен валюталық реттеу шараларын жемісті пайдаланудың көптеген мысалдарын алға тартады. Валюталық бағдар тұрақты болып тұрғанда, бұндай саясат өзін-өзі ақтайды. Валюталық саясат ойдағыдай жүзеге асуы үшін ұлттық валютаның айырбасталымдылығы ұсынылады, бірақ ол ағымдағы операциялар шеңберінен шықпағаны жөн.
      3. Жалпы өтпелі экономикаға ие елдер тәжірибесі тұрақтылыққа, егер ол парасатты макроэкономикалық саясат тұрғысынан қолдау тапса, айырбас бағамы базасында ғана емес, сонымен бірге ақшалай негізде де қол жеткізуге болатындығын көрсетті. Айырбас бағамы базасында тұрақтандырудың артықшылығы инфляция төмендеуінің неғұрлым жылдам қарқынында, өндіріс пен жұмысбастылықтың анағұрлым аз түсуінде жатады.
      4. Қазақстан үшін әлемдік валюта тербелістерінің әсерінен теңге бағамының төмендеуі (бекуі) арқылы туындайтын импортталушы инфляция ерекше қауіпті. Тұтыну тауарлары импортының елде шығарылатын тауарлардан асып кетуі осы тауарлар бағасы өзгерістерінің серпінін бақылауға мүмкіндік бермейді және елдің экономикалық, әрі ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіреді.
      5. Ақша көлемінің жылдам өсуіне және соған сәйкес экономиканың монетизациялануын жеделдетуге жол бермеу ұсынылады, өйткені тез өсудегі монетизация инфляцияның қысқа мерзімді кезеңде көтерілуіне, банк жүйесінде өтімділіктің шамадан тыс қорлануы инфляцияның орта мерзімді кезеңде өсуіне, ал ақша агрегаттарының тұрақты да елеулі артуы экономикада инфляциялық фонның сақталуына әсер етеді.
      6. Инфляцияның өсу қарқынын ауыздықтау үшін қайта қаржыландыру мөлшерлемесі мен минималды резервтік талаптар нормативтерінің реттеушілік әсерін оларды арттыру және «қымбат ақшалар» саясатын жүргізу жолымен күшейту ұсынылады.
      7. Инфляцияның өсуін болдырмау мақсатында шетел валютасының кең көлемді түсімін залалсыздандыруды қысқа мерзімді ноттар шығару, репо операциясын жүргізу және екінші деңгейлі банктерден депозиттер тарту жолымен жүзеге асыру ұсынылады.

Информация о работе Инфляцияны реттеу: әлемдік тәжірибе және Қазақстан практикасы