Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2011 в 16:13, автореферат
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Нарықтық экономиканы құрудың бүкіл кезеңінде инфляция тұрақтандыру үдерісіне анықтаушы ықпал ететін шешуші факторлардың бірі болып қала береді. Дамушы нарығы бар экономикаларда инфляцияның өзіндік ішкі ерекшелігі бар.
Басылымдар. Зерттеудің тақырыбы бойынша жалпы көлемі 3,5 б.т. болатын тоғыз жұмыс жарыққа шықты.
Диссертацияның құрылымы мен қисынына зерттеудің мақсаты мен міндеттері және материалды жүйелі баяндау қажеттілігі себеп болды. Диссертация 143 бет көлемінде мазмұндалған, ол кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, атаулар мен қосымшалардан, пайдаланылған деректер тізімінен тұрады. Жұмыс 15 кестемен және 31 суретпен безендірілген.
НЕГІЗГІ
БӨЛІМ
Нарықтық экономиканың өнідірісті ұйымдастырудың болып өткен түрлерімен салыстырғандағы артықшылығы, ол жедел экономикалық өсімді қамтамасыз етуге қауқарлы. Алайда нарықтық экономика бұрын болмаған апаттармен де байланысты. Сөз ең алдымен инфляция және жұмыссыздық туралы болып отыр.
Инфляция
тауарлар мен қызметтерге қатысты ақшаның
құнсыздануы болып есептеледі және бағалардың
өсуі түрінде көрініс табады. Егер өткен
жылдардағы бағалар индексі мәлім болса,
онда инфляция қарқыны ағымдық және базалық
кезеңдер бағалары индекстері айырмасының
базалық кезең индексіне қатынасы ретінде
анықталады, ол пайызбен өрнектеледі:
(1)
мұнда π – инфляция қарқыны;
Р – ағымдық кезең бағаларының көрсеткіші;
Р0 – базалық кезең бағаларының көрсеткіші.
Инфляция
қарқынының кіші мәндері үшін «70 санының
ережесін» қолдануға болады. Инфляцияның
кішігірім қарқыны кезінде (жылына 5%-дан
аз), егер 70-ті бағалардың жыл сайынғы өсу
қарқынына бөлсе, онда бұл – инфляция
қарқыны екі еселенетін шамамен алынған
жыл саны:
, (2)
мұнда – шамамен алынған жылдар саны, осы уақыт ішінде инфляция қарқыны екі есеге ұлғаяды;
π – ТБИ-дің жыл сайынғы өсу қарқыны, %.
«70 санының ережесі» көбіне-көп нақты жалпы ішкі өнімнің немесе жеке қор жинақтарының екі еселену уақытын анықтау үшін қолданылады.
Сандық тұрғыдан алғанда, инфляция төмендегі түрлерге бөлінеді: біркелкі – шамамен жылына 5–10%-ға дейін, шоқырақтаушы – 20-50%-ға дейін және гиперинфляциялық – жылдық көрсеткіші 100%-дан астам.
Әлемдік тәжірибеде инфляцияның гиперинфляцияға ұласуының көптеген мысалдары бар.
Инфляция
деңгейін өлшеу үшін статистер ЖІӨ (жалпы
ішкі өнім) дефляторының көрсеткішін
қолдануды ұсынады. Осы жағдайда «таразы»
ретінде ағымдағы ЖІӨ-нің көлемі алға
шығады. Бұл – Пааше бағалар индексі:
(3)
мұнда – Пааше бағалар индексі;
– ағымдағы кезең бағаларында берілген ЖІӨ-нің ағымдағы көлемі;
– базистік кезең бағаларында берілген ЖІӨ-нің ағымдағы көлемі.
Инфляцияны өлшеудің басқа әдісі Ласпейрес бағалар индексі болып табылады. Ол бағаларды өлшеу үшін «таразы» ретінде ЖІӨ-нің базалық көлемін қолданады.
Берілген
әдіс тұтыну және көтерме бағаларын және
т.б.өсімін өлшеу үшін кеңінен пайдаланылады.
Ласпейрес көрсеткішінің формуласы:
(4)
мұнда – Ласпейрестің бағалар индексі;
– ЖІӨ-нің ағымдағы кезең бағаларымен есептелген базалық көлемі;
– базистік кезең бағаларымен есептелген ЖІӨ-нің базалық көлемі.
Тәжірибе көрсеткендей, Ласпейрес бойынша өлшенген бағалар көрсеткіші бағалардың өсуі жағдайында тым жоғарылатылған мәнді береді. Ал ол Пааше бойынша өлшенсе, онда инфляция деңгейін төмендетіп жібереді.
Біздің
ойымызша, осындай жағдайда орташа мәндерді
пайдаланған жөн. Олардың бірі орташа
геометриялық көрсеткіш ретінде есептелетін
Фишер индексі болып саналады:
, (5)
мұнда – Фишер индексі.
Ақшаның
сандық теориясы айналым үшін қажетті
ақша саны баға деңгейіне және нарықта
айналыста жүрген тауарлар мен қызметтер
көлеміне тікелей пропорционалды тәуелділікте
және ақша бірлігінің айналым жылдамдығына
кері тәуелділікте екенін көрсетеді:
, (6)
мұнда M – экономикадағы ақша көлемі;
P – бағалардың орташа деңгейі;
V – ақша бірлігінің айналым жылдамдығы;
Y – нарықта айналыста жүрген тауарлар мен қызметтер массасы.
Инфляция бағалардың өсуінен көрініс табатындықтан және осы өсім пайыз түрінде болып келетіндіктен, бұл формула инфляцияға әсер ететін негізгі факторларды көрсетеді.
Бұл, біріншіден, тауар массасының көлемі. Дәл соғыс кезеңдерінде өндірісті азаматтық салалардан бөліп әкету орын алады, демек, инфляция – соғыстар мен төңкерістердің тұрақты серігі.
Екіншіден, экономикадағы ақша санының артуы. Орталық банктің негізгі мақсаттарының бірі – айналымда басы артық ақша көлемінің көптеп жүруіне жол бермеу. Ақшаның қосымша эмиссиясы экономиканы реформалау және төңкерістермен үнемі қосақталып жүреді, өйткені бұл кезде өндіріс – «екінші дәрежелі» іс, ал бастысы – өзгерістерді іске асыру (жерді қайта үлестіру, меншіктің басқа қолға өтуі және т.б.). Бірақ «судың да сұрауы бар», бәріне де, оның ішінде қайта құруға да ақша керек. Төңкерістер, соғыстар мен реформалар негізінен баспа станогы, яғни инфляциялық салық арқылы есеп айырысады.
Үшіншіден, инфляция ақша айналымының жылдамдығына тәуелді. Әдеттегі жағдайда бұл – ақша айналымының едәуір дәрежедегі статикалық, баяу өзгеретін сипаты. Бірақ ол кейде тым қозғалмалы шамаға айналып кетеді. Әдетте, бұл дәл жоғары инфляция кезінде, «ыстық» ақшалардан қашу кезеңдерінде орын алады. Гиперинфляция кезінде халық ақшаны арзандап кетпей тұрғанда жұмсауға, оларды нақты құндылықтарға алмастыруға асығады. Бұл жағдайда айналым жылдамдығы бірнеше есеге ұлғаяды, сөйтіп ол инфляцияның келесі орамының әрі қарай тарқатылуының факторына айналады.
Төртіншіден, инфляцияның факторы ақшамен атқарылатын тауар массасының көлемі болып табылады. Дағдарыс кезеңінде өндіріс көлемінің қысқаруы ақшаның құнсыздануына алып келеді. Бұндайда кедейлену салдарынан халықтың сатып алушылық қабілеті де төмендеп, қысқаратыны ықтимал. Төңкерістер мен революциялық реформаларға да өндіріс көлемі ере жүрмейді, ол өспейді. Сонымен қатар, әдетте, негізгі революциялық өзгерістер инфляциялық салық, яғни ақша массасының өсуі есебінен іске асырылады.
Бесіншіден, нарықтық экономикаға көшуді жүзеге асырған постсоциалистік елдер үшін бастапқы кезеңде инфляцияның жоғары қарқыны туындатқан төлемдер дағдарысы тән болды.
Нарықтық
қатынастарға енудің Ресейлік және Қазақстандық
жолы басынан бастап тауарлардың да, мемлекеттік
бюджеттің де тапшылығының жоғары деңгейімен,
яғни мемлекеттік шығындардың мемлекеттік
табыстардан асып кетуімен айқындалды.
Сондықтан да инфляцияның орын алуы таңқаларлық
жағдай емес еді. Төменде келтірілген
1-кестеде оның көлемі көрсетілген.
1-кесте
– Экономикалық реформа барысындағы Ресей
мен Қазақстандағы инфляция
Жылдар | |||||||||
1998 | 1999 | 2000 | 2001 | 2002 | 2003 | 2004 | 2005 | 2006 | |
Ресей | 84,4 | 36,5 | 20,2 | 18,6 | 15,1 | 13,6 | 11,0 | 10,6 | 11,5 |
Қазақстан | 12,5 | 17,8 | 9,8 | 6,4 | 6,6 | 6,8 | 6,7 | 7,5 | 8,4 |
Ескерту – ҚР Статистика агенттігі материалдары бойынша құрастырылған. |
Инфляция ақша белгілерінің айырбастаудың үздіксіз үдерісін және қоғамдық капиталдың ұдайы өндірісін қамтамасыз етуге қажетті мөлшермен салыстырғанда басы артық санының шығарылуымен байланысты құнсыздануы болып саналады десек, онда Филлипс қисығы бұл үдерісте жұмыссыздық деңгейі мен инфляция қарқыны арасындағы тәуелділікті сипаттайды.
Филлипс
еңбек өнімділігі өсуінің шамамен
2%-дық қарқыны кезінде
1-сурет
– 1960 ж. Ұлыбритания үшін Филлипс қисығы
1-суреттен
көрінгендей, Ұлыбританияда
АҚШ-қа арналған Филлипс қисығы Ұлыбританияға арналған Филлипс қисығынан шығатын нәтижелерден анағұрлым өзгеше нәтижелер көрсетеді. Бағалар тұрақтылығына жұмыссыздық деңгейі 5,5%-ға тең болғанда қол жеткізіледі. Ұлыбританияда жұмыссыздық деңгейі 2,5% болған кезде ғана баға тұрақтылығы сақталса, АҚШ-та 5,5%-да ғана инфляция көрініс табады. Басқа сөзбен айтқанда, Филлипс қисығы инфляция мен жұмыссыздық арасындағы балама (альтернатива) деп болжанады десек, онда мемлекеттік экономикалық саясаттың дилеммасы, яғни 1) жоғары инфляция кезінде жұмыссыздықтың төмен деңгейін қолдау немесе 2) инфляцияның төмен деңгейінде жұмыссыздықтың жоғары деңгейін қолдау мәселесі алдан шығады. Инфляцияның салыстырмалы түрдегі жоғары қарқынымен күресу үшін мемлекет жиынтық сұранысты сығымдау бойынша іс-шаралар кешенін өткізуі тиіс. Бұны ақша көлемін азайту және мемлекеттік шығындарды қысқарту көмегімен жүзеге асыруға болады. Зерттеу икемді бағалар жағдайында жиынтық сұранысты ынталандыру арқылы шығарылымды арттыруға бағытталған саясат инфляцияға әкеп ұрындыратынын көрсетті.
Инфляциямен күресу үшін Үкімет табыс саясатын, яғни жалақы мен бағаларды тікелей бақылауды іске асырады. Егер табыс саясаты бюджет тапшылығын қысқарту және ақша массасын бақылау бойынша шаралар енетін экономикалық саясат іс-шараларының тұтас кешенінің құрамдас бөлігі болып табылса, онда ол тиімді.
Бағалар мен еңбекақының тұрақталуы инфляцияның төмендеуіне, яғни бағалар өсімінің орташа қарқынының қысқаруына алып келеді, бірақ бұл жағдайда бағалар ресурстарды тиімді таратуда белсенді рөл ойнаудан тысқары қалады. Қысқа мерзімде шығындар шамалы ғана болуы мүмкін, алайда егер еңбекақы мен бағалар ұзақ уақытқа белгіленсе, онда еңбек ресурстары мен жекелеген тауарлар тапшылығы пайда болады.
Диссертациялық жұмыста экономикалық өсімнің тұрақты қарқынына ұзақ мерзімді факторларды тарту жолымен қол жеткізілетіні атап өтіледі, ол факторлар бағалар төмендеуінің, нақты еңбекақы деңгейін арттыру және халықтың өмірін жақсартудың алғы шарты болып табылатын еңбек өнімділігінің ұдайы өсірілуін қамтамасыз етеді. Төмен еңбек өнімділігі – аз деңгейлі еңбекақының басты себебі. Бүгінгі таңда уақыт бірлігі ішінде Ресейдегі жұмыскер Германия мен Жапониядағы өз әріптесіне қарағанда 5-6 есе аз өнім шығарады.
Субсидия беру жүйесі кәсіпорындардың белгілі бір топтарын нарықтық механизм қысымынан қорғауға бағытталған. Субсидиялар кәсіпорындардың кей шығындарға назар аудармауына және нарықтық жағдайдың өзгерістеріне көңіл бөлмеуіне мүмкіндік береді. Жүргізіліп жатқан өнеркәсіптік саясат мемлекеттік корпорацияларды немесе тіпті тұтас салаларды да ресми қаржыландыруды көздейді, олар стратегиялық немесе саяси тұрғыдан қажет деп танылады. Осы салалардың (металлургия, энергетика, әуе және кеме жасау) көпшілігінде көлемнен үнемдеу бар болғандықтан, үкімет фирмаларды ірілендіруге қол жеткізеді. Өнеркәсіп саясаты субсидия, мемлекеттік тапсырыстар, сауда саясаты сияқты түрлер қабылдауы мүмкін.
Сауда саясаты импорттық квоталар мен тарифтерді, сатып алу саясатын, экспорттық несиелерді анықтайды. Ресей мен Қазақстанның алдағы ДСҰ-на кіруіне байланысты отандық кәсіпорындарға өз өнімдерін осы халықаралық ұйымның талаптарына сәйкестендіруіне көмек көрсету қажет.
Диссертациялық зерттеу нәтижелері көрсеткендей, қаржылық тұрақтылыққа және соған сәйкес елдегі инфляциялық үдерістердің дамуына сыртқы факторлар елеулі әсерін тигізеді.
Дамушы нарықтарға үздіксіз келу үстіндегі капитал ағыны үшін негізгі тәуекелдер мыналар болып есептеледі: АҚШ-тағы пайыз мөлшерлемесінің күтілген деңгейден асып кету мүмкіндігі, валюталардың айырбас бағамының деструктивті тербелістері, тәуекелді инвестицияларға кедергі келтіруі мүмкін жаһандық қаржылық дисбаланстарға қатысты алаңдаушылық, геосаяси тәуекелдер, сол сияқты әлемдік нарықтағы мұнай ұсыныстарында орын алуы мүмкін секірістер. Бұл қалыптасу үстіндегі нарықтардағы активтер бағасы әлі де болса сыртқы әсерлерге тәуелді екендігін дәлелдейді. Сондықтан әрбір жекелеген елде инфляцияны реттеу негіздері оның тарихи даму ерекшеліктерінен, сонымен қатар экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдайының өзгешелігінен туындауы тиіс. Алайда бар айырмашылықтарды ескергеннің өзінде де инфляцияны реттеу көп елдерде ортақ сипатқа ие. Ол радикалдығы, мерзімі және өткізілу бір ізділігі бойынша ғана ажыратылады. Жалпы мемлекеттің үдеу үстіндегі инфляцияға жауабы екі түрлі болуы мүмкін:
Информация о работе Инфляцияны реттеу: әлемдік тәжірибе және Қазақстан практикасы