Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2012 в 16:16, курсовая работа
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Инфляция теориясы,оның әлемдік экономикадағы реттелу мәселелері». Біздің және де өзге елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай,нарықтық қатынастарға көшу-бағалардың тез өсуімен,инфляциялық факторлардың әсерінің күшеюімен қатар жүреді. Курстық жұмыстың мақсаты – макроэкономиканың теориясын,инфляция теорияларын оқып түсіну және инфляцияға қарсы саясатпен танысу болып табылады.
Мұнда экономика бiртұтас жүйе ретiнде қарастырыла отырып, тауарлар өндiрiсi мен қызмет көрсетудiң жалпы көлемiн және оның өсуiн, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейiн, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем балансының жағдайын зерттейдi.
Кіріспе.......................................................................................................................3
1.Инфляция теориясы .........................................................................................5
1.1Макроэкономикалық теориялардың пайда болуы..........................................5
1.2Әр түрлі экономикалық мектептердегі инфляция...........................................8
2.Инфляцияның әлемдік экономикада реттелуі.................................................12
2.1Инфляцияға қарсы саясат................................................................................12
2.2 Инфляцияның дамыған мемлекеттер мен дамушы елдер экономикасында реттелуі...................................................................................................................16
3.Инфляцияны реттеуде Қазақстанның тәжірибесі.........................................21
3.1Инфляциямен күресуде Қазақстанның әлемдік экономикадан алған тәжірибесі...............................................................................................................21
Қорытынды............................................................................................................24
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................................25
Қосымшалар
Швейцария. Ауыл шаруашылығының тауарлық өнімдерінің жартысына жуық бағалары заңдық тәртіппен реттелінеді. Мемлекеттік реттеу тағамдық және азықтық дәндер, қант қызылшасы, рапс, сүтке бағаларды қамтиды. Етке анықтамалық бағалар орнатылады. Бағаларды шекті реттеу, оларды бақылаумен бірге, тоқыма тауарлары, киімдер, ойыншықтар, музыкалық аспаптар бойынша жүзеге асырылады.
Испания. Испанияда баға орнатуда 3 түрлі тәсіл орын алуы мүмкін. Біріншіден, бәсекелстік туралы заңдардан шығатын бағалар нормасын орнатуды реттейтіндер. Екіншіден, мемлекеттік биліктің өкілеттігі нарықтық қызметтер мен тауарларға бағаларды орнату. Үшіншіден, өндірушілер мен сатушылар жүзеге асыратын бағаларды орнату саласындағы тұттынушылардың экономикалық мүдделеріне қатысты нормалар.
Тұтынушылық бағалардың жалпы көлемінің шамамен 10%-ын тікелей мемлекетпен орнатылатын және реттелінетін бағалардың үлес салмағы құрайды. Бағаларды мемлекеттік реттеу механизмі олардың келесі түрлерін қамтиды: рұқсат бағалар, хабарлау және жергілікті бағалар.
Греция. Бағақалыптастыру облысындағы мемлекеттік реттеу бағаларды тікелей анықтау жєне олардың орындалуын бақылау жолымен жєне жалпыэкономикалық саясат шекарасында немесе экономиканың жеке салаларындағы елдің белгілі бір даму кезеңдерінде табыстар мен бағалар саясатын жүргізумен жүзеге асырылады.
Екінші топқа қалған тауарлар мен қызмет жатады. Оларға бағаларды сауда Министрлігі реттейді. Министрлік өзінің орындаушылық қызметтерін (толық немесе бµліктеп) жергілікті билік органдарына беру мүмкіндігі қаралған. Сонда да олар қосымша рольді ойнайды. Өйткені сауда министрінің бекітуінсіз олардың шешімдерінің заңдық күші жоқ.
Австралия. Бұл елде реттеудің арнаулы жүйесі жоқ. Нан, сүт, жұмыртқа бағаларына бақылау осы ел штаттарының қазынашылықтарының құрамына кіретін арнаулы өкілетті ұйымдар мен штаттар қатарында жүзеге асырылады. Өкілетті ұйымдар аталған тауарлардың бағаларының максималды деңгейін үнемі қайта қарап отырады. Басқа жалпы ауылшаруашылық тауараларына минималды кепілденген сатып алу бағалары бекітіледі. Көтерме сауда бағаларының ұлттық қазынашылық құрамына кіретін бағаларды бақылау Басқармасына алдын–ала хабарламай (21 күн бұрын) жоғарылауы мүмкін емес.
3.Инфляцияны реттеуде Қазақстанның тәжірибесі
3.1Инфляциямен күресуде
Қазақстанның әлемдік
Осы күндері Қазақстанда қалыптасып отырған инфляцияның ерекшеліктерін және негізгі себептерін бұрынғы Кеңес Одағының тарихи-экономикалық даму процесінде қалыптасқан өндіріс, қаржы және баға жүйелерінің кұрылымдық диспропорцияларынан іздестірген дұрыс болады.
Қоғамдық өндіріс кұрылымы қаржы баға жүйелерін анықтайды. Өндірісте диспропорциялар қалыптасса, қаржы мен баға жүйелерінде де сәйкессіздіктер пайда болады.
Кеңес экономикасының 70-ші жылдың даму кезеңдерінде қоғамдық өндірістегі диспропорциялар әр бесжылдық сайын тоқтаусыз ұлғайып тереңдеп отырған. Кеңес экономикасында тарихи түрде қалыптасқан диспропорцияларды бірнеше топқа бөліп анықтауға болады:
1) өнеркәсіп өндірісі мен ауыл
шаруашылығы арасындағы
2) ауыр өнеркәсіп пен жеңіл
3) шикізат өндірісі мен дайын
(түпкі) өнімдер өндірісінің
4) әскери өндіріс пен азаматтық өндіріс арасындағы сәйкессіздік;
5) материалдық өндіріс пен материалдық емес өндіріс арасындағы диспропорция т.б.
Бұл диспропорциялар Кеңес
экономикасының өзінде бағалардың инфляциялық
өсуін тұрақты түрде
Қазақстанда қалыптасқан өндіріс аралық,
оның ішінде шикізат өндірісі мен түпкі
өнімдер өндірісі арасындағы диспропорция.
Тіпті бұрынғы Одақтас
Қазақстанда жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастарға көшу терең экономикалық дағдарысты жеңумен қоса жүргізілді. Өндірістің құлдырауы экономиканың барлық салаларында жүріп жатты.
Реформаның барлық кезеңінде кейде әсіре инфляцияға арналған өршімелі инфляция экономикалық дағдарыстың дәлелді сипатыты болып табылады. Тұтыну бағалары 1992 ж. 3006 %-ды, 1993 ж. 2266 %-ды құрады. Инфляцияның айлық қарқыны көбіне 30 % мөлшерінен асты, ал 1993 ж. қараша айында ол 55 %-ға жетті. Бұл жағдай стагфляция деп аталады. 1994 ж. сегіз ай мерзімінде инфляция деңгейі 1993 ж. осы мерзіммен салыстырғанда 608 %-дан 759 %-ға көтерілді.
ҚР Ұлттық банкісі жүргізген қатаң монетарлық саясат арқасында жағдай өзгеріп, инфляция айына 18-19 % деңгейінде тұрақтанды. Инфляцияның жалпы деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі 1997 ж. - 11,2 %; 1998 ж. - 1,9; 1999 ж. - 17,8; 2000 ж. - 9,8; 2001* ж. -6,4 %-ды құрады.
Қазақстан Республикасындағы өтпелі кезеңдегі инфляция себептеріне мыналарды жатқызуға болады:
-ұлттық экономикада өндірістің терең
құлдырауынан болған тауар
-өндірілген өнімдерге энергетикалық,
-өз тауарлары мен қызметтеріне
-мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, оны
-мемлекеттің өнімсіз шығындарының жоғары деңгейі;
-басқа мемлекеттердегі экономикалық
Инфляция жағдайында Үкімет «қымбат ақша» саясатын ұстануға мәжбүр болды, Ұлттық банк несие беру процентін және міндетті резерв нормасын өте жоғары деңгейде ұстап отырды. Осылай жүргізілген монетарлық (ақша-қаржы) саясаттың нәтижесінде инфляция ауыздықталды, сонымен бірге ішкі өндіріс пен нарық екі-үш есе қысқарды, ұлттық өндіріс орындары тоқтап қалды, жұмыссыздық күрт өсті. Негізінен сыртқа өнім шығаратын шикізат өндіру салалары жұмысын тоқтатқан жоқ, керісінше экспорт көлемін айтарлықтай өсірді. Нарыққа көшу жылдары Қазақстанда бұрыннан калыптасқан өндіріс аралық диспропорциялар қысқарғанның орнына арта түсті.
Инфляцияны тез ауыздықтау Казақстанда жүргізіліп
жатқан нарықтық реформаны құқық бойынша
Үкімет "Стратегия-2030" сәйкес инфляция қарқынының жыл ішінде 5-6% шамасында болуына ұмтылып отыр. Мұндай нәтижеге жету үшін Үкімет:
- ақшалай-несиелік және
- ішкі инвестициялық
- мемлекеттік құнды кағаздардың айналым мерзімін ұзартады және т.б.
Жалпы алғанда, инфляцияға қарсы саясаттың ұзақ мерзімдік стратегиялық жєне күнделікті жүргізіліп отыратын ағымдық, тоқтаусыз тактикалық түрі болды. Монетарлық саясат негізінен күнделікті жүргізіліп отыратын, айналымдағы ақша көлемін кадағалап реттейтін тактикалық саясат түріне жатады. Әрине, белгілі бір жағдайларда, мысалы, гиперинфляция кезінде, бұл әдіс негізгі реттеу әдісіне айналуы занды. Бірақ, жалпы алғанда, дамыған Батыс елдерінің тәжірибесі көрсеткендей, күнделікті тактикалық, ақша-несие арқылы экономиканың дамуын реттеу саясаты үзақ мерзімдік стратегиялық даму саясатының шеңберінде жүргізіліп отырады екен. Қазақстанда 2001-2003 жж. арналған Ұлттық өндірісті дамыту бағдарламасы жасалған. Осы жылы Қазақстандағы Аграрлық саясаттың бағдарламасы жасалуда. Жақында Қазақстан Үкіметі 2001-2005 жж. арналған қысқа мерзімдік Ұлттық өндіріс салаларын қолдау бағдарламасын бекітті. Сонымен қатар, Қазақстанның барлық әкімшілік-экономикалық аймақтарының (облыстарының) экономикалық-әлеуметтік бағдарламалары жасалып, іске асырылуда. Осы бағдарламалардың барлығын стратегиялық саясаттың құралы ретінде қарастыруға болады.
Сонымен қоса Үкімет қатаң фискальды саясат жүргізгелі отыр. Бұл туралы вице-премьер Кәрім Мәсімов «2007 жылғы республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасының таныстырылымы барысында сенаторлардың сауалдарына жауап берген кезінде мәлім етті.
«Премьер-министр инфляцияны ырықтандыру үшін ағымдағы және ұзақмерзімдік шаралар кешенін әзірледі», - деп атап көрсеткен К. Мәсімов, жыл басынан бері инфляция қарқынының өзгергеніне қарап, Үкімет мен Ұлттық банктің антиинфляциялық саясатының өз нәтижесін бере бастағанын айтуға болатынын жеткізді.
«Инфляцияны берілген шектен шығармас үшін, біз қазіргіден де қатаң монетарлық және фискальдық саясат жүргізетін боламыз», - деп сендірді вице-премьер. ”[12]
Курстық жұмысының 1 – бөлімі «Инфляция теориясыі » деп аталады, онда мынадай мәселелер қарастырылды:
-Макроэкономикалық теориялардың пайда болуы
-Әр түрлі экономикалық мектептердегі инфляция
Курстық жұмыстың 2 – бөлімі «Инфляцияның әлемдік экономикада реттелуі» деп аталады, ол келесі бөлімшелерден тұрады:
- Инфляцияға қарсы саясат
-Инфляцияның дамыған
мемлекеттер мен дамушы
Курстық жұмыстың соңғы бөлімінде Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы жоспары мен саясаты қарастырылды.
Қаржы тұрақсыздығынан және
инфляцияның жаңа орамынан қашу үшін
номиналды еңбекақы өзгерістерінің
қарқынын бағалар деңгейі өзгерістерінің
қарқынымен ұштастыру ұсынылады, өйткені
табыс пен бағалар ара
Шетелдік тәжірибе антиинфляциялық саясаттың құрамдас бөлігі ретінде валюталық бақылау мен валюталық реттеу шараларын жемісті пайдаланудың көптеген мысалдарын алға тартады. Валюталық бағдар тұрақты болып тұрғанда, бұндай саясат өзін-өзі ақтайды. Валюталық саясат ойдағыдай жүзеге асуы үшін ұлттық валютаның айырбасталымдылығы ұсынылады, бірақ ол ағымдағы операциялар шеңберінен шықпағаны жөн. Жалпы өтпелі экономикаға ие елдер тәжірибесі тұрақтылыққа, егер ол парасатты макроэкономикалық саясат тұрғысынан қолдау тапса, айырбас бағамы базасында ғана емес, сонымен бірге ақшалай негізде де қол жеткізуге болатындығын көрсетті. Айырбас бағамы базасында тұрақтандырудың артықшылығы инфляция төмендеуінің неғұрлым жылдам қарқынында, өндіріс пен жұмысбастылықтың анағұрлым аз түсуінде жатады.
Ақша
көлемінің жылдам өсуіне және соған
сәйкес экономиканың монетизациялануын
жеделдетуге жол бермеу ұсынылады,
өйткені тез өсудегі
Инфляцияның өсу қарқынын ауыздықтау үшін қайта қаржыландыру мөлшерлемесі мен минималды резервтік талаптар нормативтерінің реттеушілік әсерін оларды арттыру және «қымбат ақшалар» саясатын жүргізу жолымен күшейту ұсынылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Информация о работе Инфляцияның әлемдік экономикада реттелуі