Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2011 в 21:52, курсовая работа
Фискалдық саясат мемлекеттің қаржы ресурстарын пайдаланудың негізгі бағыттарын, қаржыландырудың әдістемесі және қаржыландырудың басты көзі, бюджеттің ашық көрінуіне қол жеткізуге бағытталған, нормативтік базаның сенімділігіне, салық базасының кеңдігіне қарамай салықтың кемітілуіне, тиімсіз мемлекеттік инвестицияның қысқартылуына және мемлекеттік шығындардың құрылымын жақсартуды, халықтың неғұрлым аз қорғалған жіктерін әлеуметтік қолдаумен қамтамасыз етуге шынайы мүмкіндіктерін айқындайды. Қазақстан Республикасының фискалдық саясатын жетілдіру бойынша үлкен жұмыс жүргізіп жатыр.
Кіріспе.......................................................................................................................2
1.ФИСКАЛДЫҚ САЯСАТТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
1.1.Фискалдық саясаттың түсінігі мен мәні..........................................................3
1.2.IS-LM моделінде бюджет-салық саясаттарын талдау....................................5
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ФИСКАЛДЫҚ САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
2.1. Қазақстан Республикасының фискалдық саясатты жүргізу
ерекшіліктері............................................................................................................9
2.2. Қазақстан Республикасының орта мерзімді фискалдық
саясаты....................................................................................................................13
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................19
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................20
6. Теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым
7.Азаматтық
әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені
үшін алынатын алым
8. Дәрілік
заттарды мемлекеттік тіркегені үшін
алынатын алым
9. Автокөлік құралдарының ҚР аумағы арқылы
жүру алымы
10. Аукциондардан алынатын алым
11. Консулдық алым
12. Жекелеген
қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін
лицензиялық алым
13. Телевизиялық және радиохабар ұйымдарына
радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат
бергені ұщін алым.
Төлемақы-белгілі бір қызмет түрін пайдаланған кезде төленетін міндетті төлем.
Төлемақылар:
1. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы
2. Жер бетіндегі көздердің су ресурстарын
пайдаланғаны үшін төлемақы
3. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы
4. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін
төлемақы
5. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы
6. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды
пайдаланғаны үшін төлемақы
7. Радиожиілік спектірін пайдаланғаны
үшін төлемақы
8. Кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны
үшін төлемақы
9. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру
үшін төлемақы
Мемлекеттік баж дегеніміз-уәкілдік
берілген мемлекеттік органдардың немесе
лауазымды адамдардың заңдық мәні бар
іс-қимылдар жасағаны үшін және құжаттарды
бергені үшін алынатын міндетті төлем
Кеден төлемдері:
1. Кеден бажы
2. Кеден алымдары
3. Алдын ала шешім қабылдағаны үшін төлемақы
4. Алымдар
Салықтарды салу обьектісі бойынша олар тура және жанама салықтар болып бөлінеді.
Тура салықтар-салық
төлеушінің кірісі мен мүлкінен тікелей
төленген салықтар. Олар өз кезегінде
нақты және жеке салықтарға жіктеледі.
Жанама
салықтар-бағаға немесе
2.2
Қазақстан Республикасының
орта мерзімді фискалдық
саясаты
Орта мерзімді кезеңдегі фискалдық саясаттың негізгі мақсаты - экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету, экономиканың шикізат емес салаларын әртараптандыруды және дамытуды ынталандыру, салық жүктемесін ұлғайтпай мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдерді барынша ұлғайту, мемлекеттік шығыстардың ұстамды фискалдық саясатын жүргізу, бюджетаралық қатынастарды және мемлекеттік борышты басқаруд жетілдіру болып табылады./5/
Орта мерзімді кезеңде осы мақсатқа қол жеткізуге мынадай негізгі міндеттерді шешу ықпал ететін болады:
жетілдіру;
бюджеттің мұнай емес тапшылығын қысқарту;
жоспарларын республикалық бюджетпен үйлестіру;
ҚР-ның 2009-2013 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлерінің болжамына өзгерістер мақұлданған.
2009 – 2013 жылдарға арналған фискальдық саясаттың негізгі бағыттары
Фискалдық саясат алдағы орта мерзімді кезеңде ұлттық экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталатын болады. Фискалдық саясат саласында экономиканың теңгерімді және сапалы өсу мақсаттарына қол жеткізу үшін: елді дамытуға тапсырылған көрсеткіштерге қол жеткізу, сондай-ақ жағдайлардың өзгеруіне жедел ден қою мақсатында фискалдық құралдарды тиімді пайдалану (бюджет шығыстары, салық жүктемелерін реттеу, Ұлттық қордың қаражатын және бюджет тапшылығы және т.б.); бұдан әрі салық және бюджет заңнамаларын жетілдіру; негізгі әлеуметтік-экономикалық бағыттар бойынша бюджет шығыстарының нақты басымдықтарын белгілеу; орта мерзімді кезеңге арналған даму басымдықтарымен өзара байланысты мемлекеттік органдарда стратегиялық жоспарлауды дамыту көзделеді. Экономикалық өсуді басқаруға көшу жағдайларында бюджет шығыстарының экономиканың өсуі бойынша нысаналы қондырғылардың орындалуын қамтамасыз ететін салалар дамуының болжамды көрсеткіштерімен тығыз байланысы қамтамасыз етіледі. /5/
Мемлекет Басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауының (бұдан әрі - Жолдау) шеңберінде берген тапсырмасын орындау үшін жаңа Салық кодексі қабылданды, ол экономиканың жаңғыруы мен әртараптануына, бизнестің «көлеңкеден» шығуына ықпал ететін болады.
Жаңа Салық кодексі:
- тікелей әсер ететін заң қағидаттарын іске асыруды;
- экономиканың
шикізат емес секторына
- экономиканы жаңғырту мен әртараптандыруға ықпал ететін жағдайлар жасауды;
- салықтық
әкімшілендіруді жетілдіру
Мына нормалар Салық кодексінің негізгі аса маңызды және тұғырнамалық сәттері нормалары болып табылады:
- корпорациялық
табыс салығының ставкаларын
кезең-кезеңмен төмендету,
- инвестициялық салық преференциялары тек корпорациялық табыс салығы бойынша ғана берілетін болады. Жеңілдік үш жылға дейінгі кезең ішінде инвестицияларды жеделдетіп шегеру түрінде жүргізілетін болады.
Атап айтқанда, 2009 – 2011 жылдар кезеңіне
левередждің (жеткілікті капиталдандыру
ережесі) шекті коэффициентін қаржы ұйымдары
үшін
7-ден 9-ға, өзге де заңды тұлғалар үшін
4-тен 6-ға ұлғайту есебінен сыйақы шегерімінің
мөлшері ұлғайтылды.
Шағын кредиттік ұйымдарға салық кезеңі ішінде берілген кредиттер сомасының 15 %-ынан аспайтын күмәнді шағын кредиттерге қарсы резервтер жасау бойынша шығыстар сомасын шегеру құқығы берілді.
Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу жүйесі реформаланды.
Әлеуметтік салықты реформалау шеңберінде 13-тен 5 %-ға дейінгі ставкалары бар кемімелі шәкілден 11 %-дық ставкасымен жайпақ шәкілге өту жүзеге асырылуда. Жеке табыс салығы бойынша бірыңғай ставка 10 пайыз деңгейінде сақталынды.
Сондай-ақ, Салық кодексінде мүлік салығын реформалау көзделген, мысалы, мүлік салығына салық салу объектілері барлық мүліктен жылжымайтын мүлікке дейін қысқартылды, құны 120 млн. теңгеден жоғары қымбат бағалы мүлкіне ставкалары 0,5-тен 1 %-ға дейін арттырылды, сондай-ақ көлік құралдарының салығын есептеу барысында автокөлік құралдарының түзету коэффициенттері алып тасталды.
Мемлекет Басшысы Қазақстан халқына Жолдауында салықтық әкімшілендіруді Қазақстан дамуының жаңа кезеңінің болмысына сәйкес келтіру жөнінде міндет қойылған. Салықтық реформалардың басқа бағыттарымен қатар жаңа Салық кодексі тікелей әрекет ету заңы болуы тиіс екендігі айқындалған, бұл ретте, әкімшілендіру сапасы мен салық төлеушілердің мүдделерін үйлестіру қажет. Осыған байланысты, Салық кодексіне салық салу саласындағы нормативтік құқықтық актілер барынша қосылды, салық рәсімдері жеңілдетілді.
Кірістер түсімдерінің болжамы.
2009-2013 жылдарға
арналған мемлекеттік бюджет
кірістері жаңа Салық
Кірістер есебінде мемелекеттік басқару және мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің жалақыларын 2009 және 2010 жылдары 25%-ға, 2011 жылы 30%-ға көбейту және Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына аударымдарды 2009 жылы 3%-дан 4 %-ға дейін және 2010 жылы 5 %-ға дейін ұлғайту нәтижесінде әлеуметтік салық түсімдерінің төмендеуі және 2009-2013 жылдары ең аз жалақыны ұлғайту ескерілді. /6/
1.Кесте
ЖІӨ-ге Мемлекеттік бюджет кірістер
%-бен
Көрсеткіштер атауы | 2009 жыл | 2010 жыл | 2011 жыл | 2012 жыл | 2013 жыл |
Кірістер | 13,4 | 12,0 | 11,5 | 11,2 | 10,9 |
Салықтық түсімдер | 12,7 | 11,3 | 10,9 | 10,6 | 10,3 |
Салықтық емес түсімдер | 0,4 | 0,4 | 0,3 | 0,3 | 0,3 |
Негізгі капиталды сатудан түсімдер | 0,3 | 0,3 | 0,3 | 0,3 | 0,3 |
2009-2013 жылдарға арналған Ұлттық қорға бағытталатын бюджетке түсетін
түсімдер көлемінің болжамы макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамдаған өлшемдері негізінде құралды: мұнай өндіру, мұнайдың әлемдік бағасы, АҚШ долларына теңге бағамы, сонымен қатар өткен жылдарға түсімдер серпіні, ағымдағы жағдайды талдау.
2009 жылы Ұлттық қорға тікелей салықтар түсімі ЖІӨ-ге 7,1%, 2010 жылы – ЖІӨ-ге 7,1 %, 2011 жылы - 6,7%, 2012 жылы – 6,1%, 2013 жылы – 5,6% деңгейінде болжамдалады. /6/
2009-2013 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына тікелей салықтар түсімдерінің болжамы:
Ортамерзімді кезеңдегі бюджет саясаты макроэкономикалық тұрақсыздық, күш пен ресурстарды жұмылдыру, барынша тиімділікті іздеу жағдайында Үкіметтің дағдарысқа қарсы шараларын іске асыруға, яғни елдің дамуының стратегиялық бағамын бақылай отырып ортамерзімді кезеңде мақсатқа жетудің барынша төмен шығынды жолдарына бағытталған.
Ортамерзімді кезеңде жүргізілетін шығыстар саясаты әлеуметтік-экономикалық саясаттың барынша басым бағыттарын іске асырылуға, бюджет шығыстарының, олардың әрбір мемлекеттік органның стратегиялық жоспарлауының сапасын жақсарту есебінен түпкілікті нәтижелерге бағытталуымен тиімділігін арттыруға бағытталатын болады.