Фискалдық саясат

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2011 в 21:52, курсовая работа

Описание работы

Фискалдық саясат мемлекеттің қаржы ресурстарын пайдаланудың негізгі бағыттарын, қаржыландырудың әдістемесі және қаржыландырудың басты көзі, бюджеттің ашық көрінуіне қол жеткізуге бағытталған, нормативтік базаның сенімділігіне, салық базасының кеңдігіне қарамай салықтың кемітілуіне, тиімсіз мемлекеттік инвестицияның қысқартылуына және мемлекеттік шығындардың құрылымын жақсартуды, халықтың неғұрлым аз қорғалған жіктерін әлеуметтік қолдаумен қамтамасыз етуге шынайы мүмкіндіктерін айқындайды. Қазақстан Республикасының фискалдық саясатын жетілдіру бойынша үлкен жұмыс жүргізіп жатыр.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................2
1.ФИСКАЛДЫҚ САЯСАТТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
1.1.Фискалдық саясаттың түсінігі мен мәні..........................................................3
1.2.IS-LM моделінде бюджет-салық саясаттарын талдау....................................5
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ФИСКАЛДЫҚ САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
2.1. Қазақстан Республикасының фискалдық саясатты жүргізу
ерекшіліктері............................................................................................................9
2.2. Қазақстан Республикасының орта мерзімді фискалдық
саясаты....................................................................................................................13
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................19
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................20

Работа содержит 1 файл

Фискалдық саясат.doc

— 256.50 Кб (Скачать)

         r                                LM’ 

    

                                            IS2

                                      

                                             IS1                            

                                                       

 

       P                                           

                                           AD2

                       ←

                                 AD1 

                                                     

                           Y1        Y2                                 Y    

         3 сурет.Тежеуші бюджет-салық саясаты 

    Бюджет-саясатының өзгерісі арқылы экономикаға әсерін зерттейміз. Бюджет-салық саясаты IS қисығын жылжытады, яғни пайда мен пайыздық мөлшерлемесіне әсерін тигізеді. Мемлекеттік шығыстардың G өсуі немесе салықтардың Т азаюы IS қисығын оңға жылжытады. Табыс У пен пайыз мөлшерлемесінің і тепе-теңдік деңгейі жоғарлайды. Бірақ мұнда табыстың У өсуі «кейнстік қиылысы» аз шамамен байқалады, себебі пайыз мөлшерлемесі і өсуінен инвестициялар І азаяды. Бұндай жағдай ығыстыру нәтижесі деп аталады. /2/

  ∆G↑ - мемлекеттік шығындардың мультипликаторы кез-келген пайыздық мөлшерлемесінде табыс деңгейі өсетінін кейсиандық қиылыста түсіндіріледі.

  ∆T↓ - салық саясаты мультипликаторының өзгеруі кез-келген пайыздық мөлшерлемеде табыс деңгейінің ға өсетінің кейнстік қиылыс көрсетеді.

G↑ ( немесе Т↓) → У↑→С↑→У↑→MD →R↑→I↓→Y↓

Салық-бюджет саясатының салыстырмалы тиімділігі төмендегі шарттарға тәуелді:

  • Нарықтық пайыз мөлшерлемесінің динамикасына таза экспорт пен инвестиция функциясы сезімталдығының әсер ету дәрежесі;
  • Нарықтық пайыз мөлшерлемесінің динамикасына ақшаға сұраныс сезімталдығының әсер ету дәрежесі. /2/
 
 

R                                LM                                                                        Ms

                                                                                   R1                                    →

R1

 ↑                                                                    ↑

R0                                                                         IS '*                         R0

                               IS

                                                                                                    MD     

                                                                                                              MD **'

                      Y   Y  ←   Y2

                                                                                                     MS = CONST M/P 

  4 сурет. IS қисығының жылжуы арқылы тепе-теңдіктің өзгеруі    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

           
 

2. ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ФИСКАЛДЫҚ

   САЯСАТТЫҢ   НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

2.1.Қазақстан Республикасының фискальдық саясатты жүргізу    ерекшеліктері

 

    Президентіміздің халыққа жолдаған “Қазақстан -2030” Жолдауында атап көрсеткен мемлекеттік сектордың бірінші кезектегі міндеті экономиканы тұрақтандыру болып табылады. Мұндай тұрақтылық ішінара фискальдық саясат құралдарымен жүзеге асырылады. /3/

   Фискальдық саясаттың көмегімен мемлекет экономиканың бірқалыпты өсуіне, бағаның тұрақтануына және халықтың еңбекке жарамды бөлігін жұмыспен қамтуға қол жеткізе отырып, экономикада инфляцияның алдын алуға шаралар қолданады.

    Жоғарыда айтылған және басқа да міндетті  жүзеге асыру үшін Қаржы министрлігінің  жанынан Салық реформалары департаментінің негізінде фискальдық саясат  бағыты мен қаржылық бағдарламаны қалыптастыруды жүзеге асыратын Фискальдық саясат департаменті құрылды.

1991 жылдың 25 желтоқсанынан бастап біздің  елімізде тұңғыш салық жүйесі  қызмет ете бастады. Ол «Қазақстан  Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың принциптерін, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген алғашқы құжат еді. Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылғы қаңтардың 1-нен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық, 18 жергілікті салықтар мен алымдар, 11 жалпыға міндетті жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді. 
    Дегенмен, өмірге келген әрбір жаңа құбылыста кездесетін ерекшеліктермен қатар кемшіліктер де бұл заңда да орын алды, яғни ҚР алғашқы салық жүйесінде бірқатар шешімін таппаған мәселелер болды. Атап айтсақ, біз салық жүйесін құрғанда елемізде жиынтықталған ғылыми және практикалық тәжірибе болған жоқ. Салық қызметі де, салық төлеушілер де мұндай жаңа бастамаға психологиялық жағынан дайын еместігі көрінді. Салық  жүйесінде дүниежүзілік тәжірибеде қолданылып келген салық салу принциптері сақталмады. Сондықтан бұл салық жүйесінің нарықтық қатынастардың талабына толығымен жауап беруге мүмкіндігі болмады. Ең бастысы, салық жүйесінің өндірісті дамытуға еш ықпал етпеуі, бюджет кірісін құрудағы өз ролін жете атқара алмауы, яғни салық көзі табыс не пайда емес, керісінше тұтыну болды.

   Салық санының көптігі, айналымды анықтаудың қиындығы, шектен тыс дәлелсіз берілген салық жеңілдіктері, салық ставкаларының бір салық түрі бойынша бірнеше түрлі болуы, халықаралық салық салу негіздерінің тыс қалуы және т.б. кемшіліктер салық жүйесін одан әрі реформалаудың қажеттігін көрсетті./4/

   ҚР Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен заңнамасын бірте – бірте халықаралық салық салу принциптеріне сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 1995 жылғы сәуірдің 24-нде ҚР Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Ендібұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны 11 болып қалды. ҚР Президентінің 1999 жылғы шілденің 16-сындағы № 440-I заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және ҚР заңдарымен бұл заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осы уақыт аралығында Президент жарлықтарымен және ҚР заңдарымен бұл заңға бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 2002 жылға дейін мемлекеттік бюджеттің кірістерін негізінен 17 салықтар мен басқа да міндетті төлемдер құрады.  
Бұл заңда қамтылған барлық базалық принциптер  1995-1999 жылдар аралығында жүзеге асырылды. Бұл әлеуметтік салыққа, амортизация саясатына, айналымнан алынатын салықты жоюға, ҚҚС-ты халықаралық принциптерге сәйкестендіруге қатысты еді. Осы уақыт ішінде экономика, экономикалық қатынастар құрылымы, мемлекет пен салық төлеушілердің өзара қарым-қатынасы, тіпті адамдардың ділі (менталитеті) де айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Мемлекет, бір жағынан, салық саясатының мақсатын, міндеті мен қызметін терең түсінді, екінші жағынан, экономикалық қатынастардың көптеген тұстары қолданыстағы салық заңдылығында қамтылмай қалды. Осы және Қазақстан экономикасында болып жатқан оң өзгерістер жаңа салық заңын талап етті.

   Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі 
1995 жылдың 24 сәуірінде қабылданған ҚР Президентінің «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заң күші бар жарлығы салық жүйесіне оңтайлы өзгерістер енгізді. Олардың қатарына қолданылып келген салықтар мен салықтар мен алымдар санының 46-дан 11-ге қысқартылуы, салық салу принциптерінің дүниежүзілік тәжірибеге сай өзгертілуі, халықаралық салық салу тәртібінің енгізілуі, салықтардың нышанына, белгілеріне қарай топталуы, сонымен қатар бұл құжаттың көптеген заңдармен тығыз байланыстылығы, салықтық әкімшіліктің жаңа ережелерінің енгізілуі салық жүйесіндегі басқа да  түбегейлі өзгерістер жатады. Әрине мемлекттің нарықтық экономикалық қатынас талабына сай дамуы жағдайында салық жүйесінің бір орында, өзгеріссіз қалуы мүмкін емес. Алайда қысқа уақыт аралығында қабылданған шексіз өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуі нәтижесі оның әлі де болса жетілмегендігін көрсетеді.  
   Бүгінгі күні республикада салық заңдарының барлық негізгі кемшіліктері ескерілген, әрі жетілдірілген жаңа Салық кодексі дайындалып, 2001 жылдың 12 маусымында қабылдады. /4/

   Уақыт ағымының әсеріне, заман  талабына сай қабылданған Салық кодексінде келесідей мәселелерді шешуге басты назар аударылған. 
Біріншіден, барлық шаруашылық субъектілеріне салықтандырудың тең жағдайын жасау. Екіншіден, кейбір жекелеген категориядағы салық төлеушілерге берілген жеңілдіктерді жою арқылы салық жүктемесін жеңілдету. Үшіншіден, салық заңдылығы жөніндегі барлық ережелер мен нормаларды тікелей қызмет ететін заң мөлшерінде біріктіру. Төртіншіден, салық заңдылығының тұрақтылығын қамтамасыз ету. 
Әрине, салық заңдылығында өзгерістер мен толықтырулар болашақта да жүргізіліп отырылады. Өйткені экономикалық қарым-қатынастар бір орында тұрып қалмайды, ол жаңа даму сатысына көшкен сайын салық заңдылығының да сол экономикалық саясатқа сай өзгертіліп отыруы керек. Сондықтан өзгерістің енгізілуі де заңды. Бірақ, кодекс бойынша енді жаңадан енгізілген өзгерістер жылына бір рет енгізілуі тиіс. Енгізілген өзгерістер келесі жаңа жылдың басынан бастап күшіне енеді. Бұл ереже біржағынан салық төлеушілерге жаңа енгізулерге алдын ала дайындалып, операциялар мен қаржы шешімдерін жоспарлауға мүмкіндік берсе, екінші жағынан салық қызметкерлерінің жұмысын жеделдетуге және жеңілдетуге көп әсерін тигізеді./4/ 
   Салық кодексі 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Ол салық салудың ойластырылған құқықтық негізін құрудың түпкілікті міндетін шешуге бағытталған.

   Жаңа Салық кодексіндегі салықтардың, салық сипатындағы алымдардың тізбесі мыналарды құрайды.

   Салықтар: 
1. Корпорациялық  табыс салығы

2. Жеке табыс салығы

3. Қосылған құнға салынатын салық

4. Акциздер 
5. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері 
6. Экспортқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын рента салығы 
7. Әлеуметтік салық

8. Жер салығы

9. Көлік құралдарына салынатын салық

10. Мүлік салығы

11. ҚР жасалған келісім-шарттары бойынша өнімді бөлу жөніндегі үлесі

    Алым дегеніміз-белгілі бір қызмет түрін бастар алдында немесе осы қызмет түріне құқық берер кезде төленетін міндетті төлем./4/

   Алымдар: 
1. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым 
2. Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым 
3. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалынған мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым 
4. Радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым 
5. Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым

Информация о работе Фискалдық саясат