Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 08:39, автореферат
Қазіргі кездегі нағыз пәрменді әлеуметтік саясат – ол халықты жұмыспен тұрлаулы қамту саясаты болып келеді және болып қала береді. Осыған орай әлеуметтік көмек көрсету саясаты әлеуметтік топтардың мұқтаждықтарымен айқындалуға тиіс емес, қайта еңбекке қабілетті азаматтарды жұмысшылар санына қосуға даярлау міндеті ауқымында шоғырландырылуға тиіс. Азаматтарға қолдау көрсетудің мемлекеттік жүйесі олардың қайта оқып үйренуі мен жаңа кәсіпті меңгеруіне ынталандыру бағытында құрылуы керек.
Сурет 3- Жамбыл облысының жұмыспен қамтылған тұрғындар санының динамикасы
Ескерту: Жамбыл облысы статистика басқармасының мәліметімен автордың есептеуі.
Эмпирикалық қатардың бастапқы мәні үшін анықталған түрдегі диаграмма тұрғызылады: сызықтық, графикалық, гистограмма, нүктелі. Шығарылған өнімдердің көлемінің динамикасын зерттеу, бұл көрсеткіш сызықтық тенденцияны көрсетеді. Уақыттық теңдеуге жұмыспен қамтылған тұрғындардың саны тәуелді
у=8,1086х+414,55
Детерминация коэффициенті осы тәуелділік қаншалықты нақты екенін көрсетеді. Мәндері 1-ге жақын болған сайын тәуелділік нақты болады. Біздің жағдайда R²=0,6253. Болжау 2 жылға жасалды, яғни 2009 жылдан 2010 жылға. Болжау кезеңдерінің номерлеріне мәндерді қою арқылы болжау мәндерін аламыз.
Еңбек нарығы және халықты жұмыспен қамту саласындағы үдерістер әрқашан әлеуметтік - экономикалық даму аспектілерінің орталық мәселелері болып табылады. Өйткені елдің тұрақты дамуы тікелей тұрақты жұмыспен қамтылу және еңбек нарығы саласындағы әртүрлі қолайсыз жағдайлардың алдын алумен байланысты. Қазақстандағы еңбек нарығындағы жастардың жағдайын талдау екі түрлі маңызды жағдайға негізделеді.
Біріншіден, еліміздегі жұмыссыз халық құрылымындағы 15-24 жас аралығындағы азаматтар үлесі 26,3 пайыз болса, 25-29 аралығындағы азаматтар 17,4 пайызды құрады.
Екіншіден, ең негізгісі - ел болашағы. Жастар қоғамның саяси экономикалық және әлеуметтік құрылымын анықтайды, сол себепті әсіресе, біздің елде олар ең қорғансыз топтардың бірі болып табылады. аталған мәселелердің өзектілігіне қарамастан, ғылыми зерттеулерде оларға өте көп назар аударылмай келеді. Мемлекеттік және облыстық бағдарламалар бюджеттік қаражаттармен қатар жеке кәсіпорындардың, инвесторлардың қаражаттарын тарта отырып, экономиканың келешегі бар, дамыған салаларындағ жұмыс орындарын ашуды және қайта құруды ынталандырады. Сонымен қатар әлеуметтік сауалнама мәліметтері негізінде еңбек нарығында жастарды жұмыспен қамтуға мүмкіндік беретін төмендегідей бағыттар ұсынылып отыр:
1. Жастарды еңбек нарығына дайындау. Кешенді зерттеу негізінде жастарды жұмыспен қамту мәселелері көрсетілген (еңбек нарығының жастар сегментіндегі диспропорционалдық, жұмыссыз жастарды жұмыспен қамтылмау себептері, оқып жүрген жастардың негізгі ағымының еңбек саласындағы құндылықтарды бағалау, еңбек нарығындағы әлеуметтік - психологиялық бағыты мен кәсіби біліктілік дайындығы тұрғысынан алғаш еңбек нарығынан шыққан кездегі бәсекелестік қабілеті, сәтті кәсіби өсім факторлары, әлеуметтік дайындық қызметін үйлестіру мәселесі).
2. Оқу орындары түлектерін жұмыспен қамту мәселелері. Әлеуметтік сауалнама нәтижелері жоғарғы оқу орындарының түлектері көп жағдайда оқу бітіргеннен кейін жұмысқа орналасуды мақсат тұтатындарын көрсетіп отыр (82,5 пайыз), оның ішінде облыстағы жоғарғы оқу орындары түлектерінің 60,1 пайызға жуық негізгі нормативтері бойынша жұмысқа орналастыруды көздейді.
3. Жастарды қолдау бағдарламалары. Әлеуметтік саладағы облыстық ұйымдар жастардың аяғынан тік тұруына және дамуына мемлекеттік қолдау көрсету жүйесін қалыптастыруға белсенді түрде қатысады, олардың бағдарламалары жастар мәселесінің ерекшеліктерін ескереді. Бірақ жастар әлеуметтік топтардың жасы жағынан ғана емес, өмірге қадам басуға байланысты, оларға тән әлуметтік қызметтері де ерекшеленеді.
4. Жастардың кәсіби дайындығына ықпал ету. Облыстық әкімдікпен маслихат шешімі бойынша мемлекеттік еңбек және әлеуметтік қорғау ғылымдары жастарға арналған бағдарлама негізінде белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Жастарды жұмыспен қамту жағдайының тұрақтылығын арттыруды қамтамасыз ететін бағыттарға жалпы білім беру және жастарды еңбекке кәсіби тұрғыдан дайындау жатады. Жастарды еңбекпен қамтуға ықпал етуге төмендегілер жатады:
-жастар үшін жаңа жұмыс орындарын ашатын кәсіпорындарға қолдау көрсету;
-тұрақты жұмыс орындарын қалыптастыру;
-жастарды жұмыспен қамтуға арналған мекемелер және кәсіпорындар инфрақұрылымын құру
ҚОРЫТЫНДЫ
Еңбек нарығын реттеу мен халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру жолдарын ғылыми зерттеу нәтижелері қорытындылар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік берді:
1. Еңбек нарығы мен халықты жұмыспен қамтудың жалпы теориялық -әдістемелік негіздері зерттеліп, еңбек нарығын реттеудің қызмет ету тетіктері және әлеуметтік - экономикалық мазмұны мен факторлары анықталды.
2. Еңбек нарығын реттеудің шетелдік тәжірибесін зерттей келе, оның кемшіліктері мен жетістіктері айқындалып, Қазақстан өзінің ұлттык еңбек нарығы үлгісін жасаудың қажеттігі қарастырылды.
3. Еңбек ресурстарының ұдайы өсу процесінің мониторингісін құру негізінде экономикалық белсенді халық санын, жұмыспен қамтылғандарды, жұмыссыздарды есепке алу жүйесін жетілдіру негізінде жасырын жұмыспен қамтылғандар, жасырын жұмыссыздар, өзіндік жұмыспен қамтылғандар айқындалды.
4. Болжамды зерттеулер жүргізу келесідей шешім жасауға мүмкіндік береді:
- өмірдің қазіргі жағдайдағы ерекшелігі облыстағы жұмыспен қамту және олардың өмірлік деңгейін жоғарылату мақсатында
кадрларды дайындау мен оларды жұмысқа орналастыру тиімділігін қамтамасыз ету үшін нарық процесінде субъектілердің экономикалық өзарақатынасына толық талдау жасауды талап етеді. Талдаудың тиімді әдістерінің бірі экономикалық-математикалық талдау. Сондай модельдік талдау кезінде алынған сапасын тексеруден кейін экономикалық динамиканы болжау үшін қолданылуы мүмкін.
- талдау барысында тұрғындарды еңбекпен қамту санын анықтайтын бағыты есептелінді және бағаланды. Жиынтық өзара байланыс еңбекпен қамтылған тұрғындар санына әсер ететін факторларды ранжирлеу деңгейі бойынша бірінші кезекте экономикадағы еңбекпен қамтылғандар санын талдауға мүмкіндік береді.
5. Жамбыл облысы бойынша еңбек ресурстарын пайдалануды жақсартудың негізгі шаралары келесідей болуы керек:
- облыс тұрғындары үшін жалпы ұлттық деңейдегі бос тұрған жұмыс орындары мен жұмысшыларға қойылатын талаптар жөнінде ақпараттық жүйені қалыптастыру;
- болашақта еңбек нарығының тапсырысына еңбек ресурстарын қайта дайындау;
- елдің барлық аймақтарында оның ішінде ауылдық жерлерде еңбекке сұраныс пен ұсыныс бойынша инфрақұрылымды дамыту;
- салааралық және кәсіпкерлік еңбек ресурстарын, еңбектің көші-қонын реттеп қайта орналастыруға өз үлесін қосатын іс-шараларын жасап қабылдау;
- мамандық, тұрақты кәсіп және алдын-ала сұраныс бойынша, орнынан босап қалған жұмысшыны қайта дайындау жүйесін және кәсіптік білім беру мониторингін жасау;
-ауылдағы фирмаларды инфрақұрылымдық дамыту, ол жұмысшы орындарының санын көп ұлғайтады және еңбек нарығын бәсеңдетеді;
-жаңа жұмыс орындарының құрылу ісін қолдау;
-еңбек ресурстар нарығындағы қажеттілікке қол жеткізу үшін басқару және қаржыландыру жүйесін жетілдіру қажет;
6. Облыстың еңбек нарығын реттеудің әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастырушылық-институттық тетіктерін жетілдіру үшін келесідей бағыттарды іске қосу қажет:
- облыс тұрғындарын еңбек ресурстарының ұдайы өсу процесінің мониторингін құру негізінде экономикалық белсенді халық санын, жұмыспен қамтылғандарды, жұмыссыздарды есепке алу жүйесін жетілдіру;
- облыс бойынша шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту негізінде жаңа жұмыс орындарын ашу;
- жұмыссыздардың бәсеке қабілеттілігін жоғарылату, яғни экономика салалары бойынша мамандарды дайындау және қайта дайындау, кәсіптік бағдар беру жүйелерін жетілдіру;
7. Жастарды жұмыспен қамту жағдайының тұрақтылығын арттыруды қамтамасыз ететін бағыттарға жалпы білім беру және жастарды еңбекке кәсіби тұрғыдан дайындау жатады. Жастарды еңбекпен қамтуға ықпал етуге төмендегілер жатады:
-жастар үшін жаңа жұмыс орындарын ашатын кәсіпорындарға қолдау көрсету;
-тұрақты жұмыс орындарын қалыптастыру;
-жасөспірімдер жастардың екінші рет жұмыспен қамтуды ұйымдастыруға мүмкіндіктер тудыру;
-жастарды жұмыспен қамтуға арналған мекемелер және кәсіпорындар инфрақұрылымын құру.
8. Еңбек ресурстары мен капиталдың территориялық жылдамдығының өсуіне жәрдемдесетін жағдайлар жасауға мыналар жатады:
-жұмыс орны мол аудандарда әлеуметтік инфрақұрылымды өркендету;
-еңбек жалақысын төлеуге дифференциалды саясат жүргізу;
-жұмыссыздықтың жоғарғы деңгейіндегі аудандар кәсіпорындардың жаңадан жұмыс орнын жасаудағы бағдарламасын қолдап, оларға салық жеңілдігін қоса іске асыру.
9. Еңбек нарығын құру және әлеуметтік әріптестікті дамыту арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету мақстында төмендегі жұмыстарды жүзеге асыру қажет:
- үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың және кәсіподақтар өкілдерін әлеуметтік бағдарламаларды дайындау және іске асыруға тарту;
- жұмыссыздықтан мемлекеттік міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін құруға және енгізуге ықпал жасау;
- облыстық үш жақты келісім, ұжымдық және жеке еңбек шартын жасау бойынша атқарушы органдарға, жұмыс беруші және кәсіподақ бірлестіктеріне әдістемелік және ақпараттық көмектер беру;
- жасалған ұжымдық шарттардың есептік тіркелуін жүргізуді қамтамасыз ету.
АВТОРДЫҢ ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН ЕҢБЕКТЕРІНІҢ ТІЗІМІ
1 Социально-экономические аспекты развития села // «Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуы: сараптама, басымдықтар және бағыттар» Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияматериалдары, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлееттік университеті -Тараз қ..2006.-Б.36-39.(бірлескен авторлықпен)
2 Еңбек потенциалы-еңбектің саны мен сапасы // «Жаңа Қазақстанның инфрақұрылымдық кешеніндегі экономикалық, қаржылық және есеп саясатының тұрақтылығымен бәсеке қабілеттілігі» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары, Алматы қ. 2007.- Б.72-74.(бірлескен авторлықпен)
3 Еңбек ресурстарын пайдалану мен дамытуға аймақтық ерекшеліктердің әсері // «Жаңа Қазақстанның инфрақұрылымдық кешеніндегі экономикалық, қаржылық және есеп саясатының тұрақтылығымен бәсеке қабілеттілігі» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары, Алматы қ. 2007.-Б.117-119.
4 Еңбек нарығының ролі, құрылымы мен мәні // «Білім беру саласындағы және жаратылыстану-техникалық ғылымдары бойынша мамандар дайындаудағы инновациялық технологиялар» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлееттік университеті, Тараз қ. 2007.- Б.275-277(бірлескен авторлықпен)
5 «Жамбыл облысының еңбек нарығы көрсеткіштерін талдау» // Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ хабаршысы-2007.-№4.-Б.250-253.
6 Жамбыл облысының жұмысбастылық көрсеткіштерінің өзгеру тенденциясын зерттеу // Қарағанды университетінің хабаршысы.-2008.-№3.-Б.37-42.
7 Еңбек ресурстарын қолдану механизмдерін жетілдіру // Қазақ ұлттық аграрлық университетінің хабаршысы-2008.-№3.-Б.58-62.
8. Жамбыл облысының жұмыссыздық құрылымын талдау // Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлееттік университеті - Тараз қ.. 2008.-Б.196-97.(бірлескен авторлықпен)
РЕЗЮМЕ
Кайранбеков Бауржан Окташевич
РЕГУЛИРОВАНИЕ РЫНКА ТРУДА И ПУТИ СОВЕРШЕНСТВОВАНИЯ ЗАНЯТОСТИ НАСЕЛЕНИЯ
(на материалах Жамбылской области)
08.00.05 - Экономика и управление народным хозяйством
(по отраслям и сферам деятельности)
Цель и задачи исследования. Целью диссертационной работы является разработка научно-практических рекомендаций по регулированию рынка труда и совершенствованию занятости населения Жамбылской области.
В соответствии с целью диссертационного исследования и особенностями развития рынка труда поставлены следующие задачи:
- исследование теоретико-методических основ рынка труда и занятости населения;
- определение социально - экономического содержания, факторов и механизма регулирования рынка труда;
- рассмотрение общей характеристики рынка труда области и занятости населения;
- проведение анализа современного состояния рынка труда Жамбылской области и определение уровня его эффективности и межотраслевых особенностей;
- обоснование разработки программы занятости населения области и путей повышения эффективности мероприятий в сфере занятости населения.
Объект исследования. Объектом диссертационного исследования являются рынок труда и сфера занятости населения Жамбылской области.
Предметом исследования являются экономические отношения, складывающиеся на рынке труда и занятости населения.
Теоретические и методологические основы исследования. Теоретико-методологической основой диссертационного исследования послужили научные труды отечественных и зарубежных ученых-экономистов в области регулирования рынка труда и занятости населения, законы Республики Казахстан, указы Президента Республики Казахстан по проблемам рынка труда и занятости населения, официальные данные статистических органов.
Информация о работе Еңбек нарығын реттеуді және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру жолдары