Еңбек нарығын реттеуді және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 08:39, автореферат

Описание работы

Қазіргі кездегі нағыз пәрменді әлеуметтік саясат – ол халықты жұмыспен тұрлаулы қамту саясаты болып келеді және болып қала береді. Осыған орай әлеуметтік көмек көрсету саясаты әлеуметтік топтардың мұқтаждықтарымен айқындалуға тиіс емес, қайта еңбекке қабілетті азаматтарды жұмысшылар санына қосуға даярлау міндеті ауқымында шоғырландырылуға тиіс. Азаматтарға қолдау көрсетудің мемлекеттік жүйесі олардың қайта оқып үйренуі мен жаңа кәсіпті меңгеруіне ынталандыру бағытында құрылуы керек.

Работа содержит 1 файл

Еңбек нарығын реттеуді және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру жолдары.rtf

— 741.33 Кб (Скачать)

plОӘЖ 331.6(574.52)                                            Қолжазба құқығында

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КАЙРАНБЕКОВ   БАУРЖАН    ОКТАШЕВИЧ

 

 

 

Еңбек нарығын реттеуді және халықты жұмыспен  қамтуды жетілдіру жолдары (Жамбыл облысы материалдары бойынша)

 

 

08.00. 05- Экономика және халық шаруашылығын    басқару

(салалар және қызмет сфералары бойынша)

 

 

 

 

 

Автореферат

 

Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми

дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Түркістан, 2009

Диссертациялық жұмыс Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде орындалды

 

 

             Ғылыми жетекші:                                    экономика ғылымдарының докторы,               

                                                                   профессор С.Д.Тәжібаев

 

 

 

  Ресми оппоненттер:                                 экономика ғылымдарының докторы,  

                                                                       профессор,  С.Х.Берешев 

                                   

 

экономика ғылымдарының кандидаты,                                        А.О.Демеубаева

 

 

  Жетекші ұйым:                                         Қазақ ұлттық аграрлық университеті

 

 

 

        Қорғау 2009 жылы 23 мамырда 14-00 сағатта Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациялар қоғау жөніндегі              Д 14.61.15 диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: 161200, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, Университет қалашығы.

 

 

 

Диссертациямен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің кітапханасында танысуға болады.

 

 

Автореферат « 22 »  сәуір   2009 жылы таратылды.

 

 

 

 

 

 

Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы, профессор                           Ж.С.Раимбеков

Кіріспе

 

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі кездегі нағыз пәрменді әлеуметтік саясат - ол халықты жұмыспен тұрлаулы қамту саясаты болып келеді және болып қала береді. Осыған орай әлеуметтік көмек көрсету саясаты әлеуметтік топтардың мұқтаждықтарымен айқындалуға тиіс емес, қайта еңбекке қабілетті азаматтарды жұмысшылар санына қосуға даярлау міндеті ауқымында шоғырландырылуға тиіс. Азаматтарға қолдау көрсетудің мемлекеттік жүйесі олардың қайта оқып үйренуі мен жаңа кәсіпті меңгеруіне ынталандыру бағытында құрылуы керек. Бүгінгі күнде елімізде еңбек нарығы экономикалық жүйенің ерекше инфрақұрылымына айналып отыр. Бұл нарықта, басқа нарықтағыдай, біріншіден, сұраныс және ұсыныс заңдары, жұмыс күшін сату - сатып алу жетілген бәсеке нарығы жағдайында жүріп отыратын болса, екіншіден, жетілмеген бәсеке нарығының ерекше ықпалы да байқалып отырады.

Қазақстан  Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі  жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясында өнімдерді экспортқа шығаруға бағдарланған өндірістерді, оның ішінде кластерлік өндірісті  дамыту керек екендігі айтылған болатын.

Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кіру отандық өнімдірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды талап етеді. Өндірістердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жоғары білікті және кәсіпқой мамандарға сұраныс арта түсуде. Сондықтан білікті  ұлттық кадрларды кәсіби жағынан даярлау және қайта даярлау бүгінгі күннің талабы.

Дамыған және дамушы елдердің тәжірибесін үйренуде жүйелік және нақты тарихи көзқарас халық шаруашылығындағы еңбек нарығын реттеудің әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-инфрақұрылымдық қызмет ету тетіктерін жетілдіру, облыс тұрғындарын жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғаудың белсенді формасы ретінде жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау,  қоғамдық бағдарлама жасау негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отыр, ғылыми тұрғыдан зерттеуді талап етеді.

 Тақырыптық зерттелу дәрежесі. Әлемдегі көптеген экономист ғалымдардың еңбектерінде еңбек нарығын реттеу тақырыбы, оның маңыздылығы, қоғамның дамуындағы рөлі, экономикадағы алатын орны зерттелген. К.Маркс- өз еңбегінде еңбек нарығы туралы теориялық-әдістемелік негізін зерттесе, Д.Ж.Кейнс пен М.Фридман еңбек нарығы мен жұмыспен қамтуды реттеуде мемлекеттің жүргізу саясатының қажеттілігінің  маңыздылығын қарастырған. Сонымен бірге тәжірибеде теориялық жағынан қамтылған және Батыс елдердің үлкен тәжірибесіне негіз болған ғылыми зерттеулер жарияланып жүр. Дамыған елдердің тәжірибесін үйрену еліміздің еңбек нарығын реттеу мен халықты жұмыспен қамтудың үлгісін жасауға негіз болады.

Мемлекеттің еңбек нарығын реттеу, жұмыспен қамту және халықтың әлеуметтік саясатын жетілдіру мәселелерін қазақстандық ғалым-экономистер: Я.Ә.Әубәкіров, Т.А.Әшімбаев, Ү.С.Байжомартов, С.Х.Берешев, Б.А.Жүнісов, Қ.М.Жұмақанова, М.Б.Кенжеғозин, Ж.Ш.Кенжалина, Ш.К.Көпешов, Ж.К.Қорғасбаев, А.К.Қошанов, А.Қатарбаева, Н.К.Мамыров, М.К.Мельдаханова, А.Қ.Мейірбеков, А.Б.Молдашев, Т.Ж.Нұрымбетов, Н.А.Омаров, А.К.Отаров, Ж.Ж.Сүлейменов, С.Д.Тәжібаев, М.Э.Тілеужанова,  Ө.Қ.Шеденов және т.б. өз еңбектерінде жан-жақты қарастырып, экономика ғылымына айтарлықтай үлес қосқан.

Жамбыл облысында еңбек нарығын реттеу мен халықты жұмыспен қамту деңгейін көтеру, облыстың экономкалық және т.б. ерекшеліктеріне байланысты ауқымды және күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Бұл мәселелерді  облыстық экономика мен еңбек нарығының байланыстылығын жүйелі түрде  зерттеп, тиімді саясат  арқылы шешу теориялық және тәжірибелік зерттеу жұмыстарын қажет етеді.

Еңбек нарығы туралы теориялық-әдістемелік және жинақталған тәжірибелік материалдар өзіндік ғылыми зерттеу жұмысын іске асыруға ықпал етті.

Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың мақсаты Жамбыл облысының еңбек нарығын реттеу және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру бойынша ғылыми тәжірибелік ұсыныстар жасау болып табылады. Диссертациялық зерттеу мақсатына, еңбек нарығын дамытудың ерекшеліктеріне сәйкес келесідей міндеттер қойылды:

-еңбек нарығы мен халықты жұмыспен қамтудың жалпы теориялық -әдістемелік негіздерін зерттеу;

-еңбек нарығын реттеудің  қызмет ету тетіктерін және әлеуметтік - экономикалық мазмұны мен факторларын анықтау;

-облыстағы еңбек нарығы  мен жұмыспен қамтудың  жалпы сипаттамасын қарастыру;

-Жамбыл облысындағы еңбек нарығының қазіргі жағдайына талдау жасап, тиімділік  деңгейі  мен салааралық ерекшіліктерін анықтау;

-облыстағы халықты жұмыспен қамтудың облыстық бағдарламасының қажеттілігі мен жұмыспен қамту шараларының  тиімділігін  арттыру жолдарын негіздеу.

Зерттеу пәні болып еңбек нарығын реттеу мен халықты жұмыспен қамтудың жетілдіру жолдары таңдалды.

Зерттеу нысаны. Еңбек нарығы мен халықты жұмыспен қамтуда болып отырған экономикалық қатынатар.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері ретінде еңбек нарығын реттеу мәселесі бойынша отандық және шетелдік ғалым-экономистердің ғылыми жұмыстары, Қазақстан Республикасының заңдары, еңбек нарығы мен жұмыспен қамту мәселелеріне қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары және статистикалық органдардың ресми мәліметтері алынды.

Зерттеу жұмысындағы  қорытындылар мен тұжырымдамалар  салыстырмалы талдау, материалдарды графикалық өңдеу, экономикалық-математикалық болжамдау, зерттеудің әдістерін қолданумен негізделеді.

Зерттеу жұмысының нормативтік-ақпараттық базасы. Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика Агентігінің, Халықаралық еңбек ұйымының, Қазақстан  Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Жамбыл облысы статистикалық басқармасының және Жамбыл облысы бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Департаментінің материалдары зерттеу жұмысының негізгі ақпараттық базасын құрады.

Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Облыстың еңбек нарығын реттеу және халықты жұмыспен қамтудың жетілдіру жолдары бойынша ғылыми тұрғыда белгіленген ұсыныстар жұмыстың ғылыми жаңалығын құрайды.

Зерттеу барысында қол жеткізген нәтижелер келесідей:

-еңбек нарығын реттеу мен халықты жұмыспен қамтудың жалпы теориялық негіздері қарастырылып, авторлық анықтамасы нақтыланды;

- еңбек нарығын реттеу мен халықты жұмыспен қамтудың қызмет ету тетіктері және әлеуметтік - экономикалық мазмұны мен факторлары анықталды;

-Жамбыл облысындағы еңбек нарығын реттеудің қазіргі жағдайына талдау жасалып, еңбек нарығына әсер ететін факторлары айқындалды;

-облыстағы халықты жұмыспен қамтудың облыстық бағдарламасын жасауға ұсыныстар негізделді;

- Экономикалық-математикалық үлгі жасау арқылы халықты жұмыспен қамтуды жетілдіруге ұсыныстар жасалды.

Қорғауға шығарылған диссертацияның ғылыми тұстары:

-Жамбыл облысы бойынша еңбек нарығын ретеу және халықты жұмыспен қамтудың ұйымдық-экономикалық механизмдерін жетілдірудің бағыттары анықталды;

- еңбек нарығы көрсеткіштерін болжаудың экономика-математикалық үлгісі құрастырылып облыстағы халықты жұмыспен қамтуды жетілдіруге ұсыныс ретінде болжам жасалынды;

-облыстағы халықты жұмыспен қамтудың бағдарламасының қажеттілігі мен мазмұны ашылып,  жұмыспен қамту шараларының  тиімділігін  арттыру жолдары ұсынылды.

Зерттеу жұмысының ғылыми-тәжірибелік маңызы. Зерттеу жұмысындағы тұжырымдар мен ұсыныстар еңбек нарығын реттеу мен халықты жұмыпен қамту мәселелерін шешуде теориялық жүзінде қолдануға және экономика ғылымының дамуына өз үлесін қосады.


Зерттеу материалдарын облыс экономикасының  әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларында, жоғарғы оқу орындарының оқу үрдісінде: «Экономикалық теория», «Кәсіпорын экономикасы» және «Еңбек нарығы экономикасы» пәндері бағдарламалық шеңберінде  нұсқаулық тұжырымдар қолданылуы мүмкін.

Зерттеу нәтижелері сынақтан өткізу. Диссертациялық зерттеудің негізгі нәтижелері мен қорытындылары келесідей халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда: «Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуы: сараптама, басымдықтар және бағыттар»( (Тараз қ, 2006 ж.);  «Жаңа Қазақстанның инфрақұрылымдық кешеніндегі экономикалық, қаржылық және есеп саясатының тұрақтылығымен бәсеке қабілеттілігі» ( Алматы қ , 2007ж.); «Білім беру саласындағы және жаратылыстану-техникалық ғылымдары бойынша мамандар дайындаудағы инновациялық технологиялар» ( Тараз қ, 2007 ж.). Сонымен қатар автордың ғылыми зерттеу нәтижелері Жамбыл облысы бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Департаментінде және Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Тараз институтының оқу үрдісінде қолдануға ұсынылды.

Зерттеу нәтижелерінің жариялымдығы. Диссертация жұмысының тақырыбы бойынша 8 ғылыми еңбек, оның ішінде ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің ұсынған баспаларында 3 мақала, халықаралық және республикалық конференцияларда 5 мақала баспаға шықты. Жалпы көлемі- 3,2 баспа табақ.

Диссертацияның құрылымы мен көлемі. Диссертацияның құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан және компьютерде терілген 123 беттен тұрады.

Диссертациялық жұмыста сандық материалдар 22 кестеде, 11 суретте келтірілген.

 

ЕҢБЕК НАРЫҒЫН РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

 

Еңбек нарығы нарықтық экономиканың бөлінбес бөлігі болып табылады. Ол жұмыс істейтін басқару күшімен кадр бөлімі, оқу және зерттеу орталықтары, сонымен қатар әлеуметтік қызмет корпорациялары, мемлекеттік мекемелер, коммерциялық емес ұйымдар және т.с.с.

Нарықтық экономикаға өту өзіне қажет еңбек нарығы мен жұмыс күшін еріксіз тартады.

Еңбек нарығы-бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы, олардың тепе-теңдік бағасы мен саны, сұраныс пен ұсыныстың бір-біріне әсер етуімен анықталады. Кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар нарық агенттері, олар еңбек нарығында өзара қатынаста болады. Сондықтан


еңбек нарығы сұраныс пен ұсыныс тетіктері арқылы экономикалық агенттердің арасындағы бәсекелестіктің нәтижесінде жұмыспен қамтудың белгілі  көлемі және еңбек төлемі дәрежесі орнайтын экономикалық орта болып табылады.

         Еңбек нарығы деп қызмет атқарып жүрген жұмыс күші нарығын айтамыз. Қазақстанда еңбек нарығы әлі де болса өркениетті елдердегідей қалыптаса қоймаған.

Бұл елдердің өзінде еңбек нарығы тетіктерінің бір - бірімен үйлесуінде айтарлықтай айырмашылықтар бар, яғни, еңбек нарығының көп түрлері мен модельдері  болады.

Еңбек нарығының қызмет ету ауқымына байланысты оның екі түрін ажыратуға болады:

- сыртқы еңбек нарығы (салааралық, макроэкономикалық ұғымдар);

- ішкі еңбек нарығы (сала ішіндегі, микроэкономикалық ұғымдар).

Сыртқы еңбек нарығы дегеніміз жұмыс күшінің облыстық, салааралық деңгейде жылжуға бейімделген процесстерін, яғни, жұмыс орындарын еңбеккерлермен фирма

арасында ауыстыру жолымен толтырады. Ішкі еңбек нарығы еңбеккерлердің фирма

ішінде жылжуына бейімделген.

Еңбек нарығы басты үш қызмет атқарады :

Информация о работе Еңбек нарығын реттеуді және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру жолдары