Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 08:39, автореферат
Қазіргі кездегі нағыз пәрменді әлеуметтік саясат – ол халықты жұмыспен тұрлаулы қамту саясаты болып келеді және болып қала береді. Осыған орай әлеуметтік көмек көрсету саясаты әлеуметтік топтардың мұқтаждықтарымен айқындалуға тиіс емес, қайта еңбекке қабілетті азаматтарды жұмысшылар санына қосуға даярлау міндеті ауқымында шоғырландырылуға тиіс. Азаматтарға қолдау көрсетудің мемлекеттік жүйесі олардың қайта оқып үйренуі мен жаңа кәсіпті меңгеруіне ынталандыру бағытында құрылуы керек.
Жұмыссыздық мәселесін шешу, жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау үшін мемлекеттік жұмыспен қамту саясаты және еңбек нарығы саясаты тіркелген жұмыссыз азаматтардың тиімді әлеуметтік корғалуын қамтамасыз ететіндігі белгілі.
Еңбек нарығы саясатының мақсаты жұмыс берушіге - жұмыс орындарының меншік иесіне сапалы жұмыс күшін алуға ыкпал ету, сол арқылы өндіріс факторларының қосылуына алғы шарттар жасау болып табылады. Жұмыс іздеп жүрген адамдарға мүмкіндігіне қарай олардың кәсіби-біліктілік, демографиялық және басқа да белгілеріне сәйкес жұмыс орындарын табуға көмектесу, жұмыссыздарды оқыту бойынша қызмет көрсету (кәсіби қайта даярлау мен біліктілікті көтеру), олардың күн көрісін қамтамасыз ету бойынша шаралар алу (қоғамдық және басқа уақытша жұмыстар), жұмыссыздық деңгейін бақылау және т.б.
Жастардың еңбек нарығында қорғалмағандар жоғарғы орнын және арнайы орта оқу орнын бітірген болып табылады. Арнайы мамандарды бөлу бағдарламасы алынып тасталғаннан кейін көбісі жұмыссыздар қатарын толықтырады, егер жұмысқа орналасса өз мамандығымен жұмыс істемейді.
Жұмыспен қамту саясатының мақсаты еңбекті қолдану мәселелерімен-оның өнімділігін арттырумен байланысты. Оған жүмыспен қамту кұрылымындағы өзгерістер (салалық-алдыңғы қатарлы технология үлесінің өсуі арқылы, кәсіптік-біліктілік- білікті еңбек үлесінің өсуі, демографиялық-білімді жастардың көбеюі арқылы) ықпал етуі тиіс.
Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халыққа шаққанда 7,7 пайызды құрады (1- суретте). Сурет 1- Жамбыл облысының жұмыссыздар саны
Ескерту: Жамбыл облысы статистика басқармасының мәліметімен автордың есептеуі.
Облыстағы еңбек нарығының келеңсіз жағы жұмыссыздық ұзақтығының өсуі. Егер 2003 жылдары жұмыссыздардың жұмысты іздеуі жарты жылдан аспаса, 2007 жылы ондай жұмыс іздеушілердің 25 пайызы сондай мерзімге, ал қалғандары 6 айданда көп іздеуге тура келеді. Сондықтан жұмыссыздықтың тоқырау дәрежесі (жұмыссыздық үлесі, 1 жылдан көп жұмыс іздеушілер үлесі) өсіп отыр.
Жұмыссыздық құрылымын талдау барысында байқағанымыз жұмыс іздеудің бірінші жылында 40-50 пайыздай әлеуметтік қорғау органдарына өтініш берсе, жұмыстың табылуы созылуына байланысты ағайындарына, таныстарына және достарына өтініш жасайды.
3-кестедегі мәліметтерге сүйене отырып талдау жасайтын болсақ, жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысы арасындағы теңсіздік жұмысқа орналастыру деңгейіне өз әсерін тигізеді. Жұмысқа орналастыру деңгейін жұмысқа орналасқан адамдар санын жұмыспен қамту орталығына тіркелген адамдар санына қатынасы арқылы есептейміз. Облыс бойынша жұмысқа орналасу үшін өтініш жасаған адамдар саны 2003 жылы 7,8 мың адам болса, жұмысқа орналасқаны 4,2 мың адам болды, яғни жалпы өтініш берген адамдардың 54,5 пайызы ғана жұмыспен қамтылған. Ал осы көрсеткіштерді 2007 жылғы мәлімет бойынша қарастырсақ, жұмысқа орналасу үшін өтініш жасаған адамдар саны 2007 жылы 9,5 мың адам болса, жұмысқа орналасқаны 8,7 мың адам болды, яғни жалпы өтініш берген адамдардың 91,5 пайызын құрайды. Осы екі жылдың көрсеткіштерін салыстырсақ 2007 жылы 2003 жылға қарағанда жұмысқа орналастыру 68 пайызға өсіп отыр
.
Кесте 3- Еңбекпен қамту мекемелеріне өтініш жасаған азаматтарды жұмысқа орналастыру
Көрсеткіштер |
2003жжыл |
2004 жыл |
2005жжыл |
2006 жыл |
2007 жыл |
Ауыт қу |
Жұмысқа орналасу үшін көмек сұрап келгендер саны, мың адам |
7,8 |
8,3 |
9,1 |
11,1 |
9,5 |
1,7 |
Жұмысқа орналасқаны, мың адам |
4,2 |
5,3 |
6,3 |
8,0 |
8,7 |
4,5 |
Жұмысқа орналасқандар үлесі, % |
54,5 |
64,0 |
70,0 |
72,6 |
91,5 |
168 |
Ескерту- Жамбыл облысы статистика басқармасының мәліметімен автордың есептеуі |
Бірақ барлық жұмыссыздардың өтініш бермегенін ескерсек, бұл көрсеткіштер төмен. Өйткені жұмыссыздықтың уақытының ұзаққа созылуына байланысты жұмыспен қамту орталықтарына өтініш берушілер саны төмен болып отыр. Ал жұмыспен қамту орталықтарына өтініш берген және өтініш бермеген азаматтардың барлығы дерлік жұмыссыз отырмайды. Қазіргі кезде облыста жұмыс күшінің жасырын нарығы бар немесе «көлеңкелі» жұмыс күші бар. Мысалы, сауда жасау, жөндеу жұмыстарын істеу, үй шаруашылығымен айналысу, жеке көліктерімен тасымалдау, бала бағу және т.б. Осындай жұмыспен айналысатын азаматтар статистикалық ресми мәліметттерге енбейді.
Облыстың статистикалық мәліметтеріне сүйене отырып экономиканың салаларында орташа еңбек ақы көлемінің төмен болуы тұрғындардың әлеуметтік жағдайына өз әсерін тигізуде.
Облыстағы жағдай қарама-қайшылық туғызуда: бір жағынан өндірістің құлдырауынан нақты және жасырын жұмыссыздар саны өсті, ал екіншіден тұрғындардың белгілі бір бөлігінің еріксізден республиканың басқа басқа аймақтарына кетуіне байланысты облыста экономиканың барлық салаларында білікті мамандар тапшы болып қалды.
Сондықтан облыстың еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдік бойынша облыстық саясатының функциясын толық жүзеге асыруға мүмкіндік бермейтін мәселер туындайды. Олардың негізгілері: еңбек заңының жақсартылмауы; облыстық қаржы ресурсының жетіспеуі; жұмыс берушілердің бос орындарды жасырып толық ақпарат бермеуі; жұмыс берушілердің әлеуметтік қорғалмаған топтағы азаматтарды (еңбек тәжірибесі жоқ жастар, мүгедектер) жұмысқа алуға құлшынбауы; зейнет жасына жетіп қалған азаматтардың жұмыссыздығының ұзақтығы; жұмыс іздеушілердің жұмыс іздеуде енжерлық танытуы және т.б. Осы жағдайдың тұрғындармен жергілікті органдардың алаңдаушылығын туғызуда.
Нарықтық экономиканың қазіргі жағдайына байланысты пайда болған Жамбыл облысының еңбек мәселелерін шешу мен еңбек нарығының белсенді жұмыс істеуі үшін қажетті барлық құралдарды іске қосу керек:
- облыс тұрғындарын еңбек ресурстарының ұдайы өсу процесінің мониторингін құру негізінде экономикалық белсенді халық санын, жұмыспен қамтылғандарды, жұмыссыздарды есепке алу жүйесін жетілдіру;
- облыс бойынша жасырын жұмыспен қамтылғандарды, жасырын жұмссыздықты, өзіндік жұмспен қамтылғандарды айқындау, олардың еңбек табысы жөніндегі мәліметтерді анықтау;
- облыс бойынша шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту негізінде жаңа жұмыс орындарын ашу;
- жұмыссыздардың бәсеке қабілеттілігін жоғарылату, яғни экономика салалары бойынша мамандарды дайындау және қайта дайындау, кәсіптік бағдар беру жүйелерін жетілдіру;
Сонымен қатар, елімізде еңбек нарығын ұйымдастыруды жақсарту үшін әлеуметтік, құқықтық, ұйымдастырушылық-экономикалық механизмдерін іске асыру нормативтік актілерін қарастыру қажет.
ЕҢБЕК НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Қазіргі ғылыми өндірістер еңбек ресурсына жаңа көзқараспен қарауды талап етуде. Бұл арақатынастар макро деңгейінде ұлттық жұмыс күнін ақы төлеуде кемшіліктерінің сақтау саясатын білдіреді. Аралық деңгейде жұмыс ету жағдайлары шартты, ақысы төмен аймақтарға мамандардың жұмыс ету қызығушылығын арттыру. Микро деңгейде ресурстар сапасын білімді жоғарылату жұмыстарын жүргізу керек. Халықаралық тәжірибеге сүйенсек, еңбек өндіргіштігі мен мамандарының бір жұмыс орнында жұмыс ету ұзақтығымен тығыз байланыста екендігін көрсетеді. Арнайы зерттеулер менеджер-маманның бір орында оптимальды жұмыс ету мерзімі - 4 жыл болатынына ккәгер бола алады. Психология осы уақытта өндірісті дұрыс түсіну және басқару жұмыстарын шешуде қажетті тәжірибеде жинақталатындығын көрсетті, алайда әрі қарай ізденісі кемігендіктен бұл білімдер көрсетілген мерзімнен бастап төмендей бастайды. Сондықтан тігінен (қызметтік өсу, карьерлік ауысу) немесе көлденеңі бойынша (жаңа міндеттер) маманның жұмысқа тұрақты белсенді қатынасын көрсетеді.
Сурет 2 - Еңбек ресурстарының тиімділігін қолдану шаралары
Елімізде жүргізіліп жатқан реформа мақсатты бағдарламаны жүзеге асыруға қарамастан біздің облыста жұмыспен қамту мәселесі өте актуальді екеніне екінші тарауда талдау нәтижесі бойынша шешім жасауға болады.
Жамбыл облысы бойынша еңбек ресурстарын пайдалануды жақсартудың негізгі шаралары келесідей болуы керек:
- облыс тұрғындары үшін жалпы ұлттық деңейдегі бос тұрған жұмыс орындары мен жұмысшыларға қойылатын талаптар жөнінде ақпараттық жүйені қалыптастыру;
- болашақта еңбек нарығының тапсырысына еңбек ресурстарын қайта дайындау;
- елдің барлық аймақтарында оның ішінде ауылдық жерлерде еңбекке сұраныс пен ұсыныс бойынша инфрақұрылымды дамыту;
- жаңа жұмыс орындарын ашылуына қолдау көрсету;
- салааралық және кәсіпкерлік еңбек ресурстарын, еңбектің көші-қонын реттеп қайта орналастыруға өз үлесін қосатын іс-шараларын жасап қабылдау;
- мамандық, тұрақты кәсіп және алдын-ала сұраныс бойынша, орнынан босап қалған жұмысшыны қайта дайындау жүйесін және кәсіптік білім беру мониторингін жасау;
- еңбек ресурстар нарығындағы қажеттілікке қол жеткізу үшін басқару және қаржыландыру жүйесін жетілдіру қажет;
Бұл облыстың әлеуметтік-экономаикалық дамуы, еліміздің басқа аймақтарының ішінде Жамбыл облысы инвестиция бойынша ең соңғы орында. Жұмыссыздық бойынша төртінші орында, яғни республика көрсеткіштеріне қарағанда өте жоғары. Осыған байланысты тек қана еңбекпен қамту емес, демография мен жұмыссыздық көрсеткішінің даму тенденциясында алдын-ала болжауға қызығушылық танытады.
Бұл жұмыста болжаудың математикалық үлгісі қарастырылады. Математикалық тәсілдердің көптеген түрлері бар. Солардың ішінде ақпараттық технологияның көмегімен көбірек қолданылатын «Болжаудың трендтік тәсілі» таңдалып алынды.
Зерттеу практикасында үш формалды тәсілге бөледі:
немесе Х= ( ), , , , (1)
мұндағы -j-ші талдау көрсеткіштерінің мәні t- уақыт ішінде i-ші объектінің жағдайын көрсетеді. Әлеуметтік-экономикалық болжау объектісінің жалпы берілген мәліметтері панель мәліметтері деп аталады.
Егер j-ші айналымның номері мен зерттелу i-ші объектінің номерін есепке алса, онда хронологиялық тәртіппен жүйелік мәні j-ші көрсеткіш i-ші зерттеу объектісінің бірдей өлшемді уақытша қатар динамикасы деп атайды немесе болғандағы Х=х(t). Бірақ жалпы жағдайда динамикалық қатардың жалпы мәнін береді .
Егер бірдей уақытта р- белгілерінің динамикасы анықталған i-ші объектінің көптеген J-ші мүмкін объектінің мінездемесін қарастырсақ, онда статистикалық талдау көп өлшемді уақытша қатарды айтуға болады
Тенденцияның түрлерін анықтаудың бірнеше тәсілдері бар. Өте кең тараған тәсіліне зерттелу процессінің сапалық талдауы, уақыттық қатар деңгейіне байланысты графикті құру және визуалды талдау жасау, динамиканың кейбір негізгі көрсеткіштеріне есептеулер жүргізу жатады.
Эмпирикалық мәндер мен функцияның сәйкес мәндері аралығындағы ауытқу квадрат сомасын төмендету үшін, тренд функциясын таңдау ең төменгі квадрат әдісімен іске асырылады.
Кесте 4- Жамбыл облысының еңбекпен қамту көрсеткіштерін болжамды бағалау, мың адам
Кезең |
Жұмыспен қамтылған тұрғындардың саны |
Экономикалық белсенді тұрғындар саны |
Жаңадан жұмыспен қамтылған тұрғындардың саны |
Тұрғындар дың саны,
|
Х |
У |
Х1 |
Х2 |
Х3 |
2001 ж |
417,8 |
478,7 |
17,6 |
978,5 |
2002 ж |
423,4 |
482,6 |
18,5 |
979,5 |
2003 ж |
462,1 |
519,5 |
19,7 |
985,6 |
2004 ж |
442,4 |
492,9 |
20,6 |
992,1 |
2005 ж |
447,9 |
496,6 |
21,7 |
1001,1 |
2006 ж |
463,8 |
510,7 |
22,6 |
1009,2 |
2007 ж |
471,3 |
514,4 |
23,6 |
1013,4 |
2008 ж |
479,4 |
519,4 |
24,5 |
1019,8 |
Болжам | ||||
2009 ж |
487,5 |
524,37 |
25,4 |
1026,2 |
2010 ж |
495,7 |
529,38 |
26,4 |
1032 |
Трендтік үлгі эмпирикалық процеске сәйкес детерминация коэффициенті мәнінде оның даму тенденциясы 1-ге жақындауын көрсетеді. Тренд теңдеуінің ең жақсысын табу үшін негізгі тренд түрлерінің периметрін және детерминация коэффициентінің мәнін R2 анықтайды, сонан-соң детерминация коэффициенті минималды мәнімен тренд теңдеуін таңдайды
Информация о работе Еңбек нарығын реттеуді және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру жолдары