Еңбек нарығын реттеуді және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 08:39, автореферат

Описание работы

Қазіргі кездегі нағыз пәрменді әлеуметтік саясат – ол халықты жұмыспен тұрлаулы қамту саясаты болып келеді және болып қала береді. Осыған орай әлеуметтік көмек көрсету саясаты әлеуметтік топтардың мұқтаждықтарымен айқындалуға тиіс емес, қайта еңбекке қабілетті азаматтарды жұмысшылар санына қосуға даярлау міндеті ауқымында шоғырландырылуға тиіс. Азаматтарға қолдау көрсетудің мемлекеттік жүйесі олардың қайта оқып үйренуі мен жаңа кәсіпті меңгеруіне ынталандыру бағытында құрылуы керек.

Работа содержит 1 файл

Еңбек нарығын реттеуді және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру жолдары.rtf

— 741.33 Кб (Скачать)
le="text-align:justify">1) әлеуметтік қызметте адамдардың табыстары мен жақсы тұрмыс жағдайының әдеттегідей дәрежесі мен жұмыскерлердің өндірістік қабілетін тиісті дәрежеде ұдайы өндіруді қамтамасыз ету;

2) экономикалық қызметте еңбекке тиімді түрде тарту, оны бөлу, реттеу және пайдалану;

3) ынталандыру қызметі бәсекеге  қабілеттің күшеюіне, тиімділігі жоғары еңбекке ынтаның өсуіне, біліктіліктің жоғарылауына, мамандықты ауыстыруға мүмкіндік тудырады.

Маркстік ілімге қарсы батыс теорияларында еңбек тауар деп саналады. Нарықтык экономикада "еңбек нарығы" термині қолданылып, жұмыс күшіне еңбекке кабілетті халыктың белгілі бір тобын жатқызып жүр.  

Қазақстандық  экономикалық  әдебиеттерде  зерттеушілердің  біреуі “еңбек нарығы” терминін қолданса, ал екінші біреулері “жұмыс күшінің нарығы” терминін қолдануда. Соған байланысты осы екі терминнің біреуін, яғни “еңбек нарығы” терминін қолданған дұрыс деп ойлаймын.

Еңбек нарығы шетелдік әдебиеттерде жеткілікті түрде зерттеліп, айқындалған. Ал, ресейлік Саткина М.А., Гибриков Г.Г. және қазақстандық Н.К. Мамыров және т.б. бір топ ғалымдар еңбек нарығы анықтамасын ғылыми тұрғыдан беруде әр түрлі көзқарасты ұстанады.

Дамыған нарықтық экономикалық жүйеде барлық еңбек өнімдері тәріздес жұмыс күші де тауарлы форманы иеленеді. Неоклассикалық экономикалық теорияда тауарлар мен қызмет көрсетулер, капитал мен инвестициялар нарығымен қатар ерекшеленген жұмыс күші мен еңбек нарығы да қарастырылады. Сондықтан, қазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалық әдебиеттерде, саяси-шаруашылық тәжірибеде «жұмыс күші нарығы» мен  «еңбек нарығы» деген ұғымдар бір-біріне сәйкес ұғымдар ретінде қабылданған.

1945жылы капиталистік елдің экономикалық жағдайы анық түрде ерекшеленді. АҚШ өзінің территориясында әскери қимылдар болмағандықтан өндіріс қуаты және рекордты түрде экономикалық өсу байқалған. Ал керісінше, Батыс Еуропа және Жапония елдері біршама қирауға ұшыраған. Ол елдердің халқы интенсивті құрылыс жұмыстарын жүргізе отырып шығындарға төзуге тура келді. Бұл жағдайлар мысалы,  Германия және Жапония елдерінде 40-ші жылға дейін жалғасқан. 30-жылдары экономикалық өсу бүкіл аймақта болды және жұмыссыздықты болдырмады.

Жапониядағы жұмыспен қамтуды басқару.  «Өмірлік жалдану» жүйесінің мағынасы,  жұмысшы нақтылы түрде өмір бойы бір кәсіпорында жұмыс істейді, бірте-бірте қызмет баспалдағымен көтеріледі. Білім деңгейіне (орта білім немесе жоғары білімді) байланыссыз жұмысшы карьерасын қарапайым жұмысшыдан бастайды және бір орында 2-3 жылдан көп отырмайды. Өйткені оның жұмыс орнында алған білімін жоғалтуға мұрша бермейді. Ал екіншіден, төменнен бастап, жас маман бірдеңені өзгертуге мүмкіндік алады, басшылардың, қызметтестердің мойындауына жету, репутациясын орнату.

Швециядағы жұмыспен қамтуты басқару.

Қоғамдағы өмірді ұйымдастырудың  Шведтік түрі экономикалық және өмірлік деңгейді жоғарлату, экологиялық стандартты қамтамасыз етеді. Бұл модель ерекше «технологиялық рента»  алуды негіздейді, ішкі және әлемдік нарықта елдің алатын

өнімінің жоғары сапасы мен инновациялығы. Әрине Швеция  өте жақсы әлеуметтік-экономикалық модельді құруды көздейді.

Швецияның тәжірибесі бойынша жұмыссыздыққа жәрдемақы беру іс-шараларына келесілер жатады:

- кіші және жанұялық кәсіпорынға мемлекеттік субсидиялар мен несилерге жағдай жасау, яғни бастапқы капитал 10 пайызды ғана құрайды, 70 пайызы субсидия, 20 пайызы несие, егер кәсіпорын пайда ала алмаса   4 жылға салықтан босатылады;

- географиялық мобильділік, яғни жұмыс күші тапшылық жерлерге жанұяларды көшіріп апарады. Оларға үй, жұмыс тауып береді , жағдай жасайды;

-   қоғамдық жұмыс, негізінен жастарға , құрылыс, жол, қызмет көрсету, 6 айға дейінгі кепілдеме түрде жалақысы 50-100 пайыз болатын ( сол кәсіптің орташа жалақысын есептеп ) жұмысқа алу;

- жеке фирмаларға көмек көрсету, жарты жылға дейінгі 50 пайыздық субсидия беру;

- арнайы техникалық жабдықтау, кәсіпорында мүгедектерге арналған жұмыс орнын дайындау және кәсіпорын иелеріне жұмысқа алғаны үшін субсидиялар төлеу және мүгедектердің жалақысына да субсидиядан ақша  шамамен қосылады.

Шетелдік тәжірибеде көп уақыт бойына жұмыспен қамту мәселесі қоғамдық келісімде арнайы енгізілмеген. Бірақ 20 ғасырдың 70-жылдары мұнай дағдарысына байланысты өзгерген болатын (1973-1979 жылдар). 1980 жылға дейін жұмыспен қамту бойынша 170 келісім кабылданды. Келісімдерде жұмыс берушілер жұмыскерлерді бір жыл ішінде немесе бірнеше жыл ішінде босатуға міндеттеме алады. Мұндай келісімдер белгілі бір жағдайда және берілген саланың кәсіпорындағы жеткілікті түрде кезекті бағыт ұстанғанда мүмкін болады.

 

Еңбек нарығын реттеу үлгісі

Қолданыстағы үлгісі

Ерекшелігі

Ескерту

Америкалық үлгі

Жұмысқа алу мен жұмыстан шығу еркіндігі;

Фирма деңгейінде ұжымдық-келісімдікті реттеу

Тұрғындардың еңбек нарығына кірудің қиындығы

Жұмыссыз кедейлердің көптігі

Шведтік үлгі

Жұмыс орындарын құруға, кәсіби даярлау мен қайта даярлауға көп шығын жұмсау

Еңбек нарығына жастардың жұмысқа орналасу қиындығы

Еңбек ақы төлеудің төмен болуы

Жапондық үлгі

«Өмірлік жалдану»  жүйесінің қолданылуы

Бұл жүйе жастардың еңбек етуіне өз әсерін тигізуі

Жастардың қызмет ету аясының тар

болуы

Қазақстандық үлгі

Еңбек нарығын белсенді түрде жүргізу, жұмыспен қамту саясатын іске асыру

Еңбекке орналастыру бойынша жалпы қоғамдық жүйенің жұмыс істемеуі

Жас маманды жұмысқа алу кезінде мемлекет тарапынан кәсіпорындарға қолдау көрсетудің жоқтығы

Ескету-Шетел тәжірибесіне байланысты автордың құрастырған үлгісі


 

Сурет 1-Еңбек нарығын реттеу үлгілері

 

        Осы шетел тәжірибесін қолдана отырып Қазақстанның еңбек нарығын реттеу жүйесін жасауға болады. Шетелдің еңбек нарығына байланысты тәжірибесін қарастыра отырып Қазақстан өзінің еңбек нарығын реттеу бойынша үлгісін құруы қажет.

 

.

ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

 

Еңбек нарығына сыртқы факторларының әсер етуі әлемдік қоғамдастыққа Қазақстанның ықпал ету дәрежесіне байланысты және ол ықпал ету үдерістерінің дамуы мен республиканың Бүкіләлемдік сауда ұйымына (БСҰ)  кіруімен күшейе түседі. Халықаралық еңбек бөлінісіндегі өзгерістер қазіргі уақытқа дейін республиканың еңбек нарығына онша әсер етпейді. Әлемдік бағалардың шикізат ресурстары коньюнктурасы экономика мен әлеуметтік саланың дамуына тұрақты әсерін тигізеді.

Қазақстан республикасы Президентінің 2006 жылдың ақпан айындағы Жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы қарастырылды. Экономиканың аса маңызды басымды дамуының бірі бұл - мемлекет Басшысының «Жұмыспен қамтуды тұрақтандыру саясаты ең пәрменді саясаты болған және болып қалады» деп анықтаған қазіргі тұрақты саясат болып табылады. Барлық бағыттар бойынша бізде бағдарламалар бар, олар қозғалыссыз емес: біз халықаралық тәжірибені енгізіп және жаңа беталыстарға сәйкес, алға қойған міндеттерге жетуді жалғастыруымыз керек.

Соңғы жылдары әзірленген үкіметтік құжаттар («Қазақстан Республикасында 2000-2002 жылдарға арналған кедейлікпен және жұмыссыздықпен күресу бойынша мемлекеттік бағдарлама», «Қазақстан Республикасында 2003 - 2005 жылдары кедейлікті азайту бойынша мемлекеттік бағдарлама», «Қазақстан Республикасының 2004-2006 жылдарға арналған әлеуметтік - экономикалық дамуының индикативті жоспары», 2005-2007 жылдары әлеуметтік реформаларды әрі қарай тереңдету бағдарламасының жобасы), сондай - ақ басқада мемлекеттік және салалық бағдарламалар едәуір шараларды көздейді, ал жалғасып келе жатқан экономикалық өсім, халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін көтеру үшін мүмкіндік құрайды, жұмыссыздықты төмендетеді, адамзат ресурстарына салынатын инвестицияларды көбейту үшін жағдай туғызады.

Қазіргі уақытта Қазақстанның еңбек нарығындағы жағдайы халықтың экономикалық белсенді және белсенді емес көрсеткішін, жұмыспен қамтылуы және жұмыссыздық көрсеткіштерінің өзгеруімен сипатталады.

Президентіміздің басты мақсаттарының бірі  аса дамыған 50 елдердің қатарына қосылу үшін орта және кіші бизнесті дамыту болып табылады. Бұл мақсат үшін 10 бизнес-центр және 2 бизнес-инкубатор, 20 бизнес-ассоциациясы құрылды. Облыстағы компанияларды ішкі нарықта дамытып, көршілес елдердің іскерлігіне қарап дамытуға тиіспіз. Өз бизнесімізді ерекшелендіріп, шетелден қызығушылық дамытып оларды өзімізге тартуға тиістіміз. Бұл үшін бізде басқа мемлекеттермен қарым-қатынас жасау құрылымы бар. Осы бойынша жоба құрып көздеген мақсатқа жетуге тиістіміз. Тиімді жағында жұмыспен тіркелгендердің саны көп болуы да мүмкін, ал тиімсіз жағында тіркелген жұмыссыз халықтың көбісі жұмыспен қамтыла бермейді, яғни олардың белгілі бір мөлшері ғана жұмыспен қамтамасыз етіледі. жеке меншік болғаннан кейін жұмыссыз халықтың қамтамасыз етілген бөлігі сол биржа мекемесінің қызмет көрсеткені үшін белгілі бір мөлшерде ақша сомасын төлейді. Ал экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі бойынша жоспарлы 2007 жылды, өткен жылмен салыстырғанда -1,1 мың адамға немесе 61,2 % бойынша жылдан - жылға төмендегенін байқалады.

Еңбек нарығының негізгі көрсеткіші еңбек ресурсы болып табылады. Еңбек ресурстарының саны мен сапасы халықтың саны мен жас-жыныстық құрамына байланысты анықталады.

Қоғамдық даму қажеттілігі мемлекеттің демографиялық процестерді қалыптастыруға белсенді араласуын міндеттейді. Демографиялық процестер өз табиғаты жағынан тікелей жоспарлау объектісі бола алмайды, бірақ оны жанама әдістер арқылы реттеуге болады. Ол қоғамның жалпы әлеуметтік-экономикалық саясатының құрамдас бөлігі болып табылады. Оған демографиялық процестерге тікелей әсер ететін  әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, моральдық-психологиялық және медициналық -демографиялық шаралардың жиынтығы жатады. Өз кезегінде, бұған демографиялық факторды ескере отырып, тұрғын үй жағдайын жақсарту, балаларға арнайы жәрдемақыны төлеу, балалар мекемелерімен қамтамасыз ету, аналарға аяғы ауыр кезінде, босанғанда және балаға қарау кезінде берілетін демалыс уақытын  ұзарту мен оған жәрдемақы төлеу, сонда-ақ, ұжымдарға моралдық ахуалды жақсарту жатады.

Облыстың негізгі демографиялық көрсеткіштерін талдайтын болсақ 2002 жылы халық саны 979,5 мың адам болған, 2006 жылы  1009,2  мың адам болып отыр, яғни 29,7 мың адамға өсіп отыр. Облыс бойынша жұмысқа жарамды жастан кіші тұрғындар санына келетін болсақ 2002 жылы 309,0 мың адам болса, 2006жыл 303,7 мың адам болған, екі жылдың көрсеткіштерін салыстырсақ 2006 жылы 5,3 мың адамға азайып отыр, ол дегеніміз болашақ жұмысқа жарамды адамдар санының азаюына өз әсер тигізеді. Еңбекке жарамды тұрғындар саны 2002 жылы 585,7 мың адамды құраса, 2006 жылы 619,1 мың адамды құрап отыр. Еңбекке жарамдыдан үлкен тұрғындар саны 2002 жылы 84,5 мың адам болса, 2006 жылы 85,8 мың адам, яғни жылдан жылға өсіп отыр. Облыстағы 1000 адамға шаққандағы туылғандар санын салыстырсақ 2002 жылы 16,91 мың бала болса, 2006 жылы 23,73 мың балаға жетіп, 2002 жылға қарғанда 6,82 мың мың балаға өскен. Әлеуметтік, демографиялық, экономикалық факторлардың халықтың өсу динамикасы мен кемуіне ықпалы зор. Қазіргі нарықтық экономика жағдайында әлеуметтік қатынастар, сонымен қатар, экономикалық, экологиялық жағдайлар да белгілі бір дәрежеде халық санына өз әсерін тигізеді. 

Кесте 1-Жамбыл  облысындағы жұмыссыздық деңгейі, %

 

Р/с

Көрсеткіштер

2003

жыл

2004

жыл

2005

жыл

2006

жыл

2007

жыл

Ауытқу,

(+,-)

1

Жұмыссыздық

тың деңгейі

 

11,1

 

10,2

 

9,8

 

9,2

 

7,7

 

-3,4

2

Экономикалық белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі

 

 

1,5

 

 

1,6

 

 

1,8

 

 

2,1

 

 

1,7

 

 

0,2

Ескерту- Жамбыл облысы статистика басқармасының мәліметімен автордың есептеуі


 

1-кестеде жұмыссыздық деңгейіне талдау жасалған. Жұмыссыздықтың деңгейі 2003 жылы 11,1 %  болса, ал 2007 жылы 7,7 % - ға жетті. Яғни  2007 жылды, өткен 2003 жылмен салыстырғанда 3,4 % - ға төмендеді. Ал экономикалық белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі 2003 жылы 1,5 % болса, ал 2007 жылы 1,7 % - ды құрады. Осы 2007 жылды, 2003 жылмен салыстырғанда 0,2 % - ға өсіп отыр

Жамбыл облысы республиканың еңбекпен жеткіліксіз қамтылған аймағына жатады, себебі салалық құрылымдардың экономикасы мен еңбекпен қамтуға табиғи, демографиялық және әлеуметтік факторлардың дамуының жеткіліксіздігі. Әлеуметтік қорғау органының мәліметтері бойынша облыстағы әл-ауқаты төмен тұрғындар саны 2007 жылы 7,0 пайыз немесе 74,9 мың адамды құрады.

             Жамбыл облысының еңбек нарығын экономикалық бағалау аса маңызды болып табылады. Экономикалық белсенді халыққа шаққанда облыстағы жұмыссыздық деңгейі 7,7 % құрайды.

Талдау барысында байқағанымыз облыс бойынша жұмыссыздар саны өсіп отыр, сондықтан жұмыссыздар санын азайту үшін алдағы жылдарға арнайы бағдарлама жасап, оны іске асыру қажет деп ойлаймыз. Жамбыл облысының статистикалық мәліметтері бойынша 15 жас және одан жоғары жас аралығындағы экономикалық белсенді және белсенді емес халықтарға талдау жасаймыз.

Облыстың аудандары бойынша экономикалық белсенді халық санына талдау жасасақ облыс бойынша 2003 жылы 519,5 мың адамды құраса, ал 2007 жылы 548,6 мың адамға жетті. Яғни 2007 жылды, 2003 жылмен салыстырғанда 29,1 мың адамға өсіп 106 % - ды құрады. Ал Тараз қаласында 2003 - 2007 жылдар аралығын салыстырсақ  14 мың адамға көбейіп 108 % - ға жетті. Аудандар бойынша жұмыспен қамтылған халық санын талдау жасасақ,  облыс бойынша 2003 жылы 462,1 мың адамды болса, 2007 жылы 506,2 мың адамға жетті. Яғни 2007 жылды, өткен 2003 жылмен салыстырғанда 44,1 мың адамға өсіп 110 % - ды құрады. Ал Тараз қаласы бойынша 2007 жылды, 2003 жылмен салыстырғанда 18,4 адамға өсіп 113  % - ды құрады.

Аудандар бойынша жұмыссыздық деңгейін талдау 2-кестеде келтірілген, облыс бойынша 2003 жылы 11,1 % болса, ал 2007 жылы 7,7 % - ды құрады. Яғни, 2007 жылды, өткен 2003 жылмен салыстырғанда 3,4 % - ға азайғанын көреміз. Тараз қаласы бойынша 2007 жылды, 2003 жылмен салыстырғанда 3,4 % - ға төмендеді. Аудандар бойынша қарастырсақ  Қордай ауданы бойынша 2003 - 2007 жылдар аралығында 0,5 % - ға өскенін көреміз.

 

Кесте 2-Жамбыл облысы аудандары бойынша жұмыссыздық деңгейі, %

 

Р/с

Аудандар атауы

2003

жыл

2004

жыл

2005

жыл

2006

жыл

2007

жыл

Ауытқу

(+,-)

1

Облыс бойынша

11,1

10,2

9,8

9,2

7,7

-3,4

2

Тараз қ.

13,6

13,9

14,3

12,9

10,2

-3,4

Аудандар бойынша соның ішінде:

3

Байзақ

10,3

10,7

9,3

9,1

7,9

-2,4

4

Жамбыл

10,4

12,1

8,6

8,3

7,2

-3,2

5

Жуалы

14,1

10,6

7,5

7,3

6,2

-7,9

6

Қордай

8,5

7,2

5,0

4,9

9,0

0,5

7

Т. Рысқұлов

9,3

6,1

7,1

7,0

8,0

-1,3

8

Мерке

10,9

10,1

11,7

9,8

4,0

-6,9

9

Мойынқұм

8,4

3,2

4,7

4,7

10,2

1,8

10

Сарысу

11,7

11,6

13,2

10,1

10,7

-1,0

11

Талас

9,5

3,8

4,1

4,8

5,2

-4,3

12

Шу

7,5

7,3

6,8

7,0

3,2

-4,3

Ескерту- Жамбыл облысы статистика басқармасының мәліметімен автордың есептеуі

Информация о работе Еңбек нарығын реттеуді және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру жолдары