Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 19:45, курсовая работа
Сондықтан еңбек нарығында белгілі ағымдар қалыптасады: жұмысшы күші құрамынан шығушылар, жұмысшы күші құрамына кірушілер; жұмыс іздеуден бас тартқандар; жұмыс іздеуді бітіргендер; жұмыс тапқандар және т.б. Осы адамдардың бейімділігі қоғамдағы жұмысшы күшінін нарықтық динамикасын сипаттайды.
Кіріспе
3
1 Еңбек нарығы және оның теориялық мәні
1.1 Еңбек нарығы туралы түсінік және оның мәні
5
1.2 Еңбек нарығындағы жұмыссыздық түсінігі
8
2 ҚР халықты жұмыспен қамтамасыз ету жағдайын талдау
2.1 Мемлекеттің жұмыспен қамту саясатын талдау
12
2.2 ҚР жұмыспен қамтылған адамдар мен жұмыссыз адамдар санының динамикасы
19
3 ҚР-дағы еңбек нарығындағы проблемалар мен оны шешу жолдары
3.1 Еңбек нарығындағы мәселелер мен еңбек нарығын дамыту
25
3.2 Жұмыспен қамту мәселесін шешу жолдары және шетел тәжірибесі
27
Қорытынды
33
Қолданылған әдебиеттер
35
Мысалы, американдықтар еңбек ететін өмірі бойына, орта есеппен 7,5 рет жұмысын ауыстырады. Жапонияда, бір бөлегі өмірлік жалдаумен қамтылған жұмысшылар 2,6 рет жұмысын ауыстырады екен. Батыс Европада бұл көрсеткіш Жапонияға қарағанда жоғары, бірақ АҚШ-тағыдан төмен. Бұл процесс, нарықтық принциптерге көшіп жатқан экономикаға тән көрініс. Мысалы Финляндияда өндірісте және басқа салаларда жұмыс істейтіндердің үштен бірі мамандықтарын ауыстырады немесе басқа жұмысқа ауысады.
Қазірде жұмыспен қамту саласында, өндіріске қажетті жұмыс күші мен олардың жұмыстың жағдайына қоятын талабы арасында елеулі қайшылықтар бар. Оның шиеленісуі – кадрлардың тұрақсыздығынан көрінеді. Миллиондаған адамдар, өздерінің экономикалық және әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жұмыс орнын ауыстырам деп біраз уақыт жұмыссыз қалады. Ол көбінесе 2 айдан 6 айға дейін созылады. Сонымен бірге миллиондаған диплом бар мамандар да ондай дайындық деңгейін талап етпейтін қызметтерде жұмыс жасайды, ал бұл құрылымдық, яки салалық жұмыссыздықтыың орын алып отырғанын көрсетеді.
Бұл жағдайлар, қазірде
нарықты экономикаға өту
Қазіргі таңда Қазақстанда жұмыспен қамтамасыз ету шамасы қандай? Соңғы жылдары экономикадағы жүйелi шаралар жұмыспен қамтудың ұлғаюымен және жұмыссыздық деңгейiнiң төмендеуiмен қатар жүрдi. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары жаңа жұмыс орындарын құру, жұмысқа орналастыру, шағын кредит беру, жұмыссыздарды қайта оқыту, қоғамдық жұмыстарды дамыту жолымен бiрте-бiрте белсендi сипат алуда.
Еңбек рыногының мониторингi жүзеге асырылуда. Еңбек заңнамасы жетiлдiрiлуде. Еңбекақы төлеу саласындағы ахуал тұрақтандырылуда. Ең төменгi және орташа жалақының өсуi байқалуда. Бюджеттiк сала қызметкерлерінің еңбекақысын реттеу үшiн бiрыңғай тұжырымдамалық негiз жасалды.
Сонымен бiрге, бұл салада жасырын жұмыссыздық, заңсыз еңбек көшi-қоны проблемалары орын алуда. Оқу орындарында мамандар даярлау, жұмыссыздарды оқыту мен қайта оқыту нақты экономиканың сұранысынан кейін қалып отыр. Жұмысқа орналаспаған азаматтардың кәсiби бiлiктiлiгiнiң төмендігі еңбек рыногының қажеттіліктерiне сай келмеуде.
Кәсiпорындардағы еңбектi қорғау тиiстi деңгейге қойылған, нәтижесiнде өндiрiсте зардап шегушілер саны едәуiр күйiнде қалып отыр. Экономиканың жекелеген салаларындағы жалақы деңгейi төмен күйінде қалуда [9].
Негізгі мақсаты жұмыспен қамту саласында елдiң экономикалық даму қарқынына сай белсендi саясат жүргiзу. Жұмыс орындарын сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру, еңбек рыногының қажеттiлiктерiне сай жұмыссыздарды кәсiби даярлау және қайта даярлау сапасын жақсарту, еңбек қатынастарын одан әрi заңдастыру, еңбек қауiпсiздiгiн арттыру, өнеркәсіптік өндiрiстiң инновациялық даму проблемаларына барабар ден қоя алатын жоғары біліктi кәсiби кадрлармен қамтамасыз ету.
3.2 Жұмыспен қамту мәселесін шешу жолдары мен шетел тәжірибесін қолдану
Казір көптеген мекемелер
әлдекашан ұмытылған проблема жұмыс
кадрларының кажеттігіне
1. кадр дефициті
2. жұмыссыздық.
Университеттер, училишщелер, колледждер мен өндіріс орындарының тіл табысуы бұл мәселені шешуі мүмкін. Осы тұста мемлекетке осы секторды басқару үшін белгілі бір стратегия қажет.
1. жұмысшыларды мемлекеттен
тыс әдіспен орналастыру, бұл
әдіс негізінен натуралды
2. жұмыссыздық әсерін төмендету, бөл жерде жұмыс жасайтын сектор зардап шегеді, себебі жұмыссыздарға берілетін өтемақы салық есебінен алынады.
3. Жұмыс орындарын
ашу. Бұған келісу қиын
Жоғарыда аталған әдістерден басқа қоғамдық реттеу әдісі де бар. Ол коғамдағы басқа жұмыссыздыққа әсері бар факторлар:
1. білім беру
2. жұмыс табуға көмек т.б
Бұл факторларды қолдана отырып сыртқы жұмыс іздеп келушілер мәселесін де еске алған жөн
Жұмыссыздық проблемаларын
шешуде еңбек биржалары (тұрғындарды жұмыспен
қамту қызметі) айтарлықтай орын алады.
Нарық қатынастары дамыған елдерде еңбек
биржасы алғашқыда жұмыссыздарға жәрдем
беру мақсатында адамгершілік институттары ретінде пайда болды.
Уақыт өте келе және еңбек қатынастардың
дамуына сәйкес, оның мақсатымен және
атқаратын қызыметтері өзгереді. Еңбек
биржасы – бұл еңбекті жалдау барысында
жұмыскерлер мен кәсіпкерлердің арасында
делдалдық келісім жасалатын, тұрақты
жұмыс істейтін мекеме. Бұрынғы КСРО –
да ең соңғы еңбек биржасы 1932 жылы жабылған
болатын. Қазіргі нақты жағдай – еңбек
нарығының барлық элементтерін қайта
жаңғыртудың қажеттігін көрсетіп отыр.
1991 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда
барлық жерде тұрғындарды еңбекпен қамту
қызыметі жұмыс істей бастады.
Еңбек биржаларының негізгі атқаратын
қызыметтері мыналар: еңбек нарығындағы
сұраным мен ұсынымды анықтау; жұмыссыздарды
есепке алу және бос жұмыс орындарын тіркеу;
жұмысын ауыстыруға және жұмысқа тұруға
тілек білдіретін адамдарға ақпараттар
беру; Жұмыс іздеп жүрген кадрларды оқыту
мен қайта дайындауды ұйымдастыру; жастар
арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын
жүргізу; адамдарды жұмысқа орналастыру
үшін делдалдық қызымет көрсету және жұмыссыздыққа
байланысты жәрдемақы тағайындау. Мемлекет
кәсіпорындар мен ұйымдардың мүдделерін
есепке ала отырып, биржалар арқылы еңбек
нарығына әсер етеді. Еңбек биржасы беретін
жұмысқа жолдама кәсіпкерлер үшін міндетті
болмайды, ол тек қана ұсынымдылық сипаты
болады, себебі олардың жұмыскерлерді
еркін түрде таңдауға хұқы бар және оны
өздерінің кадр бөлімі арқылы жүзеге асыруға
тырысады. [25]
Қазіргі еңбек биржасында,
жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным туралы
мағұлматтар банкісі болуы қажет. Осы
бағытта өнеркәсібі дамыған Батыс елдердің
тәжірибесін қолдануға болады. АҚШ – та, мысалы, аймақты және жергілікті
деңгейде жұмыс күшінің электронды банкілері
құрылған. Онда жұмысқа орналасқан кезде
жоғары сапалы консультациялық көмек
көрсетіледі. Нәтижесінде барлық мамандық
топтарындағы жұмыссыздардың 40 проценті
бір айдың ішінде жұмысқа орналасады.
Сондай – ақ жұмыссыздарды қаржыландырудың
жаңа бағдарламасы ендірілген. Әсіресе,
Вашингтон штатында федералдық үкімет
тиісті білім, жұмыс тәжірибесі бар және
өз ісінің маманы болғысы келген 400 жұмыссыз
адамға белгілі бір уақытқа дейін мүмкіндік
беріп, алдын – ала жәрдемақы төлейді.
Бұның өзі, олардың жұмыс жобасының экономикалық
дәлелі бар, әдейі курстарды өткен, сондай
– ақ жаңа істі консультант көмегімен
бастаған жұмыссыздарға беріледі.
Жапониядағы жұмыспен қамтуды
басқару. «Өмірлік жалдану» жүйесінің
мағынасы, жұмысшы нақтылы түрде өмір
бойы бір кәсіпорында жұмыс істейді, бірте-бірте
қызмет баспалдағымен көтеріледі. Білім
деңгейіне (орта білім немесе жоғары білімді)
байланыссыз жұмысшы карьерасын қарапайым
жұмысшыдан бастайды және бір орында 2-3
жылдан көп отырмайды. Өйткені оның жұмыс
орнында алған білімін жоғалтуға мұрша
бермейді. Ал екіншіден, төменнен бастап,
жас маман бірдеңені өзгертуге мүмкіндік
алады, басшылардың, қызметтестердің мойындауына
жету, репутациясын орнату.
Швециядағы жұмыспен қамтуты басқару.
Қоғамдағы өмірді ұйымдастырудың Шведтік түрі экономикалық және өмірлік деңгейді жоғарлату, экологиялық стандартты қамтамасыз етеді. Бұл модель ерекше «технологиялық рента» алуды негіздейді, ішкі және әлемдік нарықта елдің алатын
өнімінің жоғары сапасы
мен инновациялығы. Әрине Швеция
өте жақсы әлеуметтік-
Швецияның тәжірибесі бойынша жұмыссыздыққа жәрдемақы беру іс-шараларына келесілер жатады:
- кіші және жанұялық
кәсіпорынға мемлекеттік
- географиялық мобильділік,
яғни жұмыс күші тапшылық
- қоғамдық жұмыс, негізінен жастарға , құрылыс, жол, қызмет көрсету, 6 айға дейінгі кепілдеме түрде жалақысы 50-100 пайыз болатын ( сол кәсіптің орташа жалақысын есептеп ) жұмысқа алу;
- жеке фирмаларға көмек көрсету, жарты жылға дейінгі 50 пайыздық субсидия беру;
- арнайы техникалық
жабдықтау, кәсіпорында
Шетелдік тәжірибеде көп уақыт бойына жұмыспен қамту мәселесі қоғамдық келісімде арнайы енгізілмеген. Бірақ 20 ғасырдың 70-жылдары мұнай дағдарысына байланысты өзгерген болатын (1973-1979 жылдар). 1980 жылға дейін жұмыспен қамту бойынша 170 келісім кабылданды. Келісімдерде жұмыс берушілер жұмыскерлерді бір жыл ішінде немесе бірнеше жыл ішінде босатуға міндеттеме алады. Мұндай келісімдер белгілі бір жағдайда және берілген саланың кәсіпорындағы жеткілікті түрде кезекті бағыт ұстанғанда мүмкін болады.
Осы шетел тәжірибесін қолдана отырып Қазақстанның еңбек нарығын реттеу жүйесін жасауға болады. Шетелдің еңбек нарығына байланысты тәжірибесін қарастыра отырып Қазақстан өзінің еңбек нарығын реттеу бойынша үлгісін құруы қажет.
Кесте 5- Еңбек нарығын реттеу үлгілері
Еңбек нарығын реттеу үлгісі |
Қолданыстағы үлгісі |
Ерекшелігі |
Ескерту |
Америкалық үлгі |
Жұмысқа алу мен жұмыстан шығу еркіндігі; Фирма деңгейінде ұжымдық-келісімдікті реттеу |
Тұрғындардың еңбек нарығына кірудің қиындығы |
Жұмыссыз кедейлердің көптігі |
Шведтік үлгі |
Жұмыс орындарын құруға, кәсіби даярлау мен қайта даярлауға көп шығын жұмсау |
Еңбек нарығына жастардың жұмысқа орналасу қиындығы |
Еңбек ақы төлеудің төмен болуы |
Жапондық үлгі |
«Өмірлік жалдану» жүйесінің қолданылуы |
Бұл жүйе жастардың еңбек етуіне өз әсерін тигізуі |
Жастардың қызмет ету аясының тар болуы |
Қазақстандық үлгі |
Еңбек нарығын белсенді түрде жүргізу, жұмыспен қамту саясатын іске асыру |
Еңбекке орналастыру бойынша жалпы қоғамдық жүйенің жұмыс істемеуі |
Жас маманды жұмысқа алу кезінде мемлекет тарапынан кәсіпорындарға қолдау көрсетудің жоқтығы |
Еңбек нарығына сыртқы факторларының
әсер етуі әлемдік қоғамдастыққа
Қазақстанның ықпал ету дәрежесіне
байланысты және ол ықпал ету үдерістерінің
дамуы мен республиканың
Қазақстан республикасы Президентінің 2006 жылдың ақпан айындағы Жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы қарастырылды. Экономиканың аса маңызды басымды дамуының бірі бұл – мемлекет Басшысының «Жұмыспен қамтуды тұрақтандыру саясаты ең пәрменді саясаты болған және болып қалады» деп анықтаған қазіргі тұрақты саясат болып табылады. Барлық бағыттар бойынша бізде бағдарламалар бар, олар қозғалыссыз емес: біз халықаралық тәжірибені енгізіп және жаңа беталыстарға сәйкес, алға қойған міндеттерге жетуді жалғастыруымыз керек.
Соңғы жылдары әзірленген үкіметтік құжаттар («Қазақстан Республикасында 2000–2002 жылдарға арналған кедейлікпен және жұмыссыздықпен күресу бойынша мемлекеттік бағдарлама», «Қазақстан Республикасында 2003 – 2005 жылдары кедейлікті азайту бойынша мемлекеттік бағдарлама», «Қазақстан Республикасының 2004–2006 жылдарға арналған әлеуметтік – экономикалық дамуының индикативті жоспары», 2005–2007 жылдары әлеуметтік реформаларды әрі қарай тереңдету бағдарламасының жобасы), сондай – ақ басқада мемлекеттік және салалық бағдарламалар едәуір шараларды көздейді, ал жалғасып келе жатқан экономикалық өсім, халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін көтеру үшін мүмкіндік құрайды, жұмыссыздықты төмендетеді, адамзат ресурстарына салынатын инвестицияларды көбейту үшін жағдай туғызады.
Қоғамдық даму қажеттілігі
мемлекеттің демографиялық