Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 19:45, курсовая работа
Сондықтан еңбек нарығында белгілі ағымдар қалыптасады: жұмысшы күші құрамынан шығушылар, жұмысшы күші құрамына кірушілер; жұмыс іздеуден бас тартқандар; жұмыс іздеуді бітіргендер; жұмыс тапқандар және т.б. Осы адамдардың бейімділігі қоғамдағы жұмысшы күшінін нарықтық динамикасын сипаттайды.
Кіріспе
3
1 Еңбек нарығы және оның теориялық мәні
1.1 Еңбек нарығы туралы түсінік және оның мәні
5
1.2 Еңбек нарығындағы жұмыссыздық түсінігі
8
2 ҚР халықты жұмыспен қамтамасыз ету жағдайын талдау
2.1 Мемлекеттің жұмыспен қамту саясатын талдау
12
2.2 ҚР жұмыспен қамтылған адамдар мен жұмыссыз адамдар санының динамикасы
19
3 ҚР-дағы еңбек нарығындағы проблемалар мен оны шешу жолдары
3.1 Еңбек нарығындағы мәселелер мен еңбек нарығын дамыту
25
3.2 Жұмыспен қамту мәселесін шешу жолдары және шетел тәжірибесі
27
Қорытынды
33
Қолданылған әдебиеттер
35
Дамыған нарықтық экономикалық жүйеде барлық еңбек өнімдері тәріздес жұмыс күші де тауарлы форманы иеленеді. Неоклассикалық экономикалық теорияда тауарлар мен қызмет көрсетулер, капитал мен инвестициялар нарығымен қатар ерекшеленген жұмыс күші мен еңбек нарығы да қарастырылады. Сондықтан, қазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалық әдебиеттерде, саяси-шаруашылық тәжірибеде «жұмыс күші нарығы» мен «еңбек нарығы» деген ұғымдар бір-біріне сәйкес ұғымдар ретінде қабылданған.
2011 жылғы III тоқсанда 15 және одан жоғары жастағы экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны 8,9 млн. адамды құрады, бұл 2010 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 3.0%-ға көп. Республика экономикасында 8,4 млн. адам жұмыспен қамтылды немесе 15 және одан жоғары жастағы халықтың 68,1%. Өткен жылғы III тоқсанмен салыстырғанда олардың саны 272,2 мың адамға (3,3%-ға) артты.
Кесте 1- 2009-2011 жылдардың III тоқсанында Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының негізгі индикаторлары
15 және одан жоғары жастағы халық | ||||
III тоқсан |
2011ж. II тоқсан | |||
2009ж. |
2010ж. |
2011ж.* | ||
Экономикалық тұрғыдан белсенді халық, мың адам |
8490,9 |
8652,8 |
8915,6 |
8671,4 |
Халықтың экономикалық тұрғыдан белсенділік деңгейі, % |
71,0 |
71,5 |
71,9 |
71,7 |
Жұмыспен қамтылған халық, мың адам |
7955,2 |
8171,1 |
8443,3 |
8204,4 |
Жұмыспен қамту деңгейі, %-бен: |
||||
15 және одан жоғары жастағы халыққа шаққанда |
66,5 |
67,5 |
68,1 |
67,8 |
экономикалық
тұрғыдан белсенді халыққа |
93,7 |
94,4 |
94,7 |
94,6 |
Жалдамалы қызметкерлер, мың адам |
5266,4 |
5447,2 |
5673,8 |
5496,7 |
жұмыспен
қамтылған халық санындағы |
66,2 |
66,7 |
67,2 |
67,0 |
Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар, мың адам |
2688,8 |
2723,9 |
2769,5 |
2707,7 |
жұмыспен
қамтылған халық санындағы |
33,8 |
33,3 |
32,8 |
33,0 |
Жұмыссыз халық, мың адам |
535,7 |
481,7 |
472,3 |
467,0 |
Жұмыссыздық деңгейі, % |
6,3 |
5,6 |
5,3 |
5,4 |
15-24 жастағы жұмыссыздар, мың адам |
77,1 |
60,1 |
64,2 |
53,9 |
Жастар жұмыссыздығының деңгейі, % (15-24 жастағы) |
5,9 |
4,7 |
4,7 |
4,5 |
Ұзақ мерзімді жұмыссыздық деңгейі, % |
2,5 |
2,1 |
2,1 |
2,0 |
Экономикалық тұрғыдан енжар халық, мың адам |
3468,7 |
3447,4 |
3488,4 |
3427,6 |
Халықтың экономикалық тұрғыдан енжарлылық деңгейі, % |
29,0 |
28,5 |
28,1 |
28,3 |
* осы және бұдан әрі деректер 2009 ж. Халық санағының қорытындалары бойынша анықталған халық саны есебімен келтірілген.
Жалданып жұмыс істейтіндердің негізгі үлесі мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда жұмыспен қамтылды – 81,4% (4,6 млн.адам). Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар саны 2,8 млн. адамды құрады. Өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың негізгі бөлігі қызметін ауыл шаруашылығында (59,0%), сондай-ақ сауда саласында (21,3%), көлік қызметін көрсетуде (6,4%) және құрылыста (6,1%) жүзеге асырды.
2010 жылғы IV тоқсанда
жұмыссыз ерлердің үлесі 43,3%,
әйелдердің үлесі – 56,7% құрады. Жұмыссыз
әйелдердің саны 269,3 мың адамды құрады,
бұл ерлердің санынан 63,9 мың адамға (31,1%-ға)
көп.
Сурет 1. 2008 - 2010 жылдардағы жұмыссыздық деңгейлері
2010 жылғы IV тоқсанда
жұмыссыздардың жалпы
Кесте 2- 2010 жылғы IV тоқсанда жұмыссыз халық жынысы және жасы бойынша
Барлығы |
соның ішінде | |||||
мың |
жұмыс сыздық деңгейі, % |
ерлер |
әйелдер | |||
мың |
жұмыс сыздық деңгейі, % |
мың |
жұмыс сыздық деңгейі, % | |||
Жұмыссыздар - барлығы |
474,7 |
5,5 |
205,4 |
4,7 |
269,3 |
6,4 |
соның ішінде жасы: |
||||||
15-24 |
56,3 |
4,7 |
28,8 |
4,4 |
27,5 |
5,0 |
25-29 |
108,6 |
8,1 |
50,1 |
7,1 |
58,5 |
9,2 |
30-34 |
73,8 |
5,5 |
29,9 |
4,4 |
43,9 |
6,7 |
35-39 |
48,9 |
5,4 |
19,8 |
4,4 |
29,1 |
6,4 |
40-44 |
46,7 |
4,7 |
18,6 |
3,9 |
28,1 |
5,5 |
45-49 |
52,2 |
5,0 |
21,4 |
4,2 |
30,8 |
5,8 |
50-54 |
47,0 |
4,8 |
18,4 |
3,9 |
28,6 |
5,7 |
55-59 |
30,3 |
5,5 |
11,6 |
4,5 |
18,7 |
6,3 |
60-64 |
10,9 |
5,1 |
6,8 |
4,7 |
4,1 |
5,8 |
Жұмыссыздар ішінде жалпы орта білімі бар адамдар – 37,6% (178,5 мың адам) және орта кәсіптік (арнаулы) білімі барлар – 26,0% (123,2 мың адам) басым болды. Жоғары білімі бар жұмыссыздардың үлес салмағы 23,3%-ын (110,7 мың адам) құрады.
2010 жылғы желтоқсанның соңында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша) 35,4 мың адамды құрады, бұл 2009 жылғы осы кезеңдегіден 18,0 мың адамға немесе 33,7%-ға аз. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздардың үлесі 0,4% (2009 жылғы желтоқсанда – 0,6%) болды.
2010 жылы (алдын ала деректер бойынша) экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны 8,6 млн. адамды құрады. Экономиканың әртүрлі саласында 8,1 млн. адам жұмыспен қамтылды, бүл 2009 жылдан 2,7%-ға көп. Жұмыссыздардың саны көрсетілген кезенде 496,6 мын. адамды, жұмыссыздық деңгейі 5,8% құрады.
2010 жылы жұмыспен қамтылған халықтың арасында ерлер саны 4,2 млн. адамды құрады, немесе 51,3%, әйелдер – тиісінше 3,9 млн. адам және 48,7%. Барлық жұмыспен қамтылғандардан жалдамалы қызметкерлердің үлесі 66,7%, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар – 33,3% құрады.
Кесте 3- 2011 жылғы III тоқсандағы жұмыспен қамтылу мәртебесі мен жынысы бойынша жұмыспен қамтылған халық
Барлығы |
соның ішінде | |||||
ерлер |
әйелдер | |||||
мың адам |
үлес салмағы, % |
мың адам |
үлес салмағы, % |
мың адам |
үлес салмағы, % | |
Жұмыспен қамтылған халық, барлығы |
8443,3 |
100,0 |
4325,1 |
100,0 |
4118,2 |
100,0 |
Жалдамалы қызметкерлер |
5673,8 |
67,2 |
2919,7 |
67,5 |
2754,1 |
66,9 |
соның ішінде жұмыспен қамтылғандар: |
||||||
мемлекеттік ұйымда |
1894,9 |
33,4 |
763,8 |
26,2 |
1131,1 |
41,1 |
мемлекеттік емес ұйымда |
2724,7 |
48,0 |
1607,8 |
55,1 |
1116,9 |
40,5 |
жеке тұлғаларда |
708,4 |
12,5 |
312,9 |
10,7 |
395,5 |
14,4 |
шаруа (фермер) қожалықтарында |
345,8 |
6,1 |
235,2 |
8,0 |
110,6 |
4,0 |
Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар |
2769,5 |
32,8 |
1405,4 |
32,5 |
1364,1 |
33,1 |
соның ішінде: |
||||||
жұмыс берушілер |
175,5 |
6,3 |
104,6 |
7,4 |
70,9 |
5,2 |
өз бетінше жұмыс істейтін қызметкерлер |
2497,0 |
90,2 |
1244,1 |
88,5 |
1252,9 |
91,8 |
өндірістік кооператив мүшелері |
23,4 |
0,8 |
16,4 |
1,2 |
7,0 |
0,5 |
отбасылық кәсіпорындардың ақы төленбейтін қызметкерлері |
73,6 |
2,7 |
40,3 |
2,9 |
33,3 |
2,5 |
Жоғары және орта кәсіптік (арнаулы) білімі барлар 5,2 мың адам, бұл жұмыспен қамтылған халықтың 62,0% құрайды. Ерлермен салыстырғандағы жоғары және орта кәсіптік білімі бар жұмыспен қамтылған әйелдердің үлесі жоғары.
Кесте 4- 2011 жылғы III тоқсандағы білім денгейі және жынысы бойынша жұмыспен қамтылған халық
Барлығы |
соның ішінде | |||||
ерлер |
әйелдер | |||||
мың адам |
үлес салмағы, % |
мың адам |
үлес салмағы, % |
мың адам |
үлес салмағы, % | |
Жұмыспен қамтылған халық, барлығы |
8443,3 |
100,0 |
4325,1 |
100,0 |
4118,2 |
100,0 |
олардан білімі барлар: |
||||||
жоғары |
2471,9 |
29,3 |
1090,5 |
25,2 |
1381,4 |
33,5 |
аяқталмаған жоғары |
235,0 |
2,7 |
122,7 |
2,8 |
112,3 |
2,7 |
орта кәсіптік (арнаулы) |
2531,7 |
30,0 |
1298,0 |
30,0 |
1233,7 |
30,0 |
бастауыш кәсіптік |
631,6 |
7,5 |
401,3 |
9,3 |
230,3 |
5,6 |
жалпы орта |
2356,3 |
27,9 |
1300,9 |
30,2 |
1055,4 |
25,6 |
жалпы негізгі |
181,8 |
2,2 |
96,6 |
2,2 |
85,2 |
2,1 |
жалпы бастауыш |
35,0 |
0,4 |
15,1 |
0,3 |
19,9 |
0,5 |
2011 жылғы III тоқсанда жұмыссыздар саны (табысты жұмысы болмаған, оны үздіксіз іздеген және оған кірісуге әзір болған 15 және одан жоғары жастағы адамдар) 472,3 мың адамды құрады және өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9,4 мың адамға немесе 2,0% қысқарды. Жұмыссыздық деңгейі 5,3% (2010ж. III тоқсанда – 5,6%) құрады.
Ағымдағы жылғы III тоқсанда жұмыссыз ерлердің үлесі 44,0%, әйелдердің үлесі – 56,0% құрады. Жұмыссыз әйелдердің саны 264,5 мың адамды құрады, бұл ерлердің санынан 56,7 мың адамға (27,3%-ға) көп.
2011 жылғы III тоқсанда жұмыссыздардың жалпы санындағы жастардың (15-24 жастағы) үлесі 13,6% немесе 64,2 мың адамды құрады. Жастар жұмыссыздығының деңгейі 4,7% (2010ж. II тоқсанда – 4,7%) болды.
2011 жылғы қыркүйектын соңында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша) 78,7 мың адамды құрады, бұл 2010 жылғы осы кезеңге қарағанда 17,8 мың адамға немесе 29,3%-ға қөп. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздардың үлесі 0,9% (2010 жылғы қыркүйекте – 0,7%) болды.
3 ҚР-дағы еңбек нарығындағы проблемалар мен оны шешу жолдары
3.1 Еңбек нарығындағы мәселелер мен еңбек нарығын дамыту
Адамзат тарихының тәжірибесі, адамның еңбекке деген ең жақсы ынтасы, яғни, талаптануы, тек нарық, оның ішінде еңбек нарығы жағдайында ғана іске асатындығын көрсетті. Еңбек нарығы дегеніміз бұл ең алдымен жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным. Әрине, бұл тым ерекше, өзгеше нарық. Жұмыс күшін реттеуде оны әкімшілдік-әміршілдік әдіске қарама-қарсы әдіс деп қарауға болады. Еркін еңбек – бұл тиімді экономиканың негізі.
Осы уақытқа дейін біздің елімізде еңбек нарығы болмады. Мамандарды қайта дайындаудың тым қарапайым жүйесінің болуы – тұрғындарды толық, бірақ тиімсіз түрде жұмыспен қамтуға жағдай туғызды, өмір сүру ресурстарын бөлуде теңгермешілдікке жол берді, ал ол белгілі бір дәрежеде қоғамның өндіргіш күштерді орналастыру бағдарламасына сәйкес орталықтанған жоспар бойынша өндіріс салалары мен аймақтарына бөлу арқылы шешіп отырды. Жаңа жұмыс орындарын жасау еңбек етуге қабілеті бар тұрғындардың санына асып кетіп отырды, ал ол, өз кезегінде жұмысв күшінің тапшылығын тудырды. Және де, бұл кардарлық экстенсивті типтегі шаруашылық механизмінен қолдау тауып отырды: кәсіпорынның жалақы қоры жұмыскерлердің санынан тәуелді болды, олардың санының өзгеріп отыруы еңбек өнімділігінің төмендігінің және жұмыскерлерді өндірістегі негізгі жұмыстарынан ауыл шаруашылық және басқа жұмыстарға пайдаланудың орнын толтыруға тиіс еді.
Оның есесіне жұмыскерге, белгілі бір жұмыс орнына ие болуға нақты кепілдік берілетін және оны жұмыстан шығару іс жүзінде мүмкін болмады. Соның нәтижесінде жұмыс күшіне деген сұраныс еркіндігі мен ұсыным еркіндігі қатаң шектелді. Мемлекет жұмыскерлердің белсенділігі мен қозғалысына қатаң бақылау жасап отырды, олардың өздерінің жұмыс күшін қолдануына тек қана мемлекет белгіленген еңбек нысандарының шеңберінде ғана рұқсат етілді [6.7].
Кадрларды тұрақтандыруда «жас маман» институты, белгілі бір кезеңге мерзімдік шартқа қол қою сияқты тікелей әдістер, тиісті жұмыс уақыты өтелгеннен кейін пәтер беруге уәде ету, бір кәсіпорында істеген үзіліссіз жұмыс стажын жоғалту қатері сияқты жанама әдістер де қолданылды. Өздерінің қабілетін толығырақ көрсетуге және лайықты өмір қалпын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жұмыс іздеу ұмтылысы – қалада төлқұжат тәртібі түрінде, елде керісінше колхозшыларға төлқұжат бермеу, жұмыстан шығуға кедергі жасау, пәтер алу қиындықтары сияқты әкімшілік механизмі кедергілеріне тірелетін. Бір орында ұзақ уақыт жұмыс істеу экономикалық тұрғыдан да және әлеуметтік тұрғыдан да ынталандырылды. Соның нәтижесінде еңбекті ауыстырудың экономикалық заңы бұзылды. Оның мәні – адам өзінің экономикалық жағдайын жақсарту үшін белсене жұмыс істеуі керек, ал ол, үнемі өзін-өзі жетілдіруді қажет етеді, соған сәйкес жұмыс істейтін өмірінің барлық кезеңі бойына еңбек ету нысанын ауыстырып отырады.