Еңбек нарығы және оның теориялық мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 19:45, курсовая работа

Описание работы

Сондықтан еңбек нарығында белгілі ағымдар қалыптасады: жұмысшы күші құрамынан шығушылар, жұмысшы күші құрамына кірушілер; жұмыс іздеуден бас тартқандар; жұмыс іздеуді бітіргендер; жұмыс тапқандар және т.б. Осы адамдардың бейімділігі қоғамдағы жұмысшы күшінін нарықтық динамикасын сипаттайды.

Содержание

Кіріспе
3

1 Еңбек нарығы және оның теориялық мәні

1.1 Еңбек нарығы туралы түсінік және оның мәні
5
1.2 Еңбек нарығындағы жұмыссыздық түсінігі
8

2 ҚР халықты жұмыспен қамтамасыз ету жағдайын талдау

2.1 Мемлекеттің жұмыспен қамту саясатын талдау
12
2.2 ҚР жұмыспен қамтылған адамдар мен жұмыссыз адамдар санының динамикасы
19

3 ҚР-дағы еңбек нарығындағы проблемалар мен оны шешу жолдары

3.1 Еңбек нарығындағы мәселелер мен еңбек нарығын дамыту
25
3.2 Жұмыспен қамту мәселесін шешу жолдары және шетел тәжірибесі
27

Қорытынды
33

Қолданылған әдебиеттер
35

Работа содержит 1 файл

Еңбек нарығы макро.doc

— 301.00 Кб (Скачать)

Еңбек нарығы — бұл өте икемді құрылымдық-функционалдық құрамы бар динамикалық нарық.

Сондықтан еңбек нарығында белгілі ағымдар қалыптасады: жұмысшы күші құрамынан шығушылар, жұмысшы күші құрамына кірушілер; жұмыс іздеуден бас тартқандар; жұмыс іздеуді бітіргендер; жұмыс тапқандар және т.б. Осы адамдардың бейімділігі қоғамдағы жұмысшы күшінін нарықтық динамикасын сипаттайды.

 

 

1.2 Еңбек нарығындағы жұмыссыздық түсінігі

 

Жұмыссыздық - экономикалық тұрғыдан белсендi халықтың бiр бөлiгiнiң  еңбек рыногында қажет болмай қалуына байланысты әлеуметтiк-экономикалық құбылыс

Анықтама бойынша жұмыссыздық - халықтың активті бөлігінің жасауға қабілетті жұмыс таба алмау.

Жұмыссыздық әлемдегі  орталық проблеммалардың бірі болып  табылады. Және де ол бір жүйеден  екіншісіне өтетін елдерде кең байқалады.

Мысалға мұндай процес Қазақстанда жүріп  жатыр. Ол өзімен бірге бірқатар жаңа проблемаларды алып келеді. Сонымен қатар жұмыссыздық проблеммасы адамдармен тығыз-байланысты және соларға тікелей әсер етеді. Жұмысынан айрылу олардың табысының азаюына, өмір сүру деңгейінің төмендеуіне, сонымен қатар психологиялық стреске алып келеді. Осы себепті көптеген саясат адамдары өзінің сайлауалды компанияларында жұмыс орындарын жасауға көп көңіл бөледі.

Жұмыссыздықты зерттеу олардың пайда болу себептерін аныктайды, мемлекеттің тарапынан  шараларды анықтайды. Бірақ сонымен  қатар көптеген экономистердің ойынша жұмыссыздық қажет нәрсе, оны зұлымдық ретінде қарастыруға болмайды [6].

Өйткені жұмыссыздықтың ең маңызды пайдалы  жақтарына оның сапалы еңбекті, бәсекені туындыратыны болса керек. Менің  жұмысымның мақсатына осы жатады.Жұмыссыздық  негізінен жұмыс орнына сай келетін адамдардың азаюынан, адамдардың санының көбеюінен пайда болады. Жұмыссыз ретінде жұмыссыздар биржасында тіркелген, жұмыс табуға нақты мүмкіндігі жоқ адамдар айтылады.

Жұмыссыздықтың  келесі түрлері бар:

• Фрикционды

• Структуралық

• Циклдық

• Сезондық

• Аймақтық

Фрикционды  жұмыссыздық. Бұл жұмысшының бір  жұмыстан екінші жұмысқа ауысуынан  пайда болады. Бұл экономикада  тұрақты түрде болады. Бұл жұмыссыздықты  ақпараттық қамтамассыз ету арқылы, жұмыс берудің структурасы жақсарту арқылы жетуге болады [2].

Структуралық жұмыссыздық. Бұл сұраныс структурасы мен еңдіріс технологиясы өзгеруінің салдарынан болады. Ол негізінен жаңа процестер есебінен жұмысшылардың профессиясын жаңартуға итермелейді.

Циклдық жұмыссыздық. Бұл өндірістің циклды түрде төмендеуімен байланысты болады. Сонда өндірісті аздаған инвестицияның есебінен өсіруге болады. Өйткені еңбек ресурстары өте көп.

Жүмыссыздық пен өндірістен шығындар арасында 0укен заңдары жүреді. Ол=ВНП*2,5% потенциальный выпуск.

Өтпелі  кезең - экономикалық жүйедегі түбегейлі езгерістер есебінен елдің экономикасы сапалы түрде жаңа түрге өтетін уақыт аралығы.

Мұндай  кезеңді ТМД елдерінің барлығы  өтті. Ел тұрғындырының нақты табысының  азаюы экономикалық төмендеудің  негізі болып табылады. Тап осы  жұмыспен қамту саласында тұрақты экономика мен өтпелі экономика арасындағы айырмашылық айқын сезіледі. Өтпелі кезеңдегі өндірістің төмендеуі адекватты түрде жұмыссыздықтың өсуіне әкелмейді. Ал бұл еңбек өнімділігі нақты жалақыға қарағанда тезірек төмендеуі инвестиция салудан экономика жағдайы жақсармайды. Экономиканы сауықтыру шаралары мен классикалық-теория ұсынатын әдістерін жоққа шығарып жалақы өсіру пайда әкелмейді. Сонымен қатар өтпелі экономикадағы елдердің жағдайын ескере отырып, онда статистика мәліметтері мен нақты жағдайдын арасындағы алшақтықты ескеру қажет.

Бұл жағдайларды зерттеу арқылы біз  осындай өтпелі процестерді реттеу механизмдерінің барлығын ескеру қажет. Механизмдер ретінде мынадай  әдістерді қолданамыз: жалақыны мемлекет тарапынан реттеу, жұмыс берушімен  мемлекеттен тәуелсіз кәсіподақтар ықпалымен жалақының өсуі.

Бірақ та көбіне жалақыны жұмыс берушілердің арасындағы корпоративті байланыстрдың  арқасында жұмыс берушілер өз талаптарына сай қояды. Бұл өз кезегінде монополиялық және олигаполдық  механизмдердің күш алуына әкеліп соғады. Осы өтпелі кезеңді өту үшін екі типтегі мәселелерді шешу қажет.

1. теңсалмақты  экономиканы құру, негізінен макроэкономикалық  өзгерістер арқылы шешіледі, яғни  нарықты әртүрлі ресурстарға  толтыру.

2. жоғарыдағыдан  туатын нарықтық экономиканы  экономикалық прогрестің негізгі қозғаушы күшіне айналдыру, ол үшін технологиялық прогрес қажет.

Көбіне  жұмыссыздықтың экономикалық әсері  сипатталады да, кумулативті характерге ие әлеуметтік әсері ескерусіз қалады. Бірақ та жұмыссыздықтың елдің жағдайына  тигізетін әсері көбіне әлеуметтік жағдаймен өлшенеді.

Енді  сол-салдарларға тоқталсақ.

Кері  әсерлер:

1. Крименогенді  жағдайдың өршуі

2. әлеуметтік  кернеудің өршуі

3. физикалық  және психологиялық аурулардың  көбеюі

4. әлеуметтік  дифференцияның өсуі

5. еңбек  белсенділігінің төмеңдеуі

Пайдалы әсері:

1. Жұмыс  орнының әлеуметтік маңызының  артуы

2. Өз  бос уақытының көбеюі

3. Жұмыс  орнын таңдаудағы еркіндік

4. Әлеуметтің  мән мен еңбек құндылығының  артуы

  Экономикалық салдарлар:

Кері  әсерлер:

1. Алған  білімнің құндылығын жоюы

2. Өндірістің  төмендеуі

3. Жұмыссыздарға  көмек шығындары

4. Квалификациясын  жоғалту

5 Өмір  сүру деңгейінің төмендеуі

6. Ұлттық  табыстың төмендеуі

7. Салықтың  аз жиналуы

  Пайдалы әсері:

1. Экономиканы  қайта жарақтауға жұмыс күшіің  резервін жасақтау

2. Еңбекке бейімділігін өсіру мақсатында жұмысшылар арасында конкуренция

3. Білімін  жоғарылату үшін уақыт

4. Еңбек  өнімділігі мең өндіріс интенсивтілігі  жоғарылауы

Біздегі жұмыссыздық, жалпы алғанда жұмыссыздық  жұмыс күштерін резервациялайтын қойма  рөлін атқарады. Әртүрлі структуралық өзгерістерге ұшырау салдарынан пайда болған артық жұмыс күші, әрине, белгілі бір уақыттан кейін басқа салаларды меңгеру арқылы жұмыс табады. Бірақ ол үшін оларға мемлекет және қоғам тарапынан көмек қажет [9].

Қарап отырсақ, біздегі жұмыссыздық екі түрлі қарама қайшылыққа кездеседі. Біріншісі кадр тапшылығы болса, екіншісі белгілі бір салаларда оның артықтығы. Осы мәселелер ең бір шешім қиын мәселелер, дегенмен, оны да жоғарыда айтылған үлкен қоғамдық өзгерістер шешеді.

 

 

 

2 ҚР халықты жұмыспен қамтамасыз ету жағдайын талдау

 

2.1 Мемлекеттің  жұмыспен қамту саясатын талдау

 

Жұмыспен қамтылған  халыққа:

1) жеке еңбек шартымен  жұмыс iстейтiн, оның iшiнде толық  не толық емес жұмыс уақыты  жағдайларында сыйақы үшiн жұмыс  орындайтын немесе өзге де ақы төленетiн жұмысы (қызметi), кiрiсi бар;

2) кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын;

3) өз бетiнше жұмыспен айналысатын;

4) қосалқы кәсiпшiлiкпен  айналысатын және өнiмдi шарттар  бойынша өткiзетiн; 
      5) жұмысты азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша орындайтын азаматтар, сондай-ақ өндiрiстiк кооперативтердiң (артельдердiң) мүшелерi; 
      6) ақы төленетiн қызметке сайланғандар, тағайындалғандар немесе бекiтiлгендер;

7) Қазақстан Республикасының  Қарулы Күштерінде, ұлттық қауiпсiздiк  органдарында, Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрлiгiнiң iшкi әскерлерiнде, Республикалық ұланда, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң бөлiмдерiнде және өзге де әскери құралымдарда қызмет өткерiп жүрген азаматтар жатады.

Халықты жұмыспен қамту туралы заңдар

1. Қазақстан Республикасының  жұмыспен қамту туралы заңдары  Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы заңнан және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.

2. Жұмыспен қамту туралы  заңдар Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.

3. Қазақстан Республикасы  бекiткен халықаралық шарттар  осы Заңнан басым болады және  халықаралық шарттар, оны қолдану  үшiн заң шығару талап етiлетiн  реттердi қоспағанда, тiкелей қолданылады.

Халықты жұмыспен қамту  саласындағы мемлекеттiк саясаттың  негiзгi принциптерi және бағыттары

1. Мемлекет азаматтардың  жұмыспен нәтижелi әрi еркiн таңдау  арқылы қамтылуына жәрдемдесетін  саясат жүргiзілуiн қамтамасыз  етедi.

2. Жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясат: Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қызмет пен кәсiп түрлерiн еркiн таңдауға бiрдей мүмкiндiктердi, әдiл де қолайлы еңбек жағдайларын, жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етуге; нәтижелi жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, жұмыссыздықты азайтуға, жұмыс орындарын ашуға; бiлiм беру жүйесiн еңбек рыногының қажеттерiне және инвестициялық саясатты ескере отырып, оның даму перспективасына сай кадрлар даярлау iсiне бағдарлауға; азаматтардың заңдарға сәйкес жүзеге асыратын еңбек және кәсiпкерлiк бастамаларын қолдауға, олардың өнiмдi және шығармашылық еңбекке қабiлетiн дамытуға жәрдемдесуге; бар жұмыс орындарын сақтаған және жаңа жұмыс орындарын, оның iшiнде нысаналы топтарға арналған жұмыс орындарын ашатын жұмыс берушiлердi ынталандыруға; уәкiлеттi орган және жеке жұмыспен қамту агенттiгi арқылы еңбек делдалдығын ұйымдастыруға; шетелдiк жұмыс күшiн тартуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшiн шығаруға байланысты қызметтi лицензиялауға; шетелдiк жұмыс күшiн тартуға квота белгiлеу жолымен iшкi еңбек рыногын қорғауға; жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөнiндегi республикалық iс-шараларды жергiлiктi атқарушы органдар қолданатын шаралармен ұштастыруға; халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметтi экономикалық және әлеуметтiк саясаттың басқа да бағыттарымен үйлестiруге; еңбек рыногының бiрыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруға; мемлекеттiк органдардың халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететiн шараларды әзiрлеу мен iске асыру жөнiндегi қызметiн үйлестiрiп, реттеп отыруға және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға; Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдегi және шетелдiктердiң Қазақстан Республикасының аумағындағы еңбек қызметiне байланысты мәселелердi шешудi қоса алғанда, халықты жұмыспен қамту проблемаларын шешуде халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыруға; жұмыс берушілер, қызметкерлер және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын әзірлеу мен іске асыруға қатысуын қамтамасыз етуге; жұмыспен қамту саясатымен үйлестірілген, қосымша жұмыс орындарын ашу ісiн ынталандыруды қолдайтын қаржы, салық және инвестиция саясатын жүргізуге бағытталған.

Халықты жұмыспен қамту  саласындағы мемлекеттік  кепілдіктер

1. Мемлекет азаматтарға халықты жұмыспен қамту саласында:

1) кемсітушілiктің кез  келген нысанынан қорғауға және  кәсіп пен жұмысқа ие болуда  бірдей мүмкіндіктердi қамтамасыз  етуге;

2) жұмыссыздықтан әлеуметтік  қорғауға;

3) уәкілетті органдардың  делдалдығы арқылы жұмыс таңдау мен жұмысқа орналасуда жәрдемдесуге кепілдік береді.

2. Мемлекет халықтың  нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға  жәрдемдесу жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді.

Нысаналы топтарға:

табысы аз адамдар:

21 жасқа дейінгі жастар;

балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 23 жасқа дейінгі балалар;

кәмелетке толмаған балаларды  тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;

Қазақстан Республикасының  заңдарында белгіленген тәртіппен  асырауында тұрақты күтімдi, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;

зейнеткерлік жас алдындағы  адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);

мүгедектер;

Қазақстан Республикасының  Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;

бас бостандығынан айыру  және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;

оралмандар жатады.

Жергiлiктi атқарушы органдар еңбек рыногындағы жағдай мен  жергiлiктi бюджеттiң қаражатына қарай  нысаналы топтарға жататын адамдардың бұған қосымша тiзбесiн, сондай-ақ әлеуметтiк қорғау жөнiнде қосымша шаралар белгiлей алады.

Мемлекеттiк жұмыспен қамту саясатын iске асыру Орталық атқарушы орган қызметiнiң тәртiбiн, оның құқықтық мәртебесiн және құзыретiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.     

Орталық атқарушы орган  өз құзыретi шегiнде:

1) уәкiлеттi органдарға  әдiстемелiк және ұйымдық басшылықты  жүзеге асыруға;

2) еңбек рыногының  бiрыңғай ақпараттық базасын құру  негiзiнде жұмыс күшiне сұраныс  пен ұсынысты талдауға, болжауға  және халық пен Қазақстан Республикасының Үкiметiне еңбек рыногының жай-күйi туралы хабарлап отыруға;

3) халықты жұмыспен  қамтудың Республикалық бағдарламасын  әзiрлеуге;

4) iшкi еңбек рыногын  қорғау мақсатында инвестициялық  келiсiм-шарттар жобаларын қарауға  қатысуға;

5) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшiн шығаруға байланысты қызметке Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен лицензия беруге, оны тоқтата тұруға және керi қайтарып алуға;

Информация о работе Еңбек нарығы және оның теориялық мәні