Банктердің дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2011 в 13:26, реферат

Описание работы

«Коммерциялық банктер және оның міндеттері» атты тақырыптағы алған рефератым Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері жайлы қарастырдым. Жұмысым кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан және қолданған әдебиеттерден тұрады.
Бірінші бөлімінде, банктердің жалпы ашылу тарихы, оның даму сатысы және банк сөзінің қайдан шыққаны және ол қандай мағынаны білдіретіні туралы мағлұматтар бар, соның ішінде коммерциялық банктің дамуы туралы түсініктер кездеседі.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................3
1. Банктердің даму тарихы.............................................................................4
1.1. Банктердің пайда болуы мен дамуы..........................................................4
1.2. Банк туралы қысқаша түсінік.....................................................................5
2. Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктері........................6
2.1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заң................................................................................................................6
2.2. Коммерциялық банктер және олардың жіктелуі.....................................7
3. Коммерциялық банктердің операциялары....................................................8
3.1. Банктің пассивтік операциялары................................................................8
3.2. Банктің активтік операциялары...............................................................15
Қорытынды........................................................................................................20
Қолданған әдебиеттер.............

Работа содержит 1 файл

банктердің дамуы 22 бет.doc

— 170.00 Кб (Скачать)

      Сонымен қатар активтерінің  бір бөлігін  өтімді корпоративтік бағалы қағаздарға да орналастыруда. Корпоративтік бағалы қағаздарға мыналар жатады:

    • акциялар;
    • облегациялар;
    • депозиттік және жинақ сертификаттары;
    • ипотекалық куәліктер;
    • дипозит аралық қолхаттар.

      Осылардың ішінде инвестициялау операциялары акциялар мен облегацияларға байланысты көп болады. Ал қалғандарының нарығы әлі өз деңгейіне дами қойған жоқ.

      Акция – бұл акционерлік қоғамның жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәландыратын және басқару ісіне қатысуға құқық беретін, сондай-ақ иесіне табыс әкелетін бағалы қағаз.

      Облигация – оның иесінің ақшалай қаражат салғандығын куәландыратын және элементтің осы қаражат сомасы (номиналдық құны) мен пайызды қайтарып беру туралы міндеттемесін растайтын бағалы қағаз.

    • Купондық облегация – инвестор банкке пайыз мөлшерлемесі формасында, яғни 6 айда немесе жылына бір рет табыс әкелетін түрі;
    • Дисконттық облегация – инвестор банктің облегацияны шығарушыдан номиналдық құнынан төменгі бағада сатылып алып, оны өзінің құнымен қайта сату арасындағы айырма түрінде банкке табыс әкелетін түрі.

      Банктің активтік депозиттік операциялары өтімділікті  қолдау және банктермен корреспонденттік қатыгнас орнату негізінде дамиды. Мұндағы корреспонденттік қатынас банктердің бір-бірінде ашатын корреспонденттік шоттары арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар банктер активтік депозиттік операциялар негізінде банкаралық несиенің дамуына мүмкіндік жасайды.

      Банктің қаржылық операциялары несиелік операциялар  типтес, яғни банкке табыс әкелетін активтік операцияларды сипаттайды. Оларға: лизинг, факторинг және форфейтинг операциялары жатады.

      «Лизинг»  сөзі «to lease» ағылшын етістігінен аударғанда, «жалға беру» дегенді білдіреді. Лизинг – бұл лизинг берушінің өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларын, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шартын білдіреді.

      Барлық  лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер.

      Шұғыл лизинг – бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктік құнын толық өтеумен сипаттайды.

      Қаржы лизингі – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады.

      Банктердің  лизингтік операциялары несиелік операциялармен ұқсас болып келеді. Алайда лизингтік  несиеден бір айырмашылығын келісімшартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінң лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады.

      Коммерциялық  банктердің ең көп таралған делдалдық қызметінің  бір түрі – факторинг.

      Факторинг сатушылардың сатып алушыларға сатылған тауары үшін уақытын кешіктіріп төлеуге беретін тауар формасындағы және ашық шот түріндегі рәсімделетін коммерциялық несиенің болуын сипаттайды. Факторинг – клиентініңайналым капиталын несиелеумен ұштасатын, сауда комиссиондық операциясының бір түрі. Бұл жерде факторингтік компания клиенттерінің шотын 90%-ға дейін төлеу шартымен сатып алады. Факторингтің мақсаты – кез-келген несиелік операциялардың ажырамас бөлігі болып табылатын тәуекелді қалпына келтіруін шешуге бағытталады.

      «Фактор» сөзі ағылшын тілінен «factor», аударғанда «маклер, делдал» деген мағынаны білдіреді. Экономикалық жағынан алғанда – бұл делдалдық операция.

      Факторинг операциясыжабдықтаушының (банк клиентінің) жабдықталған тауары мен көрсеткен қызметтері үшін төленбеген төлем құжаттарын (шот-фактурасын) банкке сатумен байланысты комиссиондық делдалдық операция.

      Факторинг операциясына үш тарап  қатысады:

  1. Факторингтік компания (банктің фактор бөлімі) – өздерінің клиенттерінің шот-фактураны сатып алатын арнайы мекеме.
  2. Клиент (тауарды жабдықтаушы, несие беруші) – факторинг компаниясымен келісімшарт жасасушы өнеркәсіптік немесе сауда фирмасы.
  3. Кәсіпорын (қарыз алушы ) – тауарды сатып алушы фирма.

      Факторинг мәмілесін жүзеге асырудан бұрын  толық талдау жұмысы жүргізіледі. Кәсіпорыннан тапсырыс алғаннан соң, факторинг компания немесе банктың фактор бөлімі 1 – 2 апта ішінде клиенттік экономикалық және қаржылық жағдайын зерттейді. Егер де кәсіпорын факторинг компаниясы немесе банктік фактор бөлімінің клиенті бола қалған жағдайда,ол факторинг компаниясына сатып алушыға жіберілетін барлық шот-фактураны тапсырады. Әрбір құжат бойынша клиент төлеуге келісім алуға тиіс. Факторинг операциясы бүгінгі таңда отандық ақша нарығында дами алмай отыр. Факторингті енгізу сынағы, негізінен, 1988 жылы КСРО Өнеркәсіп құрылыс банкімен жүзеге асырылып, кейіннен өзге де коммерциялық банктер факторинг операцияларын орындай бастады. Сөйтіп, 90-шы жылдардың басындағы төлем дағдарысы факторинг қызметінің банктер үшін тиімсіздігін айқындап, нәтижесінде отандық банктеріміз күні бүгінге дейін бұл операцияға салғырттық танытуда.

      «Форфейтинг»  сөзі француз тілінде «a forfait», аударғанда, «құқықтан бас тарту» дегенді білдіреді. Форфейтинг – тауарларды жабдықтау немесе қызметтерді көрсету барысында пайда болатын және алдағы уақыттарда өтелеуге тиісті міндеттемелерді сатып алуды білдіру үшін пайдаланылатын термин.

      Форфейтинг  операциясы – форфейтордың, яғни коммерциялық банктің  немиесе немесе арнайы компанияның экспортерға төлеуге тиістіимпортердің бергентөлем құжатын сатып алуы.

      Форфейтинг  мәмілесінде үш қатысушы болады:

  1. экспортер, яғни тауарды орта мерзімді несиеге беруші;
  2. импортер, яғни тауарды несиеге алушы;
  3. форфейтор, яғни мәмлені қаражаттандырушы банк немесе арнайы ұйым.

      Форфейтинг  операциясының мерзімі 180 күннен 5 жылға дейінгі аралақты құрайды, кей жағдайда 7 жыл.

      Форфейтингтегі  дисконт мөлшерлемесінің құрамдас элементтеріне мыналар жатады:

    • еуровалюталар нарығындағы несиенің құны (ЛИБОР – Лондондық банкаралық пайыз мөлшерлемесі);
    • импортер елінің тәуекел құны және валютаны аударуға байланысты тәуекел құны 0,5-тен 6%-ға дейін жылдамдық мөлшерінде ауытқиды;
    • несиені басқаруға қатысты  форфейтордың шығындары (0,5-тен 6%-ға дейін жылдық);
    • міндеттеме үшін алынатын комиссия (1 – 1,5% жылдық).
 

 

Қорытынды 

      Қорытындылай  келгенде, банк жүйесі ежелден бері дамып келе жатыр. Банк сөзі италиян тілінен аударғанда үстел деген мағынанаы білдіреді. Коммерциялық банктер банктің элементі болып табылады. Қазақстан Республикасында заңға сай екі деңгейлі банк жүйесі бар. Олар: Орталық және коммерциялық банктер болып табылады. Коммерциялық банктер өз қызметтерін «Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы» заң 1995 жылы 31 тамызда, ал соңғы 2005 жылдың 8 шілдесіндегі өзгертулерге сәйкес іске асырады. Бұл заңның құрылымы 3 бөлімнен, 10 тараудан және 78 баптан тұрады. Коммерциялық банктер – бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға, сондай-ақ халыққа қызмет ететін банктерді біріктіреді. Коммерциялық банктер: жарғылық капиталдың қалыптасуына қарай, операцияларының түрлеріне қарай, аумақтық белгісіне қарай, салалық белгісіне қарай, филиалдар санына қарай жіктеледі. Үшінші бөлімінде коммерциялық банктердің жүргізетін операцияларына тоқталдым. Себебі, осы операциялар арқылы банктер халыққа қызмет көрсетумен қатар, өздеріне пайда ала алады. Олар: пассивтік және активтік операциялар. Пассивтік операциялар – бұл клиенттерге қызмет көрсетуден  басқа да көздерден қаражаттар тарту жатады. Ал активтік операциялары банк клиенттерінің есебінен және олардың тапсырмалары бойынша банктің өзінің пайдасына жүргізілетін опрециялар болып табылады. Банктің қаржылық операциялары несиелік операциялар типтес, яғни банкке табыс әкелетін  активтік операцияларды сипаттайтын лизинг, факторинг және форфейтинг операцияларын жатқызуға болады. Лизинг – бұл белгілі бір мүлікті ұзақ уақытқа лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленгін мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шартын білдіреді. Факторинг операциясы болса, төленбеген төлем құжаттарын банкке сатумен байланысты комиссиондық – делдалдық опреция болып табылады. Ал, форфейтинг опрациясы коммерциялық банктің экспортерға төлеуге тиісті  импортердің берген төлем құжатын сатып алуы болып табылады.  Осындай операцияларды іске асыру арқылы коммерциялық банктер өзіне және халыққа пайда табу көздерін жүзеге асырады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

Қолданылған әдебиеттер: 

1. «Қазақстан Республткасындағы банктер және банктік қызмет    туралы» Қазақстан Республикасының заңы. 30.08.1995ж. 

2.Ақша, несие, банктер. Ғ.С. Сейітқасымовтың жалпы редакциясы – Алматы: Экономика, 2001ж. 

3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктердің операциялары. –

Алматы: Қазақ  университеті, 2002ж. 

4.Деньги, кредит, банки /Под ред. Лаврушина О.И. –

Москва: Финансы  и статистика, 1999ж. 

5. Банковское дело / Под ред. Лаврушина О.И. –

 Финансы и  статистика, 1998ж. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Банктердің дамуы