Банктердің дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2011 в 13:26, реферат

Описание работы

«Коммерциялық банктер және оның міндеттері» атты тақырыптағы алған рефератым Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері жайлы қарастырдым. Жұмысым кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан және қолданған әдебиеттерден тұрады.
Бірінші бөлімінде, банктердің жалпы ашылу тарихы, оның даму сатысы және банк сөзінің қайдан шыққаны және ол қандай мағынаны білдіретіні туралы мағлұматтар бар, соның ішінде коммерциялық банктің дамуы туралы түсініктер кездеседі.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................3
1. Банктердің даму тарихы.............................................................................4
1.1. Банктердің пайда болуы мен дамуы..........................................................4
1.2. Банк туралы қысқаша түсінік.....................................................................5
2. Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктері........................6
2.1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заң................................................................................................................6
2.2. Коммерциялық банктер және олардың жіктелуі.....................................7
3. Коммерциялық банктердің операциялары....................................................8
3.1. Банктің пассивтік операциялары................................................................8
3.2. Банктің активтік операциялары...............................................................15
Қорытынды........................................................................................................20
Қолданған әдебиеттер.............

Работа содержит 1 файл

банктердің дамуы 22 бет.doc

— 170.00 Кб (Скачать)

    Мерзімді  салым (депозит) белгілі мерзімі бар және тұрақты пайыз төленетін, сол сияқты алдын ала алуға шек қойылатын салым.

    Салым иесі кесілген мерзімнен бұрын алған  жағдайда банк айып-пұл ретінде оған төленетін пайызды төлемей қалуға толық құқылы.

    Мерзімді  салымдар мен мерзімді депозиттердің  ерекшеліктері болады:

  • есеп айырысу үшін пайдаланылмайды, әрі мұндай шоттарға ешқандай да есеп айырысу құжаттары толтырылмайды;
  • шоттағы қаражат баяу айналады;
  • тұрақты пайыз төленеді;
  • пайыз мөлшерінің ең жоғарғы деңгейі Орталақ банк тарапынан реттеліп отырады;
  • ақшны алуы туралы салым иесінің алдын ала хабардар етуі талап етіледі;
  • бұл шоттағы қаражаттар бойынша ең төменгі мөлшерде резервтер белгіленеді.

    Тағы  бір кеңінен таралған салымның түрі – жинақ салымдары. Олардың белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның жоғары шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын көрсетуі қажет.

    Жинақ салымдарының тұрақты мерзімі болмайды. Бұл салымдардың түрі бойынша, мерзімді депозиттерге қарағанда төменгі  мөлшерде пайыз төленеді. Жинақ салымдары  жинақ кітапшалары негізінде  толтырылады.

    Жинақ салымдарының мынандай ерекшеліктері болады:

  • ақшалай қаражаттар сақтауда тұрақты мерзім болмайды;
  • шоттағы қаражатты алдын ала алу барысында ешқандай да ескерту талап етілмейді;
  • ақшаны шотқа саларда немесе шоттан аларда міндетті түрде ақшалай қаражаттар қозғалысы көрсетілетін жинақ кітапшасының болуы талап етіледі.

    Отандық банктік тәжірибеде жеке тұлғаға  ашылатын жинақ салымдары салым  операцияларының мерзіміне және мазмұнына қарай мынандай түрлерге бөлінеді:

  • мерзімді жинақ салымдары;
  • қосымша жарна қосатын мерзімді жинақ салымдары;
  • ұтыс салымдары;
  • ақшалай-заттай ұтыс салымдары;
  • мақсатты және ағымдық салымдар;
  • алдын ала алуын хабарлайтын салымдар;
  • валюталақ салымдар.

    Мерзімді  жинақ салымдарға тұрақты мерзімі белгіленетін  және сол марзім өткенше алуға мүмкінемес салымдар жатады. Мерзімді жинақ салымдарына басқа жинақ салымдарға қарағанда жоғарғы мөлшерде пайыз төленеді.

    Мерзімді  депозиттер және жинақ салымдары  депозиттік ресурстардың біршама тұрақты  бөлігін білдіреді.

    Қосымша жарна қосатын  салымдар – бұл шоттағы қаражатқа алдын ала келісілген уәде бойынша үздіксіз ақшалай соманы қосып отыруға болатын салымды білдіреді. Бұл шотта жинақталынған сома белгілі бір күнде (жаңа жылдық салым, бойжеткен кезде және т.с.с) толық төленеді.

    Ағымдық жинақ салымдар, негізінен, жалақы, зейнетақы, үздіксіз төлемдерді төлеу үшін жинақталатын және пайдаланылатын қаражаттарды білдіреді. Мұндай салымдар бойынша өте төменгі пайыз төленеді.

    Мерзімді  депозиттер мен жинақ салымдарының бір түріне депозиттік және жинақ  сертификаттарын жатқызуға болады.

    Депозиттік және жинақ сертификаттары – бұл салым иесіне белгілі бір мерзім өткен соң, тиісті қаражатты және оған есептелетін пайызды алуға құқық беретін және оның шотындағы ақшалай қаражаттардың барлығын куәландыратын элемент банктің жазбаша куәлігі.

    Депозиттік және жинақ сертификаттары иемденуіне қарай екі түрлі болып келеді:

    Атаулы  дипозиттік және жинақ сертификаттары бұл салым иелерінің атына  толықтырылып беріледі. Ал мәлімдеуші сертификаттарда салым иесінің  аты-жөні көрсетілмейді, яғни оны кім иеленсе, сол қаражаттың иесі болып сналады.

    Депозиттік  және жинақ сертификаттары сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер  үшін төлеуге болатын төлем құралы немесе есеп айырысу қызметін атқара алады. Депозиттік сертификаттар көбіне ірі сомада шығарылатындықтан да, оларды заңды тұлғалар сатып алады.

    Әлемдік тәжірибеде депозиттік сертификаттардың мынандай екі түрі бар:

      1. Аударылатын;
      2. Аударылмайтын.

    Аударылмайтын депозиттік сертификаттар салым иелерінің қолдарында болып, уақыты жеткен соң банкке ұсынылады.

    Аударылатын депозиттік сертификаттар басқа бір тұлғаға екінші нарықта сатып алу-сату арқылы өтеді.

    Жинақ сертификаты жеке тұлғаға арналып  шығарылады. Жинақ сертификатының мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзім аралығына  құрайды. Жинақ сертификаты тек  жеке тұлғаларға ғана беріледі.

    Мерзімді  депозиттік және жинақ сертификаттары мерзімнен бұрын төлеуге ұсынылуы мүмкін. Мұндай жағдайда банк сертификаттары сатып алады, бірақ төменгі мөлшерде пайыз төлейді. Коммерциялық банктер үшін бұл сертификат ресурсты жинақтау тиімділігімен, яғни ірі соманың белгілі бір мерзімге түсуін сипаттайды.

    АҚШ-тың  банктік тәжірибесінде, талап етуге  дейінгідепозиттік шоттармен қатар, сондай шоттар түріндегі Нау-шот және куәландырылған чектер сияқты депозиттер АҚШ банктерінде кеңінен қолданылады.

    Нау-шоттар – бұл пайыз төленетін, чектер депозиттер болып табылады.

    Нау-шотың мынанадай өзіне тән ерекшеліктері болады:

  • Бұл шот бойынша пайыз төленеді;
  • Бұл шот жеке тұлғаларға  немесе пайда таппайтын ұғымдарға ашылады;
  • Салым иелерінен бұл шотта ең төменгі қаражат болуы  талап етпейді.

    Куәландырылған  чектер шоттары – бұл куәландырылған чектерді төлеу үшін, сақталатын банктердегі талап етуіне дейінгі депозиттік шоттағы қаражаттары.

    Куәландырылған  чектер – бұл банктің, шоттағы қаражаттың барлығын чектер арқылы  куәландыруы.

    Американдық банктік тәжірибелерде жаңа депозит  түріне ақша нарығының депозиттік шоты жатады.

    Оның  мынандай ерекшелігі бар:

  • ақша нарығының басқа құралдары бойынша мөлшерлемелерінің өзгеруіне байланысты, әр аптада шот бойынша пайыз мөлшерлемесінің өзгеріп отыруы;
  • шот бойынша ең төменгі қалдықтың болуының талап етілуі;
  • шалымдардың сақтандырылуы;
  • иемденуші, үшінші жақтан төлемдер үшін айына шоттан алты рет аударма жасауына болады, мұның ішінде үшеуі чекті көшіріп жазу жолымен, үшеуі телефон арқылы жүзеге асады.

    Банктегі  дипозиттер түріндегі бағалы қағаздар мынандай түрлерге бөлінеді:

    • кәсіпорындар және акционерлік қоғамдардағы банктердің акциялары мен облегациялары;
    • банкке сақталуға берілген және ссудамен қамтамасыз етілген акциялар мен облегациялар;
    • шетелдік валюталармен жасалатын операциялар бойынша бағалы қағаздар мен құндылықтар.

      Отандық банктеріміздің тартылған қаражаттары  ішінде банкаралақ несиелің де рөлі жоғары.

    Банкаралық  несие – бұл коммерциялық банктердің бір-біріне беретін несиелері.

    Банкаралық  несие  бұл басқа ресурстармен салыстырғанда өте қымбат ресурс болып табылады.

    Банкаралық  несиенің бір түріне Ұлттық банктің коммерциялық банктерге қысқа мерзімді өтімділігін қолдап отыру мақсатында беріліп отырған мынандай несиелерін жатқызуға болады: овернайт (бір түндік) және күндізгі заемдар.

    Овернайт  – банктердің Ұлттық банктегі корреспонденттік шотында дебеттік қалдықтың пайда болуына байланысты бір түнге берілетін несие.

    Мысалығы, оны бүгін кешке алған жағдайда, ертеңіне кешке қайтаруға тура келеді. Кей жағдайда бұл несиені алу жұмыс аптасының соңғы күні немесе жұма күнге түссе, онда несие келесі аптаның бірінші күні қайтарылуы тиіс.

    Күндізгі  заем – банктік жұмыс күні ішінде банктердің Ұлттық банкте ашқан керреспонденттік шотында уақытша қаражат жоқтығына несие жетіспеуіне байланысты ақшалай аударымдар мен төлемдер жасау мақсатында берілетін несие.

    Бұл аталған несиелер қысқа мерзімді. Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктерге  бүгінгі күні орта және ұзақ мерзімде несиелерді бермейді.

    Осындай жағдайда коммерциялық банктердің активтік операцияларын қаржыландырудың басты көзі ретінде пайдаланылатын тартылған қаражаттарды жинақтауда, коммерциялық банктерден депозиттік саясатты белсенді түрде жүргізе отырып, депозиттік операцияларды ұйымдастыру барысында коммерциялық банктер баланс өтімділігін сақтай отырып, мынандай талаптарды ескеруі тиіс:

  • депозиттік ресурстардың қаржыландыратын активтік оперфциялардың мерзімдері мен сомасына сәйкес келуі:
  • депозиттік операциялар банк пайдасын ұлғайтуға немесе болашақта пайда алу үшін жұмыс жасауға тиіс;
  • депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде мерзімді депозиттер мен иерзңмді салымдардың көбірек тартылуына  көңіл бөлу;
  • салым иелерінің санын өсіру мақсатында, депозиттік операциялар түрлерін ұлғайтып, қосымша қызмет көрсетіп, жеңілдіктер жасауға тиіс.
 

    3.2.Банктердің активтік операциялары 

          Активтік  операциялар – бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналыстыру жүзеге асыратын операцияларды айтады.

    Активтік  банктік операциялар өзінің формасына  және тағайындалуына қарай әр түрлі  болып келеді. Банктердің активтік операцияларының ең көп тараған  түрлеріне мыналар жатады:

    • ссудалық (несиелік) оперциялар;
    • инвестициялық операциялар;
    • депозиттік операциялар;
    • қаржылық операциялар;
    • басқа да операциялар.

    Банк  активтік операцияларының маңызды  бөлігін  банктік несиелік (ссудалық) операциялары негізінде алады. Банктік  ссудалық операциялары негізінде ссудалық портфель құрылады. Банктік ссудалар біршама табысты және жорары тәуеклді болып табылады. Бұл активтер топтары банктің басты пайда көзі  ретінде қызмет етеді.

    Ссудалық  операциялар банктің ресурстық  базасын орналастыруда  банктің  активті қызметінің негізгі бөліген (мыс, 80%-ға жуық) құрайды.

    Банктің инвестициялық операциялары – несиелік операциялардан кейін банкке табыс әкелетін операциялар. Банктің инвестициялық операциялары негізінде бағалы қағаздар портфелі қалыптасады. Банктің бағалы қағаздар портфелін қалыптастырудың екі мақсаты болады: біріншісі – банкке табыс әкелу, екіншісі - өтімді активтер қатарын толықтыру.

    Банктің инветициялық операция жүргізетін бағалы қағаздары екі топқа бөлінеді:

    1. Мемлекеттің бағалы қағаздары;
    2. Корпоративтік бағалы қағаздар.

    Мемлекеттің бағалы қағаздары табыстылығына  қарай үш түрге бөлінеді:

    • Дисконттық, мұндай бағалы қағаздар алғашқы нарықта инвесторларға жеңілдікпен (номиналдық құнынан төменгі бағамен) сатылып, номиналдық құны бойынша өткізіледі.
    • Купондық, яғни номиналдық құнына пайызбен бейнелеген табыс әкелетін бағалы қағаздар. Купон мерзіміне қарай жылына 2 – 4 ретке дейін төленеді.
    • Аралас, яғни купон және дисконт түрінде қатар табыс әкелетін бағалы қағаз. Бұл жағдайда инвестор банктің табысы екі көзден: дисконт түріндегі және купон мөлшерлемесі түріндегі табыстардан құралады.

Информация о работе Банктердің дамуы