Банктердің дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2011 в 13:26, реферат

Описание работы

«Коммерциялық банктер және оның міндеттері» атты тақырыптағы алған рефератым Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері жайлы қарастырдым. Жұмысым кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан және қолданған әдебиеттерден тұрады.
Бірінші бөлімінде, банктердің жалпы ашылу тарихы, оның даму сатысы және банк сөзінің қайдан шыққаны және ол қандай мағынаны білдіретіні туралы мағлұматтар бар, соның ішінде коммерциялық банктің дамуы туралы түсініктер кездеседі.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................3
1. Банктердің даму тарихы.............................................................................4
1.1. Банктердің пайда болуы мен дамуы..........................................................4
1.2. Банк туралы қысқаша түсінік.....................................................................5
2. Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктері........................6
2.1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заң................................................................................................................6
2.2. Коммерциялық банктер және олардың жіктелуі.....................................7
3. Коммерциялық банктердің операциялары....................................................8
3.1. Банктің пассивтік операциялары................................................................8
3.2. Банктің активтік операциялары...............................................................15
Қорытынды........................................................................................................20
Қолданған әдебиеттер.............

Работа содержит 1 файл

банктердің дамуы 22 бет.doc

— 170.00 Кб (Скачать)

        Қазақстан Республикасы Білім  және ғылым министрлігі 
         
         
         
         
         
         
         
         

Р Е Ф Е Р А Т 

Тақырыбы:

Банктердің  дамуы 
 
 
 

                                       Орындаған:

                                       Тексерген: 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Мазмұны: 

Кіріспе.................................................................................................................3

 1.   Банктердің даму тарихы.............................................................................4

    1.1. Банктердің  пайда болуы мен дамуы..........................................................4

    1.2. Банк туралы  қысқаша түсінік.....................................................................5 

    2.    Қазақстан  Республикасының  екінші деңгейлі  банктері........................6

    2.1.  «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заң................................................................................................................6

    2.2.   Коммерциялық банктер және олардың жіктелуі.....................................7 

    3. Коммерциялық банктердің операциялары....................................................8

    3.1. Банктің пассивтік операциялары................................................................8

     3.2. Банктің активтік операциялары...............................................................15 

     Қорытынды........................................................................................................20

Қолданған әдебиеттер...........................................................................................21 
Кіріспе

         «Коммерциялық банктер  және оның міндеттері» атты тақырыптағы алған рефератым Қазақстан Республикасының  коммерциялық банктері жайлы қарастырдым. Жұмысым кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан және қолданған әдебиеттерден тұрады.

      Бірінші бөлімінде, банктердің жалпы ашылу тарихы, оның даму сатысы және банк сөзінің қайдан шыққаны және ол қандай мағынаны білдіретіні туралы мағлұматтар бар, соның ішінде коммерциялық банктің дамуы туралы түсініктер кездеседі.

      Екінші  бөлім «Қазақстан Республикасындағы  банктер және банк қызметі туралы»  заң туралы айтылады және де сол заңның бекітілген уақыты мен оның қанша баптан құралғанын оқып білуге болады. Осыған қоса қарастырған коммерциялық банктердің жіктелу сатысы және сол жіктелген сатысының түрлері қарастырылды.

          Үшінші бөлім коммерциялық банктердің операциялары туралы жазылған. Бұл негізгі бөлем деп айтуға болады. Коммерциялық банктер осы белгіленген операциялар арқылы жүзеге асады. Осында активті және пассивті операциялары жайлы мәліметтер қарастырылады. Соның ішінде пассивтік операциялардың: әлемдік банктің тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:

    І топ – депозиттер; ІІ топ – депозиттік емес тартылған қаражаттар.

    Осы аталған екі ірі топтың әр қайсысының пайда болуы мен дамуы, жіктелуі қарастырылған. Соған қоса активті операциялар туралы (жіктелуі, терминдер және т.б.) мағлұматтар бар. Депозит, акция, облегация, факторинг, форфейтинг және тағы басқа коммерциялық банкке қатысты ғылыми терминдердің анықтамасы мен қызметтері, пайда болуы жайлы деректермен танысуға болады.

    Қорытынды бөлімінде  жалпы коммерциялық банктер  жайлы қысқаша  қорытынды жазылған. Жаңағы айтылып кеткен коммерциялық банктердің жіктелуі, операциясы мен  оның салалары, қазақстандағы банке  қатысты заңдар туралы мәліметтерді өз ойыммен қорытындыладым. Бұл жалпы рефераттың түйіні деп айтуға болады.

    Қолданылған әдебиетер бөлімінде жазылған рефераттың қай кітаптардан алынғанын көрсетіп тұр. 
 
 

    

 

1. Банктердің даму  тарихы 

      1.1.  Банктердің пайда болуы мен дамуы.

      Бірқатар  ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализм дамуының  мануфактуралық сатысында –  XIV және XV ғасырларда Италияда несие қатынасының кең ауқымды дамуымен байланысты пайда болған. Кейбір ғалымдар банктердің бұдан да ертерек – феодализм кезінде төлем делдары ретінде пайда болды деп есптейді.

      «Банк»  сөзі «үстел» мағынасын беретін  италияндық «banco» сөзінен шыққан. Банко – үстелдер таурлардың сауда-саттығы  қызу жүретін алңдарға қойылатын. Сауда-саттық  мемлекеттерде, қаларда және жекелеген қалаларда шақа соғылатын әр түрлі монеталармен жүзеге асырылады. Бұл жағдайда көптеген монетаның әр түрлі айналасынан хабары бар, айырбас бағымы бойынша кеңестер беріп, бағалай алатын арнайы мамандар қажет болды. Бұл айырбастаушы мамандар әдетте өз үстелдерімен нарықтарда отырды. Х ғасырда Италия әлемдік сауданың орталығына айналды, сол себепті де өздерінің банко-үстелдері бар айырбастаушы банкирлер әйгілі болады әрі олар Ежелгі Грецияда (трапезиттер деп аталған, «трапеза» – үстел), Ежелгі Вавилонда және басқа да елдерде кеңінен тарайды.

      Ғалымдардың пікірінше, біздің эрамызға дейінгі  VI ғасырларда Ежелгі Вавилонда салым ақшалары қабылдау және осы ақша бойынша пайыз төлеу тәжірибеде кездескен. Мұндай валюталық және несиелік операциялар біздің эрамызға дейінгі IV ғасырда Грецияда да тәжірибеде кездескен.

     Храмдар негізгі ақшалай операциялармен қатар қарыз (ссуда) берумен де айналасты. Оны заң нормаларын қатаң сақтай отырып ресімдеді әрі берілген қарыз  үшін пайыз өндіріп алды. Осылай уақытша несиені жоғары пайызбен бертін өсімқорлық пайда болды.

     Сауда үйі түрінде жеке несие берушілердің пайда болуымен бірге  бір мезгілде мемлекеттік сауда-саттық агенттіктері де әрекет етеді. Ежелгі шығыста олар тамқаралар деп аталған. Олар металл құймалары түріндегі ақшаны сатумен  және сатып алумен айналысты, басқа мемлекеттермен сауда-саттық жүргізді.

     Храмдар, өсімқорлар, сауда үйлері және сауда-саттық агенттіктері жүзеге асырған барлық ақша операциялары банктердің қалыптасуына себепші болды.

     Банк  – бұл аса ірі несие кәсіпорны. Осыған орай жоғарыда атлған несие берушілерді банк деп ұғуға болмайды. Олар банк деп аталуы үшін несие істерінің даму деңгейі жоғары  болуы керек әрі несие берушінің өз клиенттеріне қызмет көрсету бойынша орындайтын операциялардың жиынтығы толық болуы қажет. Банк – несие, ақша, есеп айырысу операцияларын бір орталыққа шоғырландыратын ақша шаруашылығының даму деңгейі. Мұндай мекемелер Солтүстік Италияда XII ғасырларда пайда болды.

     Ежелгі  бенктердің несие операцияларымен  қатар трансферит деп аталатын операцияның  көмегімен есеп айырысу да біртіндеп дамыды, яғни ақшалай қаражатты бір кестеден (шоттан) екіншісіне аукыстыру кезінен қолданыла бастады. Банктер клиенттермен өзара және клиенттер арасында келісімшарттар бекітіп, сауда мәселесіне делдал ретінде алға шықты. Есеп айырысуды қамтамасыз ету үшін ежелгі банктер ақшамен тең дәрежеде айналыста жүретін банк билеттерін (hudu – гуду) шығарды.

     Осылайша, несие, ақша және есеп айырысу операциялары бір орталыққа (банкке) шоғырлана  бастады. Ақша шаруашылығының бұл даму кезеңінде банк секілді аса ірі несие мемлекеттері пайда бола бастады.  

     1.2. Банк туралы қысқаша түсінік.

     Негізі  банк – бұл ақшалай қаражатты тарту үшін және оларды өз атынан мерзімінде қайтару, төлеу шартымен орналастыру үшін құралатын ұйым.

     Банктің  негізгі тағайындауы – ақшалай қаражатты несие берушіден қарыз алушыға, сатушыдан сатып алушыға ауыстырудағы делдалдылық.

     Қаржылық  тәуелділіктің субъектісі ретінде  банктердің екі негізгі белгісі  болады. Бұл белгілер оны басқа  субъектілерден айрықшалап көрсетеді:

  1. Банк қызметтеріне борыштық міндеттемелерді екі жақты (қосарлы) айырбастау тән. Банктер өзінің борыштық міндеттемелерін дипозиттерге, жинақ ақша сертификаттарына және т.б. орналастырады, ал осының негізінде жұмылдырылған қаражат қаржы нарығының өзге субъектілері шығарған борыштық міндеттемелер мен құнды қағаздарға бағытталады.
  2. Банктер заңды және жеке тұлғалардың алдында, мысалы, клиенттің қаражатын шотқа және салым ақшаға орналастырғанда, дипозит сертификаттарын шығарғанда және т.б. тіркелген борыш сомасы бар сөзсіз міндеттемені қабылдайды. Бұл ресурстарды өз акцияларын шығарудың негізінде жұмылдыратын инвестициялық қорларға тән емес. Борыш сомасы бойынша тіркелген міндеттеме делдалдарға (банктерге) біршама қатер төндіреді, өйткені, ол нарық конъюнктурасына қарамастан толық төленуі керек, ал инвестициялық компания (қор) өзінің активтері мен пассивтерінің құнына қатысты өзгерістер тудырған барлық қатерді өз акционерлеріне бөліп береді.

    Коммерциялық  банк – банк системасының элементі болып табылады. Сол элементтерді иелену үшін:

    1. банктің дәрежесі жоғары болу керек, банктық операцияларды орындайтын леценциясы болуы тиіс;
    2. жалпы қоғамдық заңдарды бұзбау;
    3. қоғамда болып жатқан жағдайларға байланысты өз-өзін дмаытып отыруы тиіс;
    4. басқа да банктік элементтермен қарам-қатынаста болу;

    Коммерциялық банк термині банк істерінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айыпбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пада болды.  Негізгі клиенттері саудагерлер болған (міне осында «коммерциялық банк» деген атауға ие болды). Бастапқыды коммерциялық деген сөз іскер деген  мағынада қолданылып жұрді. Қоммерциялық банктер – нарық экономикасынада қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді.

    Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиеттеріне 220-ге жуық әралуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір.

    Дипозиттік-қарыздық операциялады жүзеге асыра отырып коммерциялық банктер қаржы делдалы ролін  орындайды. Банктің бұл қызметі  екі жаққа да пайда әкеледі. Салымшылар үшін өздерінің  дипозиттері айналыс  құралы қызметі мен өтімді активтер қызметін атқара отырып,  кей жағдайда оның үстіне пайыз әкеледі. Қарыз алушылар кейде көптегенұсақ қарызды пайдаланады. Бұл кейде көптеген ұсақ қарапайым клиенттердің банкке аз ғана соманы қысқа мерзімге салғанның өзінде де мүмкін болады.  

2. Қазақстан Республикасының   екінші деңгейлі  банктері 

2.1. «Қазақстан Республикасындағы  банктер және банк  қызметі туралы»  Қазақстан Республикасының  заңы: таза рыноктық  маңызы, құрылымы.

      «Қазақстан  Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылы 31 тамыздағы қазақстан Республикасының заңы (соңғы өзгерістер 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының  заңына сәйкес енгізілді) елдегі резидент және резидент емес коммерциялық банктердің, мемелекеттік банктердің, сондай-ақ мемелекет аралық банктердің банк және лицензиялау – рұқсат беру жүйесіндегі  ұйымдастырылу, құрылу және құқықтық мән-жайларын, банктік қызметін, банктік қызметке ықпал ету шараларын, банктік қызметті инспекциялау тәртібін, банктерге қолданылатын санкцияларды, банктік құпияны, банктік есепке алу және есептілік мән-жайларын және т.б. регламенттейді.

     Осы заңнамалық актіге сәйкес құралған әрі  уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасындағы  банктер, олардың ішінде негізінен  алғанда коммерциялық банктер Қазақстанның қаржы және кредит жүйесі ауқымдылығы ақшалай-кредиттік, валюталық және қаржылық қатынастарға, халықаралық банк жүйесіндегі қатынастырға тиісті тиісті лиценция – рұқсат негізінде қатысатын, сондай-ақ осы ауқымда активті және пассивті банктік операцияларды жүзеге асыратын қредиттік-қаржылық институттар, таза нарықтық сипатты коммерциялық ұйымдар болып табылады. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңының құрылымы 3 бөлімнен, 10 тараудан және 78 баптан тұрады.

   2.2.Коммерциялық банктер, олардың жіктелуі.

      Қазіргі коммерциялық банктер – бұл тікелей  кәсіпорындарға, ұйымдарға, сондай-ақ халыққа қызмет ететін банктерді  бірдіреді. Коммерциялық банктер деп  бұл жерде ҚР-дағы екінші деңгейдегі банктер туралы айтылып отыр.

      Коммерциялық  банктер мынандай белгілеріне байланысты жіктеледі:

1. Жарғылық  капиталының қалыптасуына қарай:

  • Мемлекеттік;
  • Акционерлік;
  • Жеке;
  • Пай қосу арқылы (жауапкершілігі шектеулі серіктестік);
  • Аралас (шетел капиталымен қатысуымен).

2. Операцияларының түрлеріне қарай:

  • әмбебап, яғни экономикалық барлық салаларына бірдей және кең көлемді банктік қызмет көрсететін банктер;
  • маманданған, яғни бір ғана салаға қызмет көрсететін банктер;

Информация о работе Банктердің дамуы