Банктердің дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2011 в 13:26, реферат

Описание работы

«Коммерциялық банктер және оның міндеттері» атты тақырыптағы алған рефератым Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері жайлы қарастырдым. Жұмысым кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан және қолданған әдебиеттерден тұрады.
Бірінші бөлімінде, банктердің жалпы ашылу тарихы, оның даму сатысы және банк сөзінің қайдан шыққаны және ол қандай мағынаны білдіретіні туралы мағлұматтар бар, соның ішінде коммерциялық банктің дамуы туралы түсініктер кездеседі.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................3
1. Банктердің даму тарихы.............................................................................4
1.1. Банктердің пайда болуы мен дамуы..........................................................4
1.2. Банк туралы қысқаша түсінік.....................................................................5
2. Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктері........................6
2.1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заң................................................................................................................6
2.2. Коммерциялық банктер және олардың жіктелуі.....................................7
3. Коммерциялық банктердің операциялары....................................................8
3.1. Банктің пассивтік операциялары................................................................8
3.2. Банктің активтік операциялары...............................................................15
Қорытынды........................................................................................................20
Қолданған әдебиеттер.............

Работа содержит 1 файл

банктердің дамуы 22 бет.doc

— 170.00 Кб (Скачать)

3. Аумақтық  белгісіне қарай:

  • халықаралық;
  • мемлекетаралық;
  • ұлттық;
  • аймақтық;

4. Салалық  белгісіне қарай қарай:

  • өнекәсіптік банктер;
  • сауда банктері;
  • ауыл шаруашылық банктер;
  • құрылыс банктер;
  • басқа;

5. Филиалдар  санына қарай:

  • филиалсыз;
  • көп филиалды.

      Қазақстан республикасындағы банктік жүйеде 01.07.2003 жылғы статистикалық мәліметтер бойынша қазіргі жұмыс жасайтын екінші деңгейдегі банктердің барлығы дерлік акционерлік қоғам формасындағы банктер, соның ішінде, екі банк қана мемлекетке масындағы банктер, соның ішінде, екі банк қана мемлекетке 100% тиеселі  банктер, оларға: Қазақстан даму банкі мен Эксимбанк, ал шетел капиталының қатысуымен (100% – 10 банк, 50% – аса – 4 банк) құрылған банктерде саны 14, оның ішінде, еншілес банктер – 10.

      Акционерлік банктердің жарғылық капиталы шығаратын  акцияларын сатудан түсетін түсімдерден  құралады. Акциялар екі түрге бөлінеді: жай және артықшылығы бар.

      Жай акция – оның иелеріне сол қоғамды басқару ісіне араласуына, оның пайдасына қарай дивиденд алып отыруға құқық береді. Ал артықшылығы бар акция – оның иесіне қоғамды басқаруына құқық бермегенмен, уақытылы, яғни қоғамның пайдасына байланыссыз тұрақты пайызын алуға, қоғам банкроттыққа ұшыраған жағдайларда жай акция иесінен бұрын қоғамға қосқан өз үлесін алуға құқық береді.

      Егер  де банк жауапкершілігі шектеулі қоғам  түрінде құрылған болса, онда оның жарғылық қорының әр құрылтайшыға тиетін үлесі құрылтайшылық құжатта анықталады және бұл банктің қатысушылары немесе құрылтайшылары өздеріне тиісті үлес шегінде ғана оның міндеттемелеріне жауап береді.

      Банктің ұйымдастырылуы және құқықтық формасына  байланыссыз, оның жоғарғылық капиталы оның қатысушылары жеке және заңды тұлғалар есебінен құрылады, сондай-ақ олардың міндеттемелерінің қамтамасыз ету құралы болып табылады. Жарғылық капитал оның қатынасушыларының меншікті қаражаты есебінен  ғана құрылуы мүмкін. Банктік несиелер есебінен жарғылық капиталды құруға тыйым салынады. Банктің жарғылық капиталды құруға тыйым салынады. Банктік жарғылық  капиталы тек ақшалай қаражаттар есебінен құрылуы мүмкін.

      Тіркеуге  алынатын  уақытта жаңадан құрылған банктің жарғылық капиталы құрылтайшылық құжатта хабарланған, оның акционерлерінің сомасының 50% төленуі тиіс, ал тіркеуге алған кезінен бастап бір жыл ішінде оның жарияланған сомасы толық төленуге тиіс. Жарғылық капиталдың сомасы заңдылықтармен шектелмейді.  
 

3. Коммерциялық банктердің операциялары 

      3.1. Банктің пассивтік операциялары

      Пассивтік операциялар негізінде банктің  ресурстары жинақталады. Сондықтан  да пассивтік операциялардың коммерциялық банктер қызметіндегі рөлі жоғары.

      Банк  ресурстары пассивтік операциялар нәтижесінде құрылғандықтан, оған анықтама берген дұрыс. Қаржы несие сөздігінде: «пассивтік операцияларбұл несиелік және активтік операцияларды жүзеге асыруға арналған банктің өз ресурстарын құру операциялары», – делінеді.

      Ал  соңғы оқулықтарға сүйенсек, пассивтік операцияларбұл нәтижесінде пассивтік шоттағы немесе активті-пассивті шоттағы қаражаттардың өсуін, яғни пассив пен активтің арту формасын білдіретін операцияларды сипаттайды.

      Пассивтік операциялар көмегімен банктер  нарықтан несиелік ресурстарды сатып алады.

      Пассивтік операциялардың мынандай формалары  болады:

  • коммерциялық банктердің бағалы қағаздарды алғашқы эмисиялауы;
  • банк пайдасынан капиталдарды немесе қорларды ұлғайту және құру;
  • басқа да заңды тұлғалардан несиелер алу;
  • дипозиттік операциялар.

      Пассивтік операциялар айналыстағы ақшалай  қаражаттарды банктерге тартуға мүмкіндік береді. Алғашқы пассивтік операциялардың екі формасы негізінде банктік ресурстардың бірінші ірі тобы, яғни меншікті ресурстардан құралады. Келесі екі формасы негізінде екінші ірі топ – заемдық немесе тартылған ресурстар құралады.

      Сонымен банктің ресурстары екі топқа бөлінеді:

  • банктің меншікті қаражаттары;
  • банктің тартылған қаражаттары.

      Банктің меншікті қаражаттары қатарына меншікті капиталы мен оған сай келетін баптар кіреді. Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие. Банктің меншікті капиталы арқылы, оның барлық қаражаттары арқылы, оның барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10 пайызы өтеледі. Шын мәнінде, меншікті және тартылатын қаражаттардың арасында шекті ең төменгі мөлшерде  шекарасы болады.

      Банктің меншікті қаражаттарының банктің үнемі  тұрақтылығын ұстап тұруда маңызы бар. Банктің бастапқы құрылуы барысында, осы меншікті қаражаттары алғашқы шығындарды, яғни жерге, ғимаратқа, жабдықтауға, жалақыға жұсмалатын шығындарды жабады. Себебі, меншікті қаражатсыз банктің қызметіп бастау мүмкін емес. Осы меншікті қаражаттар есебінен банкте қажетті резервтер құрылады. Ең соңында, банктің меншікті қаражаты – бұл ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі болып табылады.

      Банктің меншікті қаражаттары – банктің экономикалық дарбестігін және қызмет ету тұрақтылығын қамтамасыз ететін әр түрлі қорлар (капиталдар) мен бөлінбеген пайда жиынтығы.

      Банктің меншікті қаражаттарына жататындар:

  • банктің жағылық капиталы;
  • банктің резервтік капиталы;
  • қосымша капиталы және пайда есебінен құрылған басқа қорлары;сақтандыру резервтері;
  • сақтандыру резервтері;
  • бөлінбеген пайдасы.

      Банктің жарғылық капиталы – банктің заңды  тұлға ретінде міндетті түрде  құрылуын және өмір сүруінің экононмикалық  негізін құрайды. Жарғылық капиталдың төменгі мөлшері Қазақстан Ұлттық банктердің пруденциалдық нормативтерімен  реттеліп отырады. Банктің жарғылық капиталы, оның құралтайшыларының қосқан жарналары немесе пайлары сомасынан тұрады.

    Бағалы  қағаз (акция) шығару есебінен құрылған банктің жарғылық капиталын банктің  акционерлік капиталы деп атайды. Акционерлік капитал көлемі акцияны ұстаушылар – акционерлер қосқан жарналардан құралады.

    Қазақстанда екінші деңгейлі банктер мынандай екі  ұйымдық формаларда құрыла алады:

  • пай қосу арқылы, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасында;
  • акциоенерлік банк;
  • шетел капиталымен қатысуымен .

    банктің меншікті қаражатынының түріне  резервтік қор жатады.

    Резервтік қор – банк қызметінде пайда болуы  мүмкін зияндардаң орнын жабу мақсатында құрылған ақшалай қаражаты.

    Резервтік қор банктің тұрақты қызмет етуін  қамтамасыз етеді. Резервтік қордың шамасы заңды түрде жарғылық капиталға белгілі бір пайыз мөлшерінде, айталық, 25% мөлшерінде құралатын болса, оның мөлшері жарғылық қормен теңескен жағдайда жарғылық капиталға толығымен аударылады. Резевтік қордың құрылуының негізгі көзіне банк пайдасы жатады.

    Қосымша капиталдар негізгі құралдардың тозуына байланысты аударылған аударымдар есебінен және белгілі мақсатқа бағытталған пайданы бөлу нәтижесінде құрылады.

    Арнайы  қорлар болса, негізгі қорларды қайта бағалау қоры ұлттық валюта мен шетел валюталары арсындағы айырма нәтижесінде құрылады. Валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры шетел валютасында жарғылық капиталды қалыптастыру барысында маңызды.

    Келесі  қорға жекелеген банктің операциялар бойынша тәуекелді төмендеті мақсатында құрылатын арнайы резервтер жатады. Мұндай резервтерге: несиелік тәуекелді жабуға  және бағалы қағаздардың құнсыздануына байланысты құрылған резервтер жатады.

    Бөлінбеген  пайда – акциялар бойынша девидендті төлегеннен кейін және резервті қорға аударғаннан қалған пайданың бөлігі.

    Банктің тартылған қаражаттары активтік операциялар, оның ішінде, несиелік операциялардың 90%-ға жуықтай ресурстарға деген қажетін қанағаттандырады. Олардың рөлі біршама жоғары тұрады. Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттарын  тарта отырып, коммерциялық банктер халық шаруашылығының қосымша айналым қаражаттарына деген сұранысымен қатар халықтың тұтыну қажетін қанағаттандырады.

    Банктердің  ресурстарының жалпы сомасында  тартылған қаражаттар үлесі олардың  басым бөлігін құрайды.

    Нарықтық  қатынастардың дамуына байланысты, сондай-ақ ескі банктік жүйе үшін дәстүрлі емес, уақытша бос ақшалай қаражаттарды тарату тәсілдерінің болуы, тартылатын қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе де болады.

    Әлемдік банктің тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:

    І топ – депозиттер

    ІІ  топ – депозиттік емес тартылған қаражаттар.

    Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлінген бөлінген депозиттер құрайды. Депозиттер банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады.

    Депозитбұл клиенттердің банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.

    Депозиттік емес тартылған қаражаттар – бұл банктің қарыз түрінде немесе өз меншікті қаражаттарын сату жолымен таратылатын қаражаттары.

    Депозиттік емес банктік ресурс көздері мен депозиттер өзара ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни банктің нақты клиентінің атынан тартылмайды; екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту инициативасы банктің өзінен туындайды.

    Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.

    Экономикалық  мазмұнына қарай депозиттерді мынандай топтарға бөледі:

  • талап етуіне дейінгі депозиттер;
  • мерзімді депозиттер;
  • жинақ салымдары;
  • бағалы қағаздар.

    Талап етуіне дейінгі депозиттер бұл салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты әр түрлі құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын әр түрлі шоттардағы қаражаттар.

    Отандық банктік тәжірибеде талап етуіне дейінгі депозиттерге мыналар жатады:

  • мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың, сондай-ақ әр түрлі шағын коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттары;
  • әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;
  • есеп айырысудағы қаражаттар;
  • жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы қаражаттар;
  • басқа банктердің корреспондентік шотындағы қаржат қалдықтары.

    Талап етуге дейінге депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері үшін жоғары өтімділігіне байланысты сипатталады. Талап етуге дейінгі депозиттік шоттарға қаражаттар, шаруышылық және басқа да операциялардың жүзеге асырылуы барысында түседі және пайдаланылады.

    Ал  кемшілігі – бұл шот бойынша пайыз төленбейді немесе біршама төменгі мөлшерде төленеді. Міне, осыдан келіп талап етуге дейінгі шоттардың мынандай өзіндік ерекшеліктері қалыптасады:

  • ақша салу және оны алу кез-келген уақытта ешқандай да шектеусіз жүзеге асырылады;
  • шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде немесе коммиссионды ақы алып отырады;
  • банктер талап етуге дейінгі шоттарда ақшалай қаражаттарды сақтағаны үшін өте төменгі деңгейде пайыз төлейді, кейде төлемеуі де мүмкін;
  • талап етуге дейінгі  депозиттер бойынша коммерциялық банк Орталық банкте сақталатын міндетті резервтері жоғары мөлшерде аударымдар жасайды.

Информация о работе Банктердің дамуы