Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 12:01, курсовая работа
Курстық жұмыстың өзектілігі. Бүгiнгi таңда ауқымды өзгерiстер кезеңi қоғам өмiрiнiң барлық саласын жан–жақты қамтуда. Сол себептi қалыптасқан құрылымды мүлдем жаңартып, экономикалық-әлуметтiк және рухани дамуға жол ашатын демократиялық қоғам құруға сай экономиканы нарықтық қатынастарға көшу мiндетi тұрды. Қазiр ендi көштiк десек те болады. Осы негiзгi әлеуметтiк, рухани және тағы басқа күрделi мәселелердi шешу – бүгiнгi күннiң басты талабы. Сөйтiп бұл мәселелердi дәйектi түрде жүзеге асыру бүкiл қоғам мүшелерiнiң жаңаша көзқарасына, нақты iс-қимылына және олардың экономикалық бiлiмiне тiкелей байланысты.
КІРІСПЕ......................................................................................................................3
I Банк қызметін бақылау және реттеудің экономикалық мәні
1.1 Банк қызметiн бақылау мен реттеуге жалпы түсініктеме.....................................................................................………...................5
1.2 Банк қызметін бақылауын реттеудің жүргізу әдістері..............……….............9
II Қазақстан Республикасының банк қызметін бақылау мен реттеудің ерекшеліктері
2.1 Банк қызметін мемлекеттік бақылау........................................………............11
2.2 Банк қызметін аудиторлық бақылау.........................................………............12
2.3 Банк қызметін халықаралық бақылау.......................................……................14
2.4 Банк қызметiн қадағалау мен бақылауды талдау (“Темірбанк” АҚ мысалында)................................................................................................................16
III Қазақстан Республикасының банк қызметін бақылау мен реттеудің әдістерін дамыту жайында
3.1Пруденциялық реттеу..............................................................…………….....…20
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................……………......22
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.............................
Кестеден көрiп отырғанымыздай, капитал жеткiлiктi және өтiмдiлiк R-терiн аталған банк сақтайды, яғни олардың қаржы жағдайы қалыпты. Алайда банктiң ссудалық портфелiнде жұмыс iстемейтiн, сапасыз несиелер болады және банктiң қаржы жағдайына терiс әсер етедi.
КI+КII-ЖА
КR=
активтердiң орташа сомасы
III. пруденциалдық норматив
Т
R3 =
К
R3 – бiр қарыз алушыға келетiн тәуекелдiң ең жоғарғы шегi
R3 банк капиталының 25 % аспауы тиiс және банкпен ерекше байланысы бар тұлғалар үшiн 10 % аспауы тиiс.
Мысалы, ‘’Темiрбанк’’ АҚ бойынша 1 қарыз алушыға келетiн тәуекел 118641 мың теңге (ол банктiң меншiктi капиталына 10 % - 1186406 м.т.), нақты саудалық қарыз 607 мың теңге, онда
607
R3 = *100 = 0,05 %
1186406
яғни, банкпен ерекше қатынасы бар тұлғалар үшiн R3 мәнi сақталады, ал кәдiмгi қарыз алушылар үшiн R3 мәнi 42,6 % құрап отыр, нормасы – 25 %.
505334
R3 = *100 = 42,6 %
1186406
келесi пруденциалдық норматив банктiң инвестициясының ең жоғарғы шегi коэффицентi:
U
R5 =
К
U – негiзгi қорлар және және басқа да қаржылық емес активтер сомасының инвестициясы, К – банк капиталы.
2882069
R5 = = 2,43
1186406
R3, R5 нормативтерiн орындамау республиканың әрбiр 15-шi банкiнде байқалады (кесте).
Жоғарыда жасалған талдау нәтижесiнде бiздiң ойымызша келесi қорытындылар жасауға болады:
1. Мемлекеттiк банктiк реттеу дегенiмiз, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң заңдық инфрақұрылымы негiзiнде банк жүйесiн басқарудағы әкiмшiлiк әдiстерiнiң жиынтығы. Мұнда банк қызметiн реттейтiн қалыптасқан заi базасына үш түрлi қарама-қайшылық тән:
2. Жұмыс iстеп тұрған нормативтiк базасы мен қаржы рыногының қазiргi кездегi дамуы деңгейi арасында
3. Заң базасының өзiнде және түрлi құжаттар арасында
4. Заң базасы мен басқа да нормативтiк актiлер арасында.
5. Басқаша сөзбен айтқанда, тұрақты банк жүйесiнiң қалыптасуы қағидасы сақталмайды.
6. Қазақстанда әлемдiк практикаға негiзделiп, әр елдердегi көптеген жылдар тәжiрибесiн ескере отырып экономикалық нормативтер белгiленген және қазiргi кездегi нормативтер банктердiң нақты қызмет етуi жағдайында қалыптасқан. Бiздiң республикамызда, өкiнiшке орай керi жағдай қалыптасқан, яғни банк қызметi белгiленген нормативтерге емес, нормативтердiң өзi қызмет ететiн банктер талабына сәйкестендiрiлiп белгiленген.
7. Экономикалық өмiрде банктiң қауiпсiздiгi мен тұрақтылығына кепiл беретiн дәрiптелген жүйе жоқ, сондықтан ақылмен реттеу, оны дұрыс ұйымдастыру және iс жүзiнде қолдану екiншi деңгейлi банктер тұрақтылығын арттырады деген ойдамыз.
Банк қызметiн дұрыс қадағалау, бiздiң ойымызша келесi жағдайларға негiзделуi тиiс:- Банк проблемаларын түсiне бiлу немесе банк қызметiн қадағалаудың тиiмдiлiгi банк саласындағы проблемаларды дұрыс көре бiлуге байланысты. Дәлiрек айтсақ, Қазақстанда банк iсiн дамыту үшiн жалпыұлтық бағдарлама (концепция) жасау қажет. Белгiлi бiр деңгейге дейiн Ұлттық банк қызметiндегi құпиялылық деңгейiн төмендету. ұсынылып отырған шараларды жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк органдардың ықыласы қажет. Сонымен, екiншi деңгейлi банктердiң тұрақты жүйесiнсiз экономикалық өсу мен өркендеудi қамтамасыз ету мүмкiн еместiгiн ескеру және түсiну қажет. Оған бiз тек қана ақылмен жүргiзiлетiн банк қызметiн реттеу арқылы қол жеткiзе аламыз.
Капиталдың жеткiлiктiлiгi мен өтiмдiлiгi коэффициенттерiн есептеу барысында, зерттелiп отырған банктердiң оларды орындап отырғандығы байқалады, яғни олардың қаржы жағдайлары тұрақты деген қорытынды жасауға болады.
III Қазақстан Республикасының банк қызметін бақылау мен реттеудің әдістерін дамыту жайында
3.1 Пруденциялық реттеу
Банктік қызметті пруденциалдық реттеу банктер және банктік холдингтер сақтауға (орындауға) міндетті қаржылық нормативтерді, кредиттік тәуекелдің белгілі бір мөлшерін, есептеме жасау және есептілік табыс ету жөніндегі талаптарды, сондай-ақ басқа да нормалар мен лимиттерді Қазақстандағы банктердің қаржылық орнықтылығын және олардың қызметінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында белгілеуге байланысты Каржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігінің «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген қызметіне жатады.
Пруденциалдық нормативтер және сақталуға (орындалуға) міндетті өзге де нормалар мен лимиттер банктердің өтімділігін, сенімділігін, төлемдік қабілеттілігін, банктердің акционерлер мен клиенттерінің мүдделерін, банктік тәуекелдерді ұтымды баскаруды қамтамасыз ету мақсатында белгіленген экономикалық шектеу нормалары пруденциалдық нормалар ретінде банктік құқық нормалары қатарында көрініс табады.
Банктердің міндетті түрде сақтауларын көздей отырып қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігі белгілейтін пруденциалдық нормативтер (экономикалык шектеулер) құрамы:
1) банктің жарғылыө капиталының ен төменгі мөлшерінен;
2) өз капиталының жеткіліктілігі коэффициентінен;
3) бір карыз алушығы қатысты жасалатын тәуекелдін ең көп мөлшерінен;
4) өтімділік коэффициентінен;
5) ашық валюталық позиция лимиттерінен тұрады.
Банктер тобының міндетті түрде сақтаулары үшін уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Агентгігі белгілейтін пруденциалдық нормативтер:
1) жарғылық капиталдын ен аз мөлшерінен;
2) өз капиталының жеткіліктілігі коэффициентінен;
3) бір карыз алушыға қатысты жасалатын тәуекелдін ең көп мөлшерінен құрылады.
Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Агенттігі халықаралық банктік тәжірибеде пайдаланылатын пруденциалдық нормативтерді және өзге де орындалуға міндетті нормалар мен лимиттерді белгілей алады.
Пруденциалдық реттеу (экономикалық шектеу қою) барысында Агенттігі есептеу әдістемелерін, белгілі бір банктік күн ішіндегі банк және банктік топ капиталының мөлшерін, ашық.
• валюталық позицияларды есептеу тәртібін және олардың лимиттерін, оларды сақтау әдістері мен есептеу әдістемесін, есептілік түрлерін және оны табыс ету мерзімдерін белгілейді.
• Қазақстан Республикасынын Агенттігі пруденциалдық нормативтерді және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзғаны үшін банктерді немесе банктік холдингтерді не олардын лауазымды адамдарын тиісті банктік заңнамалық актіге сәйкес жауапқа тартады.
Қазақстан Республикасының Агенттігі өзі белгілеген пруденциалдық нормативтердің және сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттердің сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық құжаттары талаптарының бұзылғанын анықтаған жағдайда, банктін лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің банктің қаржылық қауіпсіздігі мен тұрақтылығына және оның депозиторларының клиенттері мен корреспонденттерінің мүдделеріне қауіп төндіретін заңсыз әрекеттерін немесе әрекетсіздігін анықтаған реттерде банкке мынадай шектеулі ықпал ету шараларынын бірін қолданады:
а) міндеттеме жүктейді;
ә) банкпен жазбаша келісім жасасады;
б) ескерту жасайды;
в) атқарылуға міндетті жазбаша нұсқама береді. Банктерге ықпал етудің осындай шектеулі шараларын қолдану тәртібі Қазақстан Республикасы Агенттігінің нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
Банктік қызмет процесінде орын алған кемшіліктер мен келеңсіз жәйттер Қазақстан Республикасының Агенттігі белгілеген мерзім ішінде жойылмаған жағдайда, ол тиісті банкке оған заңға сәйкес санкция қолданылатыны жөнінде жазбаша ескерту жібереді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасында Ұлттық банк мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.
Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.
Банктік сфера мемлекеттік органдар жағынан мұқият бақылау мен талдаудың объектісі болып табылады. Әрбір елде банктік қызметті әр түрлі аспектілерде реттеп отыратын, өзіндік бақылау мен құқықтық актілер жүйесі жұмыс істейді. Республикамызда банктерді бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының банктік және басқа да заңдарының сақталуын қамтамасыз етуге, шаруашылық-қаржылық қызметті және банктегі оның мекемелерінде жұмысты ұйымдастыруды кезеңдік тексеруге бағытталған кешенді шаралар жиынтығы ұсынылады.
Сонымен, банктер үстінен жасалатын бақылау мен қадағалауды - халықаралық, мемлекеттік, аудиториялық және құрылтайшылық деп бөлуге болады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. ҚР Президентінің заң күші бар «Қазақстан Респуликасының Ұлттық Банкі туралы» жарлығы//Егемен Қазақстан,2001
2. Қазақстан Республики Президентінің жарлықтары “Ұлттық банк туралы” “Қазақстан Республикасы банктер және банк қызметі туралы” және басқа актілер
3. Закон СССР «О кооперации в СССР» 26 мая 1988 г. № 8998-6 ведомости ВС СССР. 1988 № 22, 355-бет
4. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі, 2004
5. 1995 жылы 30 наурызда қабылданған «ҚР Ұлттың банкі» және 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған «ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» Заңы, Алматы - 1995
6. Гарегин Тосунян. Банковское дело и банковское законодательство в России: опыт, проблемы, перспективы. М.: «Дело ЛТД», 1995, 12-бет
7. ҚР статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері.
8. ҚР Ұлттық банкінің №1 (98) қаңтар 2003 жылғы статистикалық бюллетені.
9. Қазақстан Республикасының Заңы «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы», Заң – N 7- 2005
10. Мақыш С.Б. «Валюталық операциялар және валюталық мәмілелер», Хабаршы – N 1-2004, 19 б.
11. Найманбаева С. «Валюталық құқықтың жүйесі», Заң және заман,
N 9- 2005
12. Сейітқасымов Ғ.С. «Ақша. Несие. Банктер», Алматы – 2001
13. Сейітқасымов Ғ.С. «Ақша. Несие. Банктер», Алматы – 2005
14. Қазақстан Республикасының Конституциясы
15. Қазақстан Республикасының Парламентінің Жаршысы, N 9 – 2005
16. Супугалиева Г.И. «Шетел тәжірибесіндегі банктердің есеп айырысу түрлері», Қаз НУ, Хабаршы – 2005, N 2
17. Сақыпова Қ.Е. «Коммерциялық банктердің операцияларының экономикалық мазмұны», Қаз ЭУ Хабаршысы, 2005- N 1
18. Алимова М. «ҚР- дағы банктік заңдар: жүйесі, жетілдіру проблемалары», Заң – 2005, N 3
19. Е.В.Осипов. НИЦентр частного права Каз ГУЮ: Понятие банка и банковской деятельности в Республике Казахстан. Юрист справочная система. Юрист 4,0.
20. «Темірбанк» АҚ-ныңқ азіргі кездегі ұйымдастыру шаралары//Банки Казахстана-2010
2
Информация о работе Банк қызметін бақылау және реттеудің экономикалық мәні